Студопедия — Тапсырмалар. А)Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. А)Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.






А)Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіру немесе синонимдік қатарын көрсету.

Дерек, құндылық, ғұлама,өшпес із, мәлімет, сыр, шоқ, бармақ, қалпына келтіру, жасуша.

 

Ә)Төмендегі сөздердің аудармасымен танысу.

деректер-сведения

құндылық-ценность

өшпес із-незабываемый след

мәселелеріне арналған-посвященный

проблемам

нүкте-точка

сыр-тайна,секрет

шоқ-горящий уголь

қалпына келтіру-восстановить

жасуша- клетка

 

Б) Мәтінді оқу

Шығыс медицинасы

Медицина дамуында шығыс медицинасы ерекше орын алады. Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа ежелден белгілі.

Шығыстың ғұлама ғалымдары Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Бәкір Ар-Рази (Разес), Әбу Райхан әл-Бируни медицина, жаратылыстану, астрономия, философия т.б. ғылым салаларына арнап еңбектер жазып, адамзат дамуында өшпес із қалдырды. Олардың еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жойған жоқ. Мысалы, Әбу Әли ибн Синаның «Китаб ал-Канун фит-т-тибб» («Канон врачебной медицины»), «Китаб аль-Шифа» («Книга исцеления») т.б.еңбектерінің медицина даму тарихында маңызы зор. Ғұлама ғалымның бұл еңбектері ХII ғасырда араб тілінен латын тіліне аударылған. Мұнда кейбір ауру түрлері сипатталып, оны емдеу әдістері көрсетілген. Сонымен бірге денсаулықты сақтау, нығайту жолдары, әртүрлі өсімдіктердің пайдасы туралы да мәлімет

Шығыс медицинасында науқастарды емдеу үшін әртүрлі дәрілік өсімдіктер, емдік балшық, минералды сулар қолданылған. Сонымен бірге массаж жасау, нүктелі массаж, инемен емдеу т.б. кең тараған.

Инемен емдеу (чжень) және денені күйдіріп емдеу (цзю) – талай ғасырлардан бері медицинаға белгілі. Ол осыдан бес мың жыл бұрын Тибет (Қытай) медицинасында қолданылған. Ол кездерде ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі, күйдіру үшін қамыстың шоғы пайдаланылғаны туралы деректер бар. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда жазылған қытай халық медицинасының он сегіз томдық «Хуанди нэй –цзин» деп аталатын кітабында инемен және күйдіріп емдеу әдістерін қандай ауруларға қарсы қолдану қажеттігі көрсетілген. Сол кездің өзінде-ақ, Қытай инемен емдеу орталығына айналып, бұл елге Жапония, Үндістан сияқты елдерден дәрігерлер келіп, емдеу сырын үйрене бастайды. Ал, ХІХ ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Денедегі емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеуді - нүктелі массаж деп атайд ы. Бұл емдеу әдісі Жапонияда пайда болған деп есептеледі. Жапон тілінде Ши-атсу деп аталады (ши-бармақ яғни, саусақпен басу деген сөзден шыққан). Бұл әдіспен кейбір мүшелердің бұзылған қызметін қалпына келтіруге болады екен.

Сонымен бірге, шығыс медицинасында емдік дене шынықтыру жаттығуларына да көп көңіл бөлген.

Шығыс медицинасы адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп қарайды. Сондықтан егер жанарыңыздын көру қабілеті азайса, онда көзбен бірге бауырды да емдеуді қолға алады.

Ал, созылмалы ауруларға ұшырағандарға емдік дәрілер бірден тағайындалмайд ы, емдеу үш кезеңге бөлінеді:

бірінші кезең – ағзаны тазалау;

екінші кезең – ағзаны жетіспейтін микро– макро элменттермен толықтыру;

үшінші кезең – ағзаны қайта қалпына келтіру.

В ) Мәтін бойынша сұрақтарға жауаптарға жауап беру

1. Медицина дамуында шығыс медицинасының маңызы қандай?

2. Шығыстың қандай ғұлама ғалымдарын білесіз?

3. Ибн-Сина еңбектерінің маңызы қандай?

4. Шығыс медицинасындағы емдеу тәсілдері қандай?

5. Инемен емдеу әдісінің ерекшелігі қандай?

6. Нүктелі массаждың пайдасы қандай?

7. Шығыс медицинасының қандай ерекшелігі бар?

 

Г) Мәтінде курсивпен берілген етістіктердің ішінен туынды етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру.

Ғ)Төмендегі етістіктердің қайсысы мәтінде кездеспейді?

қалпына келтіру, аудару, берілу, қарау, толықтыру, қолданылу, ескеру, көмектесу, сақтау, ойлау, нығайту, ақылдасу, атау, басқару,молығу, көбею, тазалау, есептеу,көрсету, азаю, иіскеу, емдеу, жоғалу, сарғаю,үйрену.

Д) Сөйлемдердің шын, өтірік екенін анықтау.

А) Шығыс медицинасы жайлы деректер адамзатқа әзірше белгісіз.

Ә) XXI ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді қолдана бастады.

Б) Ине орнына үшкір тас, жануарлар сүйегі қолданылды.

В) Шығыс медицинасында дәрілік өсімдіктер қолданылған

Г) Шығыс медицинасында науқастарды емдеуде химиялық қоспалар қолданылған

Ғ) Бармақпен басып емдеу әдісі Италияда пайда болған.

Д) Шығыс медицинасында дене шынықтыру жаттығуларына көңіл бөлген.

Ж) Әл Фарабидың «Китаб аль-Шифа» атты еңбегі бар.

 

Ж) Мәтінді қазақ тіліне аудару.

По преданию, почувствовав близкий конец, ибн-Сина решил дать бой смерти.Он приготовил 40 снадобий,которые надо последовательно применить в случае его смерти,и продиктовал правила их использования своему самому верному ученику. После смерти ибн-Сины ученик приступил к оживлению,с волнением замечая, как немощное тело старца постепенно превращается в цветущее тело юноши, появляется дыхание, розовеют щеки.Оставалось последнее лекарство,которое нужно было влить в рот и оно бы закрепило жизнь, восстановленную предыдущими снадобьями.Ученик был так поражен произошедшими изменениями,что выронил последний сосуд.Спасательная смесь ушла в глубину земли и через несколько минут перед учеником лежало дряхлое тело учителя.

 

З) Салыстыру жүргізу.

Батыс медицинасы химиялық қоспалар арқылы қолданылады. Бұл қоспалар жылдар бойы клиникалык сынақтан өтеді. Сонан соң жалпы өндіріске жіберіледі. Осы фармацевтикалық өнімдер қызу түсіреді, жанға батқан ауру мең жөтелді саябырлатады, ісіктерді т.б басады. Асқынып кеткен жағдайларда арнайы оталар (операциялар) жасап, емдеу жүргізеді.

Батыстың медицинасы – адамның әрбір мүшесін жеке –жеке қарайды. Гепатолог дәрігер тек ғана бауырды емдесе, кардиолог тек жүректі, нефролог бүйректі, гинеколог әйел ауруларын, окулист көз ауруларын емдейді т.б.

Ал, шығыс медицинасында науқас адамды толығымен бірден емдейді (рух, жан, тән). Шығыс медицинасының негізі – ағзаны бөлінбейтін біртұтас деп қарайды. Адам ағзасы біртұтас, бірімен– бірі байланысып жатқан бөлінбейтін жүйелер мен жасушалар жиынтығы деп есептейді.

 

Е) Сөйлемдерді толықтырып, мәтіннің мазмұнын айту.

1026 жылы «Тун женьшу сюэ женьцзю» (Қола адамның нүктелерінің атласы) атты көлемді ------------------------- жазылды. Ол кітапта науқасты емдеу------------------- ине қою нүктелері сипатталып, адам денесіне түсірілген болатын. Сол заманның ----------------- ғалымы Ван Вени адамның қоладан жасалған мүсініне 600 инемен----------------------- нүктелерін түсіріп, оларды емдеу ----------------------. қалай табу --------------- анықтап көрсеткен. Бұл нүктелер 12 сызық (меридианға) орналастырылған. --------------- ойынша, әр сызық адам денесінің шеткі (периферия) бөлігін ішкі мүшелермен байланыстырады. Бұл ---------------- ғасырлар бойы дамып, толықтырылып отырды. Біршама уақыт аралығында ------------------ сызық 14-ке көбейіп, 695 ем нүктелері анықталады.

 

Керекті сөздер: автордың, керектігін, белгілі, еңбек, он екі, емдеу, тәсіл, барысында, үшін.

Грамматикалық таұырыпты түсіндіру.

Етістіктің жасалуы

-ла,-ле,-да,-де,-та,-те;

-лан,-лен,-дан,-ден,-тан; тен;

-ғар,-гер,-қар,- кер;

-лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес;

Мына етістіктердің түбірін табy.

Шегелеме, үтіктеу, аяқташы, тазалады, ойландың, тұздау, ақылдасты.

10.Бақылау

А)


1.Дұрыс аудармасын табыңыз

а) нүкте-клетка

ә) қолдану-считать

б) қалпына келтіру-появиться

в) зерттеу-применять

г) арнау-посвящать

2.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

ХІХ ғасырдан бастап Европада да инемен емдеуді.................бастады.

а) қолдана

ә) пайдалы

б) тұра

в) емдеу

г) үйрену

3.Нүктелі массаж дегеніміз -

а) емдеу нүктелерін бармақпен басып емдеу

ә) емдік минералды сулармен емдеу

б) дене шынықтыру жаттығулары

в) дәрілік өсімдіктерді пайдалану

г) емдік балшықты пайдалану

4.Лечебный центр сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз.

а)емдік шара

ә) емдеу орталығы

б) емдік пайдасы

в) емдеу нүктелері

г) емдеу ісі

5.Қате аударылған сөзді табыңыз.

а) дәрілік өсімдіктер-лекарственные

растения

ә) минералды сулар-миреральные воды

б) емдік балшық-лечебный мед

в) инемен емдеу-иглотерапия

г) мәліметтер-сведения

6. «Китаб аль-Шифа» еңбегінің авторы.

а) Әбу Насыр әл –Фараби

ә) Әбу Әли ибн Сина

б) Қожа Ахмет Яссауи

в) Жүсіп Баласағұни

г) Әбу Райхан әл-Бируни

7.Сведения сөзінің баламасын табыңыз.

а) жаңалықтар

ә) үлгілер

б) зерттеулер

в) мәліметтер

г) жоспарлар

8. «Чжень» сөзінің мағынасы.

а) сумен емдеу

ә) бумен емдеу

б) балшықпен емдеу

в)инемен емдеу

г) балмен емдеу

9. «Цзю» сөзінің мағынасы.

а) күйдіріп емдеу

ә) сумен емдеу

б) дәрілік өсімдіктермен емдеу

в) иенмен емдеу

г) балмен емдеу

10. Ибн-Синаның еңбегін атаңыз.

а) «Құтадғу-білік»

ә) «Диуани лұғат-ат-түрік»

б) «Китаб ал-Канун фит-т-тибб»

в) «Хуанди нэй-цзин»

г) «Білге қаған»

11.Зат есімнен жасалған етістік қатарын көрсетіңіз.

а) жазу, оқу, отыру

ә) шегелеу, бастау, тұздау

б) алу, салу, әкелу

в) көру, келу, жүгіру

г) айту, бару, жасау


.

Ә) Жағдаяттық тапсырма:

1. Сіз шығыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

2. Сіз батыс медицинасы арқылы емдейтін клиникада жұмыс істейсіз, өзіңіздің емханаңыздың ерекшеліктері туралы әңгімелеңіз.

3. Сіз науқас адам роліндесіз, өзіңізге тиімді клиниканы таңдауыңыз керек, сізді қызықтыратын сұрақтарыңызды дайындаңыз.

 

11.Әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушыларға арналған. Алматы,2000 ж.

2. Исаева Ж.,Тәттібаева.Қазақ тілі. 2011ж.

3. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994 ж.

4. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Бастауыш деңгей. Алматы,2011 ж.


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

1. Тақырыбы: Адам ағзасы – біртұтас құрылым

2. Мақсаты:

- « Адам деген ардақты ат» деген сөздің мағынасын ұғындыру, оларды адамгершілікке, имандылыққа, салауаттылыққа баулу;

- Адам ағзасы тақырыбы бойынша білімдері мен түсініктерін кеңейту, адам ағзасы таұырыбының қазақша атауларын білдіру, сол арқылы сөздік қорын дамыту;

- Анық өткен шақтың жұрнақтарын пайдалана отырып сөйлемдерді дұрыс құрғызу. Қажетті сөйлемдерді үйрету арқылы кәсіби сөйлеу тілін дамыту. Лексикалық тақырыпты грамматикамен байланыстыра отырып, сөйлем құруға үйрету, сөздік қорын байту.

3. Міндеті:Коммуникативтік құзіреттілік талаптарына сай қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Соның негізінде, студентті дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

 

4. Негізгі ұғымдар:

1. Адамның кеуде қуысында орналасқан мүшелер;

2. Құрсақ қуысында мүшелер;

3. Бұлардан басқа мүшелердің адам ағзасындағы маңызы;

4. Тірек – қимыл жүйесі туралы мағлұмат;

5. Қаңқаның сүйектері жайында;

6. Бұлшық еттің қасиеті;

7. Ас қорыту жүйесінің маңызы;

8. Зәр шығару жүйесінің маңызы;

9. Қан айналу жүйеснің қызметі;

10. Тыныс алу жүйесі маңызы;

5. Сабақты өткізу жоспары:

10. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезені) - 5 мин.

11. Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.

12. Үйге берілген жатығуларды тексеру - 20 мин

Үзіліс - 10 мин.

13. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.

14. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.

Үзіліс - 10 мин.

15. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.

16. Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.

17. Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.

 

Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.

6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудін және оқытудың әдіс-тәсілдері:Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.

8. Көрнекі қүралдар: Кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1365. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия