Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. 1-тапсырма. -а, -е жұрнақтарының бірін қойып, орыс тіліне аударыңыз.





1-тапсырма. -а, -е жұрнақтарының бірін қойып, орыс тіліне аударыңыз.

1. Мен қалада тұр....мын. 2. Менің шешем дүкеннен азық-түлік әкел...ді. 3. Біздің отбасымыз кешке теледидар көр...ді. 4. Талғат суретті жақсы сал....ды. 5. Жанат шаңғы тебе....ді. 6. Сен кереуетте жат...сың. 7. Сіз-дер қайда қыдыр....сыздар? 8. Сендер көп сөйлес....сіңдер. 9. Сіз маған күнде кел....сіз.

2-тапсырма. Етістіктерді жіктеңіз.

Айту, алу, ұшу, жету, ойнау, түзеу, ойлау.

 

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Я газеты не читаю, Алия читает. 2. Ты в магазин не ходишь, я хожу. 3. Ты не живешь в этом доме, Талгат живет. 4. Мурат не спит на этой кровати, Асет спит. 5. Мы не смотрим телевизор, наши друзья смотрят. 6. Он не гуляют в парке, мы гуляем. 7. Самат не играет в футбол, Нурлан и Ахан играют. 8. Его мама не работает на заводе, папа работает. 9. Ты не думаеш, Салтанат думает. 10. Асель не поет, Жанат поет.

 

4-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді айтыңыздар.

Университет – білім ордасы

Біз оқып жүрген С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің іргетасы 1930 жылы қаланған. Еліміздегі жоғары білім көшбасшысы саналатын 80 жылдық тарихы бар университет мемлекетіміздің тыныс-тірлігімен, қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Денсаулық сақтау саласының білікті мамандарын даярлауда жеткен жетістіктері ұшан-теңіз.
   

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тек білімді мамандардың ғана емес, біліктілердің де ұясы. Жас студенттер арасында көптеген талантты, дарынды да талапты болашақ дәрігерлерді кездестіреміз.

1989 жылы институтқа оның тұңғыш ректоры С.Ж.Асфендияровтың аты берілді. 1996 жылы тамыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университеті, 2001 жылдың маусым айында – Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті болып қайта аталды. Қазіргі С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті жоғары медициналық білім беру саласында республикадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Қалыптасқан үрдіс жыл сайын желтоқсанның 1-4 аралығы «Университет күндері» деп жарияланып, бұл күндері әр түрлі тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, шетелдік танымал ғалымдардың дәрістері тыңдалады. «Студенттікке қабылдау», тағы басқа да ерекше есте қаларлық, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазіргі кезде С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нде мына факультеттер бойынша сабақтар жүргізіледі:

- Жалпы медицина факультеті

- Медика-профилактика факультеті

- Стоматология факультеті

- Фармацевтика факультеті

- Менеджмент факультеті

- Шет елдік студенттер факультеті

- Дипломнан кейінгі білім беру факультеті

- Білімін жетілдіру факультеті

Ректорлары:

1931 — 1932 Асфендияров Санжар Жапарұлы

1934 — 1943 Зикеев В. В.

1943 — 1952 Зюзин Василий Иванович

1952 — 1954 Қарынбаев Сибугатулла Рыскалиұлы

1954 — 1960 Корякин Иван Сергеевич

1960 — 1963 Самарин Роман Иванович

1963 — 1975 Карынбаев Сибугатулла Рыскалиұлы

1975 — 1987 Маскеев Қуаныш Мубаракұлы

1987 — 1995 Белозеров Евгений Степанович

1995 — 2008 Момынов Талғат Әшірұлы

2008 — қазіргі кезде Ақанов Айқан Ақанұлы

5-тапсырма. Ситуациялық тапсырмалар:

1. Университет күніне байланысты кездесу ұйымдастырмақсыз. Сол туралы радио арқылы хабарландыру беріңіз.

Сөйлесу, пікірлесу: Сіз деканатқа келдіңіз. Декан сізден төмендегілерді білгісі келеді. Берілген сұрақтарды және сөйлеу үлгісін пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

- Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

- Қай топта оқисыз?

- Болашақта қандай мамандық алмақ ойыңыз бар?

- Оқуда, тұрмыста қандай қиыншылықтарыңыз бар?

- Сізге деканат тарапынан қандай көмек керек?

- Қазір қайда тұрып жатырсыз?

Сөйлеу үлгісі:

... топта оқимын. Болашақта... мамандығын алмақ ойым бар.... қиыншылықтарым бар/жоқ.... керек/керек емес.

10. Бақылау (сұрақтар, тестілер)

Тест сұрақтары:


1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Қазақ мемлекеттік медицина институты... ашылды.

а) 1935 жылғы

ә) 1931 жылы

б) 1938 жыл

в) 1941 жылдың

г) 1945 жылдан

2. Сөйлемді толықтырыңыз.

Университетте 2000-нан астам... еңбек етеді.

а) қызмет

ә) студентке

б) оқытушы

в) ұстаздың

г) білімді

3. Педиатриялық факультет қай жылы ашылды.

а) 1931

ә) 1933

б) 1938

в) 1939

г) 1940

4. Университетке Ұлттық Мәртебе қашан берілді?

а) 1989 жылы

ә) 1991 жылы

б) 1995 жылы

в) 2001 жылы

г) 2003 жылы

5. Сөйлемді толықтырыңыз.

1943 жылы... факультет ашылды.

а) емдеу

ә) стоматологиялық

б) формацевтикалық

в) санитарлық-гигиеналық

г) педиатрия

6. Сөйлемді толықтырыңыз.

1989 жылы оған... аты берілді?

а) тұңғыш ректорын

ә) С.Ж.Асфендияровтың

б) университет ректорлары

в) С.Ж.Асфендияровқа

г) ғылыми кеңес

7. Сөйлемді аяқтаңыз.

Қазіргі кезде кітапхана қорында 10/1021...

а) кітап беру

ә) кітап оқу

б) кітап бар

в) оқып болды

г) кітаптар көп

8. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) құралдармен, техникалық жабдықталған кітапханада

ә) университет ішілік желі жүйесіне қосылған

б) университет бар беті WEB-сайтында кітапхана

в) студент 10500 алады білім

г) бөлімдер байланысты тығыз бір-бірімен

9. Қате аударылған сөзді көрсетіңіз.

а) жабдық – оборудования

ә) жариялану – опубликовать

б) кепіл – гарантия

в) мақала – пословица

г) оқырман – читатель

10. Сөйлемді толықтырыңыз.

Университет өзінің..., қызу дайындық үстінде

а) 70-ке жуық студент

ә) 90 жылдық мерейтой

б) 80 жылдық мерейтойына

в) 40 жылға жақындады

г) мерейтойға келгенде

11. «Университет күндері» қай кезде атап өтіледі.

а) желтоқсан айының соңы

ә) желтоқсанның 1-4 күндері

б) желтоқсанның 14-і

в) желтоқсан оқиғасы

г) желтоқсан айының ортасы

12. Университетте қанша студент оқиды?

а) он бес мың

ә) он жарым мың

б) он бір жарым

в) он төрт мың

г) он мың бір жүз

13. Университетте неше факультет бар?

а) тоғыз

ә) жеті

б) он бір

в) бес

г) үш

14. Сөйлемді толықтырыңыз.

Студенттер...... қамтамасыз етілген.

а) жақсы кітаптың

ә) жайлы тұрмысқа

б) жайлы жатақханамен

в) жайлы жатақханадан

г) жылы киімдер

15. 1931 жылы кітапхана қорында неше кітап болды.

а) алпыс мыңдай

ә) алты мың

б) алпыс бестей

в) алты жүзге

г) алты мың жеті жүз


11. Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т. Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж., 110-112 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.101 б.

 


 

ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Алғашқы қазақ дәрігерлері.

 

2013 ж.

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Алғашқы қазақ дәрігерлері.

2. Мақсаты:Көмекші етістіктерді орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолмен меңгерту; мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру; мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету.

 

3. Міндеті:

Когнитивті – білім компетенциясы: Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру; сөйлеу барысында көмекші етістіктерді дұрыс қолдануға машықтандыру; көмекші етістіктердің қызметін тани білу, сипатын ажырата білу.

Операционалды – дағды компетенциясы:

Көмекші етістіктерді дұрыс қолдану арқылы студенттердің өз бетінше жұмыс істей алуына және мәтін бойынша қысқаша аннотация айта білуіне машықтандыру.

Коммуникативті компетенция: тілдік материалдар бойынша жаттығу жұмыстарын орындап, сауатты жазу, оқыған мәтінді

мазмұндап, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: тілдік материалдар мен мәтін арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін жетілдіру, тіл байлықтарын дамыту, ізденімпаздыққа жетелеу,

 

4.Негізгі ұғымдар:

Денсаулық сақтау ісі, шығыс халықтары тарихы, тырысқақ, оба және шешек аурулары, қымызбен емдеу, санитарлық мәдениетін көтеру, әскери кіші дәрігер қызметі, әлеуметтік-саяси тақырыптар, оба індетіне қарсы,

 

5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут)

Ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин.)

Үй тапсырмасын сұрау (45-48 мин.)

Жаңа сабақ;

Грмматикалық тақырып бойынша жұмыс (30 мин.)

Лексикалық материалмен жұмыс

Мәтін алдындағы жұмыс (15-18 мин.)

Мәтін бойынша жұмыс (15 мин.)

Мәтіннен кейінгі жұмыс (10 мин.)

Жаңа сабақты қорыту (6-8 мин.)

Студенттің білімін бақылау (12-15 мин.)

Студенттің білімін бағалау (3 мин.)

6.Өткізу түрі:танымдық сабақ

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас.

8.Көрнекі құралдар:көмекші етістіктерге арналған кесте, үлестірмелі парақшалар, алғашқы қазақ дәрігерлеріне арналған бүктемелер.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1150. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия