Студопедия — Рамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдіктер мен дәрілік өсімдік шикізаттар






Мақсаты:Студенттерге құрамында жүрек ликозидтері бар д.ө.ш. сапасы мен өзі екендігін анықтау бойынша біліктілік пен тәжірибелік дағдыға үйрету.

Сірінді:

1. 2-3 г ұсақталған өсімдік шикізатына 30 мл 70%этил спиртін қосып, бір тәулікке тұндырып қояды, фильтрлейді, спиртті вакууммен айдайды. Қалдығын төртхлорлы көміртегімен бөлгіш воронкада жуады (хлороформмен, изопропилді хлороформ спиртпен 3:1), натрий сульфит қабаты арқылы фильтрлейді.

Сабақтың теориялық негіздері:

Жүрек гликозидтерінің өсімдіктері табиғатта кеңінен таралған. Олар әлемнің барлық континенттерінде кездеседі. Жүрек гликозидтері өсімдіктің барлық тіршілік формасында жинақталады, олар бұталарда, шырмауықтарда, шөптесін өсімдіктерде таралған. Жүрек гликозидтері сабынкөктер, кендірлер, лалагүлдер, сарғалдақтар, стеркулиялар, тұттар және басқа да тұқымдастарының өсімдіктерінде кездеседі.

Жүрек гликозидтерінде қанттың циклдық формаларының қалдықтары (гликозильді қалдықтар) агликон деп аталатын молекуланың негізгі фармакологиялық белсенді бөлігімен оттегі атомы (0-гликозидтер) арқылы байланысады.

Жүрек гликозидтерінде агликондар циклопентанопергидрофенантрен болып саналады. Сонымен, жүрек гликозидтерінің агликондары табиғи стероидтар болып саналады. С-17 байланысындағы бүйір тізбегінің сипаты бойынша жүрек гликозидтері екі топқа бөлінеді:

карденолидтер– агликондары С-17 байланысында қанықпаған бес мүшелі лактон сақинасы бар гликозидтер;

буфадиенолидтер – агликондары С-17 байланысында алты мүшелі қанықпаған лактон сақинасы бар гликозидтер.Белгілі агликондарда жүрек гликозидтерінде көміртекте әр түрлі орынбасулар болуы мүмкін. Қазіргі кездегі жіктелуі бойынша С-10 байласындағы метил тобы бар карденолидтер (дигиталис типі); С-10 байланысында альдегид тобы бар карденолидтер (строфант типі); кейде С-10 спиртті тобы бар карденолидтер кездеседі.

ОН-тобы барлық кезде С-3 және С-14-те, ал кейбір қосылыстарда С-5 немесе С-16 болуы мүмкін. С-13-те әдетте, СН3 тобы болады.

Қант компонентінің құрамында 45 әртүрлі моносахаридтер табылған. Олардан D-глюкоза, D-фукоза, D-ксилоза және D-рамноза өсімдік әлемінде кеңінен таралған. Қалған моносахаридтер (D-глюкометилоза, D-дигиталоза, D-дигитоксоза және т.б.) әзірге тек жүрек гликозидтерінде табылған.Жүрек гликозидтерінің қанттарына тән қасиет, олардың көпшілігінде оттегі жетіспейді, олар дезоксиқанттар мен олардың метилді эфирлері түрінде кездеседі.С-3 байлансында агликон молекуласына (генин) қосылатын моносахаридтер санына қарай монозидтер, биозидтер, триозидтер, тетразидтер болып бөлінеді. Дезоксиқанттар генинге тікелей байланысқан; ал қалған моносахаридтер қант компоненттерінің соңына қосылған. Қант молекулалары бірнешеу болған кезде олар тізбектеліп байланысады.

Гениндердің әр түрлілігі, олардың мөлшерінің көптігін, табиғаты мен оларға моносахаридтердің байланысу сипатын, өсімдіктерде кездесетін жүрек гликозидтерінің әр түрлілгін көрсетеді. Жүрекке спецификалық әсер ету генинге байланысты бірақ қанттар гликозидтердің ерігіштігіне, олардың сіңірілуіне әсер ете отырып оны күшейте түседі.Жүрек гликозидтерінің гениндерінің стероидты құрылысын анықтай отырып, олардың құрылысының табиғи маңызды қосылыстарға жататын өт қышқылдарының, холестериннің, жыныс гормондарының, D-дәруменінің құрылысына өте жақын екендігі белгілі болды. Бұл жағдай жүрек гликозидтерінің өсімдік ағзасында түзілу процесі туралы түсінікті жеңілдетті.

Өсімдіктерде скваленнен оның молекулаларының ұйысуына байланысты фитостериндер түзіледі; көбірек таралғандарға ß-ситостериндер жатады. Жүрек гликозидтерінің екі типі де ß-ситостериннен С-17-бүйір тізбегінің құрылысының өзгеруіне байланысты түзеледі деген болжам бар.

Жүрек гликозидтері өсімдіктерде түзілуі мен таралуына вегетация фазалары мен ауа райының жағдайы әсер етеді. Сондықтан да өсімдіктердің құрамында жүрек гликозидтері бар түрлерін тек құрғақ, ашық ауада жүргізеді. Құрамындағы гликозидтердің тұрақсыздығына байланысты жиналған шикізатты тез арада кептіруге жіберу керек. Кептіруді кептіргіштерде 60-700С ферменттердің белсенділігін бәсеңдету үшін жүргізеді. Кептірілген шикізатты құрғақ жерлерде сақтау керек, себебі ылғалды ауадан ферменттер белсенді күйге ауысып гликозидтерді гидролизге ұшыратады, жүрек гликозидтерін бөлу кезінде өсімдіктерде гликозидтер 10-30-ға дейінгі жақын қосылыстардан тұратын комплекс күйінде болатынан ескерген жөн. Сонымен бірге, өсімдікте стероидты құрылыстағы басқа да заттар тобы, яғни сапониндер болуы мүмкін. Сапониндер жүрек гликозидтерінің ерігіштігін нашарлатып коллоидты ерітінділер түзеді де, олардың бөлінуін нашарлатады.

Жүрек гликозидтері рН ортаның өзгергіштігіне өте сезімтал. Сілтілі ортада олар физиологиялық белсендірілмеген изоқосылыстарға айналады. Қышқылды ортада гликозидтер оңай гидролизденеді. Көптеген агликондар ауадағы оттегінің әсерінен тотығады. Жоғары температурада жүрек гликозидтері ыдырауға ұшырайды. Аталған қасиеттерін гликозидтердің алыну әдісін таңдаған кезде ескеру жөн. Әдетте, екі әдісті қолданады. Бірінші жағдайда гликозидтерді өзгермеген қалпында алу үшін ферменттердің әсерін болдырмайды. Екінші жағдайда керісінше, қант қалдықтарына бай гликозидтерді ферментативті ыдырауға ұшырату нәтижесінде оңай кристалданатын моногликозидтер алынады.

Жүрек гликозидтерін алудың бірінші сатысында оларды өсімдік шикізаттарынан экстракциялайды. Оны Сокслет аппаратында хлороформ мен этанол қоспасымен (9:1) жүргізеді. Бұдан ары хлороформды вакуумда құрғақ етіп айдайды да құрғақ қалдықты этанолда ерітеді, ерітіндіні сумен ерітіп, қорғасынның негізгі ацетатының сулы ерітіндісін қосу арқылы ілеспелі заттарды тұнбаға түсіреді. Тұндыру арқылы тұнбаны бөлгеннен кейін, фильтраттан натрий сульфатының көмегімен қорғасынның артық мөлшерін алады. Гликозидтер жиынтығынан тұратын мөлдір ерітінді алады.

Күрделі де қиын тапсырманың бірі жүрек гликозидтерінің комплексін жеке қосылыстарға бөлу. Мұны хроматографияның түрлі әдістерін пайдалана отырып жасауға болады. Гликозид молекуласын ыдыратып қантты компонент пен агликон бөліп алады. Гидролиздеу үшін ферменттерді пайдаланады бұл кезде молекуланың бүкіл көмірсулы бөлігінен біртіндеп қанттарды немесе қышқылдарды бөліп алады.

Карденолидтердің дәрілік шикізатта бар екендігін дәлелдеу мақсатында бесмүшелі қанықпаған лактон сақинасына сапалы реакциялар ұсынылған: 1) Балье реакциясы. Пикрин қышқылының сілті ерітіндісімен жүргізіледі; карденолидтердің бар екендігін сыналатын сіріндінің қызғылт-сары-қызыл түсінен байқауға болады. Оң реакцияны басқа да молекуласында қанықпаған бесмүшелі лактон сақинасы бар қосылыстар береді; 2) Легаль реакциясы. Натрий нитропруссидінің сілтілі ерітінділерімен сыналатын сірінді қызыл түске боялады. Бұл реакция да спецификалық реакциялар қатарына жатпайды. Дұрыс нәтижелерді стероидты циклға, дезоксиқантқа, бесмүшелі лактон сақинасына бірнеше реакцияларды үйлестіре жасай отырып анықтауға болады.

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:

1- есеп. Мамыр меруертгүлі шикізатының түрлерінің дайындау үлгісін құрыңыз, оны негіздеңіз

Есеп.

Күлгін дигиталисшикізатының сақталуы бойынша: "нұсқаулығын" құр, теория жүзінде оның әр сатысын негіздей біл.

Есеп.

С ланатозидінің ферментативті гидролиз үлгісін және гидролиз өнімін атаңыз. Шикізатпен жұмыстың қайсы сатысында бұл процессті ескеру керек?

Есеп.

Стероидты ядроның жүрек гликозиді молекуласының құрамында бар екендігін дәлелдейтін реакцияның атын және треактив құрамын жазыңыз.Бұл реакциялар олардың қандай қасиетіне негізделген

35 мин

12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин

Фенолды қосылыстар және олардың гликозидтері: фенолгликозидтерді, лигнандарды, кумариндерді, хромондарды химиялық талдау.

 

13. Сабақты қорытындылау. 3 мин

Алған білімдерін қорытындылау, бағалау.

14. Үйге тапсырма беру. 2 мин

 

3-ші сабақ;







Дата добавления: 2015-09-18; просмотров: 2711. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Хронометражно-табличная методика определения суточного расхода энергии студента Цель: познакомиться с хронометражно-табличным методом опреде­ления суточного расхода энергии...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия