Студопедия — ККККККК
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ККККККК






ВВВВВВВ

37. Вагонның;бір вагон-км вагон жүгірісіне келетін тасымалдау жұмысының тонна-км орташа саны динамикалық жүктеме. Динамикалық жүктеме жүктелген вагонға және жұмыс паркінің вагонына (бос вагондардың жүрісін есепке алғанда) деп бөлінеді.

38. Вагонның;айналым уақытында бір тәулікте өтетін орташа км арақашықтық орташа тәуліктік жүріс.

49. Вагондарды жөндеу, техникалық және коммерсиялық қарауларды жасайтын, пойыздық бригада мен локомотивтерді ауыстыру пункті болып табылатын станция. Телімдік стансалар – пойыз (жүк және жолаушы пойыздары) құрамындағы вагондарға техникалық және коммерциялық тексеру, жөндеу жұмыстары орындалатын және телімдік пойыздарды сұрыпталатын, негізінен транзиттік пойыздарды өндеумен айналысатын станса.

 

ЕЕЕЕЕЕ

48. Екі жолдық;сызықта пойыздардың қиылысуы мен басып озуына қызмет ететін жекеленген пункт. Басып озатын пунктнемесе Оздырма қосындары(обгоный путь)- қос жолды жол тармадарында негізінен пойыздардың бірін бірі басып озуына, қажет болған жағдайда шағын көлемді жүк операцияларын атқаруға арналған жол қосыны.

34 .Екпін мен жай жүрудегі уақытты есепке алатын жылдамдық телімдік

 

ЖЖЖЖ

13. Жекеленген пунктерге жататындар.

15. Жұп нөмірлі пойыздарға жататындар.Әрбір пойызға белгілі бір номер беріледі. Солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай жүретін пойыздарға тақ номер, ал оңтүстіктен солтүстікке және батыстан шығысқа қарай жүретін пойыздарға жұп нөмірлер беріледі. Нөмірлер пойыздарды құрастыру стансаларында беріледі және баратын және сұрыпталатын немесе жүріс бағдары өзгертілетін стансаға дейінгі бүкіл жүріс бойында сақталады.Жүріс графигінде тақ пойыздардың жүріс сызығын жоғарыдан төмен қарай, жұп пойыздарда төменнен жоғары қарай жүргізу керек.

22. Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау көлемі және осыған дөп келетін орындалған жұмыс жолаушы/км және т.км сандық көрсеткішіне жататындар. Вагон паркінің жұмысы жүктелген, түсірілген, қабылданған және тапсырылған вагондар санымен, жүрістің вагон-км және вагон-сағатымен сипатталады. Осыған сәйкес көрсткіштер локомотив (локомотив-км, локомотив-сағат) пен пойыз (пойыз-км, пойыз-сағат) жұмысын сипаттайды. Станса жұмыс вагон айналымымен, қайта өнделген вагондар санымен, қабылданған, жөнелтілген таратылған және құрастырылған пойыздар мен вагондар санымен сипатталады.

27. Жолаушылар пойызының жылдамдығымен қозғалатын және массасы мөлшерден аз пойыз жүрдек жүк пойызы бұл пойыздармен негізінен аса бағалы және тез жеткізуді қажет ететін жүктерді және үлкен салмақты контейнерлер тасымалданады.

36. Жөнелту бойынша жұмыстық паркінің бір физикалық вагонына келетін жүктің нетто орташа салмағы вагонның статистикалық жүктемесі.

8. Жүкшептерінде вагондарды өндеу технологиясы қандай?Тиеп-түсіру бекеттеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі міндеттері - көліктік жабдықтардың ең төменгі бос тұру уақыты мен тиеп-түсіру жұмыстарын ең төменгі шығынмен қамтасыз ете отырып, жүктік операцияларды орындау және өнеркәсіптік теміржол көлігі кәсіпорындарының өндірісі үшін жүктік кешен құру. Бұл жүктік кешенде тиеп-түсіру, вагондарды қою, жүрістік және басқа да жолдар; тиеп-түсіру жабдықтарын механикаландыру және автоматтандыру жабдықтары (құрылғылар мен механизмдер), жол аумағындағы қоймалар, вагондардың қозғалысына арналған айлалық жабдықтар, жүктерді жылытуға және босатуға (вагондарды жүк қалдықтарынан тазалауға) арналған құрылғылар мен механизмдер болуы керек.Әрбір стансада оның жұмысының технологиялық үрдістері негізінде құрамалар мен вагондарға жекелеген операцияларды жасау және әрбір парктегі құрамаларды өңдеу уақытының технологиялық шама-шарты бекітіледі. Бұл межеленген уақыт мөлшерлері еңбек ұжымдары мен жұмыскерлердің жеткен жетістіктерін, жұмыс нәтижелерін ескере отырып белгіленеді және еңбек өнімділігінің артуын, стансада вагондарды өңдеу үрдісін жылдамдатуды, пойыздарды қабылдап жөнелту және вагондарды тиеп-түсірудің бекітілген уақыт межесін орындауды қамтамасыз етеді.

9. Жүктік кешендердің техникалық жабдықталуы қалай?

56. Жылжымалы құрамның, топтың немесе жекеленген вагондардың және жеке локомотивтердің вагондар мен пойыздарды өңдеу үшін бағытталған барлық қозғалыстары, жүктерді арту немесе түсіруде және басқа да станциялық оталарды орындаудағы қозғалыстар қалай аталады?

Жылжымалы құрамалардың, жекелеген немесе топтасқан вагондардың, сонымен қатар дара локомотивтердің станса жолдары арқылы пойыздар мен вагондарды өндеудің әртүрлі түрлерін орындауға, тиеп түсіру және басқа да операцияларды жасауға арналған барлық қозғалысы айлалық;деп аталады.

Айлалық жұмыстың негізгі бөлігі вагондарды жүк шептеріне беру, алу және қайта қоюды, құрамаларды сұрыптауды және жаңа пойыздарды құрастыруды, жөндеу операцияларын орындау барысында вагондарды беруді, алуды сонымен қатар вагондарды жабдықтауды қаитамассыз ететін мамандандырылған айлалық локомотивтермен атқарылады. Айлалық жұмыстар кейбір жағдайларда пойыз локомотивтерімен де атқарылады. Мысалы, жол телімінде жинақталған пойыздардың жұмысы кезінде жекелеген вагондарды құрамаға тіркеу және ағытып алу жағдайларында.

Айлалық жұмыстарды тікелей құрастырушы бригадалар мен айлалық локомотив бригадасы атқарады. Құрастырушы бригада екі адамнан тұрады: пойыздарды құрастырушы және парк кезекшісі. Айлалық локомотив бригадасының құрамына локомотив жүргізуші және оның көмекшісі кіреді. Жол бөлімшесі бастағының рұқсаты бойынша кейбір стансаларды құрастырушы өзі жалғыз жұмыс істейді. Сол сияқты «ҚТЖ» ҰК АҚ бұйрығы және жол бөлімшесі бастығының бекітуіне сәйкес айлалық локомотив жүргізушісіне станса аумағында өзі жалғыз жұмыс істеуге рұқсат етіледі Айлалық жұмыстардың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушы жауап береді. Айлалық локомотив бригадасы тікелей айлалық қозғалыстарды тек қана оның нұсқауы бойынша орындайды. Станса жолдарындағы айлалық жұмастар тек станса кезекшісінің, айлалық диспетчердің, станса диспетчерінің, пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша немесне техникалық тарқату актісінде көрсетілген тәртіптерге сәйкес жүзеге асады.

Станса аумағында атқарылатын жұмыс айлалары бірнеше түрге бөлінеді.

Сұрыптау айласы. Стансаға келген пойызға тиеуге немесе түсіруге жататын жергілікті вагондар қосылады және стансада құрастырылған басқа да вагон құрамалары қосылады. Вагондарды баратын бағытына, тағайындалуына сәйкес жинақтау жолымен қою - сұрыптау айласы деп аталады.

Құрастыру айласы. ҚР теміржолдарын техникалық пайдалану ережесінде және Пойыздардың қозғалысы мен айлалық жұмыстарға арналған нұсқаулықтарда пойызға вагондарды қоюдың белгіленген тәртібі бекітілген. Бүлдіргіш (жарылғыш және уландырғыш заттары), қауіпті (сығылған газ, тез бүлінетін заттар, кислота) және тез жанатын жүктері бар вагондарды пойызға қою кезінде оларды адамдары бар вагондардан, жолсеріктері бар вагондардан, локомотивтерден, ал қажет болған жағдайларда бір-бірінен тасалау (алыс орналастыру), яғни олардың алдына қауіпсіз вагондарды қою керек. Вагондарды тасалауға негізінен қауіпсіз жүктері бар вагондар мен бос вагондар қолданылады. Құрастырылған құрамадағы тіркелген автотіркелгіштердің горизонталь ось деңгейіндегі ауытқуы 100 мм аспауы керек. Жол бойында тіркеу, ағыту жасалатын жинақталған және басқа да пойыздар құрамындағы вагондар жол теліміндегі жұмыстарды ескере отырып ыңғайымен қойылады. Келтірілген ережелер мен тәртіптер және басқа да шарттар құрастыру айласын тиімді жасауды қажет етеді.

57. Жөнелтужәне қабылдау парктеріне шығатын жолдары бар және сұрыптау жолдарымен жалғанған тұйық жол.

Созылмалы

52. Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған станция. Оларды негізінен үлкен транзитті халқы көп жерде және жергілікті немесе қала маңындағы жолаушылар қозғалысы бар жерлерде салады.Жолаушылар стансасы жолаушыларға қызмет көрсетуге және жолаушылар пойыздарымен операциялар атқаруға арналған. Жолаушыларға көрсететін қызмет түрі билет сату, жолаушыларды пойыздарға отырғызу мен түсіру, қол жүгін сақтау, алу, тиеу-түсіру, беру жұмыстарын атқарады. Жолаушылар стансасы бұлармен қоса жолаушылар пойыздарының құрамдарын жөндеу, жарақтау, құрастыру және уақытша тұрақтау.Жолаушылар стансалары шаруашылық және өнеркәсіп орындарында, жаппай демалу орындарында темір жолмен басқа да көлік түрлері түйісетін тораптарда болады. Келешекке жоспарланған өткен жылдағы тасымалдаудың есебіне елді мекендердің дамуына, қала мен темір жолдардың салынуына курорттар мен демалыс үйлерінің көбеюіне, бау-бақша мен саяжай ұжымдарының дамуына қарай отырып жолаушы км өлшемдерінде жолаушыларды тасымалдау көлемі анықталады. Бұл жерде жолаушыларды, оқушыларды, туристтерді тасымалдау факторлары ескеріледі. Жолаушылар пойыздарын 700 км-ден асатын қашықтықтарда жүретін пойыздар алыс сапарлық дейді. 700 км-ге Атқарылатын жұмысының сипатына қарай жолаушылар стансалары мынадай болады:1.Жолаушылар стансасы. Жолаушыларға қызмет көрсету, пойыздарды қабылдау, жөнелту, теңдеме жүктер мен жүктерді рәсімдеудің барлық коммерциялық операциялары жүзеге асырылады:2. Жолаушылар пойыздарын жарақтауға, қайтақұруға, жөндеуге және уақытша тұрақтауға арналған жолдар мен құрылыстары бар, вагондарды жөндеуге арналған ДЕПО-қ және басқа да құрылыстары бар техникалық жолаушылар стансасы. Бұл стансалар негізінен жүру сапарын бастайтын және аяқтайтын пойыздар құрамымен атқаратын операцияларды жүзеге асырады.3.Біріккен жолаушылар стансасы. Бұларжолаушылар жүрісіне қатысты жоғарыда аталған операцияларды атқарады.

18. Жүктік оталарға жататындар.Жүкоперацияларындаатқарылады: жүктердi қабылдау, өлшеу, сақтау және иесіне беру, тиеу және түсіру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станцияларда) тиеледi. Оларда жүк операцияларын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрыпталады. Жүк операциялары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады.

20. Жолаушылар отасына жататындар.жолаушылар пойыздарының құрамдарымен iстелетiн операциялар (қарауға берілетін құрамдарды техникалық тексеру және жарақтандыру, ақырғы бекетке келген құрамдарды құрастыру және рейске дайындау); жолаушыларды отырғызу және түсiру; теңдеме жүктер мен қол жүктерiн қабылдау және беру; жол жүру билеттерiн сату; пошта операциялары,жолаушыларға қызмет көрсетуатқарылады. негізінен транзиттік, жергілікті және қала аралық жолаушы қозғалысы қарқынды, тұрғыны көп мекендерде салынып жолаушы тасымалына қызмет көрсетуге арналған.

 

ДДДДД

42. ДС,ДСП,ДСЦС,ДСЦ,ДСПП?

 

ДНЦС- аға диспетчер Аға диспетчер диспетчерлік сектордың жұмысын орынбасарымен бірге жалпы басқарады және бөлімшенің пайдалану жұмысының тәуліктік жоспарлауын қамтамасыз етеді. ДС -Станса бастығы стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты адам. Ол станса жұмысың технологиялық үрдіс негізінде тиімді ұйымдастыруды, енбектің озық әдістемелерін енгізу және оны кең көлемде дамытуды, жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді техникалық жабдықтарды дұрыс қолдануды, шұғыл басқаруды қамтамасыз етуі керек. Станса бастығы стансаның барлық өндірістік және шаруашылық іс-әрекеттерін басқарады, еңбек өнімділігін арттыру, пойыздар мен вагондарды өңдеудің өздік құнын төмендету, техникалық құрылғыларды барынша ұтымды қолдану жүйесі мен оны жұмыс үрдісіне енгізу шараларын ұйымдастыруды және жобалауды іске асырып, осылардың барлығына тікелей жетекшілік жасау керек. Станса бастығығының маңызды міндеттері: - мамандарды дұрыс тандау және олардын техникалық кәсіби біліктігін жоғарылату;- жұмыс күшін тиімді пайдалану: - еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің техникалық қауіпсіздігі мен мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу;қызметткерлердің мемлекеттік және еңбек тәртіптерін тұрақты бақылап бекітіп отыру.Станса бастығы жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені үшін мадақтау немесе нашар жұмыс істегені үшін сөгіс беру құқықтары берілген. Ол өзінің қарамағындағы барлық жұмыскерлерге (жол мастеріне, электр механигіне, локомотив машинісіне, вагон тексерушілерге т.б.) стансаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті бұйрықтар бере алады. ДСП - Станса кезекшісі пойыздарды қабылдап-жөнелтуге, өткізуге, стансаның бір ауданынан басқасына ауысатын айлалық жүріске, маршрут бойынша қозғалатын пойыздардың қиылысу арқылы және қиылыспай бас жолға шығуына толығымен жетекшілік етеді. Пойыздарды қабылдап жөнелтуге және айлалық локомотивтер қозғалысына қатысты станса кезекшісінің бұйрықтары станса жұмыскерлері мен бірге айлалық және пойыздық локомотив бригадалары мен вагондарды тексерушілер үшін де міндетті болып саналады. ДСЦ - Айлалық диспетчер стансаның барлық цехтарының жұмысын үйлестіріп отырады. Жол бөлімшесінің кезекшісімен, локомотив депосының кезекшісімен, вагондарды техникалық тексеру бекетінің ауысымдық мастерімен бірге шұғыл жұмыс жоспарын жасайды және ол жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді.Айлалық жұмыстардың ауқымы үлкен стансаларда барлық айлалық қозғалыстарға жетекшілік ету айлалық диспетчерге (ДСЦ) жүктеледі. Ол диспетчерлердің саны айлалық жұмыстардың көлеміне байланысты анықталады. Әдетте ірі стансалар мен ірі кәсіпорындардың қосылма жолдарында атқарылатын жұмыстар жекелеген аудандарға бөлініп басқарылады.Екі бағытты сұрыптау стансасында сұрыптау жүйесінің жұмысын станса диспетчері, ал сұрыптау жүйесіндегі айлалық жұмысты айлалық диспетчер үйлестіреді. Жүктік операциялары ірі көлемдегі кейбір стансаларда станса диспетчерінен басқа жүк операциялары жүргізілетін бекеттерде, осы бекеттерден вагондарды алуға, беруге шұғыл жетекшілік жасайтын, тиеп-түсіру жоспарының орындалуын, жергілікті вагондардың бос тұру уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін жергілікті жұмысты атқаруға арналған айлалық диспетчер болады. Жергілікті жұмыстың айлалық диспетчері станса (айлалық) диспетчеріне тікелей бағынышты болады. ДСПП- дөңес кезекшісі пойыздарды тарқатып жіберуді өткізуге, маршрут бойынша қозғалатын пойыздардың қиылысу арқылы және қиылыспай бас жолға шығуына толығымен жетекшілік етеді. ДСЦС - станция диспетчері тасымалдау бөлімшесінде поездар жүрісін басқарады. Сонымен қатар барлық пойыздар қозғалысын ұйымдастыра отырып, бір орталықтан пульт таблоны, жартылай автоблокировканы, бағдаршамдардың дұрыс жұмыс істеуін, ашылуын ретке келуін қадағалап басқарып отырады.

 

ККККККК

19. Коммерциялық;оталарға жататындар. Ашық жылыжмалы құрамдарда жүктердің дұрыс орналасуы мен бекітілуін тексереді, пломбылардың орналасуы мен дұрыс жағдайын қарайды,жапсырмаларды, вагондардың қақпағы мен шанақ жаппалы тесіктерін бақылау, сақтау және жүкті өлшеу;т.б оталар.

53. Кем дегенде үш теміржол бағыты біріктірілген пунктерде, тармақтар және жалғандыратын сызықтары бар станциялар жиынтығы.Теміржол торабы деп - бірнеше теміржол бағытының желілері түйіскен (қиысқан) немесе қосылған жерде стансалар мен басқада айырым бекеттерін байланыстырушы жолдар арқылы біріктіретін пунктті айтамыз. Ол станциялар бір-бірімен басты жолдармен, қосымша жолдармен біріктірілген, тараптағы барлық станциялар бірыңғай технологиямен жұмыс істейді.Теміржол тораптары - теміржол тораптарының схемасына қарай, құрылыстардың орналасуына қарай, олардың геометриялық формаларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

1. Теміржол торабы пайдалану түріне қарай және жолдың маңызына қарай тораптар екіге бөлінеді:

  • кішкентай не орташа қаланың жанында, көбінесе транзит жүк және жолаушы пойыздарды өңдейтін транзит тораптары. Мұндай тораптарда жергілікті өңдеу жұмыстары көп болмайды,
  • әр бағыттаманың транзит пойыздары мен сұрыптау жұмыстары көп - транзиттік торап. Мұндай тораптарда бірнеше сұрыптау стансалары болуы мүмкін.

2. Қаланың адам санына қарай тораптар төртке бөлінеді:

  • жергілікті өңдеу жұмысы көп тораптар (250 ¸ 500 мың адамнан тұратын қаланың жанында);
  • жергілікті өңдеу жұмысы аз тораптар (50 ¸ 100 мың не 250 мыңға дейін адамнан тұратын қаланың жанында);
  • теңіз бен өзен порттарының жанында, көбінесе жүктерді қайыра тиеу жұмыстарын орындайтын порттың торабы болып бөлінеді;
  • үлкен қалалық торап (500 мыңнан көп адамдар тұратын қаланың жанында орналасқан) болып бөлінеді.

3. Торап орналасқан ауданның өндірістік күшіне қарай тораптар екіге бөлінеді:

  • теміржол торабы,
  • өнеркәсіп торабы.

4. Тораптың негізгі құрылыстарының географиялық орналасуына қарай:

  • бір стансадан тұрады,
  • айқын-ұйқынды (крестообразный),
  • үшбұрышты және т.б.

Теміржол тораптары теміржолды келесі жұмыстармен қамтамасыз ету керек:

  • жүк және жолаушы транзит пойыздарын бір бас жолдан екінші бас жолға өткізу үшін;
  • өңдеуге келе жатқан пойыздарды, вагондарды арнайы өңдетіп жүк, жолаушы және тағы басқа стансаларына беру үшін;
  • вагондарды қосылған үш және оданда көп бағыттарға арнап тарату (сұрыптау) үшін;
  • жолаушыларды бір бағыттан екінші не үшінші бағыттың жолаушы пойыздарына отырғызу (ауыстыру) үшін;
  • тағы да басқа жұмыстар. Бұл жұмыстарды атқару үшін теміржол торабы келесі құрылғылармен жабдықталуы тиіс:
  • арнайы жүк станциялары, жолаушы станциялары, телімдік станциялары, сұрыптау станциялары, өндіріс станциялары және т.б. станциялармен,
  • керекті жағдайларда өндіріске қажетті жөндеу заводтарымен, жүкзаттар қоймаларымен, электрлік тартым подстанцияларымен және т.б.,
  • пойыздарды негізгі жолдар арқылы бір бағыттан екінші бағытқа ауыстыратын қосымша жолдармен,
  • әр жазықтықта қиылысқан, не бір жазықтықта қиылысқан екі негізгі теміржол тарамдарымен жолайырықтарымен,
  • кірме жолдармен және т.б.

 

ҚҚҚҚҚҚ;

14. Құрамдағы вагондар тобының санына байланысты пойыздар қалай бөлінеді Жүк пойыздар құрамдағы вагон топтарының санына байланысты; сұрыптау немесе жүгін түсіру стансасы бір вагондардан құралған - біртопты пойыздар; топтық пойыздар болып бөлінеді.

26. Қалыпқа келтіру, өрттік, қар тазалайтын және жекеленген локомотивтер кезексіз пойыздарға жатады. құрамның үлкендігіне байланысты пойыздар кезекті және кезексіз болып бөлінедіКезекті пойыздар өз ішінде құрамы бойынша бірнеше түрге жіктеледі: алыс және жергілікті қатынастағы жолаушы (жүрдек және жай жолаушылық) және қаламаңындағы пойыздар; жүк-почталық, әскери, жүк-жолаушылық, жүрдек, өте жалдам жүретін (тез бүлінетін жүктері бар вагондар, контейнерлер т.б.) және адамдарға арналған пойыздар; жүктік пойыздар (өтпелі, телімдік, шығарымдық және берілістік) және шаруашылық пойыздары деп бөлінеді.

51. Құрылыс және үлкен өнеркәсіптік кәсіпорын, жүктерді үлкен көлемде артып немесе түсіретін жерде орналасқан станция. Бұл станцияда артып-түсіргеннен басқа, келген құрамдарды өңдеу орындалады және жөнелту маршруттарын жинақтайды.Жүктік стансалар - ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарда, теңіз және өзен порттары орналасқан бекеттерде, жүктерді көп көлемде тиеп-түсіретін жерлерде және де ауқымды өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы жүретін аймақтарда салынады. Бұл стансаларда тиеп-түсіру операцияларынан басқа келген құрамаларды өндеу, жөнетілген маршруттарды құрастыру жұмыстары атқарылады. Тиеп-түсіру бекеттеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі міндеттері - көліктік жабдықтардың ең төменгі бос тұру уақыты мен тиеп-түсіру жұмыстарын ең төменгі шығынмен қамтасыз ете отырып, жүктік операцияларды орындау және өнеркәсіптік теміржол көлігі кәсіпорындарының өндірісі үшін жүктік кешен құру. Бұл жүктік кешенде тиеп-түсіру, вагондарды қою, жүрістік және басқа да жолдар; тиеп-түсіру жабдықтарын механикаландыру және автоматтандыру жабдықтары (құрылғылар мен механизмдер), жол аумағындағы қоймалар, вагондардың қозғалысына арналған айлалық жабдықтар, жүктерді жылытуға және босатуға (вагондарды жүк қалдықтарынан тазалауға) арналған құрылғылар мен механизмдер болуы керек.Әрбір стансада оның жұмысының технологиялық үрдістері негізінде құрамалар мен вагондарға жекелеген операцияларды жасау және әрбір парктегі құрамаларды өңдеу уақытының технологиялық шама-шарты бекітіледі. Бұл межеленген уақыт мөлшерлері еңбек ұжымдары мен жұмыскерлердің жеткен жетістіктерін, жұмыс нәтижелерін ескере отырып белгіленеді және еңбек өнімділігінің артуын, стансада вагондарды өңдеу үрдісін жылдамдатуды, пойыздарды қабылдап жөнелту және вагондарды тиеп-түсірудің бекітілген уақыт межесін орындауды қамтамасыз етеді.

ЛЛЛЛЛЛ

45. Локомотив вагондарымен жартылай рейс және рейс кезіндегі қозғалысын қалай атаймыз? жұмыстық деп аталады. Вагондардың жүк тиелген айналымы толық рейс деп аталады.

 

ОООО

28. Ортааралық;стансалық телімдерге берілісті вагондардан құралған және осы стансаларда артылған және түсірілген вагондары бар пойыз жинақталған пойыз

29. Ортааралық;стансадан немесе келтірме жолдардан шығарымдар жасайтын немесе жақын аралықтағы телімдік немесе сұрыптау стансаларына вагондар беретін пойыз өткерме (сквозной)

 

ӨӨӨӨӨ;

41. Өзіндік жинақтау пойызы. Пойыз - деп салмағы мен ұзындығ теміржол желісінің талаптарына сәйкес келетін, бір немесе бірнеше іске қосылған локомотивтері немесе моторлы вагондары бар, түріне сәйкес жеке нөмері және арнайы белгілері бар жылжымалы құраманы айтамыз. Жинақталған пойыз дегеніміз ортааралық стансаларға жіберілетін вагондар мен осы стансаларда тиелген және түсірілген вагондардан тұратын құрама пойыз, жөнелтер алдында техникалық және коммерсиялық оталарды орындап, белгілі бірстансада жинақталған пойыз;Пойыздар негізгі құрамы жолаушы паркінің вагондарынан тұратын (оның ішінде почта жүгін тасушы вагондар да бар) жолаушылар пойызы мен жүк вагондарынан құралған жүк пойыздары деп бөлінеді. Сонымен қатар, іс-әрекеті аз жол телімдерінде жүк және жолаушы паркінің вагондарынан құрастырылған жүк-жолаушы пойыздары да болады.

 

ППППП

2. Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік. Пойыз - деп салмағы мен ұзындығы теміржол желісінің талаптарына сәйкес келетін, бір немесе бірнеше іске қосылған локомотивтері немесе моторлы вагондары бар, түріне сәйкес жеке нөмері және арнайы белгілері бар жылжымалы құраманы айтамыз. Жалпы пойыздар жолаушылар пойызы мен жүк вагондарынан құралған жүк пойыздары деп бөлінеді. Сонымен қатар, іс-әрекеті аз жол телімдерінде жүк және жолаушы паркінің вагондарынан құрастырылған жүк-жолаушы пойыздары да болады. Пойыз құрастырылатын стансада оның құрамындағы вагондар туралы негізгі мәліметтер жинақталған анқықтауыш парақшасы (натурный лист) толтырылады. Онда пойыздың нөмері, құрастырған және баратын стансалар, құраманың ұзындығы және салмағы, жөнелту уақыты, сонымен бірге әрбір вагон туралы мәліметтер (нөмері, түрі және осі, жүктікң атауы және салмағы, вагонның таза самағы т.б.) жазылады.

Әрбір жөнелтілетін жүк үшін жүк жөнелтуші жапсырма қағазын (накладной), ал станса жолдық тізбектерді (дорожный ведомость, корошек дорожный ведомости) толтырады. Жүкті тиеу орындарында тиелген жүктерге вагон парақшасы толтырылып, онда вагонның сипаттамалары және осы вагонға тиелген жүктердің тізімі, жүктерге арналған жапсырма қағазының нөмері, жөнелтуші және қабылдаушы стансалар көрсетіледі.

3. Пойыздардың;қандай түрлері бар? Құрамының үлкендігіне байланысты пойыздар кезексіз және кезекті болып екі топқа бөлінеді. Кезексіз пойыздарға қалпына келтіруші, өрт сөндіргіш, қар тазалағыш және жеке локомотивтер жатады. Кезекті пойыздар өз ішінде құрамы бойынша бірнеше түрге жіктеледі: алыс және жергілікті қатынастағы жолаушы (жүрдек және жай жолаушылық) және қаламаңындағы пойыздар; жүк-почталық, әскери, жүк-жолаушылық, жүрдек, өте жалдам жүретін (тез бүлінетін жүктері бар вагондар, контейнерлер т.б.) және адамдарға арналған пойыздар; жүктік пойыздар (өтпелі, телімдік, шығарымдық және берілістік) және шаруашылық пойыздары деп бөлінеді.Жүктік пойыздар белгілеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі: құрастыру шарты бойынша жөнелтілуші (оның ішінде сатылы) және техникалық маршруттар;құрамадағы вагондар тобының санына байланысты бір топты және топтасқан; вагондардың күйіне байланысты: жүктелген, бос және аралас. Құрамының жалпы салмағы қалыпта салмақтан аспайтын және жолаушы пойызының жылдамдығымен жүретін жүк пойызы жүрдек жүк пойыздары деп аталады. Бұл пойыздармен негізінен аса бағалы және тез жеткізуді қажет ететін жүктер мен үлкен салмақтағы контейнерлер тасымалданады. Кем дегенде бір телімдік немесе сұрыптау стансасынан өңдеусіз өтетін жүк пойызы тоқтаусыз өтетін жүк пойызы деп аталады. Ал телімдік пойыз тек қана бір жол телімінен өтетін пойыз. Жинақталған пойыз дегеніміз ортааралық стансаларға жіберілетін вагондар мен осы стансаларда тиелген және түсірілген вагондардан тұратын құрама пойыз. Өткерме пойыздар дегеніміз аралық ортааралық стансалар мен кірме жолдардан вагондарды шығаратын немесе оларға жақын арадағы телімдік және сұрыптау стансаларынан ірі көлемді вагон топтарын беретін пойыздар. Бір теміржол торабына кіретін стансалардың аралығында вагондарды жеткізетін пойыздар берілістік пойыздар деп аталады. Жолды жөндеу және құрылыс жұмыстарына, стансаны қажеттіліктерімен жабдықтауға т.б. арналған пойыздар шаруашылық пойыздары деп аталады.

55. Пойыз құрамында,жекеленген пунктердің арасындағы перегондарда жылжымалы құрамдардың қозғалыстарын қалай атайды?Теміржол көлігіндегі жылжымалы құрамалардың қозғалысы пойыздық және айлалық деп екі топқа бөлінеді. Пойыздық; - деп құрамында қызметтік локомативі, бекітілген номері және арнаулы белгілері бар жылжымалы құрамалардың жекелеген бекеттердің жоларалығындағы жүрісін айтады. Жылжымалы құрамалардың, жекелеген немесе топтасқан вагондардың, сонымен қатар дара локомотивтердің станса жолдары арқылы пойыздар мен вагондарды өндеудің әртүрлі түрлерін орындауға, тиеп түсіру және басқа да операцияларды жасауға арналған барлық қозғалысы айлалық;деп аталады.

Айлалық жұмыстың негізгі бөлігі вагондарды жүк шептеріне беру, алу және қайта қоюды, құрамаларды сұрыптауды және жаңа пойыздарды құрастыруды, жөндеу операцияларын орындау барысында вагондарды беруді, алуды сонымен қатар вагондарды жабдықтауды қаитамассыз ететін мамандандырылған айлалық локомотивтермен атқарылады. Айлалық жұмыстар кейбір жағдайларда пойыз локомотивтерімен де атқарылады. Мысалы, жол телімінде жинақталған пойыздардың жұмысы кезінде жекелеген вагондарды құрамаға тіркеу және ағытып алу жағдайларында.

Айлалық жұмыстарды тікелей құрастырушы бригадалар мен айлалық локомотив бригадасы атқарады. Құрастырушы бригада екі адамнан тұрады: пойыздарды құрастырушы және парк кезекшісі. Айлалық локомотив бригадасының құрамына локомотив жүргізуші және оның көмекшісі кіреді. Жол бөлімшесі бастағының рұқсаты бойынша кейбір стансаларды құрастырушы өзі жалғыз жұмыс істейді. Сол сияқты «ҚТЖ» ҰК АҚ бұйрығы және жол бөлімшесі бастығының бекітуіне сәйкес айлалық локомотив жүргізушісіне станса аумағында өзі жалғыз жұмыс істеуге рұқсат етіледі Айлалық жұмыстардың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушы жауап береді. Айлалық локомотив бригадасы тікелей айлалық қозғалыстарды тек қана оның нұсқауы бойынша орындайды. Станса жолдарындағы айлалық жұмастар тек станса кезекшісінің, айлалық диспетчердің, станса диспетчерінің, пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша немесне техникалық тарқату актісінде көрсетілген тәртіптерге сәйкес жүзеге асады.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2339. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия