Презентацияға қойылатын міндет
Студент презентациясын дайындағанда стиль, әшекейлеу ережесін сақтау керек, қою реңді түстерді, 1 слайдта ең кобі 3 немесе 4 түрлі түсті пайдалануы керек, компьютерлік анимация мүмкіншілігін қолдану керек. Бағдарламасы қысқа, түсінікті, анық, дәлелді болу керек. Емдеу нобайы: 1.емдеу нобайын жасауға қойылатын талаптар: жұмыс көлемі 3-4 баспа беттен құралу керек; жұмыс сауатты жасалу керек, баяндалу мәдениеті сақталу керек; баяндама тұсында қолданылған әдебиетке сілтеме жасалу керек; библиография дұрыс безендірілуі керек. 2.емдеу нобайының құрылымы: титульдік бет(форма бойынша);кіріспе (тақырып актуалдылығын негіздеу); негізгі бөлім (схема этиологиялық, патогенетикалық, симтоматикалық емді дәлелдей алу керек); қорытынды (тақырыпқа қатысты қысқаша қорытынды жасалады); әдебиеттер тізімі. · Ағымды бақылау:тестілеу сұрақтарын шешу, ауызша сұрастыру, ситуациялық есептерді шешу, тематикалық науқастардың клиникалық талқылауына қатысу, кіші топтарда өзін және топтық бақылау. · Білімді бағалау критерийлері мен ережелері: студенттердің рейтинг бағасы ағымды бақылау бағаларынан қойылады. · t- ағымды бақылау = ортаңғы баға. Ол тәжірибелік сабақтың баллдарының орташа суммасынан СӨЖ баллының орташа суммасынан есептеледі. · Жіберілу рейтингі – студенттің қорытынды бағасынан 60% кем емес құрайды, бұл- ортаңғы баға. Ол тәжірибелік сабақтың баллдарының орташа суммасынан 5 критериясы бойынша есептеледі. Егер семестрлік баға 50 %көп немесе тең болса, студент емтиханға жіберіледі.
Қорытынды тексеру:2 кезерадан тұрады. 1 кезара – тестілеу 2 кезара – тәжірибелік дағдыны тапсыру
|