Дәрілік өсімдік шикізатындағы илік заттардың мөлшерін анықтау
Тесік диаметрі 3мм електен өткізілген 2г (дәл өлшемде) ұсақталған шикізатты сыйымдылығы 500 мл коникалық колбаға салып, оған 250 мл қыздырылған су құяды және кері тоңазытқышпен жабық спиральді электр пешінде араластыра отырып 30 минут қайнатады. Сұйықты бөлме температурасына дейін салқындатады және 100 мл сұйықты мақта арқылы сыйымдылығы 200-250мл коникалық колбаға шикізат бөлшектері колбаға түспейтіндей етіп сүзеді. Одан әрі 25мл алынған затты басқа, сыйымдылығы 750 мл коникалық колбаға құйып алып 500 мл су 25 мл индигосульфоқышқылының ерітіндісін қосады және калий перманганаты (0,02моль/г) ерітіндісімен араластыра отырып алтын-сары түске боялғанша титрлейді. Сонымен қатар бақылау тәжірибесін де жүргізеді. 1мл калий перманганатының (0,02моль/г) ерітіндісі 0,004157г илік затқа сәйкес (тианинге аударғанда). Илік заттардың мөлшерін абсалютті құрғақ затқа аударғанда пайызбен (Х) мынадай формуламен есептейді:
Х=
V- шикізаттан бөлініп алынған затты титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің (0,02моль/г) көлемі, миллилитрмен; V1- бақылау тәжірибесіндегі титрлеуге жұмсалған калий перманганаты ерітіндісінің (0,02моль/г) көлемі, миллилитрмен; 0,004157- 1 мл калий перманганаты ерітіндісіне (0,02моль/г) сәйкес илік заттардың мөлшері (танинге аударғанда) граммен; m- шикізат массасы, граммен; w- шикізатты құрғатқанда жоғалтқан массасы, пайызбен; 250- бөлініп алынған заттың жалпы көлемі, миллилитрмен; 25- титрлеу үшін бөлініп алынған заттың көлемі. 11.Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 1ТАПСЫРМА. Жазбаша түрде альбомға келесі ситуациялық есептерді орындаңдар. Есеп Таран тұқымдасы, тангут рауғашы өсімдігінің морфологиялық белгілерін сипаттаңыз. Есеп Сана жапырақтарынан микропрепарат дайындаудың әдісін құрыңыз. Есеп Ұлпалардың орналасуын белгілей отырып тамыр мен қабықтың екіншілік құрылысының сызбасын сызыңыз. Есеп Кестеге сабақ нысандары- өсімдіктерден дайындалатын шикізаттың барлық түрлері үшін мәліметтер енгізіңдер
Есеп Шикізаттың мүмкін қоспаларын сипаттау кестесін толтырыңдар: қара жеміс қабығы, ішдәрі қара жемісінің жемістері, рауғаш тамырлары, атқұлақ тамырлары:
Есеп Нұсқаудың әрбір этапын негізге ала отырып, «қара жеміс қабығы» шикізатын кептіру және дайындау бойынша «Нұсқау» құрастырыңдар және жазыңдар. Есеп Кестеге сабақ нысандары- өсімдіктерден дайындалатын шикізаттың барлық түрлері үшін мәліметтер енгізіңдер
Есеп Нұсқаудың әрбір жағдайын негізге ала отырып, сана жапырақтарын қоймада және дәріханада сақтау бойынша «Нұсқау» құрастырыңдар және жазыңдар. Есеп Кестені толтырыңдар
2 ТАПСЫРМА. Альбомда жазбаша түрде мына тапсырмаларды орындаңыздар:
Есеп Жұмыстың әр этапын теориялық негіздей отырып «емен қабығы» шикізатын дайындау және кептіру бойынша «нұсқау» құрастырып жазыңыздар.
Есеп Нұсқаудың әр ережесін теориялық негіздей отырып, қазтабан тамырларын қоймада және дәріханада сақтау бойынша «нұсқау» құрастырып жазыңыздар.
Есеп Сабақ нысандары – шикізаттың барлық түрлері үшін мәліметтерді кестеге енгізіңіздер:
Есеп Сабақ нысандары – шикізатың барлық түрлері үшін мәліметтерді кестеге енгізіңіздер:
Есеп Пирагаллолдың, пирокатекхиннің, галл қышқылдың, дигалл қышқылдың, тригалл қышқылдың, қытай танинінің, эллаго қышқылдың, катехиннің формулаларын жазыңыздыр. 12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин Дәрілік өсімдік шикізаттарын химиялық талдау. Алкалоидтарды химиялық талдау. 13. Сабақты қорытындылау. 3 мин Алған білімдерін қорытындылау, бағалау. 14. Үйге тапсырма беру. 2 мин Н 37-39 б Қ 432 -456 б
5-ші сабақ; 1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттарын химиялық талдау. Алкалоидтарды химиялық талдау. 2. Сағат саны: 90 мин 3. Сабақ түрі: тәжірибелік 4. Сабақтың мақсаты:
5. Оқыту әдісі:жағдайлық есептер шығару, тест бақылау 6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: шикізаттар кестелер,реактивтер, химиялық ыдыстар б) оқыту орны: 513 бөлме. 7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) 19. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011 20. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003 21. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с Қосымш (Қ) 21. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998 22. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009 23. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с 8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин 1. Биологиялық белсенді заттар тобы ретінде «Алкалоидтар» түсінігіне анықтама беріңіз. 2. Алкалоидтардың физика-химиялық қасиеттерін атаңыз. 3. Сабақ нысандары– шикізаттардың сыртқы түрінің ерекшеліктері, олардың ареалдары, өсетін жерлері, егетін аудандары. 4. Құрамында алкалоидтар бар шикізаттарды дайындау, кептіру. 5. Сабақ нысандары– шикізаттардың химиялық құрамын атаңыз. 6. Алкалоидтарға жүргізілетін сапалық реакцияларды атаңыз. 7. Алкалоидтарға жүргізілетін сандық талдау түрлерін атаңыз. 8. Шикізатты сақтау ережесін атаңыз. 9. Оқылатын шикізаттар түрлерінің қандай фармакологиялық топтарға жататындығын, оны қолдану жолдары мен препараттарын атаңыз. 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин Алкалоидтар — (араб.: alkali – сілті және гр. eіdos – ұқсас) — құрамында азот атомы бар табиғи текті, улы және емдік қасиеттері бар органикалық негіздер. Академик А.П.Орехов алкалоидтарды «өсімдіктер организмінде (жануарларда) дайын түрінде кезедесетін негіздік қасиеті бар, күшті фармакологиялық қасиеттері бар азот қосылыстарының ерекше топтары» деп анықтама берді. Алкалоидтар әсер ету спектрі өте кең және медицинада антигипертензивтік, қан қысымын жоғарлататын, ОЖЖ қоздыратын, ауруды басатын, қақырық түсіретін, өт айдайтын, антихолинергиялық, ісікке қарсы құрал ретінде кеңінен қолданылатын құралдар. Алкалоидтардлы жіктелуін академик А.П.Ореховтың ұсынуы бойынша көміртек-азот циклі немесе алкалоид молекуласындағы азоттың орналасуына қарай жіктейді. Өсімдіктердің 10 % алкалоидтар бар. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ға дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (хин ағашы қабығында, лобель тамырдәрісінің тамырында, чилибуха тұқымында) немесе барлық жерінде (мысалы, кәдімгі итжидек жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Өсімдіктерде әдетте бірнеше алкалоидтар кездеседі (қызғылт катарантус жапырақтарында 70-ке жуық, опиумда 22 алкалоид, хин ағашы қабығында – 24, табак жапырағында – 10 қосылыс бөлініп алынған), бірақ көбіне 1-3 аралығында. Бір өсімдіктің әртүрлі органдарында әртүрі топтағы және әртүрлі фармакологиялық әсері бар алкалоидтар болуы мүмкін. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай. [1] Алкалоид молекуласында С, Н, N, О атомдарынан басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Құрамында О жоқ алкалоидтар көбіне ұшқыш майлы сұйықтық, О барлары кристалды заттар. Алкалоидтардың көпшілігі иіссіз, ащы дәмді, балқу немесе қайнау температурасы белгілі оптикалық белсенді заттар. Олардың көпшілік бөлігі кеңістік поляризациясы сол жаққа бұрайтын, болып келеді. Сол жаққа бұрайтындар оң жаққа бұрайтындардан фармакологиялық белсенді, хининнен басқасы. Сол жаққа бұрайтын хинин малярияға қарсы, оң жаққа бұрайтындар изомер-хинидин антиаритмиялық белсенді. Алкалоидтар физикалық қасиеттері жағынан көбіне түссіз немесе боялған болып келеді (мысалы, берберин, гидрастин, холестерин - сары, сангвинарин –оранж түсті), ащы дәмді кристалл заттар, суда мүлдем ерімейді, бірақ органикалық ерітткіштерде – хлороформда, диэтил эфирінде және бензолда ериді. Алккалоидтардың бір қатары УК-сәулесінде өзіне тән сәулелендіруге ие. Алкалоидтардың негіздік қасиеті әртүрлі дәрежеде. Табиғата құрылысы жағынан алкалоидтардың үшінші, аздап екінші, сонымен қатар төртінші аминдік негіздер түрінде кездеседі. Алкалоид тұздары, керісінше суда жақсы еріп, органикалық еріткіштерде ерімейді. Суда нашар еритін алкалоидтар да белгілі (хинин сульфаты), органикалық еріткіштерде еритін (скополамин гидробромиді – хлороформда жақсы ериді). Негіздік алкалоидтар көбіне органикалық еріткіштерде жақсы ериді, суда нашар ериді немесе тіпті ерімейді. Бірақ органикалық еріткіштерде де суда еритіндеріде кездеседі (мысалы, цитизин, метилцитизин, кофеин және тағы басқалар). Алкалоидтар көбіне өсімдіктерде органикалық қышқылдардың (қымыздық, алма, лимон, шарап және басқа) тұздары және жасуша сөлінде еріген түрінде кездеседі. Кейбір өсімдіктерде алкалоидтар белгілі бір тұқымдастарға немесе белгілі бір өсімдіктерге тән арнайы органикалық қышқылдармен (хин қышқылы) байланысқан түрінде кездеседі. Кейде алкалоидтар бейорганикалық қышқылдармен байланысады: күкірт, фосфор қышқылы (апиын көкнәр). Кейбір алкалоидтар құрылысында күрделі - эфир топтары бар (тропан алкалоидтары). Күшті қышқылдардың әсерінен олар гидролизденеді. Бұл жағдайда алкалоидтарды өсімдіктерден бөліп шыығару кезінде ескеру керек және талдау барысында тек әлсіз сілтілерді қолдану керек: аммиак, барий гидрокисі немесе кальций гидрокисі. Молекуласында фенол тобы бар алкалоидтар (морфин, қастауыш алкалоидтары), күшті сілтілердің әсерінен суда жақсы еритін және органикалық еріткіштерде ерімейтін феноляттар түзеді, мұны да талдауда және бөліп шығаруда ескеру қажет. Өсімдіктерде алкалоидтардың бар екендігін анықтау үшін тұнбаға түсіру реакцияларын қолданады. Сонымен қатар алкалоидтардың басқа да қасиеттерін ескеру қажет: алкалоидтар негіздерінің спиртті ерітінділерінің сілтілік реакциясы, қышқылдарда еруі, сілтілермен әрекеттестіргенде тұнбаға түсуі. Алкалоидтардың белгілі бір тобын анықтау үшін, сонымен қатар бөлек топтарын идентификациялау үшін арнайы (түсті) реакциялар жүргізеді, хроматографиялық, люминесценциялық және спектроскопиялық талдауларды қолданады. Алкалоидтарға жалпы (тұнбаға түсіру) реакциялар. Алкалоидтарды табуда жалпы әдістер, топтық реакциялар деп аталатын, алкалоидтар тобының қасиеттеріне байланысты және алкалоидтарға тән арнайы реакциялар табылады. Топтық реакциялар алкалоидтардың негіздер ретінде суда нашар еритін тұнба немесе комплексті тұздар түзе жүреді. Көбінесе алкалоидтарды тұнбаға түсіру үшін калий йодиді (Вагнер реактиві), калий йодидіндегі сынап ерітіндісі (Майер реактиві). калий иодидіндегі висмут йодиді (Драгендорф реактиві), танин ерітіндісі, пикрин қышқылы және т.б. Тұнбаға түсіру реакциялары алкалоидтардың жеке өсімдіктерде бар екендігін анықтауда қолданылмайды. Реакцияларды жүргізу үшін алкалоидтарды өсімдік шикізаттарынан 1-2 % хлорлы сутек немесе күкірт қышқылымен әрекеттестіріп, тұз түрінде бөліп шығарады. «Тұндыру» реактивтері арқылы басқа да негіз сипаттағы заттарды тұнбаға түсіруге болады, сондықтан сенімді болу үшін сығындыны тазартып реакция жүргізу қажет. Ол үшін ұсақталған шикізатқа аммиак ерітіндісін қосады және алкалоидтарды хлороформмен негіз түрінде бөліп шығарады. Хлороформды сығындыға 1 % хлорлы сутек қышқылын қосады да тұз түрінде бөліп шығарып, тазартылған сығындыларға реакциялар жүргізеді. Реакцияларды көбіне төмендегі реактивтермен жүргізеді.
|