Жазбаша тест сұрақтары. VII нұсқа.
1. Көңіл-күй одағаймен сөйлем құрастырып жаз.
2. Модаль сөзді табыңыз? а) мүмкін в) ал ә) әлде г) себебі б) енді
3. Тәуелденіп барып септеліп тұрған есімдікті анықта. а) өзімнің, өзіме в) қайсымыз, нешеуі ә) кіммін, кімсіңдер г) әлдебіреуге, біреуіміз б) өзімізбен, өздері
4. “Дәнеме” қандай есімдік? а) белгісіздік в) сілтеу ә) болымсыздық г) сұрау б) жалпылау
5. Н.Сауранбаев … зерттеген а) есімше в) шылау ә) көсемше г) одағай б) етіс
6. “Қазақ тіліндегі есім сөз таптары” атты еңбектің авторы. а) А.Ысқақов в) Ә.Төлеуов ә) С.Исаев г) Н.Оралбаева б) А.Хасенова
7. Еліктеуіш сөздерді дербес сөз табы деп дәлелдеген ғалым а) А.Ысқақов в) А.Байтұрсынов ә) Ә.Төлеуов г) А.Хасенов б) Н.Оралбаева
8. «Табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру қабілеті арқылы қабылданған бейне-көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді........... деп атаймыз.» а) бейнелеуіш сөздер в) көмекші есімдер ә) еліктеуіш сөздер г) шылау б) одағай сөздер
9. Шылау сөздерге тән белгіні көрсет. а) толық лексикалық мағынасы болмайды; ә) субстантивтеніп, есім формаларында жұмсалуы мүмкін; б) басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалады; в) сөйлем ішінде пысықтауыш қызметін атқарады; г) адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатында қолданылады.
10. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулар бойынша ғылыми еңбек жазған ғалым а) Ы.Шақаман в) Г.Шаһарман ә) Ш.Сарыбаев г) А.Омарова б) Б.Таңсықбаева
11. Әдейі, жорта, қасақана деген сөздер үстеудің қай түріне жатады? а) мақсат үстеуі в) күшейтпелі үстеу ә) мезгіл үстеуі г) сын-қимыл үстеуі б) мекен үстеу
12. Белгісіздік есімдігімен келген сөйлемге мысал келтір.
13. Төменнен негізгі үстеулерді тап: а) біраз, ерекше, жылдам, үнемі; ә) бекерге, бірге, кешке, мұнда; б) биыл, бүгін, бірге, күнде; в) текке, баяғыда, қапыда, лезде; г) шалқасынан, етпетінен, қырынан, кенеттен..
14. –ғары, -гері, -қары, -кері жұрнақтарының жалғануы арқылы үстеудің қай түрі жасалады? а) мекен үстеу в) күшейтпелі үстеу ә) мезгіл үстеуі г) сын-қимыл үстеуі б) мақсат үстеуі
15. Күшейтпелі үстеулерге тән белгі а) тек негізгі түбір болып келеді; ә) басқа сөз таптарына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады; б) сөздердің бірігуі арқылы жасалады; в) сөздердің қосарлануы арқылы жасалады; г) сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.
16. Сөйлем ішінде негізінен пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз табы а) үстеу в) есімдік ә) зат есім г) етістік б) сын есім
17. Шақ категориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? а) 3 ә) 4 б) 5 в) 6 г) 7
18. Қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы шақтың қай түрі жасалады? а) нақ осы шақ в) келер шақ ә) өткен шақ г) жедел өткен шақ б) ауыспалы өткен шақ
19. Райдың қай түрі ғылыми әдебиеттерде индикатив терминімен беріледі? а) ашық рай в) қалау рай ә) неғайбіл райлар г) шартты рай б) бұйрық рай
20. Бұйрық райдағы етістіктердің құрамында бұйрық мағынасын білдіретін арнайы көрсеткіштер бар ма? а) жоқ ә) бар б) –у в) –ма, -ме г) өзіндік жүйесі бар
21. Қалау рай жасайтын көрсеткіштерді көрсет а) –ғай, -гей в) –айын, -ейін ә) –са, -се г) –сын, -сін б) –а көр, -ушы болма
22. Императив термині нені білдіреді? а) бұйрық рай в) шартты рай ә) ашық рай г) неғайбіл райлар б) қалау рай
23. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтары есімшенің қай түрін жасайды? а) мақсат мәнді есімше в) белгісіз мәнді есімше ә) өткен шақ есімше г) болжалды келер шақ есімше б) келер шақ есімше
24. Есімшелердің етістікке жақын белгісін көрсет а) сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі; ә) көптеледі, септеледі, тәуелденеді; б) сөйлемде «қандай?» деген сұраққа жауап береді; в) қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстайды; г) сын есім сияқты заттың белгісін білдіреді.
25. Бүгінгі күні ғалымдар оныншы сөз табы ретінде нені көрсетіп жүр? а) модаль сөздер в) атауыш сөздер ә) көмекші сөздер г) есімше б) көмекші есімдер
Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді. №3 хаттама, 11 қараша, 2014 ж. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі З.Ж.Мүтиев
Филология факультетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді. №3 хаттама, 12 қараша, 2014 ж. Факультеттің ОӘК төрағасы А.А.Раманова
|