Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ГЛОССАРИЙ. Авторитаризм – (лат.Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір





Авторитаризм – ( лат. Autoritarisme- негізін қалаушы, жасаушы және auctaritas – пайымдау, пікір, билік, ықпал ) – 1) антидемократиялық саяси режим, 2) саяси өкімет билігінің антидемократиялық тұжырымдамасы, 3) қоғамдық санада беделді, атап айтқанда өкімет билігін абсолюттендіру элементтерінің етек алуы.

Агломерация – («aggiomerare» латынша «қосу», «толықтыру» деген сөзден алынған.)

Біртұтас аумақтық өндірістік кешен негізінде пайда болып, ірілі – ұсақты қалашықтар мен ауылдардан құралған қоныстық жүйе.

Агностицизм – (грек.а- теріске шығару және gnosis – білім) – дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Терминді ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гекели енгізген. А – нің гносеологиялық негізі мән мен құбылысты ажырату.

Азаматтық – адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді.

Аккультурация – (лат.adcuitura – білім, даму) – белгілі бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпал процесі.

Актуальдандыру – ( лат.actualis – қарекетшіл)- болмыстың өзгерісін білдіретін ұғым. Осы ұғымда қозғалыстың тек бір жағы ғана: болмыстың, мүмкіндік ахуалынан шындық ахуалына көшуі ғана ашып көрсетіледі.

Акциденция (лат.accidens – кездейсоқтық) – мәндіден, субстанциялықтан өзгеше түрде заттың уақытша, өтпелі, мәнсіз қасиеті. Бұл термін тұңғыш рет Аристотельде кездеседі; схоластикада және XVII-XVIII ғ. Философиясында кең таралды.

Анохронизм ( грек.anachmnismos – кері уақыт) – 1) жыл санаудағы уақытқа сәйкессіздік (хронологиялық қателіктер); 2)бір дәуірдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екінші дәуірге телу.

Антикалық мәдениет ( лат.antiguus ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII-I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі.

Анторопоморфизм ( грек.anthropos адам, тоrphe – форма, пішін) – адамзаттық, халықтық дүниетанымдағы жаратылыс иелерін (құдайды, періштелерді, мал-жан иелерін), табиғаттағы нәрселерді (ғарыштық, геогр.объектілерді, жан-жануарларды, өсімдіктерді, т.б.) адамға ұқсату құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс.

Архитектура ( сәулет өнері) – қоғамның материалдық, идеялық-эстетикалық қажетін өтейтін ғимараттарды, басқа да мекенжайларды жобалау, салу өнері.

Автономия – (гр.өзін-өзі басқару) бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өз

басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым. 1) мемлекеттің белгілі бір аймағындағы ішкі басқару; 2) біртқтас Конституция негізінде басқарылатын мемлекеттердің ажырамас бөлігі

Агрессия – мемлекет дербестігін, оның тәуелсіздігін, территорияның тұтастығын әскери жағынан бұзу.

Адам құқы – белгілі бір игілік алуды, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастары, кепілдіктері. Олар, негізінен, 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында» көрсетілген.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғам. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

Ақталу – айыпталған адамның кінәсі жоқтығының дәлелденуі. Бұрынғы КСРО – да 1950 ж ортасынан бері жазықсыз жазаланғандарды ақтау қолға алынды.

Ассимиляция – бір халықтың (немесе билігінің басқа халықпен оның тілін, дәстүрін меңгеріп, өз тілін, мәдениетін, ұлттық ой-санасын жоғалтуы; табиғи ассимиляция халыққа тиімді жағдайда өтеді және шағын халықтың ірі этникалық қауымымен қосылады; күшпен ұлттық, діни өанау жағдайында өтеді және белгілі бір халықтарды басу.

Апат – күтпеген жұт, соңы ауыр салдармен аяқталады.

Ассимиляциялық саясат – мемлекеттердің шовинистік саясаты, қаналған халықтың ұлттық ерекшеліктерін жоюға бағытталған, оларға үстемдік етуші ұлттың тілін, мәдениетін, дінін, күштеп тану арқылы жүзеге асырылады.

Ауыл – тұрақ ертеде көшпелі, қазір отырықшы.

Акция – құнды қағаз, қорлық құндылық.

Әскери – коммунизм – 1918-1920жж азамат соғысы жағдайындағы кеңес мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық құрылыстан капиталистік элементтерді шұғыл күштеп ығыстыру саясаты.

Әлеумет ( лат.socium – ортақ)- әлдебір мәнді қарым-қатынастағы адамдардың өмір сүру жағдайларының бірлігімен сипатталатын тұрақты да үлкен қауым.

Әлеуметтік позиция - әлеуметтік құрылымдар, топтар мен ұйымдардың қарамағында және қоғамдық еңбекті бөлу жүйесінде адамның алатын орны.

Бай – ірі жер иеленуші, мал бағушы, саудагер.

Большевизм – саяси ой ағымы және В.Ленин бастаған саяси қозғалыс. РСДРП-ң (1930) II съезінде басшы органдар сайлауы кезінде Ленин жақтастары көп дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады.

Большевиктер – Россия социал – демократтары жұмысшы партиясының фракциясы (РСДП). Революциялық қозғалыста шешуші бағытты қолдады. Большевиктер көсемі – В.Ленин. Фракцияның ірі қызметкерлері – В.В.Боровский, А.В.Лучарский, Л.Б.Каменов, Г.Е.Зиновьев. 1917 ж. қазанда большевиктер Петроградта көтеріліс ұйымдастырып, билікке келді.

Буржуазия – әлеуметтік революция, қоғам табы, кейінгі орта ғасыр кезеңінде пайда болды, буржуазиялық революциялар нәтижесінде үстемдікке ие болған.

Буржуазиялық революциялар – әлеуметтік революция, оның негізгі мақсаты феодалдық құрылысты немесе оның қалдықтарын жою, буржуазиялық мемлекет құру.

Бутырь түрмесі (Бутырка) – XVIII ғ. пайда болды. Москва түрмесі. XIX ғ. ортасына дейін қылмыскерлерге қолданылды, кейін қылмыскерлерді жөнелтетін түрме ретінде қолданыла бастады. Онда қамалғандар Сібірге каторгаға немесе жер айдалуға бұйырылды.

Билік – адамның, топтың, әртүрлі таптардың іс-әрекеттеріне шешуші әсер ететін, идеологияға ықпалының негізінде және ұйымдастырушы құқықтар арқылы жүзеге астын механизм.

Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.

Босқыншылық; – қалыптасқан саяси-әлеуметтік, экономикалық және табиғи – климаттық ауыр ахуалдарға, апаттарға байланысты адамдардың атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері.

Вандализм – Риммен қатыгездік сипатта соғысқан ежелгі германдық вандал тайпаларының атынан қалған., мәдени қиратушылықты сипаттайтын ұғым. 455 ж. Вандалдар Римді жаулап алып, ондағы көптеген құнды өнер ескерткіштерін жойған. Сол себепті вандал деп надан, варвар, мәдени құндылықтарды қиратушы адамды айтады.

Вице – президент - президенттен кейінгі өкілетті кісі.

Геноцид – Нәсілдік, ұлттың және діни белгілеріне қарай халықтың жекелеген топтарын жою.

Гегемон – қолбасшы, көсем.

Гегемония – (гр. үстемдік) басшылық ету жағдайы, саяси күреске, қозғалысқа басшылық ету.

Генералисимус – шендер табельіне енгізілмеген Ресейдегі жоғарғы әскери шен. Кеңестік кезеңде бұл бұл атақ 1945 ж 26 маусымда енгізіліп, сол айдың 27-сі күні И.Сталинге берілді.

Ғылыми – техникалық революция – XX ғасырда өндіргіш күштерді ғылыми жолмен түбірімен өзгерту.

Дағдарыс – күрт құлдырау, ауыр өтпелі жағдай.

Демография – халық, халықтың саны, өзгерісі туралы ғылым; демография халық санын, оның географиялық бөлінісін, құрамын, халық құрамын, қозғалысының әлеуметтік – экономикалық және мәдени факторға тәуелділігін зерттейді.

Дін – дүниеге көзқарас және дүниені сезіну, сонымен қатар құдайдың бар екенінен туындайтын сенімге негізделген спицификалық әрекет.

Демократия – халық билігі, саяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.

Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару. Мысалы: бұрынғы Кеңестер Одағында неміс, шешен, ингуш және басқа халықтар жер аударылып, осындай халге душар болды.

Диктатура – лат.шексіз билік – тұлғаның топтың, таптың шексіз билігі. Лидері бар белгілі бір адамдар тобы іске асыратын саяси, экономикалық, идеологиялық билік.

Диктатор – заңмен санаспай, күштеу мен қудалауға сүйенетін шексіз билеп төстеуші.

Дискриминация – жекелеген тұлғалардың немесе топтардың белгілеріне қарай құқығынан шектеу немесе айыру (ұлты, нәсілі, жынысы, мүліктік жағдайы)

Депозит – банкіге сақтауға берілген салым.

Демографиялық болжам - әлемдегі белгілі бір елдегі, облыстағы, аудандағы Д.б. аумақтардағы халықтың, ұлт пен ұлыстың саны және құрамы туралы болжамдық есеп.

Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық шаралар жүйесі.

Дискуссия – топ ішінде шешім қабылдау үрдісін ұйымдастыру әдісі.

Жайлау – жазғы жайылым, көшпелілер тұрақтары.

Жаңа экономикалық саясат – 1921 жылы РКП(б)-ның X съезінде қабылданған. Сол уақыттағы саясатқа қанағаттанбағандықтан, осы саясат енгізілді.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – бұлардың ұыс ұыстауы, жаз жайлауы болады.

Жазалау шаралары – жазалау түрі.

Жиырмабесмыңдықтар – БК(б)П қараша пленумының (1929ж) шешімімен 1930ж. басында ұжымдастыру мен тәркілеуді жүзеге асыру үшін ауыл-ауылдарға партия мен комсомолдар мүшелерінің арасынан жіберілген жұмысшылары.

Жеке басқа табынушылық; – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жанышталған елдерде дамиды. Бірпартиялық тоталитарлық жүйенің орнығуы кезінде бұрынғы КСРО-да орын алды. /Сталиндік билік/. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек.

Жекешелендіру – мемлекеттік меншікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдыры т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол-нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі.

Жер аудару – саяси т.б. қылмысқа сәйкес берілетін жаза түрі. Мұнда қылмыскер туған жерінен тыс жерге белгілі бір уақытқа немесе шексіз уақытқа жер аударылады.

Жерді национализациялау –жерді жеке меншіктен, мемлекетке өтуі. Оны тұтастай немесе шағындап мемлекеттің сатып алуы.

Заң жобасы – заңның алғашқы мәтіні.

Идеология –идеялар мен көзқарастырдығң жүйесі: саяси, құқықтық, философиялық, діни, эстетикалық онда адамдардың шындыққа қатынасы анықталады, әлеуметтік топтар мүддесі көрінеді. Идеология адамдардың, таптардың, партияның шындыққа деген қатынасын, дүниетанымын білдіреді.

Индустриализация – 1) ірі, техникалық жағынан дамыған қнеркәсіп құру, ең алдымен елдің халық шаруашылығының негізгі және алдыңғы қатарлы секторы өндіріс құралдарын өндіретін салалардың негізін қалау.

Интеллигенция – лат.ойшыл-кәсіби ой еңбегімен, күрделі творчестволық еңбекпен, мәдениетті дамытумен айналысатын адамдардың қоғамдық тобы.

Интервенция – лат.араласу – бір немесе бірнеше мемлекеттің басқа мемлекеттің ішкі істеріне күшпен араласуы, оның егемендігін бұзуы. Ол әскери экономикалық, дипломатиялық, идеологиялық болуы мүмкін, Халықаралық құқық тарапынан тиым салынған.

Ислам – VIIғ; Арабияда пайда болған дүниежүзілік діндердің бірі (христиан, буддизм, діндермен қатар). Негізін салушы өзін Алланың жердегі өкілі деп жариялаған Мұхаммед. Ислам аят-хадистері құранда берілген. Ислам орта және Таяу Шығыс, солт.Африка, оңт.Шығыс Азия т.б. елдерге тараған.

Инфляция – ақшаның құнсыздануы.

Капитализм – қоғамдық құрылыс, онда өндіріс құралдарының негізгілрері капиталистер табысының меншігі болып табылады, олар жалдамалы жұмысшылар табын қанаушылар. Капитализм өндіріс құралдарының жеке меншігіне және жалдамалы еңбекті пайдалануға негізделген қоғамдық –экономикалық формация.

Капитуляция – қарулы күрестің тоқтатылып, соғысушы мемлекеттердің бірінің қарулы күштерін жеңген мемлекетке беру.

Киіз үй -1) көшірмелі доға тәріздес үй. Ол негізінен Азия мен оңтүстік Сібірдің көшпелі халықтарына тән. 2) көшпелілердің көшіп қонуға ыңғайлы ағаштан жасалған үйі.

Коммунизм – маркстік теорияға сәйкес капитализмді ауыстырған қоғамдық-экономикалық формацмя, ол қоғамдық меншікке негізделген.

Консолидация – нығайту, күйейту, бірдеңені біріктіру, мысалы, ұйым, жеке топтарды біріктіру, ортақ мақсаттар үшін күшті біріктіру.

Конституция – (Ата Заң) – мемлекеттің басты заңы, мемлекеттік органдардың құрылымы мен құрылысының принципі, азаматтың құқы мен міндеттері.

Контрреволюция – революцияға қарсы немесе революция нәтижесінде құрылған қоғамдық мемлекеттік құрылысқа қарсы бағытталған реакциялық тап күресі. Контрреволюция ескі реакциялық топтардың үстемдігін сақтауды немесе револяция барысында жойылған ескі қоғамдық саяси тәртіпті қайта құруды мақсат етеді.

Конфедерация – 1) одақ, ұйым, мемлекеттік құрылыс формасы, оның құрамындағы мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін толығымен сақтайды, мемлекеттік билік пен басқару органдарын иеленеді. Олар белгілі бір мақсаттар үшін біріккен органдар құрады; 2) тәуелсіз, толық егеменді мемлекеттердің қоғамдастығы;

Конфискация / тәркілеу / - жеке тұлға мүлкінің қайтарылмайтындай етіп күштесу арқылы алынуы.

Көші - қон – жайылым ауыстыру. 1) Жайылым тозғанда, малды шөбі шүйгін жерлерге апарады. 2) көшпелілердің қарсылығы, өз мекенінен кетіп қалуы.

Кооперация – шарттарды бірігіп жүргізу үшін құрылған ерікті жолдастық.

Көшпелілік – жайылым ауыстырып отыруға негізделген көшпелі өмір.

Кулак (құлақ;)- байыған шаруа. Социализм кезіндегі түсінік бойынша қанаушы тап өкілі.

Қайта құру – бұрынғы Кеңестер Одағына 1985 ж. М. Горбачевтың билікке келуіне байланысты пайда болған термин, елдегі саяси әлеуметтік – экономикалық салаларға реформа жүргізу.

Марксизм – ілім, XIX ғасырдың ортасында К.Маркс пен Ф.Энгельс негізін салған.

Меншік – материалдық және рухани байлықтарды иелену. Жеке тұлға топ, тап, қоғам, мемлекет мүлкі. Ол қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында пайдаланылады.

Менталитет –жеке адамдардың және қоғамның қалыптасқан ойлау жүйесі.

Метрополия – мемлекет. Басып алған колонияларына иелік етуші.

Миграция – халықтың шет елден қоныс аударушылар тобы.

Милитаризм – саясат. Мемлекеттің әскери қуаты арқылы ішкі және сыртқы мәселелерін шешуге бағыт ұстайды.

Национализация – жеке кәсіпорындардың мемлекет меншігіне өтуі, яғни, мемлекеттің тұтастай немесе жекелеп сатып алуы.

Отаршылдық саясат – басқа бір ұлттың территориясындағы халықты, елді әскери, саяси және экономикалық күштеу арқылы жүргізілген қанаушылық саясаты.

Отарлау – елдің бос жатқан өңірлеріне орналасу және шаруашылық жағынан игеру (ішкі отарлау), сондай-ақ территориядан тыс отарлау (сыртқы отарлау)

Орыстандыру – мемлекеттің Ресей империясының орыс емес аймақтарына орыс тілін, мәдениетін, басқаруын, салт-дәстүрін енгізу. Көбінесе күштеу арқылы жүргізіліп, орыс еместердің наразылыған туғызды.

Отырықшы мал шаруашылығы – шаруашылық түрі. Жайылымдағы малдың қолға қарауы.

Отырықшы – өмірдің түрі. Бір орында өмір сүруші. Балық аулау мен жер өңдеуге байланысты, неолит дәуірінің басында пайда болған.

Партия – ойлау жүйелері бір мақсатқа біріккен қоғамның өкілдік тобы.

Пролетариат диктатурасы – маркстік теорияда – жұмысшы табының саяси билігі, ол еңбекші шаруалар мен еңбекшілердің басқа топтармен одақта іске асырылады.

Пролетариат – капиталистік қоғамдағы негізгі класс. Жалдамалы жұмысшылар класы. Өндіріс меншігінен шеттелген қауым. Олардың күн көріс көзі өз күшін, қуатын сату. Иесі – капитализм.

Плюрализм – бұқараға рұқсат етілген пікірлердің ашық айтылуы.

Президент – президенттік және парламенттік басқару жүйесі бар елдердегі мемлекет басшысы.

Революция - 1) түпкілікті төңкеріс, бір сапалы жағдайда екіншісіне ауысуы. Ойдың, қоғамның және табиғаттың диалектикалық даму заңдылықтарының көрінуі. 2) мәдениеттегі, ғылымдағы, дүниеге деген көзқарастағы, экономика мен қоғамдағы түбегейлі сапалы өзгеріс. Әлеуметтік революция – жаңа мен ескі арасындағы өткір соғыс. Мұндай соғыс өршіген саяси процестер, билік түрі өзгеріп, басшылыққа жеңіске жеткен революциялық күштер келіп өздерінің жаңа әлеуметтік-экономикалық қоғамның негізін қалаған кезде болды.

Реквизиция – жеке тұлғалардың немесе юристік тұлғалардың мүлкін мемлекеттік органдардың уақытша тартып алуы.

Репатриация – соғыс барысында елінен тыс жерлерге кеткен эмигранттар мен тұтқында болған азаматтардың еліне оралуы. Репатрианттар – ол елңне репатриация арқылы оралғандар.

Репрессия – қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.

Республика – мемлекеттің түрі. Мұнда билік немесе оның жартысы халықтікі.

Реформа – қайта құру, өзара, қоғамдық өмірдің бір қырын қайта құру. Мұнда өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негізі жойылмайды.

Ру – бір атадан тарап, ортақ рулық атауды иеленетін қандас туыстар ұжымы.

Ру басы – ру басшысы. Ол көшпелі қауым өмірінің барлық саласын басқарып, бақылап отырады. Ол үлкен біліммен тәжірибеге интеллектуалдық потенциалға ие.

Рулық қауым – қандас туыстардың ұйымы. Мұнда жеке меншік пен ұжымдық еңбек үстемдік етеді.

Референдум – Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізу.

Тарихнама – гр.тарихи баяндау-арнайы тарихи ғылым. Тарихи білімді және тарих ғылымының дамуын зерттейді.

Тарих – (өткен туралы әңгіме)-1) Табиғат пен қоғам дамуының процесі. 2) адамзат дамуын, оның көпжақтылығын көптеген қоғамдық, арнайы және қосалқы ғылымдарының мағлұматтарын пайдаланып, тарихи процестердің заңдылықтарын анықтай отырып зерттейтін қоғамдық ғылымдар комплексі.

Таптар – қоғамдағы мүліктік, құқықтық, саяси жағдайына, қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орнына байланысты үлкен әлеуметтік топтар.

Тирания – бір тұлғаның шексіз билігі.

Тоталитаризм – қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнатқан мемлекеттік билік.

Трагедия – соңы өліммен аяқталатын үлкен бақытсыздық.

Самодержавие – революциялық Ресейге дейінгі патшаның шексіз билігі, сонымен қатар осындай жүйеге негізделген басқару жүйесі.

Саяси элита – саяси жетекшілер тобы. Өкімет мемлекет ісіне ықпал ететін саяси күш.

Саясат – қоғамда әлеуметтік топтар, ұлттар арасындағы маңызы зор сөз жүйесі және оны іспен қабыстыру.

Социализм – марксизм теориясына сәйкес капитализмнің орнына келетін қоғамдық және мемлекеттік құрылыс; Коммунизмнің 1 фазасы; социализмнің басты принципі: «Әркімнен қабілетінше, әркімге еңбегіне қарай».

Сталинизм – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі «әлемдік социализм жүйесі» - КСРО-дағы Сталиннің терористік диктатурасының кезеңі.

Федерация – жаңа біріккен мемлекет құру мақсатындағы бірнеше мемлекеттер одағы. Оның құрамына енген мемлекеттер федерация субъектісі ретінде құқықтарының бір бөлігін сақтап қалады.

Шаруа – көшпелі малшы, ұсақ малшылар.

Шовинизм – жеке бір ұлттың артықшылығын насихаттайтын, ұлттық қақтығыстарға бағытталған саясат. Ол империалистікбуржуазия қаруы, фашизм саясаты тұсында ерекше көрінді, ұлтшылдықтың ең биік шыңы.

Хан – тайпа көсемі, түрік және моңғол халықтарындағы патша.

Халық; – елдегі тұрғындар аталық, тайпалық ұлттық қоғамдастық болып бөлінеді.

Уақытша үкімет – буржуазияның және помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын қолдаған билік. Бұл үкімет парламенттік монархиялы Ресейде ұсақ тауарлы уклад үстемдік етті.

Унитарлы мемлекет – мемлекеттік құрылыс формасы, оның жекелеген территориялары әкімшілік бірлік болып табылады және мемлекет ішінде өз алдына бөлек құрылымға жол бермейді. Унитарлы мемлекетте бір ғана билік жүйесі болады. Мысалы, заң шығарушы, әділ сот.

Утопия – идеалды қоғам жобасы.

Ұлт – тарих қалыптастырған әлеуметтік жағдайы, тілі, діні бір белгілі бір жерді мекен еткен мәдениеті, тілі бір елдің тобы. Немесе әр тілде сөйлеп, әр дінге табынып, өздерінің ұлттық дәстүрін сақтап, бірақ бір мемлекетке бағынып, соның Заңын мойындап өмір сүретін ұлттар бар. Мысалы: бұрынғы КСРО, АҚШ т.б. елдер.

Ұлттық тәуелсіздік – ұлттың өзін-өзі билеуге мүмкіндік алуы. Ұлттық тәуелсіздік – ұлтқа жаңа мәртебе беретін күрделі, жан-жақты процесс, этникалық, саяси, экономикалық, мәдени, халықаралық, діни психологиялық салаларда жаңару.

Ұлтсыздық; – ассимиляция салдары, қлт болмысындағы ауыр дерт. Ұлтсыздық басқа қлттармен аралас-құраластық, жақындасудың шегінен аттап, оларға сіңіп кету.

Ұлтшылдық; – дүниежүзілік тәжірибеде ұлтшылдық – қоғам өміріндегі объективтік этникалық процестерді білдіретін бейтарап ұғым. Кеңестік кезеңде жағымсыз іс-әрекеттер, идеялар ретінде түсіндіріліп саясатпен байланыстырылды.

Эвакуация – (лат.кетіру) – қауіп төніп тұрған аймақтан халықты көшіру. Әскерді әкету, әскер мүлікті т.б. шығару.

Экономика – гр.шаруашылықты басқару. Өндіргіш күштер мен қоғамның өндірістік қатынастарының жиынтығы. Өндірістің түрлері мен саласынан тұратын елдің халық шаруашылығы.

Экономикалық дағдарыс – жекелеген елдер мен әлемнің жалпы экономикадағы шаруашылық қызметі бұзылуының кезеңдік қайталануы.

Экстенсивті шаруашылық; – өндірістің кеңеюі есебінен оның дамуы. Интенсивтікке қарама-қарсы сапалы жаңа әдістер мен техникалық жетістіктерді пайдалану. Бұл еңбектің өндіргіштігін арттырады.

Элита – қоғамның, топтың ерекше көзге түскен өкілдері. Қанаушы қоғамда үстем таптың немесе оның жекелеген топтарының жоғарғы тобы.

Эмиграция – лат.қоныстану, көшу. 1) әртүрлі себептерге байланысты бір елден екінші елге қоныс аудару. Ол XIX-XX ғасырда кең тарады. 2) кез келген бір елдегі эмигранттар жиынтығы.

Этногенез – (гр.халықтың шығуы, пайда болуы) – қалыптасу кезеңіндегі халықтардың пайда болуы, сонымен қатар олардың этнографиялық антропологиялық ерекшеліктерін ары қарай қалыптастыру.

Этнография – 1)халықтарды зерттейтінтарихи ғылым, сонымен қатар олардың тұрмысы мен мәдениетін зерттейді. Термин халықтану дегенді білдіреді. Этнография археологиямен, антропологиямен, географиямен және тіл білімімен тығыз байланысты. Ол жер шарындағы халықтың тұрмысын, мәдени-тарихи қатынастарын зерттейді.

Этнос – тарихи қалыптасқан адамдардың берік жиынтығы. Олар тек қана сыртқы физикалық ерекшеліктерді, сондай-ақ тұрақты мәдени ерекшеліктерді иеленеді.

Экспроприация – Күштеу арқылы біреудің меншігін тартып алу

Этноцид (грек.ethnos – халық,+ caedere - өлтіру, қыру) – ұлысты, халықты нысаналы түрде қырып-жою немесе олардың ұлыстық-жою немесе олардың ұлыстық-мәдени ерекшеліктерін: тілді, салт-дәстүрді, әдет –ғұрыпты, тарихи зердені, т.б. зорлық-зомбылықпен жою үдерісі. Қазақстан тарихында Этноцид ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқына қарсы жасалған зұлмат ретінде орын алды.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2038. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия