Оқыту әдістері. Тәжірибелік сабақтар:тренингтер (оқытудың интерактивті түрлері), науқас пен медицина қызметкерінің
Тәжірибелік сабақтар:тренингтер (оқытудың интерактивті түрлері), науқас пен медицина қызметкерінің арасындағы қарым-қатынас дағдыларына баға беру және талдау; кіші топтарда жұмыс жасау, ауызша сұрау, тесттік есептерді шешу, сабақтың тақырыбына қатысты сұрақтарды талқылау, мәселелерге сәйкестендірілген сабақтар, нормативті құжаттарды талқылау. Студенттің өзіндік жұмысы – оқу және қосымша әдебиеттермен, ақпараттың электронды тасымалдаушыларымен, тесттік есептерді өз бетінше шешу, сызбалар, алгоритмдер, кестелер құру, рефераттарға рецензиялар даярлау, өзіндік оқуға арналған тақырыптарға сәйкес оқытушыдан кеңес алу. Орындау түрі: Диагностика алгоритмі, емдеу сүлбесі, клиникалық жағдай ойластыру Безендіру талаптары: Диагностика алгоритмі, емдеу сүлбесі, клиникалық жағдай ойластыру Диагностика алгоритмі: 1. Безендіру талаптары: баяндама үш не төрт беттен болу керек, қатесіз, мағыналы; арнайы әдебиеттерге сілтемелерімен және библиографиясы дұрыс безендірулі керек. 2. Алгоритм құрлымы: титульді бет (талапқа сай); кіріспе (тақырып актуалдылығы); негізгі бөлім (негізгі диагностика тәсілдерін ашу); қорытынды (жұмыстың мақсатын ашып,қортындылау); әдебиеттер тізімі (7 – 10 түрлі әдбиеттер көзі). Ем схемасы: 1.Ем сүлбесіне қойылатын талаптар: жұмыс үш не бес беттен болу керек, қатесіз, мағыналы; арнайы әдебиеттерге сілтемелерімен және библиографиясы дұрыс безендірулі керек. 2.Ем сүлбесінің мысалды түрі: титульді бет талапқа сай, кіріспе (тақырып актуалдылығы); негізгі бөлім (этиологиялық, патогенетикалық және симптоматикалық ем тәсілдерін ашу); қорытынды (жұмыстың мақсатын ашып,қортындылау); әдебиеттер тізімі (7 – 10 түрлі әдбиеттер көзі).
|