Ережелері.
2. Сағат саны: 90 мин 3. Сабақ түрі: тәжірибелік 4. Сабақтың мақсаты:
5. Оқыту әдісі:шикізатқа талдау жасау, тест бақылау 6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар:ноутбук, проектор ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Шикізаттар, гербарийлер, кестелер, плакаттар б) оқыту орны: 512 бөлме. 7. Әдебиеттер: Негізгі (Н) 1. Фармакогнозия. Махатов Б.К., Патсаев А.К., Орынбасарова К.К., Кадишаева Ж.А. 2011 3. Фармакогнозия. Сокольский И.Н., Самылина И.А., Беспалова Н.В. – М.: медицина, 2003 4. Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям: учебное пособие/ под ред. И.А. Самылиной-М., 2010. -200с Қосымша (Қ) 5. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Алматы, «Ғылым», 1998 6. Определение ресурсов, заготовка, сушка и стандартизация лекарственного сырья. Бимурзаев А.А. – Астана, 2009 7. Фармакогнозия. Тестовые задания и ситуационные задачи: учебное пособие /под ред. И.А. Самылиной. –М., 2010. - 164с 8. Ұйымдастыру кезеңі:5 мин
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин Ботаника курсынан «Өсімдіктердің вегетативтік және репродуктивтік мүшелерінің морфологиялық құрылысы» туралы білімін тексеру. 1. Жапырақтар 2. Жапырақтардың сабақта орналасуы 3. Гүлдер 4. Тұқымдар 5. Сабақ 6. Өркен 10. Жаңа сабақты түсіндіру: 25 мин Шөп деп деп фармацевтикалық тәжірибеде шөптесін өсімдіктердің үстіңгі бөліктерінің құрғақ немесе балғын түрінен тұратын дәрілік өсімдік шикізаттарын атайды. Шөпті гүлдеу кезінде, кейде бутонданғанда немесе жеміс салғанда жинайды. Шикізат сабақтарымен жапырақтардан, гүлдерден, кейде бутоннан және пісіп жетілмеген жемістерден тұрады. Кейбір өсімдіктердің тек ұшын, екіншілерінде - барлық жер үсті бөлігін, үшіншілерінде - жер үсті бөлігін тамырларымен жинайды. Сыртқы белгілері. Сыртқы белгілерін анықтау барысында сабақтарына, жапырақтарына, гүлдеріне, көңіл аударады, қарусыз көзбен немесе лупа көмегімен қарайды. Қажет болғанда шикізатты бірнеше минутқа ыстық суға салып жібітеді, кейін шыны бетіне немесе тегіс тақтай бетіне сабақтарын, жапырақтарын, гүлдерін тегістепжаяды. Егер шөп ұсақталған болса, онда жібіту үшін сабақтарының, жапырақтарының, гүлдерінің кесектерін таңдайды. Сабақ құрылысында оның ерекшеліктерін белгілейді: жай немесе бұтақталған, көлденең кесіндісінің формасы, өлшемі, жапырақтардың сабақта орналасуы, жапырақтарының, гүлдерінің, жемістерінің құрылысы. Түсін құрғақ материалда күндізгі жарықта анықтайды. Иісін үгіту немесе ұнтақтау арқылы анықтайды. Дәмін құрғақ шикізаттың немесе қайнатпаның дәмін тату арқылы анықтайды (тек улы емес шикізаттарды). 11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы:35 мин Тапсырма. «Шөп» бүтін шикізатының өзі екендігіне МФ ХІ жеке бабына сәйкес талдау жүргізіңдер.
1 есеп. Альбомда жазыңдар:
2 есеп. Шикізатқа макроскопиялық талдау жүргізіңдер: 1) Сізге ұсынылған шикізаттың сыртқы белгілерін кесте түрінде сипаттаңдар
2. Өзіңіздің сипаттамаларыңызды НҚ «Сыртқы белгілері» бөлімінің талаптарымен салыстырыңдар, шикізаттың спецификалық ерекшеліктерін белгілеңдер. 12. Жаңа тақырыпты бекіту. 5 мин ДӨШ сапасын көрсететін НҚ түрлерін атаңыз Шөптің макроскопиялық талдауы үшін диагностикалық маңызы бар белгілері «Шөп» өсімдік шикізатына анықтама беріңіз Жапырақтардың орналасу түрлерін атаңыз
13. Сабақты қорытындылау. 3 мин Алған білімдерін қорытындылау, бағалау. 14. Үйге тапсырма беру. 2 мин Н. 37-39 б.; Қ. 432-456 б.
9-шы сабақ; 1. Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізаттар тауарларын тани білу. Бүтін, ұсақталған, ұнтақталған дәрілік өсімдік шикізаттары: қабықтарды анықтау
|