Студопедия — аржы», мамандығы үшін
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

аржы», мамандығы үшін






 

Алматы, 2013 ж.

«Акциялардың баланстық құны – акциялардың нарықтық құны» коэффициентінің тиімділігі (book-to-market effect) – баланстық және нарықтық құндарының арақатынасының жоғарғы мәндері бар фирма акцияларына инвестициялауға қатысты үдеріс. Мұның мәні – мұндай инвестициялар табыстылығының жай көрсеткіштерінен асатын табыстылықты қамтамасыз етеді

«Альфа» коэффициенті (alpha) – бағалы қағаздардың күтілетін табыстылығымен оның мысалы, САМР немесе АРТ сияқты қандай да бір үлгімен болжанатын теңестірілген күтілген табыстылық арасындағы айырмашылық

«Баға/пайда» коэффициенті (price/earnings ratio) – акция бағасының бір акциядан түсетін пайдасына қатынасының коэффициенті. Кейде оны Р/Е кешенді коэффициенті орнына қолданады

«Баға/пайда» коэффициенті (price-earnings multiple) – акция бағасының бір акцияға есептелген пайдаға қатынасы

«Бета» коэффициенті (beta) – бағалы қағаз табыстылығының жүйеленген (нарықтық) факторға сезімталдығы

«Ғажайып» уақыты (triple-witching hour) – S&P 500 индексіне фьючерстік келісім-шарттың, S&P 100 индексіне опциондық келісім-шарттың және жеке акцияларға опциондық келісім-шарттың мерзімі аяқталғанда жылына төрт рет болады

«Капиталдық салымдар – бұл негізгі капиталға салынатын инвестициялар, соның ішінде жаңа құрылысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңеюіне, қайта құрылуына және техникалық қайта жабдықталуына, машиналарды, құрал-жабдықтарды, құралдарды, инвентарды сатып алуға кететін және жобалық-іздеу шығындары

«Колл» жабылған опцион (covered call) – «колл» опционын бір мезгілде сатып алынатын акцияларға сату

«Колл» опцион, сатылатын опцион (call option) – иемденушісіне нақтылы күні немесе оның өту кезінде белгіленген баға бойынша активтердің нақты санын сатып алуға құқық беретін қаржылық құрал

«Колл» опционы (call option) – нақты активті алдын - ала белгіленген баға бойынша келісілген уақыт мерзімінде сатып алу құқығы

«Күтілетін табыстылық – «бета» коэффициенті» теңдігі (expected return-beta relationship) – бағалы қағаздардың тәуекелі үшін сыйақы «бета» коэффициентіне пропорционалды деген САРМ үлгісінен қорытынды

«Кіші фирма» тиімділігі (small-firm effect) – кіші фирмалардың акциялары жоғары табыс алуға мүмкіндік береді

«Қысқа» позиция (short position) – фьючерстік келісім-шартта көрсетілген активті жабдықтау күнінде сатуға келісім беретін тарап

«Нарықтың ені» (Breadth of market) – нарықтық индекстің өзгеруі жеке акциялардың бағалар айналымында көрінетін дәрежесі

«Пут» және «колл» опциондар паритетінің теңдігі (put-call parity relationship) – «пут» және «колл» опциондарының бағалары арасындағы нақты өзара байланысын көрсететін теңдік

«Пут» опционы (put option) – нақты активті алдын - ала белгіленген баға бойынша келісілген уақыт мерзімінде сату құқығы

«Пут» опционы, сатылатын опцион (put option) – иемденушісіне нақтылы күні немесе қолдану мерзімінің аяқталу күні нақты активтер санын белгіленген баға бойынша сатуға құқық беретін қаржылық құрал

«Стеллаж», екі еселенген опцион (straddle) – орындау бағасы мен өтеу мерзімі бірдей «пут» және «колл» опциондарының комбинациясы

«Табыстылық-тәуекел» коэффициенті (reword-to-variability ratio) – тәуекел үшін сыйақының стандартты ауытқуға қатынасы

«Төртінші» нарық (fourth market) – инвесторлар арасында (яғни брокерлердің қатысуынсыз), қор нарығында тіркелген бағалы қағаздармен дербес сауда - саттық

«Ұзақ» позиция (long position) – фьючерстік келісім-шартта көрсетілген активті жабдықтау күнінде сатып алуға келісім беретін тарап

«Үшінші» нарық (third market) – қор биржасының листингісінде бар бағалы қағаздарды ОТС нарығында сатып алу - сату

12b-1 ережесіне сәйкес төлемдер, таратылуға жинақ (12b-1 fees) – маретингке және қор акцияларын таратуға шығындарды жабу үшін өзара қормен ұсталынатын жылдық сомалар

FIFO (first-in, first-out) – қоймаға бірінші келіп түскен қорлар бірінші болып шығарылады деген қағидаға сәйкес қорлардың тізімнен шығарылуы

LIBOR мөлшерлемесі – лондондық нарықта қарыздар берілетін мөлшерлеме

LIFO (last-in, first-out) – қоймаға соңғы түскен тауарлы-материалды қорлар бірінші болып шығарылады деген қағидаға сәйкес қорлардың тізімнен шығарылуы

NASDAQ – ОТС нарығынақызмет көрсететін және копьютерлік желі негізінде құрылған акция бағаларының КОТИРОВКА жүйесі

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Current ratio) – ағымдағы активтерді ақшалай қаражаттарға айырбастау есебінен фирманың барлық ағымдағы міндеттемелерін төлеу қабілеттілігін көрсететін коэффициенті

Ағымдағы табыстылық (current yield) – облигация бағасына бөлінген жылдық купондық төлемдердің көлемі

Аз танымал фирмалар тиімділігі (neglected-firm effect) – жоғары табыс алу үшін аз танымал фирмалардың акцияларына инвестициялау бейімдігі

аймақтық инвестициялар – мемлекеттің нақты аймағының шегінде қаражаттарды салу

Аймақтық тиімділік – көрсеткіштері сәйкес аймақ тұрғысынан жобаның аймақ кәсіпорындарына, аймақтағы әлеуметтік және экологиялық жағдайға, аймақтық бюджеттің табыстары мен шығындарына ықпал етуін есепке алғанда жобаның қаржылық тиімділігін көрсетеді

Айналым коэффициенті (turnover) – қордың «сауда белсенділігінің» (сату көлемінің) сол портфельдегі активтер құнына қатынасы

Айырбасталатын своп (substitution swap) – бір облигацияның сондай, бірақ бағасы тартымдырақ облигацияға ауыстыру

Активтерді бөлу (asset allocation) – кең ауқымды активтер жіктемесінен таңдау жолымен портфель қалыптастыру

Активтерді қайта бөлу (asset allocation) – активтердің негізгі сыныптары арасында инвестициялық портфельді қалыптастыру үшін бағытталған ақша қаражаттарын қайта бөлу

Активтердің жиынтығы (asset universe) – портфель менеджерінің инвестициялайтын активтердің бекітілген тізімі

Активтердің қайтарымдылық коэффициенті (asset turnover) – жылдам сату көлемінің активтерге қатынасын көрсететін коэффициент

Активтердің табыстылығы, рентабельділігі (return on assets) – проценттер мен салықтарды төлегенге дейінгі пайданың активтер сомасына қатынасы

Активті инвестициялық стратегия, портфельді активті басқару (active management) – дұрыс бағаланбаған қаржы активтерін сатып алуға немесе нарық қозғалысының жалпы дамуын алдын - ала болжауға ұмтылу

Активті портфель (active portfolio) – α нөлдік мәні бар талданған акциялардың бірігуі жолымен қалыптастырылған Трейнер-Блэк үлгісіндегі портфелі. Бұл портфельді пассивті нарықтық индекстік портфельмен қосады

Активтік инвестициялар – өндірісті ұлғайтуға бағытталған инвестициялар

Акциялардың «қысқа» сатулары (Short interest) – «қысқа» келісім-шарттар бойынша осы сәттегі сатылған акциялардың жалпы саны

Акцияны таңдау (stock selection) – таңдалған елдің ішкі акция нарығынан нақты акцияларды таңдау

Акцияның баланстық құны (book value) – балансында көрсетілген фирманың меншікті капиталының таза құны

Акцияның есептік бағасы оның курстық құнының техникалық талдау негізінде алынады. Осы үшін трендтік модель құрылады, оған сәйкес тренд дамитын математикалық заң, орташа квадраттық қате, аппроксимацияның қатысты қатесі анықталады және белгілі уақыт аралығынан кейін 95% ықтималдықпен акцияның нарықтық бағасы жататын бағалық корридор

Акцияның нақты, ішкі құны (intrinsic value) – талап етілетін табыстылық мөлшерлемесі бойынша дисконтталатын акциядан түсетін келтірілген құны

Акцияның нарықтық бағасының оның акциясының бухгалтерлік, баланстық құнына қатынасы коэффициенті (market-to-book-value ratio) – акцияның нарықтық құнының (бағамының) оның бухгалтерлік, баланстық құнына қатынасы

Акцияның номиналы – бұл акцияның эмиссиясы кезінде белгіленген және оның бет жағында көрсетілген құны. Барлық қоғамның жай акцияларының номиналды құны бірдей болуы және қоғамның барлық акцияларын ұстаушыларына құқықтардың тең көлемін қамтамасыз етілуі қажет. Акциялардың бағасы мәселесі олардың шығарылуын, біріншілік орналастырылуын және айналысын қамтитын өмірлік циклымен тығыз байланысты. Сондықтан акциялардың оларды шығару кезеңіндегі бірінші бағасы – номиналды. Акцияның номиналды, яғни тұрақты бағасын көрсетіп шығарған кәсіпорын оның нақты құндылығын кепілдендірмейді. Ондай құндылықты нарық анықтайды. Бірақ номиналды құн акция құндылығының бағдары ретінде болады және ұзақ уақыт бойы акцияның бағасын кейін анықтау үшін негіз болып табылады

Акцияның табыстылығы (earning yield) – акция пайдасының оның бағасына қатынасы коэффициенті, Е/Р

Ақша нарығы (money markets) – салыстырмалы түрде тәуекел дәрежесі төмен болып сипатталатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді қарыздық құралдарды енгізетін нарық

Ақшалай ағындардың үйлесуі (сash flow matching) – компанияның міндеттемелерін орындау үшін қажетті тұрақты табыстары, нақты шығындары бар құралдар портфелімен қамтамасыз етілетін ақшалай түсімдердің үйлесуі

Ақшамен есептесу (cash delivery) – келісім-шарттың орындалуы активтің құны негізіндегі ақшамен есеп айырысу

Ақша-несие саясаты (monetary policy) – ақша ұсынысы мен процент мөлшерлемесін реттеу үшін Федералды резервтік жүйе басқарушыларының Кеңесімен қолданылатын шаралар

Ақылды іс-әрекет заңы (prudent man low) – кәсіби инвестордың сенімге негізделген жауапкершілігі

Американдық опцион (American option) – орындалуы өтелу күнін қоса алғанда кез-келген уақытта мүмкін опцион

Андеррайтерлер (underwriters) – бағалы қағаздардың орналасуына кепілдік беретін компаниялар. Олар бағалы қағаздарды эмитент - компаниядансатып алады және оларды инвесторларға қайта сатады

Арбитраж (arbitrage) – бірдей бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар есебінен тәуекелсіз пайда алу

Артықшылықты акциялар (preferred stock) – дауыс беру құқығы жоқ корпорация акциялры. Олар бойынша тұрақты дивидендтер төленеді

Аукциондық нарық (auction market) – активтерді сатып алу - сату мақсатында барлық саудагерлердің жиналатын нарығы

Ауыртпалық (load) – өзара қордың акцияларын сату үшін, өзімен өтелетін өтемақы

Ашық инвестициялық қорлар (open-end funds) – таза активтер құны бойынша өз акцияларын шығаратын немесе сатып алатын инвестициялық қорлар

Әлеуметтік тиімділік – біріншіден, коммерциялық қызметке инвестициялау кезіндегі әлеуметтік немесе пайданың өсіміне көмектесетін жобаның тиімділігі. Екіншіден, пайданың генерациялануын қарастырмайтын, фирманың ішінде және одан тыс бағытталған әлеуметтік мақсаттарға бағытталған жобаның тиімділігі. Осы жағдайда фирманың қызметкерлері үшін түрлі артықшылықтарды құру, қосымша жұмыс орындары, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік маңызы бар өндірістерді құру және т.б. болып табылады

Баға белгілеудің арбитраждық теориясы (Arbitrage Pricing Theory – APT) – ірі капитал нарығында арбитраждың болуын теріске шығаратын ойға негізделген «тәуекел-табыстылық» өзара байланысқан теориясы

Бағалар бойынша өлшенген орташа мән (price-weighted average) – акциялардың бағаларын қосу және арнайы «бөлгішке» бөлу жолымен есептелген орьташа мән

Бағалы қағадардың биржадан тыс нарығы (over-the-counter [OTS] market) – бағалы қағаздармен сауданы жүзеге асыратын брокерлер мен дилерлердің желісі

Бағалы қағаздар нарығының табыстылық сызығы (Security Market Line – SML) – САМР-дегі «күтілетін табыстылық – «бета» коэффициент» теңдігінің графикалық көрінісі

Бағалы қағаздарды орамдау (bundling), бағалы қағаздарды РАСПАКОВКА (unbundling) – алғашқы және туынды бағалы қағаздарды орамдау арқылы бір бағалы қағаздар түріне келтіру жолымен жаңа бағалы қағаздарды құру немесе бағалы қағаздардың әр түрлі сыныптарын құру үшін актирден түсетін табыстарды бөлу

Бағалы қағаздарды талдау (security analysis) – бағалы қағаздардың құнын талдау

Бағалы қағаздарды таңдау (security selection) – активтердің әрбір сыныбы шегінде бағалы қағаздардың нақты түрін таңдау

Бағалы қағаздардың бастапқы жариялы ұсынылуы (Initial Public Offering - IPO) – шектеулі иемденушісі бар акцияларды компаниямен алғашқы сатылуы

Бағалы қағаздардың бірінші ретті нарығы (primary market) – бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдары сатылын және сатып алынатын нарық

Бағалы қағаздардың екінші ретті нарығы (secondary market) – бұрыннан бар бағалы қағаздар үшін нарық

Бағдарламалық сауда (program trading) – индекстік арбитражды орындау үшін компьютерлер көмегімен берілетін барлық портфельдерді сатып алу және сатуға арналған бұйрықтар

Бағыныштылық шарттары (subordination clauses) – фирманың банкроттығы жағдайында облигациялардың үлкен ұстаушыларының мүліктік талаптары бірінші кезекте қанағаттандырылатындығын көрсететін қосымша қарыздарды алуға шектеулер

Базис (basis) – фьючерстік баға мен ағымдағы спот бағасының арасындағы айырма

Базистік тәуекел (basis risk) – фьючерстік баға мен спот бағаның арасындағы спредтің белгісіз өзгеруімен байланысты тәуекел

Баланс (balance sheet) – белгілі бір күнге фирманың қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды көрсететін бухгалтерлік есеп беру

Банктік акцепт (banker’s acceptance) – клиенттің банкке белгілі соманы белгілі бір күні төлеу туралы талабы бар бұйрығы

Банктік шегерілім әдісі бойынша табыстылық (bank discount method) – жыл ұзақтығы 360 күнге тең, жай проценттерді есептеуді болжайтын және бағалы қағаздың сатып алу бағасын емес, өзіндік құнының табыстылығын есептеу үшін қолданылатын жылдық есептелудегі проценттік мөлшерлеме

Басқару – бұл қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған үдеріс. Егер басқару мақсаты сәтсіз таңдалса, ал орындаушылар қойылған мақсаттың жетістігінде күмәнданса, онда талантты менеджерлердің кез-келген әрекеті негізсіз болуы мүмкін. Мақсатты таңдау үшін ең алдымен кәсіпорын алдында тұрған мәселелерді түсіну қажет

Белгі өзгерісінің тиімділігі (reversal effect) – төмен табысты және жоғары табысты акциялардың өз позицияларының периодты түрде өзгеру үдерісі

Бизнес-жоспар – инвестициялық жобаның жүзеге асуы барысындағы әрекеттер мен шаралардың жиынтығы. Бизнес-жоспар жобаның мақсаттарын, олардың жетістіктері мен болжанған нәтижелерінің жолын көрсетеді

Бизнес-жоспардың негізгі міндеті – жобаның жалпы жүйелік бағасын беру. Бизнес-жоспар инвесторға – капиталды салудың мақсатқа лайықтылығын анықтау үшін, кәсіпкерге – жобаны жүзеге асыру үдерісінде әрекет және басқару бағдарламасын жасау үшін, мемлекеттік органдарға – несиелік өзара қарым-қатынасты реттеу және бақылау үшін қажет

Биноминалды үлгі (binomial model) – кез-келген қысқа уақыт аралығында акция бағамының тек екі мән қабылдауына жол берілетін опциондарды бағалау үлгісі

Блэк-Шоулз опциондарының баға қалыптасуының формуласы (Black-Scholes pricing) – төрт параметрі кіретін, яғни акция бағамы, тәуекелсіз проценттік мөлшерлеме, опционның өтеу мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыт аралығы, және акция табыстылығының стандартты ауытқу көрсеткіштерімен опцион құнын анықтау үшін қолданылатын формула

Болжамды өзгергіштік (implied volatility) – опционның ағымдағы нарықтық бағасы опционның бағалау формуласы бойынша есептелген мәніне тең болғандағы акция табыстылығының стандартты ауытқуы

Бөлу қасиеті (separation property) – портфель таңдауды екі өзара тәуелсіз мәселеге бөлуге болатын қасиеті: таза техникалық мәселені көрсететін тиімді тәуекелді портфельді анықтау және тәуекелді портфель мен тәуекелсіз активтің екі жақты қосындысын жеке таңдау

Буги-табыстылық (bogey) – басқарылатын инвестициялық портфельдің тиімділігін бағалау үшін қажет портфель табыстылығы

Бухгалтерлік (баланстық) пайда (accounting earnings) – пайда мен шығын туралы есеп беруде көрсетілетін фирма пайдасы

Бірінші ретті нарық (primary market) – ашық түрде сату үшін бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдары ұсынылатын нарық

Бюджет тапшылығы (budget deficit) – мемлекеттік шығындардың жалпы табыстардан өсуі

Бюджеттен қаржы бөлу – инвестициялық мақсаттарда бюджеттік тізімге сәйкес бөлінетін әртүрлі деңгейлердегі бюджеттің қаражаттары. Бюджеттен қаржы бөлудің қажеттілігі жалпыұлттық мәнге ие салалар мен өндірістердің бар болуымен объективті түсіндіріледі. Бюджеттен қаржы бөлу қаржылық және экономикалық саясаттардың құралы, сонымен қатар ол шаруашылық конъюнктураға, экономикалық өсуге әсер етіп, қоғамдық өндірістің дамуының маңызды факторы болып табылады

Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері – жобаны жүзеге асыру нәтижелерінің сәйкес бюджеттің (мемлекеттік және жергілікті) табыстары мен шығындарына әсерін көрсетеді

Валюталық бағам (exchange rate) – ұлттық бағамның шетел бағамына айырбастау жүргізілетін бағам

Валюталық бағамның өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекел (exchange rate risk) – доллар мен шетел валюталары арасындағы айырбастау бағамының өзгеруімен байланысты активтерді қайтарудағы белгісіздік

Валютаны таңдау (currency selection) – инвестор инвестициялау үшін валюта таңдап, қаражаттарды активтер арасында орналастыру

Вариациялық маржа (variation margin) – трейдордың маржасы одан төмендемейтін бекітілген көрсеткіш. Вариациялық маржа қосымша кепілдендірілген маржаны талап етеді

Варрант (warrant) – фирма акциясын сатып алу үшін сол фирмамен шығарылған опцион

Вексельдік несиелеу екі вариантта болуы мүмкін – төлемді ұзартумен вексельді сату және вексельдік заем. Бірінші жағдайда банк клиентке вексельді (өзінің эмиссиялаған немесе сатып алған) оның төлемін ұзартумен белгілі мерзімге сатады. Екінші жағдайда клиентке белгіленген мерзімде немесе сол мерзімде банкке беру арқылы клиенттің банкке қайтаратын вексель (қарыз беру келісім-шарты бойынша) беріледі

Венчурлық қаржыландыру – термині ағылшын venture («тәуекелді бастама») сөзінен туындайды. Венчурлық қаржыландыру жоғары тәуекелділікпен ерекшеленетін, бірақ осындай бір жобаға бейімделген кәсіпорынның құнының маңызды өсіміне уәде беретін инновациялық жобалардың бастапқы кезеңдері үшін нақты қаражаттарды алуды білдіреді

Дебиторлық қарыздың айналым мерзімі немесе дебиторлық қарыздың күнделікті айналымы (average collection period or days receivables) – дебиторлық қарыздың сатудың орташа күндік көлеміне қатынасы

Депозиттік сертификат (Certificate of Deposit – CD) – банктік мерзімді депозит

Дербес тәуекел (unique risk), нақты фирмаға тән тәуекел (firm-specific risk), жүйеленбеген тәуекел (nonsystematic risk), әртараптанбаған тәуекел (diversifiable risk) – әртараптандыру жолымен шектеуге болатын аакция тәуекелі

Дефолт тәуекелі үшін сыйақы (default premium) – инвесторға дефолт тәуекелінің орнын толықтыратын, уәделенген табысқа қосымша

Әртараптандыру – әр түрлі бағыттар бойынша инвестициялау

Дивидендтерді дисконттау үлгісі (Dividend Discount Model – DDM) – шектеусіз уақыт аралығындағы барлық күтілетін дивидендтік төлемдердің келтірілген құны сияқты фирма акциясының нақты құнын есептеу үшін қолданатын формула

Дивидендтерді екі сатылы дисконттау үлгісі (two-stage DDM) – дивидендтердің өсуі тек нақты уақытқа дейін болатын дивидендтерді дисконттау үлгісі

Дивидендтерді төлеу коэффициенті (dividend payout ratio) – дивидендтер түрінде төленетін фирма пайдасының проценті

Дилерлер нарығы (dealers market) – қаржы активтерінің жеке түрлеріне маманданған сатушылардың бағалы қағаздарды өз қаражаты есебінен сатып алатын және сататын нарық

Дилермен сату бағасы (ask price) – дилердің бағалы қағазды сату бағасы

Дилермен сатып алу бағасы (bid price) – дилердің бағалы қағазды сатып алу бағасы

Динамикалық хеджирлеу (dynamic hedging) – нарықтық жағдайдың өзгеруі бойынша хеджирлеу позициясының күнделікті жаңаруы

Дисперсия (variance) – орта мәннен ауытқу квадратының күтілген мәні

Доу теориясы (Dow theory) – қор нарығында бағалардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді үдерістерін анықтау шаралары қабылданатын әдіснама

Дюрация (duration) – әрбір төлемге дейін уақыт мерзімінің өлшенген орташа мәні ретінде анықталатын облигацияны өтеудің тиімді мерзімінің өлшемі

Екінші ретті нарық (secondary markets) – бұрын шығарылған бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарықтар (биржалық және биржалық емес)

Елді таңдау (country selection) – инвестор инвестициялау үшін әр түрлі елдерді таңдап, қаражаттарды активтер арасында орналастыру

ЕМН- тің әлсіз түрі (Weak-form EMH) – акция бағаларының болған сауда-саттығы туралы мәліметтерге қатысты барлық ақпараттарды анықтайтыны туралы ұйғарым

ЕМН- тің күшті түрі (strong-form EMH) – акция бағалары фирмаға қатысты барлық ақпаратты, соның ішінде «Ішкі» ақпаратты айқындайтыны туралы ұйғарым

ЕМН- тің орташа түрі (semistrong-form EMH) – акция бағалары барлық қолжетімді ақпараттарды айқындайтын туралы ұйғарым

Еуродоллар (Eurodollars) – долларда деноминацияланған шетел банктеріндегі немесе американдық банктердің шетел филиалдарындағы депозиттері

Еуропалық опцион (European option) – орындалуы тек өтелу сәтінде мүмкін опцион

Еуропалық, австриялық және Қиыр шығыс компанияларының акцияларының индексі (European, Australian, Far East index, EAFE) – Morgan Stanly компаниясымен есептейтін американдық емес компаниялардың кең танымал акция индексі

Жабық инвестициялық қорлар (closed-end funds) – таза активтердің құнынан ерекшеленетін бағалар бойынша акциялары сатылатын және сатып алынатын инвестицияық қорлар

Жай акция (common stock, equity) – иемденушінің корпорация активтерінеменшік үлесіне құқығын куәландыратын құжат

Жай акциялар (common stocks) – корпорациядағы меншік үлесі (кең ауқымды акционерлері бар акционерлік қоғамдардағы). Акция ұстаушылары дауыс беру құқығы мен дивиденд алу құқығына ие

Жақсы әртараптанған портфель (well-diversified portfolio) – жүйеленбеген тәуекелдерді болдырмау үшін жеткілікті әртараптанған портфель

Жалпы ішкі өнім (Gross Domestic Product – GDP) – белгілі уақыт аралығында өндірілген өнімдер мен қызметтердің нарықтық бағасы

Жаһандану (глобализация) (globalization) – әлемдік инвестициялық ортаның қалыптасуы және ұлттық капитал нарықтарының шоғырлану үдерісі

Жеке лизинг – мүлік бойынша жекелей жұмыстарды лизинг беруші атқарады

Жеке траст (personal trust) – басқа тұлғаның атынан сенімді иемденушісі өзінде ұстайтын активтегі үлесі

Жеңілетін опцион, табысы жоқ (out of the money) – орындалуы иемденушісіне шығынды болып келетін опцион

Жергілікті облигациялар (municipal bonds) – салық салынбайтын, жергілікті үкіметпен немесе штаттың үкіметімен шығарылатын облигациялар

Жоба – сөзі латынның projectus сөзінен шыққан және қазақ тіліне аударғанда «алға тасталған», яғни түпкі ой дегенді білдіреді. Қазіргі батыс әдебиеттерінде осы түсініктің жалпы мағынасы «Жобаларды басқару туралы білімдер кодексінде» (Project Management Institut, USD) айтылған: «Жоба міндеттің орындалу тәсілдерімен көзделген белгілі бастапқы мәліметтері және қажетті нәтижелері бар міндетті білдіреді». Отандық экономикалық әдебиеттерде «жоба деп оның шегінде құрылған мақсаттар жүйесі деп аталады». Берілген анықтама жобаны жасау және оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды және қызметтің барлық түрлерінің ерекшеліктерін есепке алады

Жобаларды басқару – ағылшын жоба-менеджерлер ассоциациясының есептеуінше уақыт бойынша, белгіленген бюджет шегінде, техникалық спецификацияға және талаптарға сәйкес жобаны аяқтау бойынша басқарушылық міндет болып табылады

Жобаларды басқару – жұмыстыңқұрамы мен көлемі, құны, уақыты, сапасы бойынша нәтижелерге жету үшін басқарудың қазіргі әдістерін және техникасын пайдалану жолымен жобаның өмірлік циклы бойынша материалды ресурстарды координациялау және басқару шеберлігі

Жобаның өтелу мерзімі – бұл эксплуатациядан түскен табыстар бастапқы инвестицияларға тең болған (капиталдық шығындар және эксплуатациялық шығындар) кезде объектіні жүзеге асыру сәтінен бастап оны пайдалану сәтіне дейінгі кезең болып табылады. Бұл көрсеткіш салынған капиталдың толық қайтарылымы қашан болады деген сұраққа жауап береді. Көрсеткіштің экономикалық мәні инвестордың салған капиталын қайтарып алу мерзімі анықталатынында

Жойылу құны (liquidation value) – фирма активтерін сату және міндеттемелерін жабудан кейінгі қаражаттар көлемі

Жұмсақ долларлар (soft dollars) – «ақысыз» брокерлік конторамен көрсетілетін, орнына инвестициялар бойынша менеджер қызметін орындайтын зертеу қызметтерінің құны

Жұмыссыздық деңгейі (Unemployment rate) – жұмыссыздар деп саналатын тұлғалар санының жалпы еңбек ресурстарының санына қатынасын сипаттайтын көрсеткіш

Жылдық проценттік мөлшерлме (Annual Percentage Rate - APR) – жай проценттер әдісін қолданумен жылдық есептелуге келтірілетін табыстылық мөлшерлемесі

Жылжымайтын мүліктерге – жер учаскелері, жекелеген су объектілері, жермен байланыстының барлығы, яғни олардың орнын ауыстыратын объектілер, соның ішінде ормандар, көп жылғы орнатылымдар, ғимараттар, құрылыстар жатады

Иемдену мерзімі аралығындағы табыстылық (holding-period return – HPR) – белгіленген инвестициялық мерзім аралығындағы табыстылық мөлшерлемесі

Иммунизация (immunization) – меншікті капиталдың процент мөлшерінің ауытқуынан қорғау стратегиясы

Инвестиция – капитал құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін капитал жұмсау әдісі

Инвестиция (investment) – қазіргі кездегі бар ресурстарды болашақта оларды үлкен көлемде алу мақсатында шығындау

Инвестициялау объектісі – инвестицияларға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген объектісі

Инвестициялауға тікелей емес қатысу – инвестициялауды басқа тұлғалардың (инвестициялық немесе басқа қаржылық делдалдар) жүргізуі

Инвестициялауда тікелей қатысу – инвестордың инвестициялау және қаражаттарды салу объектілерін таңдаудағы тікелей қатысуы. Тікелей инвестициялауды инвестициялау объектісі туралы нақты ақпаратқа ие және инвестициялау тетігімен жақсы таныс инвесторлар жүзеге асырады

Инвестициялық банктер (investment bankers) – бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын, колхаттар түрінде (андеррайтинг), сатуға маманданған фирмалар

Инвестициялық горзонт (investment horizon) – инвестиция қызметінің аяқталу мерзімінің жоспарланған күні

Инвестициялық горизонтты талдау (horizon analysis) – инвестициялық горизонттың соңында табыстылық қисығының жағдайын алдын-ала айтуға негізделген облигация табыстылығын болжау

Инвестициялық жоба – белгілі мақсаттарға жетуді (белгілі нәтижелерді алуды) қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары – бөлімдердің жалпы қабылданған тәртібі бойынша қысқа формада инвесторды болжанатын инвестициялардың тиімділігіне сендіруге және жобаны негіздеуге, сонымен қатар бағалауға мүмкіндік беретін жобаның басты сипаттамалары баяндалатын негізгі құжат

Инвестициялық климат – мемлекетте, аймақта инвестициялық қызмет жағдайларын анықтайтын заңдық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени бір-бірімен байланысты факторлар әсерімен қалыптасатын жағдай

Инвестициялық компаниялар (investment companies) – жеке инвесторардың ақша қаражатарын тартатын және оларды бағалы қағаздарға немесе белгілі бір басқа активтерге инвестициялайтын қаржы делдалдары

Инвестициялық қызмет – инвестицияны жүзеге асыру барысындағы инвестициялық үдерістегі әр түрлі қызметтер жиынтығы

Инвестициялық қызметтің субъектілері – бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушылар (инвесторлар), басқа жағынан, инвестициялық ресурстарда қажеттілігі бар кәсіпорындар, ұйымдар және т.б. деп қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады

Инвестициялық мүмкіндіктер жиынтығы (investment opportunity set) – нвестициялық портфель үшін «тәуекел-табыстылық» мүмкінді жиынтығы

Инвестициялық портфель – инвестициялық объектілерге салымдардың анықталған инвестициялық стратегияға сәйкес мақсатты құрылған салымдардың жиынтығы

Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің ролі – мемлекет орталықтандырылған (әртүрлі деңгейдегі бюджеттер есебінен) және орталықтандырылмаған (мемлекеттік кәсіпорындардың өзіндік және қарыз қаражаттарының есебінен жүзеге асырылатын) капитал салымдарының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру

Инвестициялық саясат – инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы көтеру мақсатында шаруашылық субъектілеріне жағымды жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы

Инвестициялық сыныпты облигация (interest grade bond) – ВВВ рейтингісінен немесе Ваа рейтингісінен төмен емес рейтингісі тағайындалған облигация

Инвестицияның тиімділігі – «ақшаның уақытындағы бағамы» концепциясында бағаланады және инвестициялардың тиімділігін бағалау ақша қаражаттар ағымында, жобаны жүзеге асыруда бір–біріне қатарластыруда айқындалады

Индекстік арбитраж (index arbitrage) – тәуекелсіз пайда табу үшін фьючерстік және споттық бағалардың паритетінің теңдігі бойынша анықталатын ағымдағы фьючерстік бағалар мен олардың теориялық мәні арасындағы ерекшелікті қолданатын стратегия

Индекстік қор (index fund) – акциялардың үлестік құралы олардың қандай да бір индекстік нарықтағы өкілдеріне, мысалы S&P 500пропорционалды болатын өзара қор

Индекстік үлгі (index model) – жалпы немесе жүйелі тәуекел факторларының «өкілі» ретінде қандай да бір нарықтық индексті қолданатын акция табыстылығын анықтау үлгісі

Инфляция (inflation) – тауарлар мен қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсу қарқыны

Инфляция қарқыны (inflation rate) -өл







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1293. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия