ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
Силлабус Пән Биологиялық статистика - BS2220
Мамандық 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс»
Алматы, 2013 Силлабус 5В110400 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ҚР 2009 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 26 қазандағы №734 бұйрығымен бекітілгентиптік оқу бағдарламасынегізінде медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш. және аға оқытушы Раманқұлова А.А. дайындаған.
Силлабус модуль отырысында талқыланған №____хаттама «___»_________2013 ж.
Медициналық биофизика және биостатистика модулінің жетекшісі, профессор ______________________ Нұрмағанбетова М.О.
ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:
Байланыс ақпараты: Медициналық биофизика және биостатистика модулінің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат) тел. 292-69-86 ішкі 219,190 Пәннің саясаты Студент міндетті: - дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу; - себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде, мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу; - жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған белгілі уақытта өтелуі тиіс; - практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет; - жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек; - тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды; - аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 балл (50%) жинамаған студентер диф.сынаққа жіберілмейді.
|