Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аз. Терапия, Ішкі аурулар, Зәр шығару жүйесінің синдромдары мен аурулары, қаз





Вариант 1

$$$001

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда анемияның ең жиі себебі қандай?

A) Темір тапшылығы

B) В 12 витаминнің тапшылығы

C) Гемолиз

D) Қан кету

E) Эритропоэтин тапшылығы

{Дұрыс жауап} =E

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық}= (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= ZO

 

$$$002

Ер адам 57 жаста, 12 жыл аралығында табан буындарының патологиясымен ауырады, соңғы бір ай көлемінде аяқтарында ісіктер, әлсіздік, шаршағыштық, бас ауыруы пайда болған. Объективті: дене салмағы жоғары, терісі бозарған, сарғыш реңкілі, құлақ қалқанында тофустар. Беті ісіңкі; балтыры және аяқ басы ісінген. Қанында: лейк-7,5х109/л, ЭТЖ-25 мм/сағ., зәр қышқылы-0,670 ммоль/л (қалыптыда 0,18-0,53 ммоль/л), креатинин-0,270 ммоль/л (қалыптыда 60-130 мкмоль/л), мочевина-20 ммоль/л (қалыптыда 3,5-9 ммоль/л). Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық -1009, белок-0,55 г/л, гиалинді цилиндрлер -5-7 көру алаңында. Аталған диагноздардың қайсысы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің себебі болып табылады?

A) Бүйрек амилоидозы

B) Зәр тас ауруы

C) Подагралық нефропатия

D) Созылмалы гломерулонефрит

E) Созылмалы пиелонефриттің өршуі

{Дұрыс жауап}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= PA

 

 

$$$003

Әйел адам 18 жаста, бір аптадан бері ауырады. Баспадан (ангинадан) кейін ісіктер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1020, белок - 4,4 г/л, лейкоциттер – 6-10 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер-3-4 көру алаңында. Мүмкін болатын диагноз қандай?

A) Бүйрек амилоидозы

B) Бүйрек туберкулезі

C) Нефротикалық криз

D) Созылмалы пиелонефрит

E) Жедел гломерулонефрит

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}= (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= PA

 

$$$004

Әйел, 45 жаста, 20 жыл жүйелі қызыл жегімен ауырады. Глюкокортикостероидты, антикоагулянтты терапия, цитостатиктерді қабылдайды. Қан анализінде: Нв-95 г/л, эритроциттер – 3,0х1012/л, лейкоцит-7,2 х 109/л, СОЭ - 42 мм/сағ. Зәр анализінде: белок – 2,5 г/л, лейкоцит -7-8 көру алаңында, эритроцит – 8-9 көру алаңында, оксалаттар көп мөлшерде. Коагулограмма қалыпты.Микрогематурияның мүмкін болатын себебі қандай?

А) Цитостатикалық терапия

В) Антикоагулянтты терапия

С) Глюкокортикоидтармен терапия

D)Аурудың белсенділігі

Е) Зәр тасты ауруы

{Дұрыс жауап} = D

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= NS

 

$$$005

Ер адам 27 жаста 4 жыл аралығында гломерулонефритпе, ұйқысының бұзылуы шағымдарымен ауруханаға түсті. Жағдайының нашарлауын суықтанумен байланыстырады. Объективті: АҚ - 180/90 мм. с.б. Қанда: креатинин – 120 мкмоль/л (қалыптыда 60-130 мкмоль/л), калий – 3,4 мкмоль/л (қалыптыда 3,5-5 мкмоль/л. Зәр анализінде: салыстырмалы тығ. - 1020, белок – 4,5 г/л, эритроцит - 3-5 көру алаңында, лейкоцит - 15-17 көру алаңында. Көрсетілген ем бағдарламасының қайсысы тиімді?

A) Антибиотик +дезагрегант + преднизолон

B) Дезагрегант + антикоагулянт + цитостатик + ААФ ингибиторлары

C) Цитостатик + преднизолон + антикоагулянт

D)Антиагрегант + орталық альфаагонист + преднизолон

E) Антикоагулянт + сорбент + бета-блокатор

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= NS

 

$$$006

Әйел адам 37жаста бел аймағында ауырсыну, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанудан кейін бел аймағында ауырсыну, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: температура 370С. Бел аймағында соққылау симптомы екі жақта оң мәнді. Қанда: лейкоцит – 6,1х 109/л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: сал.тығ. -1005, белок – 0,033 г/л, лейкоцит- 6-8 көру алаңында. Нечипоренко сынамасы: эритроцит – 1 х 106/л, лейкоцит – 6 х 106/л. Қандай препаратты емдеу бағдарламасына қосу тиімді?

A)Линкозаминдер

B)Пенициллиндер

C) Тетрациклиндер

D) Аминогликозидтер

E) Нитрофуранды қосындылар

{Дұрыс жауап}= B

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= NS

Вариант 2

 

$$$001

Қандай көрсеткіш созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде гемодиализді тағайындауға себеп болады?

A) Тұрақты артериялық гипертензия

B) Қанда калий деңгейінің 6,5 ммоль/л көп болуы

C) Айқын ісіктер

D) Көру өткірлігінің үдемелі төмендеуі

E) Инфекциялық асқынулар

{Дұрыс жауап}=B

{Күрделілігі}=1

{Оқулық}=(Диагностика болезней внутренних органов, А.Н. Окороков, 2007.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= ZO

 

$$$002

Стационарда өкпе туберкулезі диагнозымен ем алған 45 жастағы ер адамның аутопсиясында бүйректерінің ұлғайғаны анықталды. Бүйректердің макроскопиялық көрінісі «үлкен ақ бүйрек» деп сипатталды. Аталған туберкулездің асқынуларының қайсысы болуы мүмкін?

A) Бүйрек амилоидозы

B) Бүйрек туберкулезі

C) Интерстициальды нефрит

D) Созылмалы пиелонефрит

E) Созылмалы гломерулонефрит

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}= PA

 

$$$003

Ер адам 32 жаста, қабылдау бөліміне бел тұсының ауырсынуымен жеткізілді. УДЗ жүргізгенде: бүйректердің ассиметриялы зақымдалуы, бүйрек тостағаншалары мен түбектерінің және несепағардың жоғарғы үштен бірінің кеңейгені анықталды. Мүмкін болтаны диагноз қандай?

A) Пиелонефрит

B) Бүйрек амилоидозы

C) Бүйрек туберкулезі

D) Гломерулонефрит

E) Интерстиалды нефрит

{Дұрыс жауап}=A

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}=FM

 

 

$$$004

24 жастағы қыз нефрология бөлімшесіне айқын ісінулер, асцит көрінісімен жеткізілді. Анамнезінде: инсоляцияны қабылдай алмау, лимфоаденопатия, босанудан кейінгі кезеңде артралгиялар. АҚ 140/80 мм.с.б. Анализдерінде ЭТЖ 40 мм/сағ, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия, протеинурия 3,5 г/л. Қандай препаратты емдеу бағдарламасына қосу тиімді?

A) Стериодты емес қабынуға қарсы препараттар

B) Уросептиктер

C) Цитостаиктер

D)Антибиотиктер

E) Глюкокортикоидтар

{Дұрыс жауап}=Е

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі}=PA

 

$$$005

Әйел адам 29 жаста бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығару, дене температурасының 39°С дейін жоғарылауы, қалтырау шағымдарымен қаралды. Бір апта бұрын суықтанғаннан кейін ауыра бастаған. Об-ті: АҚ-160/80 мм с. б. Пульс- 90 рет мин. Соққылау симптомы оң жақта оң мәнді. Қанда: лейкоцит-10,2 х109/л, ЭТЖ-22 мм/сағ. Зәр анализінде: бұлыңғыр, сал.тығ-1018, белок-0,066 г/л, лейкоцит – 10-12 көру алаңында. Қандай топ препаратын тағайындау тиімді?

A) Цитостатиктер

B) Антибиотиктер

C)Антикоагулянттар

D) Кортикостероидтар

E) Аминохинолин қосындылары

{Дұрыс жауап}=В

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} = (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі} =NS

 

$$$006

Қабылдау бөліміне 63 жасатғы әйел жеткізілді. Анамнезінде: ұзақ уақыттан бері пиелонефритпен ауырады. Қарағанда: сопор, дизартрия, беті асимметриялы, сол жақтық гемипарез, АҚ 180/100 мм с. б. Қанында: Нв-95 г/л, эр-3.2 х 1012/л, лейк-10,2 х 109\л, тромб – 186 х 109\л, ЭТЖ - 25 мм/сағ. Б/х: креатинин-1,2 ммоль/л (қалыптыда 60-130 мкмоль/л), мочевина-35 ммоль/л (қалыптыда 3,5-9 ммоль/л). Зәр анализінде: белок – 1,5 г/л, лейк -7-8 көру алаңында, эр – 0-1 көру алаңында. Гемодиализді жүргізу мәселесін шешу үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет?

А) Бүректі УДЗ

В) Жұлын пункциясы

С) Бас қанқасының рентгенографиясы

D)Калий деңгейін анықтау

Е) ЭКГ және ЭХО КС

{Дұрыс жауап} = В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық}= (Диагностика и лечение болезней внутренних болезней 2006г.

Окороков А.Н. 2006 г)

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тестіленушінің болжамды білімі} =NS

 

 







Дата добавления: 2015-08-12; просмотров: 1244. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.017 сек.) русская версия | украинская версия