Кіріспе. Балалардағы жұқпалы генезді аурулар балалар ауруларының жалпы құрамында жетекші орын алады.Жиі балалар жұқпалы
Балалардағы жұқпалы генезді аурулар балалар ауруларының жалпы құрамында жетекші орын алады. Жиі балалар жұқпалы аурулары ауыр өтіп, сананы жоғалту, тырысулар, шок, саладанулар, вегетативтік функциялардың бұзылысымен жүреді және шұғыл көмек көрсетуді және қарқынды ем жасауды қажет етеді. балалардың инфекцияларын ерте кезеңде уақытылы диагностикалау науқастың өмірін сақтап, ауыр салдардан сақтайды. Балалардың жұқпалы ауруларының клиникасы, эпидемиология және лабораториялық диагностикасы жайлы бірқатар мәліметтер жалпы медицина дәрігерлері, педиатрлар, балалар инфекционистерінің тәжірибелік жұмысы үшін жаңа әрі бағалы болып келеді. Бұл алынған білімді еліміздегі балалар денсаулығын қорғау ісін жақсарта түсуге қолдануға мүмкіндік береді. 2.2 Пәннің мақсаты: балалар жұқпалы ауруларына ерте сатысында диагноз қойып, ажырату диагностикасын жүргізуді, инфекцияның түрін анықтауға, баланың жағдайының ауырлығын бағалауға, шұғыл көмек көрсетуге, балаларда жұқпалы аурулардың алдын алуға үйрену. 2.3 Оқыту мақсаттары: - Студенттерді балалар жұқпалы ауруларының ерте пайда болатын белгілерімен таныстыру - Ерте жастағы балалардағы клиникалық ерекшеліктерді анықтауды үйрету - Диагностиканың қазіргі заманға сай әдістерін үйрету - Қазіргі заманға сай емдеу және алдын алудың әдістеріне оқыту 2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: Студент білуі қажет: - Балалардың жұқпалы ауруларын зерттеу мәселелерінің тарихи тармақтарын - Балалардың жұқпалы ауруларының этиологиясы мен эпидемиологиясын. - Патогенез. - Аурудың ерте белгілерін, симптомдардың динамикасы - Ағзалар патологиясының симптоматикасы. Асқынулар. - Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын жүргізуді. - Лабораториялық және аспаптық диагностика әдістерін. - Емі. - Клиникалық көріністері. Ағымының ерекшеліктері. - Лабораториялық диагностикасы. - Симптоматикалық және патогенетикалық емін, шұғыл емдеуге көрсетулерді. - Аурудың аяқталуларын, диспансерлік бақылау және алдын алуды. Студент жасай білуі қажет: - Жалпы қауіп қатер белгілерін анықтау - Науқастың төсегі жанында жұмыс жасаудың жалпы ережелерін сақтау - Ауру анамнезі және эпидемиологиялық анамнезді жинау - Науқасты қарап тексеру және негізгі симптомокомплекстерге баға беру - Жетекші синдромды табу - Балаларда ерте сатысында жұқпалы ауруды анықтап, диагноз қою. - Жіктелулерге сәйкес диагноз қою - Клинкалық қарап тексерудің негізінде науқастың жағдайының ауырлығын бағалау - Сәйкесінше зерттеу тағайындау - Тиімді ем тағайындау - Алдын алу шараларын өткізу - Шұғыл көмек көрсете білу - Диагностикалық және қорытынды эпикриздерді жазу - Стационардан шығару кезінде нұсқаулықтар беру Студент келесі дағдыларды иеленуі керек: - Балалардағы жұқпалы аурулардың синдромдары мен түрлеріне диагноз қою. - Зерттеудік серологиялық, лабораториялық және аспаптық әдістеріне баға беру. 2.5 Реквизитке дейін:анатомия 2, қалыпты физиология 2, патологиялық физиология 2, биохимия, микробиология, фармакология 2, ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативті дағдылар 2. 2.6 Реквизиттен кейінгі:жедел жәрдем, балалар аурулары (П), балалар аурулары (ЖДП), эпидемиология (ГЭ). 2.6 Пәнннің қысқаша мазмұны: Балалар жұқпалы аурулары қызметінің жұмысын ұйымдастыру. Бөртпе синдромы. Баспа синдромы. Грипп, ЖРВИ. Көкжөтел. Паракоклюш. Вирусты гепатиттер. Секреторлы және инвазивті іш өтулер. Нейроинфекциялар, Полимиелиттәрізді аурулар. Энтеровирусты инфекция. Зоонозды инфекциялар. ЖИТС. БАБЖ.
|