ТТТТТТТ
1. Тасымалдау үрдісін белгілейтін қандай жағдайлар мен ұстанымдар? Пайдалану жұмыстарының негізгі ұстанымдарының бірі – теміржол көлігінің техникалық жабдықтарын, оның ішінде жылжымалы құрамаларды неғұрлым тиімді пайдалану болып саналады.Теміржол көлігіне қойылатын маңызды талап пойыздардың толық қозғалыс қауіпсіздігін және де жолаушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету.Қақзақстан Республикасының теміржолдарында қозғалысты ұйымдастырудың келесідей маңызды деген ұстанымдары қабылданған: Станса жұмысын ұйымдастыру – яғни пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу, құрамаларды құрастыру және тарату, жүктерді түсіру және тиеу, құрастыру және тарату, жүктерді түсіру және тиеу, жолаушыларды отырғызу және түсіру. Ол әр станция үшін ұзақ мерзімге жобаланады. вагон ағымын ұйымдатсыру - Жыл сайын құрастырылатын, теміржол стансаларында пойыздарды құрастыру жоспарын және тиеу орындарындағы тасымалдың жол бағдарлау жоспарын қамтиды. кереген негізінде пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру - Теміржол көлігінің атқаратын істері мен аймақтық бөлімшелердің өзара келісімін және тасымалдаудың жылдық тапсырысының орындалуын қамтамасыз ететін техникалық шама-шарттау - Тасымалдау бойынша айлық шұғыл тапсырмалардан құралатын бөлімше жұмысын орындау. пойыздық және жүктік жұмыстарды шұғыл жоспарлау - өтіп жатқан тәулік пен ауысым барысындағы тасымалдау жоспарының, қозғалыс керегенінің және техникалық шама-шарттың орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын ағымдағы (тәуліктік) диспетчерлік жетекшілік - Тасымалдау және техникалық шама - шарттар бойынша тапсырмалардың орындалуына жауапты болады.Теміржолдардағы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі маңызды деген ғимараттардың, құрылғылардың және жылжымалы құрамалардың шама-шарттарын, пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру жүйесін және белгі беру ұстанымдарын, Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережесін қатаң сақтау арқылы қамтамасыз етіледі. 32. Теміржолды қарқынды қолдану сандық және сапалық көрсеткішпен. Теміржолдың ағымдағы пайдалану қызметін жоспарлау, есептеу және шұғыл бақылап тұру үшін тасымалдың, жылжымалы құраманың және басқа да техникалық жабдықтардың жұмысы мен оларды қолданудың көсеткіштері сандық және сапалық көрсеткіштер деп екіге бөлінеді 39. Тәулікте жұмыстық;бір вагон паркіне келетін, тонна-км нетто санымен жүк вагонының өнімділігі анықталады. ал Локомотивтің өнімділігі - бір тәулік ішінде пайдаланылатын парктің бір локомотивіне келетін тонна-км. брутто санымен өлшенеді және толық локомотив паркі бойынша анықталғандағыдай, жетек түрлері бойынша да анықталады. 54.Технологиялық үрдіс негізінде станция жұмыстарын ұйымдастырып, барлық жұмыстардың кеңінен дамуын қадағалап және станцияға салынған ауыртпалықтардың барлығына жауап беретін кім? ДС - Станса бастығы стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты адам. Ол станса жұмысың технологиялық үрдіс негізінде тиімді ұйымдастыруды, енбектің озық әдістемелерін енгізу және оны кең көлемде дамытуды, жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді техникалық жабдықтарды дұрыс қолдануды, шұғыл басқаруды қамтамасыз етуі керек. Станса бастығы стансаның барлық өндірістік және шаруашылық іс-әрекеттерін басқарады, еңбек өнімділігін арттыру, пойыздар мен вагондарды өңдеудің өздік құнын төмендету, техникалық құрылғыларды барынша ұтымды қолдану жүйесі мен оны жұмыс үрдісіне енгізу шараларын ұйымдастыруды және жобалауды іске асырып, осылардың барлығына тікелей жетекшілік жасау керек. Станса бастығығының маңызды міндеттері: - мамандарды дұрыс тандау және олардын техникалық кәсіби біліктігін жоғарылату;- жұмыс күшін тиімді пайдалану: - еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің техникалық қауіпсіздігі мен мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу;қызметткерлердің мемлекеттік және еңбек тәртіптерін тұрақты бақылап бекітіп отыру.Станса бастығына «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітілген заңдық ережелерге сәйкес жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені үшін мадақтау немесе нашар жұмыс істегені үшін сөгіс беру құқықтары берілген. Ол өзінің қарамағындағы барлық жұмыскерлерге (жол мастеріне, электр механигіне, локомотив машинісіне, вагон тексерушілерге т.б.) стансаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті бұйрықтар бере алады. Стансаның штаттық кестесі бойынша станса бастығының орынбасарының, станса кезекшісінің, бас инженердің сонымен қатар өндірістік-техникалық және басқа да бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері бекітіледі.
|