Жұмыс барысы
1. Пияздың жұқа қабығын(4мм2) сылып ал; 2. Микропрепарат әзірлеп, микроскопта қарап 4-5 жасушаның суретін сал; 3. Жабын шынының бір жағынан тұз ерітіндісін тамызу, екінші жағынан суды сорғыш қағазбен сорып ал; 4. Микропрепаратты бірнеше секунд жасуша ішіндегі өзгерістерді бақылап, суретін сал; 5. Жабын шынының бір шетінен дистильденген су тамызу, екінші жағынан сорғыш қағазбен ерітіндіні сорғызып ал; 6. Бірнеше минут микропрепаратты бақылап, жасушадағы өзгерісті және жылдамдығына көңіл аудар; 7. Байқаған құбылыстарды 1-суретпен салыстыр; 8. Зерттелген объектінің суретін сал; 9. Мақсатқа сәйкес қорытынды жасап, плазмолиз бен деплазмолиз жылдамдықтарын себептерін түсіндір. Сұрақтарға жауап бер: 1. Ұлпаны тұз ерітіндісіне орналастырғанды су қай бағытта (жасушаға немесе жасушадан) қозғалды? 2.Судың бұлай қозғалу себебі неде? Себебі плазмолизге байланысты. 3. Ұлпаны суғасалғаннан су қай бағытта (жасушаға немесе жасушадан)қозғалды? Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? 4. Егер тұз ерітіндісінде жасушаны ұзақ уақыт сақтайтын болсақ, жасушада не болуы мүмкін? 5. Арамшөптермен күресу үшін тұз ерітіндісін қолдануға болама? 6. Плазмолиз, деплазмолиз, осмос, тургор- терминдарына түсініктеме бер. 7. Тосапта(варенье) алма құрғақ болып қалу себебін түсіндір,
|