Оқытудың соңғы нәтижелері. “Биологиялық статистика” курсын меңгеру нәтижесінде
“Биологиялық статистика” курсын меңгеру нәтижесінде студент білуі тиіс: · деректердің түрлерін және оларды бейнелеу тәсілдерін; · өлшеу шкалаларын; · таңдама тәсілді; · таңдаманың репрезентативтілігін; · таңдаманың сандық сипаттамаларын; · бас жиынтық параметрін бағалауды; · бірінші және екінші текті қателіктерді; · қалыпты таралу заңының қасиеттерін; · келісім критерийлерін; · дисперсиялық талдауды; · корреляциялық тәуелділікті; · Пирсон корреляциясының коэффициентін, Спирменнің рангілік корреляция коэффициентін; · жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлерін; · Стьюденттің t-критерийлерін; · эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлерін, эпидемиологиялық көрсеткіштерді; · медициналық-биологиялық эксперимент кезеңдерін, оны жоспарлауды; · компьютерлік статистикалық бағдарламалар: қолданбалы бағдарламалар пакеті SPSS, Statistica, SAS. игеруі тиіс: · деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды; · биостатистикадағы өлшеулердің шынайылығын бағалауды, айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтауды; · таңдама жиынтықтың бірліктерін таңдауды; · таралудың статистикалық қатарларын анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалауды; · олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалауды; · статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын есептеуді; · бас орта үшін сенім аралығын табуды; · бірфакторлық дисперсиялық талдау әдістерін қолдануды; · стстистикалық жорамалдарды тексеруді; · корреляцияның таңдама коэффициентін есептеуді; · алынған нәтижелерге түсініктеме беруді; · Statistica қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеуді. игеруі тиіс дағдылар: · Statistica қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеу; · Стьюденттің t–критерийімен жұмыс істеу; · Негізгі статистикалық критерийлермен жұмыс істеу.
2.5 Пәннің алғы реквизиттері: математиканың мектеп курсы, информатика, медициналық биофизика, медициналық биология, генетика, радиобиология. 2.6 Пәннің кейінгі реквизиттері: 1. Медициналық-профилактикалық іс, 2. жұқпалы және жұқпалы емес аурулар эпидемиологиясы, 3. дәлелді медицина негіздері. 4. эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен.
|