Жазбаша тест сұрақтары. V нұсқа
1. Грамматика нені зерттейді? Анықтаманы жазбаша жаз.
2. Заттың бет жағына, алдыңғы жағына жақын мекенді білдіретін көмекші есім а) арты в) үсті ә) асты г) арасы б) алды
3. Дара есептік сан есімдерді тауып, олармен сөйлем құрастыр. а) он, жиырма, отыз в) мың бір жүз елу ә) бір, жиырма үш, үш жүз г) он шақты, он мыңдай б) отыз, қырық төрт
4. Бөлшектік сан есімдер дегеніміз – а) белгілі бір заттар мен құбылыстардың орын тәртібі, реттік жүйесін белгілейді ә) сан мөлшерін жинақтап көрсетеді б) өзара теңбе-тең сандық мөлшерін білдіреді в) белгілі бір заттар мен құбылыстардың үлесін, бөлшегін білдіреді г) сан мөлшерін шамамен көрсетеді.
5. Қай септік жалғауы сөзге қосылған кезде грамматикалық тәуелділікті білдіреді? а) атау в) жатыс ә) ілік г) шығыс б) барыс, көмектес
6. Қызыл жүзді, жирен сақалды, орта бойлы. Қандай жолмен жасалған сын есімдер? а) негізгі сапалық сындардың тіркесуі арқылы ә) басқа сөз таптары мен сын есімдердің тіркесуі арқылы б) негізгі сындар мен туынды сындардың тіркесуі арқылы в) қайталама қос сөздер арқылы г) туынды сын есімдердің тіркесуі арқылы
7. Бір сан есімінің мағынасынан алшақтап, шылау сөзге ауысқан түрін көрсет а) Орғыды бір бүгіліп, бір жазылып, Құлашын қарыштауға жолын болжап ә) Түсті көзі бір мезгілде, бір сұлу жан көркіне б) Бірі баптап бағып, күтіп, Бірі тасып су себеді в) Сен бір артық көркемсің, Биік асқар шың-құздан г) бір нүктеде тоғысқан сегіз сызық
8. Екінші реттік сан есіміне –лей қосымшасы жалғанғанда қай сөз табы болады? Сөйлеммен мысал келтір.
9. Топтық сан есімнің –дан, -ден қосымшасы қосарлана қолданылған сан есімдерге қалай жалғанады? а) бірінші компонентіне в) екеуіне де жалғанбайды ә) соңғы компонентіне г) жауабы жоқ б) алғашқы және соңғы компонентіне
10. Модаль сөзді табыңыз? Сөйлем құрастыр. а) мүмкін в) ал ә) әлде г) себебі б) енді
11. “Қазақ тіліндегі есім сөз таптары” атты еңбектің авторы. а) А.Ысқақов ә) С.Исаев б) А.Хасенова в) Ә.Төлеуов г) Н.Оралбаева
12. Еліктеуіш сөздерді дербес сөз табы деп дәлелдеген ғалым а) А.Ысқақов ә) Ә.Төлеуов б) Н.Оралбаева в) А.Байтұрсынов г) А.Хасенов
13. Қызыл жүзді, жирен сақалды, орта бойлы. Қандай жолмен жасалған сын есімдер? а) негізгі сапалық сындардың тіркесуі арқылы ә) басқа сөз таптары мен сын есімдердің тіркесуі арқылы б) негізгі сындар мен туынды сындардың тіркесуі арқылы в) қайталама қос сөздер арқылы г) туынды сын есімдердің тіркесуі арқылы
14. Шақ категориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? а) 3 ә) 4 б) 5 в) 6 г) 7
15. Бұйрық райдағы етістіктердің құрамында бұйрық мағынасын білдіретін арнайы көрсеткіштер бар ма? а) жоқ ә) бар б) –у в) –ма, -ме г) өзіндік жүйесі бар
16. Тілімізде қимыл неше тәсіл арқылы жасалады? а) 8 ә) 9 б) 10 в) 7 г) 5
17. Конверсия түрін көрсет а) қосарлану в) префикс ә) субстантивтену, қосарлану г) суффикс б) субстантивтену, адъективтену
18. Жетекші етістік пен көмекші етістік тіркесінде қайсысы үнемі бірінші тұрады? а) жетекші етістік в) туынды етістік ә) көмекші етістік г) түбір етістік б) негізгі етістік
19. Аналитикалық форманттар құрамының түрлі болуына байланысты нешеге бөлінеді? а) 2 ә) 3 б) 5 в) 8 г) 10
20. Семантикалық жағынан сан есімге жақын сөздерді көрсет а) қадақ, пұт, келі, адым в) бала, қария, кәрі ә) шал, қарт, қария г) былтыр, биыл, кеше б) үлкен, кіші, аз 21. Қазіргі қазақ тіліндегі сапалық сын есімдерді зерттеуші жас ғалым а) Ә.Ақкөзов в) Г.Сыздықова ә) М.Есматова г) Қ.Қалыбаева б) С.Кенбаева 22. Қандай жалғаулар жалғанғанда сын есім заттанып, субстантивтеніп кетеді? а) тәуелдік в) тәуелдік, септік, көптік ә) септік г) жіктік, тәуелдік б) көптік
23. Етістіктену термині қалай аталады? а) вербиалдану в) адъективтену ә) адвербиалдану г) субстантивтену б) инфинитив 24. Негізгі сын есімдерді тап: а) балалық, жазғы в) ақ, көк, сұр, биік ә) үйлі, сұр, биік г) қалалық, сулы б) аудандық, жақсы, таулы 25. Болымсыздық категориясы синтаксистік - аналитикалық тәсіл арқылы қалай жасалады? а) жоқ сөзі в) –ма жұрнағы ә) –сыз жұрнағы г) шылаулар арқылы б) –сіз жұрнағы
Кафедра мәжілісінде қарастырылды және бекітілді. №3 хаттама, 11 қараша, 2014 ж. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі З.Ж.Мүтиев
Филология факультетінің Оқу-әдістемелік Кеңесінде қарастырылды және бекітілді. №3 хаттама, 12 қараша, 2014 ж. Факультеттің ОӘК төрағасы А.А.Раманова
|