Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция мазмұны. Кез-келген жобаның мақсатқа лайықтылығын сипаттай отырып, тиімділіктің екі түрі болады: экономикалық





Кез-келген жобаның мақсатқа лайықтылығын сипаттай отырып, тиімділіктің екі түрі болады: экономикалық және әлеуметтік.

Әлеуметтік тиімділіктүсінігі екі жақтан қарастырылуы мүмкін. Біріншіден, коммерциялық қызметке инвестициялау кезіндегі әлеуметтік тиімділік немесе пайданың өсіміне көмектесетін жобаның тиімділігі. Екіншіден, пайданың генерациялануын қарастырмайтын, фирманың ішінде және одан тыс бағытталған әлеуметтік мақсаттарға бағытталған жобаның тиімділігі. Әлеуметтік тиімділік инвестициялық жобаның тиімділігінің бірінші кезектегі критерийі ретінде қарастырылады. Осы кезде экономикалық тиімділік жобаны жүзеге асыру барысында орындалатын әрекеттердің оңтайлығын сипаттайтын критерий ретінде қарастырылады. Әлеуметтік нәтижелер жобаның әлеуметтік ортаны жақсартуға салымды көрсетеді, нәтижесінде – келесі бағалармен сипатталатын адамдардың өмір сапасын көтеру:

өмір деңгейі – халықтың табыстары (орташа жалақы және басқа төлемдер); халықтың тұтынушылық мақсаттағы тауарлар мен қызметтермен қамтамасыз етілуі; тауарлар мен қызметтерге бағалар мен тарифтер; халықтың тағам өнімдерін, басқа тауарларды және қызметтерді тұтынуы; тұрғын үймен, шаруашылық-тұрмыс объектілерімен және коммуналды қызметтермен қамтамасыз ету;

өмір сүру салты – халықтың жұмысбастылығы (жаңа жұмыс орындарының саны); кадрларды дайындау; халықты білім, мәдениет және өнер, денсаулық сақтау, спорт, көліктік қызмет көрсету объектілерімен қаматамсыз ету; әлеуметтік қауіпсіздік (құқықбұзушылықтың төмендеуі);

денсаулық және өмір ұзақтығы – еңбек жағдайларының жақсаруы; денсаулық сақтау саласының дамуы; қызмет көрсету деңгейі.

Тиімділіктің келесі түрлері: жобаның жалпы тиімділігі және жобаға қатысудың тиімділігі болып бөлінеді. Өз кезегінде жобаның жалпы тиімділігі:

- жобаның қоғамдық (әлеуметтік-экономикалық) тиімділігі;

- жобаның коммерциялық тиімділігі.

Жобаға қатысудың тиімділігі:

- кәсіпорын-қатысушылар үшін инвестициялық жобаның тиімділігі;

- акционерлер үшін тиімділігі;

- жоғары деңгейлердің жобаға қатысуының тиімділігі, соның ішінде аймақтық, халықшаруашылық және салалық тиімділігі;

- инвестициялық жобаның бюджеттік тиімділігі.

Кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері өндірістік нәтижелерді – өнімді өткізуден түскен түсімнен өзіндік қажеттіліктерге, пайда (табыс) немесе өндірістің ағымды шығындарын (өзіндік құн) өтеуге кеткен бөлігін алып тастағандағы бөлігі, және кәсіпорын жұмыскерлеріне және олардың жанұяларының мүшелеріне қатысты әлеуметтік нәтижелерді есептеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың к оммерциялық тиімділік, б юджеттік тиімділік аймақтық тиімділік көрсеткіштері бар.

Тәуекел күрделі және көп аспектілі категория. Ғылыми әдебиетте тәуекелдің көп түрлері кездеседі, бұл кезде жиі жіктеу белгісі тәуекелін сипаттауға және талдауға тырысатын объект болып табылады. Жіктеуге әртүрлі тәсілдемелерді көптеген жағдайда жіктеудің мақсаттары мен міндеттерінің түрлілігімен түсіндіруге болады. Бірақ бірқатар жағдайларда бірдей жіктеу белгілері кезінде тәуекелді белгілі бір топқа жатқызудың әртүрлі, кейбір жағдайда қарама-қайшы критерийлері ұсынылады.

Пайда болу көзі тұрғысынан тәуекелдер жүйелік (макроэкономикалық) және жүйелік емес (микроэкономикалық) болып бөлінеді.

Жүйелік тәуекелдер сыртқы жағдайлармен анықталады, субъектіге тәуелсіз және онымен реттелмейді. Оларға елдік тәуекел, форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі жатады.

Елдік тәуекел кәсіпкерлік қызметтің интернационализацясымен тікелей байланысты. Ол сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушылары үшін өзекті және елдердің саяси-экономикалық тұрақтылығына тәуелді. Берілген тәуекел экономикалық және саяси тәуекелге бөлінеді.

Экономикалық тәуекел елдің экономика саласындағы жағымсыз өзгерістердің мүмкіндігінен туындауы мүмкін.

Саяси тәуекел елдегі саяси жағдайдың өзгеру салдарымен байланысты. Саяси тәуекелге жатқызылады:

Көрініп тұрғандай, берілген тәуекелдер тығыз қатысты болып табылады және өзара байланыста қарастырылуы керек.

Форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі табиғи апаттардың жобаны жүзеге асыру барысына әсер ету қауіптілігін анықтайды.

Жүйелік емес тәуекелдер нақты субъектіге тән, оның жағдайына тәуелді және оның нақты спецификасымен анықталады. Осы тәуекелдерді басқаруға болады және басқару қажет. Олардың ішіндегі маңыздыларына тоқталайық.

Іскерлік тәуекел – жобаны жүзеге асыратын компанияның немесе жобаның салалық спецификасымен анықталатын тәуекел.

Қаржыландыру тәуекелі – жобаны жүзеге асыру сәтіндегі қажетті ақша қаражаттарының жоқ болу тәуекелі, сонымен бірге несиелеу немесе тікелей инвестициялау шарттарының өзгеру тәуекелі.

Техникалық тәуекел – жобалаудағы қателермен, таңдалған технологияның кемшіліктерімен, мамандандырылған жұмыс күшінің жеткіліксіздігінен, жүргізілетін жұмыстардың мерзімдерін бұзудан, шикізатқа, энергияға және құраушыларға бағаның көтерілуінен және т.б. туындайтын тәуекел.

Маркетингтік тәуекел – нарықты зерттеудің төмен деңгей тәуекелі.

Компанияны «әлсіз» басқару тәуекелі.

Өтімділік тәуекелі – бағадағы маңызды жоғалтуларсыз активтерді тез сату мүмкіндігінің тәуекелі (инвестициялау объектісін сату қажеттілігі кезінде туындайды).







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 798. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия