Тақырыбы: Тірі жасушалардағы ферменттердің катализдік активтілігі
Мақсабы:тірі жасушалардағы нәруыздардың катализдік қызметінтәжірибелер арқылыанықтап, ферменттердің рөлін тәжірибе қорытындысында түсіндіру. Құрал-жабдықтар:піскен және шикі картоп, піскен және шикі бауыр, элодея(басқа өсімдік) жапырағы, 3% -сутегінің асқын тотығы(Н2О2), сынауықтар, пинцет, құм, үккі мен үккіш (ступка и пестик), дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш. Жұмыс барысы: 1. Бес сынауық әзірлеп, біріншісіне құм, екіншіге- шикі картоп, үшіншіге- піскен картоп, төртіншіге – шикі ет, бесіншіге – піскен ет салып, әрқайсысына сутегінің асқан тотығын тамызу. Әр сынауықтағы өзгерістерді бақыла. 2. Үккіде(Ступка) піскен картопты аздаған құм қосып ұнтақтау. Ұнтақталған картопты сынауыққа салып, сутегінің асқынтотығын қосу. Ұнтақталған және кесек өсімдік ұлпасындағы реакция активтілігін салыстыр. 3. Кестеге әр ұлпаның активтілігін толтыр. 4. Алынған нәтижені түсіндір. Сұрақтарға жауап бер:
Сұрақтарға жауап бер: 1. Қай сынауықтарда каталаза ферменті активтілігі байқалды? Неге, түсіндір. 2. Ферменттің активтілігі тірі жасушалар мен өлі жасушаларда қалай байқалады? 3. Ферменттің ұнтақталған өсімдік немесе жануарлар ұлпаларынадағы активтілігі 4. Сутегінің асқын тотығының(Н2О2) ыдырауының жылдамдығын өлшеуге арналған ұсыныс жаса. 5. Сіздің ойыңызша сутегінің асқын тотығын(Н2О2) ыдырататын каталаза фермені барлық тірі ағзаларда бар ма? Жауабыңды дәлелде. Бақылау нәтижелерін түсіндір. Қорытынды жаса. Қорытынды: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ___________________________
|