Студопедия — Есеп: К науқас 30 жасында ауырып, типті күйзелістен өтті,...
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Есеп: К науқас 30 жасында ауырып, типті күйзелістен өтті,...






1) гипертимия- көңіл күйінің жоғарылауы, Тахипсия- сөйлеудің тездетілу түріндегі психикалық қозу, қимылының қозуы.

2) Маниакальды синдром

3) Ноз.диаг: Маниакальды –депрессивті психоз.

4) Маниакальды депрессивті психозды басқа да психикалық бұзылыстардан (невроз түрлері, шизофрения, психоз, психопатия) ажырату үшін рентгенография, электроэнцефалография, бас миын МРТ ға түсіруге жібереміз.

5) Маниакальды жағдайда терапия қосарланған болу керек, нейролептикалық препараттар мен лити тұзы. Қазіргі уақытқа дейін аминазин қолданылады, ол қимылының қозуына седативті әсер етеді:ауыз арқылы 100 мг/сут,б.ет арқылы – 20–40 мг/сут. Маниакальді және гипоманиакальді жағдайда клопиксол 20–40 мг/тәулігіне және басқа да нейролептиктер: риспиридон, тизерцин, сонапакс, лепонекс, не‑улептил қолданылады. Лити тұздары нейролептиктерге қарағанда баяу әсер етед(лити карбонатының эффектісі 5‑10‑му күні, лити оксибутиратынікі – 2‑5‑күні). Сондықтан емді нейролептиктерден бастап, кейін лити тұздарын қосамыз. Литиді профилактика мақсатында аздаған дозадан– 300–600 мг/тәулігіне, кейін біртіндеп 900‑1200 мг/тәу жооғарылатады. Литидің қандағы концентрациясы 0,6–0,8 ммоль/л болу керек.

 

19вариант(есеп)

1.Ерікті қозғалыстар және оның бұзылыстары.Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйелер.мишық.Бұзылыстардың симптомдары және синдромдары.Зерттеу әдістері Ми қыртысында ерікті қимылды іске асыру үшін импульс бұлшықеттерге жеткізілуі қажет. Екі неврон арқылы іске асады. (орталық және сыртқы) тұратын ми қыртысы-бұлшықет шоғыры атқарады.

Орталық қимылдатқыш неврондар ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінен және орталық маңдай ирелеңінің артқы бөлімі мен парацентральдық бөліктен басталады. Орталық неврондардың клеткалары (Бец клеткалары) осы аймақтардағы ми қыртысы 5-ші қабатына орналасқан. Аталған клеткалардың аксондары ми жарты шарына терең бойлап, ми қыртысы-жұлын шоғырын-tractus corticosinalis, құрастырады.

Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы – жұлын шоғыры талшықтарының 80% -не жуығы қиылысып, жұлынның бүйір бағаны арқылы қарама-қарсы жағына өтеді де оның алдыңғы мүйізіндегі мотонейрондарында аяқталады. Ол жоғарыдан төмен қарай жұлынның әр сегменттеріне тиісті талшықтарын қалдырып біртіндеп жіңішкере береді де ақырғы сегізкөз тусындағы сегменттерде таусылады.

Ми қыртысы- жұлын шоғырының қиылыспаған 20% бөлігі (Тюрк шоғыры) жұлынның алдыңғы бағанымен төмен қарай түсіп, кеуде сегменттері тұсында аяқталады.

Үлкен ми жарты шарында пирмида шоғыры 2 бөліктен тұрады. 1-сі ми қыртысы жұлын шоғыры. 2-сі ми қыртысынан басталып, бассүйек-ми қимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталатын талшықтардан тұратын кортико-нуклеарлық шоғыр-tractus corticonuclearis.

Кортико-нуклеарлық шоғыр мидың алдыңғы сары ирелеңінің төменгі бөлігінде басталып, ішкі капсуланың иіні арқылы өтеді де ми бағанындағы бассүйек ми қимылдатқыш нервтерінің ядроларында аяқталады. Перифериялық қозғалткыш нейрон закымдалса:арефлексия,атония,атрофия,электромиограммада өзгеріс болады.Орталық параличте:гиперрефлексия,бұлшыкет гипертониясы болады.атрофия болмайды,патологиялық синкинезия пайда болады.Зерттеулер:Карау,пальпация және бұлшыкет көлемін өлшеу,белсенді және пассивті козғалысты анықтау,бұлшыкет күшін және тонусын,рефлекстерді аныктау.ПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ – ми қыртысының алдыңғы орталық ирелеңінде орналасқан қозғалыс орталығының жиынтығы, олар қозғалыс клетка ядролары арқылы бас ми нервтерімен және жұлынның алдыңғы мүйізімен байланысады. Олардың байланысы алдыңғы орталық ирелеңнің ми қыртысы V қабатында орналасқан пирамида тәрізді Бец клеткаларынан басталып пирамидалық жол деп аталады.Сопақша ми мен жұлынның арасында ми қыртысы - жұлын шоғыры талшықтарының көп бөлігі қиылысады, сондықтан әрбір ми жарты шарының проекциялық зонасы дененің қарама қарсы жағындағы бұлшықеттерге жауап береді. Алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы үштен бірінде орналасқан клеткалар ерікті қимылдарды және аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын, ортаңғы үштен бірі – қол, төменгі – бет бұлшықеттерін реттейді. Пирамидалық жол ми жарты шары қыртысынан басталып, ішкі капсула, ми бағанынан өтіп өз жолында бас ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларына, экстрапирамидалық жүйеге талшықтарын береді. Пирамидалық жүйе ОЖЖ әртүрлі бөліктерімен тікелей және қайтымды байланыс жасайды: бұлшықетте, сіңірде, байламда, орналасқан рецепторлармен қозғалыс анализаторы сезімтал өткізгіш.

Алдыңғы орталық ирелеңнің немесе пирамидалық жолдың бас ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен немесе жұлынның алдыңғы мүйізімен байланысқан жері зақымдалған кезде бұлшықеттік тонус, сіңірлік рефлекстердің жоғарылауымен және патологиялық рефлекстердің пайда болуымен көрініс беретін орталық салдану дамиды.

Пирамидалық жолдың зақымдалу деңгейіне тәуелді орталық салданудың орны және таралуы әртүрлі: ішкі капсулада патологиялық процес кезінде гемиплегия – қол мен аяқтың ошаққа қарама қарсы жақта салдануы болады. Ми бағаны зақымдалғанда пирамидалық жолмен қоса бас ми нерв ядролары зақымдалып алтернациялық синдром дамиды - ошаққа қарама қарсы жақта гемиплегия, зақымдалған жақта бас ми нервтерінің қызметінің бұзылу белгілері болады. Пирамидалық жолдың жұлында зақымдалуы ошақ жақта аяқтың гемиплегиясы және салдануы болады.

Пирамидалық жолдың қыртыстық бөлігі тітіркенгенде бас миындағы сәйкес проекциялық зонадағы бұлшықеттердің тырыспасы дамиды:

Алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы үштен бірі тітіркенсе тырыспа аяқта, ортаңғы – қол, төменгі – бетте болады. Бұл тырыспалар ошақты деп аталады – (джексондық).

Параличтер – бұлшықет күші жойылу салдарынан ерікті қимылдарды орындай алмау. Қозғалыс қызметінің әлсіреуінен бұлшықет күшінің төмендеуі парез деп аталады.

Ми бағанындағы пирамида талшықтарының зақымдалуы қарама қарсы жақта гемиплегия бас ми нерв ядроларының зақымдалу симптомымен бірге, зақымдалған жақта альтернациялық синдром. Пирамида жүйесінің орталық қозғалтқыш нейронының екі жақты зақымдалуы кезінде алдыңғы орталық ирелеңнен ix, x, xii жұп бас ми нервтерінің ядроларына дейінгі зақымдалуы псевдобульбарлық параличке әкеледі.

Орталық паралич сіңірлік рефлекс, бұлшықеттік тонус жоғарылауымен, патологиялық рефлекс және синкинезиялар болуымен сипатталады. Рефлексогенді зонаның кеңеюімен сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы жұлынның автоматтық қызметінің тежелуін көрсетеді; рефлекс жоғарылауының өте ауыр дәрежесі тізе тобығы, табан, саусақтардың клонусы дамиды.Рефлекторлы тонус жоғарылауы салдарынан бұлшықеттік гипертония дамиды. Бұлшықет тырысқан пассивті қозғалыстарды күшпен кедергімен орындайды («бүктелген бәкі» симптомы). Орталық гемипарезге Верник-Манн ерекше қалпы тән: сырқаттың қолы жартылай бүгіліп, бауырына басылып, қол ұшы ішіне қарай бұралып, аяғы түп түзу және сыртына қарай бұрылған. Аяқ параличі кезінде жиі Бабинский, Россолимо, Бехтерев патологиялық рефлексі болады.

Шеткері паралич қозғалтқыш нейрондардың зақымдалуынан (жұлынның алдыңғы мүйізі немесе бас ми нерв ядросы). Шеткері паралич немесе парез сіңірлік рефлекстердің әлсіреуі немесе жойылуымен, бұлшықет тонусының төмендеуімен, бұлшықет атрофиясымен және нерв талшықтарының дегенерациясымен сипатталады

ПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЗАҚЫМДАЛУЫ КЕЗІНДЕ АНЫҚТАЛАТЫН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР

Патологиялық рефлекстер. Пирамидалық жол зақымдалуы кезінде жұлындық автоматизм күшейгенде пайда болады. Патологиялық рефлекстер рефлекторлық жауапқа байланысты жазғыш және бүккіш болып бөлінеді. Жиі кездесетін жазғыш рефлекс Бабинский: табан астының сырт жағын үшкір нәрсемен сызғанда 1 саусақ жазылады, балаларда 2,5 жас – физиологиялық рефлекс; бүккіш рефлекстер Россолимо: бақайлардың ұшын дәрігер саусақтарының ұшымен түрткілеп соғу және Бехтерев: балғамен өкшені немесе басбармақ томпағын соққанда аяқ бақайларының бүгілуі.

ЭКСТРАПИРАМИДАЛЫҚ ЖҮЙЕ

Экстрапирамидалық жүйе – бас ми ядроларының және пирамидадан тыс өткізгіш жолдардың қозғалыс координациясын, бұлшықет тонусын реттеу, қалыпты ұстау, эмоциялық қозғалысты ұйымдастыру. Экстрапирамидалық жүйе құрамына бас ми қыртысы кейбір бөлімдері, базальды ядро, ми бағаны ядролық құрылымдары жатады. Одан басқа экстрапирамидалық әсер жұлынға және бас ми нерв ядроларына арнайы жол арқылы өткізгіш импульстер аралық ми, ортаңғы ми және сопақша мимен байланысады.

Экстрапирамидаық жүйе зақымдалған кезде қозғалыс сферасының бұзылысы болады бұл кезде пирамидалық жүйе бұзылысының клиникалық белгілері және сезімталдық бұзылысы анықталмайды. Экстрапирамидалық синдром патогенезінде маңызды орын нерв импулстерін химиялық өткізгіштер - медиаторлар атқарады. Патология кезінде арнайыландырылған медиаторлардың – дофамин, АХ, ГАМК, серотонин және т.б сәйкес нейромоноаминергиялық жүйе бұзылысы дамиды. Зерттеу тәсілдері:1/Түрегеп тұру мен жүрісті тексеру.2/Жазу кабілетін тексеру:3/Тонустық-постуралдық рефлекстерді тексеру:олар, аяқ-ұшы феномені -дәрігер шалкасынан жаткан наукастын тізесін мейлінше жазып,босатып жибереді,соонданаукастын аяғы сол калпында калады.Тізе феномені-етпетінен жаткан наукастың тізесін бүгіп,өкшесін жамбасына жеткізген кезде,тізесі сол бүгілген калыпта калады.Стюарт-Холмс симптомы-наукас көлдененінен бұрылған колын бар кушимен щынтак буынында бүгеди де дәригердин тартуына карсылык көрсетеді,ал дәрігер колын жибере салғанда ол кеудесин катты соғып алады.4/Көз,тіл,бет симптомы.наукаска көзін жұмғызып тілін шығартады,сол кезде наукас тілін ұзак шығарып ұстай алмайды.

Экстрапирамидалық жүйенің әртүрлі бөлімінің зақымдалуына байланысты клиникалық синдромдар дамиды. Гипертониялық-гипокинетикалық статустың негізгі көрінісі бұлшықет тонусының жоғарылауы және қозғалыс белсенділігінің төмендеуі. Экстрапирамидалық бұлшықеттік гипертония пластикалық: пассивті қозғалыс кезінде үнемі қозғалыс кедергісін сезіну. Аяқ қолдарды пассивті жазу кезінде үздікті баспалдақты қозғалысты сезіну (тісті шеңбер симптомы). Жалпы қалпы:басы мен денесі алға қарай еңкіш, қолдары білегінен жартылай бүгілген, шынтағы денесіне жуық, аяқтары жамбас және тізе буындарында тиіп жүреді. Жүрісі баяулаған, дауысы құрғақ, сөйлеуі монотонды. Беті құбылмайды, маска тәрізді. Экстрапирамидалық бұзылыстың тағы бір көрінісі діріл, амплитудасы, жиілігі, ритмділігі, орналасуы әртүрлі.

Паркинсонизм – жалпы қозғалыс активтілігінің төмендеуімен, қозғалыстың баяулауымен, дірілмен, бұлшықет тонусының жоғарылауымен көрінетін нерв жүйесінің үдемелі зақымдалу синдромы. Патогенезі негізінде морфологиялық емес экстрапирамидалық жүйенің медиаторлық баланс өзгерісімен жүретін күрделі нейрохимиялық бұзылыс.

Осы немесе басқа негізгі симптомдарды бөледі: 1.акинетико-ригидті, 2.ригидті-дірілді және 3. Паркинсонизмнің дірілді формасы.

1.Жалпы қозғалыс активтілігі шектелген, науқас қозғалысы баяу күшпен, сөзі тыныш монотонды, беті амимиялық. Науқас адымдары өте тар, жүргенде екі қолын сау адамдай кезекпен сермемейді, пропульсия белгілері анықталады (егер науқасты арқасынан нұқып қалса, ол сол бетінде алға қарай ұмтыла жүріп кетеді, бірден тоқтай алмайды). Қаңқа бұлшықеттерінің тонусы жоғарылаған. Бұлшықет ригидтілігі науқасқа ерекше кейіп береді: кеудесі алға қарай еңкейген, басы кеудесіне иілген, қолдары білегінен жартылай бүгілген, шынтағы денесіне жуық.

2. Ригидті-дірілді формасына бұлшықет ригидтілігі мен ұсақ діріл тән. Діріл тыныштықта анықталады (қол саусақтарының дірілі тиын санап тартып отырғандай) және арнайы қимыл әрекеттер кезінде басылады. Басын шұлғып немесе шайқаңдатып отырады (қозғалыс «иә - иә» немесе «жоқ - жоқ»).

3. Дірілді формасының басты симптомы дірілді гиперкинез, гипокинезия және бұлшықет ригидтілігі төмендеген кезде.

Ем паркинсонизмге қарсы заттар. Комплексті емге 1-дофа мен холинолитикалық заттар мен дофаминергиялық рецепторлар (наком, синемед, мадопар). Симптоматикалық емге антисклеротикалық заттар, тамыр кеңейтуші препараттар, метаболикалық процесті күшейтетін препараттар. Емдік дене шынықтыру, сумен емдеу (радон, ванналар), омыртқаны гальванизациялау, трансцеребральный электрофорез 1-дофа, магнитотерапия. Консервативті ем нәтиже бермегенде хирургиялық ем – қыртыс асты ядроның деструкциясына стереотоксикалық операция.

Паркинсонизнің алдын алу нейроинфекция, интоксикация, бас ми тамыр ауруларында қатаң көрсеткішпен нейролептиктерді қолдану.

Гиперкинездер – бет бұлшықеттерінің, кеуденің, аяқ қолдың, сирек көмей, жұмсақ таңдай, тіл, көздің сыртқы бұлшықеттерінің жиырылуынан еріксіз қимылдар туындайды. Гиперкинез экстрапирамидалық жүйе, мишық, таламус, күрделі байланыстардың зақымдалу салдарынан болады. Гиперкинездің даму механизмінде маңызды орын метаболизм бұзылысы, әсіресе дофамин, норадреналин, гамма-аминомай қышқылы, глутамин қышқылы, серотонин, АХ, Р және мет-энкефалин заттары.

Гиперкинез классификациясы бас миындағы патологиялық процестің орналасуына және клиникалық ерекшелігіне негізделген. Гиперкинездер бағаналық деңгейде (паркинсондық діріл, статикалық діріл, симптоматикалық миоклония, миоаритмия, спастикалық қисық мойын, қыртыс асты құрылым (миоклонус-эпилепсия, Хант асинергиялық миоклониясы) және қыртыстық Гиперкинездер (джексондық және кожевников эпилепсиясы, гемитония).

Атетоз-аяқ пен кол ұштарының біріне бірі бағынбай жиырылуы.Беттік параспазм-мимикалық бұлшыкеттердің симметриялы тоникалық жиырылуы.Хорея тәрізді гиперкинез-бет,тіл,аяк-колдың жоғарға бөліктерінің бұлшыкеттерінің шапшаң,ретсіз,екпінді өрескел кимылдауы.Торзион дистониясы-дене,кеуде бұлшыкеттерінің бұралуы.Гемибаллизм-дененің бір жак жартысының өрескел кимылдауы.Миоклония-Белгілі бір буындарды кимылдатуға катыспайтын бұлшыкеттер тобының оқыс жыбырлауы және тұраксыз дірілдеуі.

 

Гиперкинез емі комплексті болу керек. Этиологиялық факторға әсер етуші препараттар вазоактивті қабынуға қарсы және басқа заттар қолданылады. Гиперкинездердің патогенетикалық симптоматикалық емі холинолитиктер мен адренергиялық заттар, миорелаксанттар, ганглиоблоктаушылар, седативті, дегидратациялаушы препараттар, сонымен қатар бас ми метаболизміне әсері бар заттар қолданылады.

МИШЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ.

Құрылымды қызметтік және филогенетикалық қатынас бойынша мишық үш басты бөлімге бөлінеді: архицеребеллум түйіннен тұратын мишықтың көне бөлімі болып табылады. Ол вестибулярлы жүйемен тығыз байланысты; палеоцеребеллум алдыңғы бөлік, қарапайым және артқы бөліктен тұрады. Афферентные волокна в Палеоцеребеллумдегі афферентті талшықтар жұлынға және үлкен жарты шар қыртысының сенсомоторлық аймағына келеді; неоцеребеллум бірінші және артқы латеральды саңылауда орналасқан құрт және жарты шардың барлық бөлімін құрайды. Бұл мишықтың ең үлкен және филогенетикалық жас бөлігі. Оның дамуы ми қыртысының дамуымен тығыз байланысты.

Мишық қозғалыс координациясын және бұлшықет тонусын реттеп отырады. Архицеребеллум ақпаратты вестибулярлы жүйе және жартылай иірім өзек рецепторлары арқылы кинетикалық импульспен алады. Бұл мишықтың тепе теңдік сақтауына көмектеседі.

Атаксия – қозғалыс координациясының бұзылысы. Қалыптыда қозғалыс координациясы жүйке жүйесімен үйлесімді автоматы қимыл жасайды: мишық, терең сезімталдық, вестибулярлық аппарат. Қыртыстық, мишықтық, сенситивті, лабиринтті атаксияны бөледі.

Сенситивті атаксия терең сезімталдық бұзылысынан болады. Көзін жұмғанда сенситивті атаксия күшейеді.

Лабиринтті атаксия кезінде координация вестибулярлы симптомдармен бірге жүреді - бас айналу, көлденең нистагм.

Қыртыстық атаксия маңдай бөлімінің жоғарғы бөлігі және шүйденің төменгі бөлігі, самай бөлігі, қыртысты мишықтық жол зақымдалған кезде анықталады.

Атаксия симптомы әртүрлі интоксикация кезінде (алькогол, тағамдық улану, мыс),сонымен қатар ми қан айналымы және ми ісіктері кезінде байқалады.

Зерттеу әдістері:саусак-мұрын сынамасы,Өкше-тізе сынамасы,Ромберг калпын тексеру,Бабинский асинергиясы,Шильдер сынамасы.

Функциясын тексереді: координациясын, нақтылығын, қозғалыс үйлесімділігін, бұлшықет тонусын. Қозғалыс координациясы бұзылысын атаксия деп атайды. Статикалық, статико-локомоторлық және динамикалық.

Құрт зақымдалғанда кеуделік атаксия, науқас алға немесе артқа құлауы, жүргенде атаксия тән. Мишық жарты шары зақымданғанда локомоторлық сынама өзгерістері, зақымданған жақтағы аяқ қолда интенционды діріл, гипотония анықталады. Мишық аяқшаларының зақымдануы клиникалық симптомдармен көрінеді. Төменгі аяқ зақымданғанда нистагм, жұмсақ таңдай миоклониясы, ортаңғы аяқ зақымданғанда – локомоторлық сынама өзгерістері, жоғарғы аяқша зақымданғанда – хореоатетоз, рубральды діріл.

2.Басқаңқа-ми жүйкелері. Бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары.Зерттеу әдістері. Он екі жүп ми нервтерінің ішінде сезгіш (I, II және VIII жүптар), қимылдатқыш (III, IV, VI, XI және XII жүптар) және аралас (V, VII, IX жәнс X жүптар) нервтер бар..

І-иіс нервісі- cезімтал нервтер, ол (16-20) иіс нерв талшықтарынан түзілген. Иіс талшықтары мұрын қуысының кілегей қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне тор сүйегі арқылы еніп, иіс жолының нейрондары жатқан иіс жуашығына жетеді. Бұл нейрондардың талшықтары иіс жолы арқылы иіс бұрышына, одан белдеу, теңіз жылқысы қатпарының ілмегіне (иіс орталығына) келіп аяқталады. Иіс сезуді аныктау үшін қош иісті сұйықтықтар/әтір,керосин,ванилин/кұйылған флакондар пайдаланылады.наукас екі көзін жұмып,саусағымен мұрнының бір тесігін жауып тұрады да дәрігер ұсынған флакондағы сұйықтықты иіскейді.сөйтіп кандай иіс сезгенің айтады.Аномия-иісті мүлде сезбеу.Гипоосмия-иісті толық сезінбеу.Гиперосмия-иісті шамадан тыс катты сезіне.Дизосмия-иістің сипатын айкындай алмай баскаша сезіну.Иіс елесі-жоқ иістерді сезіп тұрғандай болу.

 

ІІ-көру нервісі- сезімтал нервтер, бұл көз алмасының торлы қабықшасынан басталып, ми сауытының ішіне сына сүйектің көру арнасы арқылы енеді. Онда көру нервтерінің кейбір талшықтары айқасып көру жолы арқылы қыртысасты көру орталықтарына барып аяқталады. Қыртысасты көру орталықтары ортаңғы мидың жоғарғы қос төмпешігінде, сыртқы тізелі денеде және көру төпешігінің көпіршігінде орналасқан.Көздің көргіштігін зерттеу:Сивцев кестесімен тексеріледі.наукастын алдына 5 м кашыктыкта жарык түсіп турган кесте ілінеді.Бір көзін жауып кестенін төменнен санағанда 3 катарын көретін болса көру калыпты болып саналады.

Көру аясын тексеру:Ол үшін периметрге жарық жаксы тусип туру керек.наукас көзін аспаптың ортасындағы ак нүктеге қадап отырады.Дәрігер ұшы акка боялған таяқшаның көмегімен әрбір көздің көру аясының сырткы,ішкі,жоғары және төменгі көру аясын тексереді.

Рабкиннің түрлі түсті кестесімен түстерді айыруды тексереді.

Көз түбін офтальмоскоппен тексереді.

Закымдану симптомдары:

Амавроз-сокыр болып калу.Скотома-көру аясының дак боп жоғалуы.Гемианопсия-көру аясының жартылай тарылуы.Битемпоральды гемианопсия-көру аясының сырткы жактары жоғалады.Биназальды гемианопсия-көру аясының ішкі жактары жойылады.ахроматопсия-тустерді ажырата алмайды.Дисхроматопсия-екі түсті ажырата алмайды.

.

ІІІ-көз-қимылдату нервісі- негізінде қозғалтқыш нервтер қатарына жатады. Оның құрамында қарашықты тарылтатын және көздің әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруін қамтамасыз ететін бұлшық еттерге баратын парасимпатикалық талшықтары да болады. Бұл нервтің орталығы ми сабақшаларының қақпақша бөлігінде жатады. Нервтің өзі, ми сабақшаларының арасынан ми бетіне теуіп, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасының ішіне еніп, көз алмасының жоғарғы, төменгі, ішкі тік бұлшық еттері мен төменгі қиғаш бұлшық етін нервтендіреді.5 ядросы бар.Көз алмасы қозғалуын зерттеу үшін дәрігер наукастың иегінен ұстап тұрып,оган көзинин алдында 20 см кашықтықта оңға,солға,төмен және жоғары бағытталған неврологиялық балғаға карауын отінеді.

ІҮ-шығыр нервісі- қозғалтқыш нервтер. Нерв ядросы көз қимыл нервісі ядросының қасында, ми сабақшаларының қақпақша бөлігінде жатады. Бұл нервортаңғы мидың төменгі қос төмпешігінің астыңғы жағынан ми бетіне теуіп, жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына еніп, көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшық етін нервтендіреді. Маңдай сүйектің ілгектеніп тұрған өсіндісінен, жоғарғы қиғаш бұлшық етке тік түсіп тұруына байланысты оны шығыр нервісі деп атаған.

ҮІ-әкеткіш нерв- қозғалтқыш нервтер қатарына жатады. Бұл нервтің де ядросы ромбы ойысының жоғарғы бөлігінде, ми көпірінің тұсында жатады. Нерв түбіршігі сопақша мидың пирамидасымен көпір аралығынан ми бетіне шығады. Жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына еніп, көз алмасының сыртқы тік етін нервтендіреді. Бұл бұлшық ет жиырылғанда көзді сыртқа қарай әкетеді (тартады), сондықтан бұл нервті әкеткіш нерв деп атаған.

Көз козғалткыш нервтерді тексеру:

Қарашық реакциясын тексеру:1.Дәрігер наукастың бетін жарыққа каратып отырғызып екі көзін жауып кояды.биринши бір көзин содан кейн екінші көзін ашып,карашықтың реакциясын байкайды.Қалыпты жағдайда карашық жарықтың әсерінен тарылады.

2.Дәрігер наукастың бір көзін алаканымен жауып екінші көзин бакылайды.Бұл кезде карашық тарылады.

3.Карашықтың конвергенциялық және аккомодация реакциясын тексеру үшін дәрігер наукастың бетінен 50-0 см кашықтықта ұстап тұрған саусағына қозғалмай карап тұруын өтинеді де оның мұрнының таяу ұшына акеледі.Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауы ішіне карай ауысады да онымен коса карашық тарылады.

Птоз-кабақтың төмен түсіп кетуі.Диплопия-көз алдындағы заттын косарланып көрінуі.Мидриаз-карашықтың кеңеюі.Экзофтальм-көз алмасының шығынкы орналасуы.

Арджиль-Робертсон симптомы-көздің карашығы аккомадация мен конвергенцияға әсер етсе де жарыкка реакция бермейді.Ішкі офтальмоплегия симптомы-көз каршығы кеңиді,оның барлык реаакциясы жойылады.Парино синдромы-көз алмасы төмен,жоғары карай кқзғалмай калады.

Ү-үшкіл нерв- аралас нерв болып саналады. Нерв орталығы ромбы ойысының жоғарғы бөлігінде, ми көпірінде жатады. Көпір бетіне үлкен және кіші түбірлерімен шығады. Үлкенін-сезімтал түбір, кішісін-қозғалтқыш түбіршік деп атайды. Сезімтал түбір айшық түйінін түзгеннен кейін түбіршекпен қосылып барып үш тарамға бөлінеді: көз, жоғарғы жақ және төменгі жақ нервілеріне. Осыған байланысты бұл нервті үшкіл нерв деп атайды.Үшкіл нерв кызметін тексеру:1Үшкіл нервтің бетке шығатын тұстарын басып байкау.2үшкіл нерв тармактарының беттегі нервтендіретін аймактарында ауырсыну,температуралықжәне жанасулық сезімдерді тексеру.3.канттың,ас тұзының, тұз кышкылы ерітінділерінің көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 дәм сезуді тексеру.4 шайнау бұлшықеттерінің кызметін тексеру.

Закымдану симптомдары:гиперестезия-закымдалған жакта ауырсынудың күшеюі.Гипестезия-томендеуі.Анезтезия жоғалуы..

 

ҮІІ-бет нервісі- аралас нервтерге жатады. Құрамында жақасты және тіласты сілекей бездеріне баратын парасимпатикалық талшықтары болады. Бұл нервтің де ядросы ромбы ойысының жоғарғы бөлігінде (ми көпірінде) жатады. Бет нервісі сопақша мидың зәйтун тұсынан ми бетіне шығып, самай сүйегінің тасша бөлігіндегі ішкі есту жолы арқылы жүріп отырып, ми сауытынан сыртқа теуіп, бетке тарамдалып, барлық ымдау бұлшық еттерін нервтендіреді. Нервтің сезімтал талшықтары тілдің алдыңғы бөлігіндегі дәм сезгіштігін қамтамасыз етеді.

Тексеру.1бет пішініне караймыз.2.бет бұлшыкеттеріңің козғалысын тексеремиз. Ол үшін кабағын котертемиз,көзин сығырайтуын,екі ұртын томпайтуын сураймыз.

Закымдануы:закымдалган жағында салдану б/ды.Белл симптомы-үстіңгі және төменгі кірпіктерінің арасынан көздин ағы көринип тұрды.Тістерін акситканда ауыз закымданға жакка кисайып леп белгисине ұксайды-шарко леп белгісі симптомы.

Мийяр-Гублер синдромы-закымдалған жакта бет бұлшықеттері салданады,карама карсы жағындагемиплегия немесе гемипарез болады.

ҮІІІ-кіреберіс-ұлу нервісі- соматикалық сезімтал нервтер қатарына жатады. Бұл нерв жеке кіреберіс ұлу деген екі бөліктен түзілген. Ұлу бөлігі есту толқынын ішкі құлақтан мидың самай бөлігіндегі жоғарғы есту қатпарына жеткізсе, кіреберіс бөлігі қозуды ішкі құлақтың тепе-теңдік мүшелерінен мишыққа береді.

Нервтің ұлу бөлігі ішкі құлақтың ұлу бөлігіндегі бұранда түйін жасушаларынан басталады. Бұл жасушалар есту жолының бірінші нейрондары болып саналады.

Зерттеу:1/сыркаттан 5-7 м кашықтықта тұрып сыбырлау.2/Вебер мен Ринне тәсілдерімен камертон сылдыратып тексереді.

Вестибулярлы анализаторды тексеру.1/наукастың тура жүргізу арк. Ауыткуларды аныктау.2/айналдыру және калорикалық сынак көмегімен нистагмді тексеру.3/ромберг калпында наукастың калай тұратынын тексеру.

Закымданулық симптомдар.Гипакузия-есту кабилеті төмендейді.Анакузия-саңырау болып калады.Вестибулярлык атаксия-дененің тепе тендігі бұзылады.Сонымен бірге кұсу, бас айналу,локсу б/ды.

ІХ-тіл-жұтқыншақ нервісі- аралас нерв болып саналады. Бұл нерв құрамында шықшыт сілекей безін нервтендіретін парасимпатикалық нерв талшықтары болады. Нерв ядросы ромбы ойысының төменгі бөлігінде сопақша мида жатады. Ми бетіне зәйтун артынан шығып, шүйде сүйектің мойындырық тесігі арқылы ми сауытынан сыртқа тебеді. Нервтің талшықтары тілдің артқы бөлігімен жұмсақ таңдайдың кілегей қабықшасын, жұтқыншақты, көмей бездерін, ал қозғалтқыш талшықтары-жұтқыншақ бұлшық еттерін нервтендіреді.

Х-кезеген нерв- аралас нервтер қатарына жатады. Бұл нерв құрамында, көкірек қуысы мен құрсақ қуысында жатқан мүшелерді нервтендіретін парасимпатикалық талшықтар болады. Бұл нервтің де ядросы ромбы ойысының төменгі бөлігінде, сопақша мида жатады. Ми бетіне зәйтуннің артқы жағынан шығып, мойындырық тесігі арқылы ми сауытынан мойын бөлігіне қарай бағыт алады. Бұл нерв мойын бөлігінен көкірек қуысына одан құрсақ қуысына өтеді. Мойын бөлігінде-тіл түбірінің кілегей қабықшасын, көмекей бұлшық еттері мен кілегей қабықшасын, жұтқыншақ бұлшық еттерін; көкірек қуысында-жүректі, өңешті, өкпелер мен бронхыларды; құрсақ қуысында-ас қорыту мүшелерін тік ішекке дейін нервтендіреді. Сол себептен кезеген нерв, парасимпатикалық нервтердің ішіндегі ең ірісі және ең ұзыны болып табылады.

Тіл-жұткыншак және кезбе нервтерді зерттеу.Ширатылған кағазды көмейдің түбіне тигізіп жұткыншак рефлексін содан кейн жұмсак тандайга тигізіп жұмсак тандай рефлексін шакырады.Мұндайда жұмсак тандай жоғары көтеріледі,жұткыншак бұлшыкеттері жирылады.2/кышкыл және тұзды ерітінділер көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезу тексеріледі.

Закымдалуы:Назолалия-маңкалап сөйлеу.Афония-дыбысы шыкпай калу.гипофония –дыбысы төмендеуі.Дисфагия-жұтынудың төмендеуі.Гипогейзия-тіл түбінде дәм сезу төмендейді.Агейзия-мүлдем сезілмейді.

ХІ-қосымша нерв- қозғалтқыш нервтер қатарына жатады. Оның ядролары сопақша ми мен жұлынның жоғарғы сегменттерінде жатады. Осыған байланысты нервтің ми және жұлын бөліктеріндегі түбірлерді айырады. Нервтің төменгі жұлын түбірлері шүйде тесігі арқылы ми сауытына еніп, жоғарғы ми түбіршіктерімен қосылады. Осы қосылыстан пайда болған қосымша нервтің негізгі сабағы, кері ми сауытынан шығып, трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізік бұлшық еттерін нервтендіреді.

Тексеру:1/Наукаска басын оңға солға бұруын сурайды да оны козғайтын бұлшыкет күшін бағалайды.2/Наукаста екі иығын көтертеді,осы кимылдар кезіндегі күшін тексереді.3/Басып,сипау арк. Төс-бұғана-емізік және трапеция бұлшыкеттеріңің тонусын тексереді.Закымдалуы: Назолалия-маңкалап сөйлеу.Афония-дыбысы шыкпай калу.гипофония –дыбысы төмендеуі.Дисфагия-жұтынудың төмендеуі.Валенберг-Захарченко синдромы-закымдалған жакта жұмсак тандай салбырайды,тілшік сау жағына карай кисаяды,жұткыншак рефлексі жойылады,ал карама карсы жағында гемигипалгезия б/ды.Бабинский-Нажотт синдромы.

ХІІ-тіласты нерв- қозғалтқыш нерв. Ядросы сопақша мида орналасқан. Бұл нерв сопақша ми пирамидасы мен зәйтун арасынан ми бетіне шығып, шүйденің тіласты арнасы арқылы ми сауытынан тілге қарай бағыт алады. Тіласты нерв тіл бұлшық еттері мен мойынның алдыңғы бетіндегі кейбір бұлшық еттерін нервтендіреді.

Закымдалуы:Глоссоплегия-тілдің бөлігі солып калады.дизартрия-сөйлеу киындайды.Анартрия-сөйлеу мүмкіндігі жойылады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-15; просмотров: 4153. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия