Студопедия — Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз






Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз

Ел үшін, ана тілі туралы, жыл сайын, өнер жайлы,еңбек туралы, достық туралы,отан үшін,аударма арқылы.

3-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз

Ж.Молдагалиев-автор многих поэм В поэме ‘’Песнь о песне” Ж.Молдагалиев рассказал о татарском поэте, Герое Советского Союза Мусе Джалиле. Героиня поэмы “Судьба вдовы”- казашка,прошедшая суровый жизненный путь и ставшая борцом за новую жизнь. В лиро-публицистических поэмах “Степной дастархан” и “Я-казах”, рисующих исторический путь казахского народа, эпическая многоплановость сочетается с глубоким лиризмом, яркой образностью. А в поэме “Разбивший оковы” воссоздан образ народного композитора Курмангазы.

10. Бақылау. Тест тапсырмалары


1. Дұрыс емес аударылған сөзді табыңыз

1.әдебиет-литература

2.шығармашылық-творчество

3.шеберлік-мастерство

4.үлес қосу-внедрить+

5.аудару-переводить

2. Дұрыс аударылған сөзді табыңыз

1.суреттеу-внести вклад

2.шығармашылық-мастерство

3.шеберлік-творчество

Үлес қосу-изображать

5.қазына-сокровище+

3. Көп нүктенің орнына керекті шылауды қойыңыз

Ол көбінесе ана тілі тағдыры...... жазған.

1.туралы +

2.сияқты

3.дейін

4.кейін

5.сәйкес

4. Қазақ тілінде неше септік бар

1.Бес

2.Алты

3.Жеті+

4.Төрт

5.Сегіз

5. Атау септігінің шылауларын атаңыз

1. Үшін,арқылы,туралы+

2.Дейін,шейін,қарай

3.Кейін,бұрын,бері

4.Қатар,бірге

5.Сәйкес,жуық

6. Дұрыс емес аударылған сөзді табыңыз

а) әдебиет-литература

ә) шығармашылық-творчество

б) шеберлік-мастерство

в)+ үлес қосу-внедрить

г) аудару-переводить

7. Дұрыс аударылған сөзді табыңыз

а) суреттеу-внести вклад

ә) шығармашылық-мастерство

б) шеберлік-творчество

в) үлес қосу-изображать

г)+ қазына-сокровище

8. Көп нүктенің орнына керекті шылауды қойыңыз

Ол көбінесе ана тілі тағдыры...... жазған.

а)+ туралы

ә) сияқты

б) дейін

в) кейін

г) сәйкес

9. «Мен қазақпын» поэмасының авторы кім?

а) Абай Құнанбаев

ә) Мұқағали Мақатаев

б) Мағжан Жұмабаев

в)+ Жұбан Молдағалиев

г) Мұхтар Шаханов

10. Атау септігінің шылауларын атаңыз

а)+ Үшін,арқылы, туралы

ә) Дейін,шейін,қарай

б) Кейін,бұрын,бері

в) Қатар,бірге

г) Сәйкес,жуық

11. Атау септігінің сұрақтарын көрсетіңіз

а) кімнің ненің

ә) кімге неге

б) кімде неде

в) кіммен немен

г) +кім не

12. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз

Студенттер әдебиет,өнер.......өз ойларын айтып,пікірсайыс өткізді.

а)+.туралы,жайлы

ә) бойы,сайын

б) дейін, кейін

в) сайын,қарай

г) бұрын,соң

13. Дұрыс қолданған септеулік шылауды көрсетіңіз.

а) университетке кейін

ә) сенен туралы

б) онымен үшін

в) сабақ соң

г)+ білім үшін

14. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.

Ол өзінің өлеңдері....... жастарды өнер-білімге шақырды.

а) жайында

ә) туралы

б)+ арқылы

в) бойы

г) сайын

15. Әдебиет-

а) би өнері

ә) +.сөз өнері

б) бейнелеу өнері

в) қол өнері

г) сәулет өнері


11. Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы 1994.

2. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы: Атамұра, 2008.

3. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2002.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Ақыжанова А.Т. Мемлекеттік тілде оқып үйренейік. Алматы, 2002.

2. Қожахметова Х. 40 уроков казакского языка. Алматы, 1989.


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Адамзаттың Абайы

 

 

2013 ж.

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

 


1. Тақырып: Адамзаттың Абайы

2. Мақсаты: Қазақ халқының ұлысы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы мағұлымат беру. Абай сынды ұлы адамдардың ұлағатты істерін әрқашан естерінде сақтап, үлгі тұтып жүруге баулу. Мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Студенттің сөздік қорын байыту. Барыс септігінде тұрған сөздердің мағынасын меңгерту. «Абай Құнанбаев» мәтінін пайдалана отырып әңгіме-сұхбат құрастыруды үйрету

3. Міндеті: Мәтін соңында қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру. Мәтін бойынша өздеріне сұрақ қойдырып үйрету. Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру.

Жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды, жаттығуларды толық түрде меңгерту.

Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық тақырып бойынша

1. Абай Құнанбаев туралы жалпы мағлұмат беру;

2. Абай Құнанбаев шығармаларын атау;

3. Абай Құанбаев атындағы мекемелерді білу;

4. Абай Құнанбаев туралы кітаптарды атау;

ә) грамматикалық тақырып бойынша

1. Барыс септік, сұрақтары, жалғаулары,

2. Барыс септік шылаулары.

 

5. Сабақты өткізу жоспары:

1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут

2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут

3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут

ҮЗІЛІС

4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут

5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут

ҮЗІЛІС

6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут

7. Жаттығу жұмыстары,тестілер - 20 минут

8. Қорытындылау -5 минут

9. Үй тапсырмасын беру, бағалау - 5 минут

6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.

8. Көрнекі құралдар:кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

9. Тапсырмалар:

а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:


Абайдың музыкалық мұрасы-духовные наследие Абая

ырғақ-ритм

аудармашы-переводчик

саяси қайраткер-политический деятель

әлеуметтік-социальный

өнер-искусство

шығармашылық-творчество

рухани-духовный

ерекше-особый, особенный

тек- род,порода

қисса-поэма, кисса

телегей-теңіз- огромное, громадное

әдет-ғұрып-обряд,обычай

игеру- овладеть,усваивать

алуан-всевозможный,разносторониий

мүдде-желание,цель,намерение

зерек-сообразительный, способный

көреген – дальновидный

әулет – династия

күш-жігерін аямаған – не жалея сил

үлгі – пример

сапа – качество

жан-жақты - разносторонний


ә) Мәтінді оқып, мазмұнын айту, жоспар құру.

Адамзаттың Абайы

Абай Құнанбаев 1845 жылдың тамыз айында Семей өлкесінің төрінде әйгілі Шыңғыс тауында дүниеге келді. Ел молдасы баланың құлағына үш рет айғайлап Ибраhим деп атын қойды. Баланың ата – тегі Орта жүздің Тобықты руынан шыққан атақты билер әулеті еді. Әкесі Құнанбай өз заманындағы беделді адамдардың бірі болған. Ол дін жолын қатты ұстанып, елде мұсылмандықтың кең тарауына күш – жігерін аямаған.

Жас Ибраhимді анасы Ұлжан Абай деп атаған. Осы есіммен Абай тарихқа енді. Абай жастайынан ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Көреген әке Абайға көп үміт артып, 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Болашақ ақын дін сабақтарын жеңіл үйреніп, бос уақытын кітап оқып, өз бетімен ізденуге жұмсайды. Шығыстың классик ақындары Низами, Саади, Хафиз, Новои, Физули шығармаларымен, ертегі, дастан, қисса сияқты әдеби мұралармен танысып, оларды қызыға оқиды.Медресенің соңғы жылында өз бетімен орыс мектебіне барып, тіл үйренеді. Бұл – Абайдың кейін орысшаны игеріп кетуіне негіз болады.

Абай 13 жасқа келгенде әкесі қасына алып, әкімшілік – билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп Абай ел ісіне араласады. Ел ісіне араласу – зерек те талапты жас Абайдың халықтың әдет – ғұрып, салт – тұрмыстарымен кеңінен танысуына жол ашады. Ол қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен, батырлар жырлары мен ғашықтық жырларынан сусындайды. Сонымен қатар орыстың - Пушкин, Белинский, Герцен, Чернышевский, Некрасовтарды, Европаның Гете, Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин сынды ғұламаларының туындыларын оқиды. Сөйтіп, Абай, бірінші, өз жұртының,екінші араб-парсы тілді жұрттың, үшінші орыс, Европа жұртының ой-өнерінен нәр алады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарлатты.

Абай қазақ әдеби тілінің негізін салды, қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтерді. Өз шығармаларында халықтың мүддесін, арман-мұңын жырлады, жарқын болашақты аңсады. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдары басталады. Ол кезде Абай өлеңдерін басқа аттармен жариялаған, тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды. Ақынның өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым - біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай өлеңдерінің тақырыбы жан – жақты, әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, табиғатты сүюге, ғылымға шақырады, махаббат тақырыбын көп жырлайды. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым – білім үйренуде, адамгершілік мінез – құлықта деп ұқты.

90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен жазған. Абайдың қара сөздерінің жалпы саны елуге жақын. Олардың әрқайсысы өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелеріне арналған. Кейбір әңгімелер тақырыбы, кейде мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады. Абайдың қара сөздерінің өзінше ерекшелігі бар. Оның сөйлем құрылысы да басқашалау болып келеді. Сөздердің көлемі аз болса да, мағынасы терең, мазмұны мол. Көпшілігі сұрау, жауап, не оқушыларымен, не өзімен-өзі кеңесу үлгісінде құрылады.

Қазақ топырағында реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма мәдениеті де сол Абайдан тарайды. Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді.

Абай өлеңдері мен поэмалары, қарасөздерінен басқа ән шығармашылығы да қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» және тағы да басқы әндері әлі күнге дейін халықтың жүрегіне жақын. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды «қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп орынды атаған.

 

1-тапсырма. Мына шылауларды аударып, бірнеше сөйлем құрастырыңыз. Осылардың ішінен септеулік шылауларды ажыратып, атап беріңіз.

Дейін, кейін, туралы, жайлы, мен, әлде, немесе, үшін, шейін, кейде, не, қасында, жанында, алдында, бойы, бірге.

2-тапсырма. Мына сөздерге барыс септік шылауларын тіркестіре отырып бірнеше сөйлем құраңыздар.

Абай, өлең, үйрену, араласу, мешіт, ел, ғылым, тәрбие.

10. Бақылау (біліктілікті, коммуникативтік, практикалық дағдыларды, өзін-өзі дамытуға арналған сұрақтар, тапсырмалар).

1. Абайдың туып-өскен жері мен туған жылы.

2. Абай деген атты кім қойды?

3. Шын аты кім?

4. Абай неше жасында, қайда оқуға барды?

5. Шығыс классиктерінен кімдердің шығармаларымен танысты?

6. Абай қандай тілдерді жетік білді?

7. Ақын шығармашылықпен қай жылдары еркін араласып, өз атынан жаза бастады?

8. Абайдың сазгерлік қырын танытатын қандай шығармаларын білесіз?

9. Абайдың қанша қарасөзі бар?

10. Қанша поэмасы бар? Аттарын атап беріңіз.

11. Абай туралы көлемді шығарма жазған адам кім?

12. Барыс септігінің қандай жалғауларын білесіз?

13. Барыс септік шылауларын атап беріңіз.

14. Қандай септеулік шылаулар бар?

15. Септеулік шылауларға мысал келтіріңіз.

Тақырыпқа байланысты тестер:


1. Барыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Науқас жақсы күтінк керек.

ә) Науқастың жасын, ауру түрін ескеру керек.

б) Досыма рұқсат етіңіз.

в) Дана көмектесу керек.

г) Дәріні дұрыс ішу керек.

2. Барыс септігіндегі сөзді көрсетіңіз.

а) дәкемен

ә) тамызуға

б) қасиеттері

в) шөптерден

г) тамырын

3.Барыс септігінде тұрған сөзді анықтаңыз.

а) бауырына

ә) емдел

б) деканның

в) сынақты

г) дәптерің

4.Барыс септігінде тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) тағам құрамында

ә) мал өнімдерінде

б) бауырдың ауруына

в) балық бауырында

г)азық-түліктерде

5.Абайдың анасының аты кім?

а) Зере

ә) Ұлжан

б) Әйгерім

в) Айша

г) Хадиша

6.Барыс септігінде тұрған есімдікті көрсетіңіз.

а) осыған

ә) менде

б) менде

в) нешене?

г) неде?

7.Барыс септігіндегі есімдікті табыңыз.

а) менен

ә) өзіңді

б) оған

в) онда

г) осымен

8.Барыс септігінің жалғауын көрсетіңіз.

а) -на, -не

ә) -ды, -да

б) -н, -ты

в) -да, -де

г) -ның, -нің

9.Барыс септігін меңгеретін шылауды көрсетіңіз.

а) аурудың қоздырғышы

ә) микроб арқылы

б) аурудың алдын алу

в) дәріханаға дейін

г) түрлі әсерге

10. Барыс септігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Дәрігердің кеңесін тыңдаған жөн.

ә) Бұл асқазан ауруына шалдықтырады.

б) Гүлдің аталығы көптеген ұсақ дәннен тұрады.

в) Ғылыми еңбекте айтылған.

г) Мерзімі өткен дәріні тастау керек.

Абай қай жылы дүниеге келді?

а) 1845

ә) 1865

б) 1925

в) 1878

г) 1912

11.Барыс септікпен тіркесетін септеулік шылауды көрсетіңіз.

а) шейін, қарай

ә) басқа, гөрі

б) қаралы, жақында

в) ғой, ғана

г) мен, сіз, ол

12.Барыс септіктегі сөзді көрсетіңіз.

Көреген әке Абайға көп үміт артып, 9 жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді.

а) Семей

ә) жасында

б) береді

в)Абайға

г) қаласындағы

13.Барыс септігіндегі сөзді табыңыз.

Картоп, бидай сияқты өсімдіктер крахмалға бай:

а) картоп

ә) бидай

б) өсімдіктер

в) крахмалға

г) бай

14.Барыс септіктегі сөзді табыңыз.

Әр адамның гүл тозаңына аллергиясы болуы мүмкін.

а) адамның

ә) гүл

б) тозаңына

в) болуы

г) мүмкін

15. Абайдың шын аты кім?

а) Абдулла

ә) Ибраһим

б) Фараби

в) Мағауия

г) Ахмет


11.Әдебиеттер:

1. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж. 62-63 бб.

2. Қанапиянова Ә.Ж. Кәсіби қазақ тілі. Алматы, 2008 ж.40 б.

3. Тәттібаева А.Е., Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.20бет

4. Ақыжанова А.Т. Қазақ тілі. Мәтіндер мен жаттығулар. Алматы, 2005 ж. 26 бет


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Мәдениет және өнер қайраткерлері (Ш.Айманов, К.Бәйсейітова, Ш.Қалдаяқов, Ә.Қашаубаев, Н.жантөрин, Ә.Қастеев т.б.).

 

2013 ж.

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Сабақтың тақырыбы: Мәдениет және өнер қайраткерлері (Ш.Айманов, К.Бәйсейітова, Ш.Қалдаяқов, Ә.Қашаубаев, Н.жантөрин, Ә.Қастеев т.б.).

2. Мақсаты:Жаңа сөздермен сөйлем құрай алуды, жаттығуларды толық түрде меңгерту.

«Мәдениет және өнер қайраткерлері» мәтінін пайдалана отырып әңгіме-сұхбат құрастыруды

үйрету.

3. Міндеті:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету.

4. Негізгі ұғымдар:

1. Музыканың өмірдегі рөлі туралы түсінік

2. Қазақтың ұлттық музыкасының арғы аталары кімдер?

3. Қазақстанның музыка ұжымдары туралы әңгімелеп беріңіз.

4. Театрда тұңғыш қай қойылым қойылды?

5. Көрген театрлық қойылымыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.

6. Кино өнерінің салаларын туралы мәлімет беру

7. Бейнелеу өнері туралы не білесіз, қандай суретшілерді білесіз?

8. Табыс септік дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

9. Жатыс септік дегеніміз не? Оның сұрақтары қандай?

5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (45-55 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (35-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (15-20 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-4 минут).

 

6.Өткізу түрі - тәжірибелік

7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Ситуациялық тапсырмалар, сабақ үстіндегі жұмыс, сұрақ-жауап, сөздердің баламасын табу, топпен жұмыс, сөйлесу т.б.

 

8.Көрнекі құралдар. Кестелер, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1818. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия