Студопедия — Требования к графику движения поездов
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Требования к графику движения поездов






Требования к графику движения поездов

1) Выполнение безопасного движения;

2) Выполнение плана перевозок пассажиров;

3) Выполнение графика оборота составов – который устанавливает виды ремонта и осмотра подвижного состава (ТО-1, ТО-2, ТО-3, ТР-1);

4) Непрерывность работы смен локомотивных бригад;

5) Экономное расходование электроэнергии;

6) Согласованность работы станций и прилегающих перегонов.

Машинист не использует график движения поездов, а использует выписку из графика движения, называется: “поездное расписание”.

Теміржол бұл – қажет болған жылдамдықпен пойыздарды өткізу үшін арналған ғимараттардың кешені. Ол теміржолдың негізін құрайды....

Теміржол бұл – қажет болған жылдамдықпен пойыздарды өткізу үшін арналған ғимараттардың кешені. Ол теміржолдың негізін құрайды. Оның жағдайынан пойыздардың қозғалысының қауіпсіздігі,үздіксіздігі сонымен қатар теміржолдың барлық техникалық құралдарын тиімді пайдалануына байланысты.

Темір жол көлігі – көлік кешенінің жетекші саласы, жүктер мен жолаушыларды алыс қашықтыққа тасымалдайтын басты қатынас құралы. Темір жол көлігі локомотивтер мен вагондардан тұратын, арнайы рельс жол арқылы тасымалдауға арналған көлік түрі болып табылады. Темір жол көлігінде тасымал құны басқа көлік түрлерімен салыстырғанда біршама төмен, қатынауы тұрақты. Қазақстанның ішкі құрлықтық орналасуы жағдайында Темір жол көлігі елдің көлік кешенінің құрамында аса маңызды рөл атқарады. Темір жол көлігі 19 ғасырда ірі өнеркәсіп орындарының ашылуына, әсіресе, кен қазып, металл өңдеудің дамуына байланысты пайда болды. Дүние жүзінде тұңғыш Темір жол көлігі 1825 Англияда Дж. Стефенсон салдырған ұзындығы 21 км “Стоктон – Дарлингтон” желісінде қатынады. Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен. Қазақстан темір жолы 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде

Мемлекеттің экономикалық өсуі жағдайында теміржол көлігінің тиімді қызмет етуі үшін негізгі талаптары болып, өзіндік шығындарды азайту, тасымалдаудың үлкен көлемдерін жүзеге асыру, сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет ету,тасымалдау қауіпсіздігін сақтау табылады. Басқару мен құрылымын жетілдіруге бағытталған теміржол саласын реструктуризациялау нәтижесінде, компанияның тік интеграциялық бағытталған қызметіне негіз қаланды. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл әлі де болса жеткіліксіз. Теміржол саласын реформалау процесі, мемлекеттің жалпы және инвестициялық саясатын, сонымен қатар басқару процесін де өзгертуі керек. Жалпы айтқанда, Қазақстанның теміржол көлігінің тиімді қызмет етуіне жету үшін бірталай күрделі жұмыстар жасау керек.

Аралық станцияның жобалануының желі категориясы – II, пойыздардың қозғалысының максималды жылдамдығы – 120км/сағ, ең қысқа қабылдап – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы – 850 м, аралық платформаның түрі –төменгі, тартылыс түрі – тепловозды, қозғалыс өлшемдері (пойыздар жұбында) – 68, сигнализация және байланыс құралдары – автоблокировка, бағыттама мен белгілерді басқару тәсілі – Электрлік орталықтандыру, вокзалдың есептік сыйымдылығы (бір жолды бөлімшеде – 50 адам, екі жолды бөлімшеде – 100 адам), есептік жүк айналымы – бекілмеген. Жүк алаңының құрылғылары (ұзындығы, м):?, жабық қойма – 55 м; жабық платформа – 62 м; ашық платформа – 58 м; контейнерлі алаң – 84 м; үйілмелі алаң – 104 м. Станциядағы рельстің түрі – басты жолдарда Р65, қабылдап – жөнелту жолдарында Р50. Көлденең бойлықтағы жергіліктің жоспары (сурет нөмірі) –32, Станция алаңының ұзындығы – 2400 м, жолаушылар платформасының ұзындығы – 470 м, платформа арасындағы өткел түрі – төсеніш.Жол аралық ені – 18м.

Аралық станса – пойыздарды қабылдап – жөнелтуді өткізу және басып озу, сонымен бірге жолаушыларды отырғызып – түсіру, жүктерді тиеп – түсіру, жинақталған пойыздарды өңдеу тәрізді операциялар атқарады. Аралық станса теміржолдың барлық желісінде орналастырылады.

Жеке аралық стансаларында сонымен қатар пойздардың техникалық тексерісі және осымен байланысты басқа да операциялар жүргізіледі.

Аралық стансадағы жол таралымы басты және қабылдау – жөнелту жолдарынан басқа арту – тиеу, созу жолдары жатады. Осы стансаларда жолаушылық ғимараттар, платформалар, жүк қоймалары, вагондық таразы және т.б. құрылғылар бар. Жоспарға және жол профиліне, теміржол жолдарына және де басқа жағдайларға байланысты аралық стансалар бойлық түрінде және жартылай бойлық түрінде болады.

Аралық стансада техникалық, жолаушылық, жүк және комерциялық операцияларды орындау үшін келесі құрылғылар құрастырылады:

  • басты жол;
  • қабылдап – жөнелтуші;
  • созу жолдары;
  • сақтандырушы және ұстап қалу тұйықтар;
  • станса кезекшісінің орны;
  • бағыттама бекеттері;
  • кіру және шығу белгілері;
  • көрші станса және пойыз диспетчерімен байланыс құралдары.

Аралық стансаның жұмысы және құрылымы:

  • жұмыс көлемі бойынша кішігірім стансалар біршама жол айырылымдар мен озу бекеттерінен үлкенірек. Аралық стансаға келген вагондар пойыздардан ағытылып, локомотивтермен оларды жүк аудандарына жібереді, сол жерде оларды түсіреді. Сонымен қатар бұл жерге теміржол арқылы жөнелтілетін жүктер автомобильмен әкелінеді.
  • тұрғылықты бөлімшеге жақын орналасқан аралық стансаларда пойыздарды қабылдап – жөнелтумен байланысты операцияларынан басқа да, жолаушылық және жүк операциялары, вагондарды жұмсама және жинақталған пойыздарға тіркеу және ағыту, сонымен қатар осы вагондарды тиеу және түсіру бөлімшелеріне жіберу сияқты операциялар орындалады.

Сақтандырушы туйык бұл поездардын жүру маршрутын жылжымалы құрамның шығу үшін ескерту үшін арналған тұйық жол,

Ұстап калушы тұйық бұл қозғалы кезіндегі поездардың бір бөлігін немесе пездардың басқаруын жүзеге асыра алмаған кезде,поездардың аялдамасы үшін арналған тұйық жол

Басты жолдардың саны темiр жол бөлiмшесiнiң қажетті өткiзу қабiлетiнiң салыстырылуымен (қажеттi резервтi есепке алған жағдайда) теміржол желісіндегі пойыздардың қозғалыс әдісіне байланысты екі немесе бірқатарлы жолдардың нақты өткізу қабілетімен анықталады.

Қажетті өткізу қабілетін былай анықтауға болады:

(2.1)

мұндағы N – параллельді кереген жұбындағы поезд қозғалысының өлшемі;

r – өткізу қабілетін толтырудың рационалды деңгейі, 0,8.

пойыз жұбы

Қабылданған қажетті өткізу қабілеті перегонның өткізу қабілетімен келтіріледі. Стансада автоблокировка кезінде поездың тәуліктік саны 42 жұптан кем, ал жартылай автоблокировка кезінде 30 жұптан кем – 1 басты жол қабылданады; автоблокировка кезінде тәулігіне 42-ден 144 поезд жұбы, ал жартылай автоблокировка кезінде тәулігіне 30-дан 72 поезд жұбы – 2 басты жол қабылданады.

Өткізу қабілеттілігі –

 

Жүктермен жұмыс жасағандықтан, станцияда қабылдап - жөнелту, тиеп - түсіру үшін арналған және де вагондарды сұрыптау жолдары орналастырылады.

Вагондық шаруашылық – вагондардың ағынды ағытуының жөңдеу бөлімшесі немесе вагонды жөңдеу депосы, құрамалардың техникалық қызмет көрсету бөлімшесі;теміржол бөлімшесінің барлық бөлімдеріне материалды-техникалық қамтамасыз ету құрылғылары; станса бастығының конторасы, бағыттама мен белгілердің электрлік орталықтандыру бекеті және т.б.

Кезекшілікке стансаның жұмысының қарқынды жоспары станса бастығымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі және келесіден тұрады:

- пойыздарды қабылдау, жөңелту, жинау, тарату бойынша тапсырмалар;

- жүктерді артуға және түсіруге тапсырмалар;

- темір жолды күту және станцияны реттеу және жөңдеу жұмыстары бойынша жоспарлық жұмыстармен, сонымен қатар қар тазалағыш машиналар жұмысымен байланысты тапсырмалар.

Аралық станцияның жүк таситын ауданының схемасы 3-ші суретте көрсетілген:

Негізгі жүк құрылғыларына кіретіндер;жүктерді арту, тиеу, сақтау, жүк алушыларға беру. Сонымен қатар жүктің бірнеше түрі бар, соған байланысты локомотив түрлері де өзгеше болып келеді. Мысалға тез бұзылатын жүктерді немесе ауыр, сұйық жүктерді тасымалдау үшін жылжымалы құрамның түрі де өзгеше болып келеді. Мысалға алғанда платформа, ашық вагон, жартылай жабық вагон және тағыда басқа.

Тік жазықтықтағы теміржол сызығының жер төсемі кескіні бойлық пішінді береді.

Қалыпты бойлық пішін – жер жұмыстарының аумағын анықтауда, жаңадан салынып жатқан құрылыстармен құрылғылардың тиімді орналасуы үшін аса қажет.

Жер белгісі келесі формуламен анықталады:

мұндағы H – ең аз көлденеңнің белгісі, м

h – көлденеңнің айырмасы, м

n – ең аз көлденеңге дейінгі ара қашықтық, м

m – ең үлкен көлденеңге дейінгі ара қашықтық, м

Жылдамдығы 140 – 200 км/сағ болатын жолаушылық поездар өткізілетін, стансадағы басты жолдарда орнатылған бұрмалы бағыттамаларда 1/11 маркасы төселген. Жобамен ескерілген барлық ғимараттар, құрылыстар және құрылғылар

Ғимарат атауы Дана саны Аумақ,м2 Материал
Жолаушылар ғимараты     Кірпіш
Басты платформа     Темір-бетон
Аралық платформа     Темір-бетон
Жабық қойма     Кірпіш
Жабық платформа     Темір-бетон
Ашық платформа     Темір-бетон
Контейнерлік алаң     Темір-бетон
Тиеу алаңы     Темір-бетон
Тауар кеңсесі     Кірпіш
Бақылау өткізу пункті     Кірпіш
Автотұрақ     Асфальт
Жол атауы Рельс типі Шпал типі Шпал түрі 1 км жолдағы саны Құм, м Ұсақ құм, м
Басты Р65 I Темір-бетон   0,2м 0,35м
Қабылдау– жөнелту Р50 II Ағаш   0,25м -
Басқалары Р50 III Ағаш   0,25м -
               

Бұрмалы бағыттама – релістер жолдардың жалғасуы және қиылысуы, бір релістік жолдан басқа жолға жеке экипажды немесе поездарды ауыстыру үшін қызмет атқарады

Аралық стансалар келесі қызметтерді атқарады:

а) жолаушылық пойыздарымен

– станса арқылы басты жолдар бойынша оларды тоқтатпай жіберу;

– қабылдап-жөнелту жолында тоқтаумен, қасында жолаушыларды қабылдап-түсуріге жолаушылық платформалар, почталар мен багаждарды тиеп түсіруге арналған жолдар орналасқан;

б) транзиттік жүк пойыздары

– басты жолдар бойынша оларды станса арқылы жіберу;

– қабылдап-жөнелту жолдарында басып озу арқылы оларды тоқтату;

в) жинақталған жүк пойыздарымен

– станса алаңына және кірме жолдарға тағайындалған, қабылдап-жөнелту жолдарында вагон топтарын қосып – ағыту.

Енбек қорғау

Еңбекті қорғау - бұл заңдастырылған актілердің жүйесі, яғни әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік профилактикалық шаралардың және құралдардың, қауіпсіздікті қамтамсыз етуші, еңбек барысында адам денсаулығының және жұмысқа қабілеттілігін сақтау. Ол өндірістік қауіп қатерлерді және кәсіби зияндылықтарды табумен және зерттеумен, сондай ақ оларды болдырмау немесе әлсірету әдістерін өңдеумен шұғылданады. Бұл өндірісте жазатайым оқиғалардың және жұмыс істеуші кәсіби аурулардың, аппараттардың және өрттердің жоюына, еңбекті қамтамасыз етуіне жағдай жасайды.

Еңбекті қорғаудың негізгі методологиясында еңбек шарттарын талдауды, технологиялық процесті, өндіріс жабдықтауды, қауіптік және зиянды өндірістік факторлардың пайда болу мүмкіншіліктерін көру нүктесінен қолданылатын және алынған заттарды көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Конститутциясының 24- бабына сай сұрыттау стансасының әрбір қызметкері еңбек бостандығына, қызмет түрін және кәсібін еркін таңдау құқығына ие болады. Мәжбүрлік еңбек тек қана сот үкімі бойынша не төтенше шарттарда немесе соғыс жағдайында рұқсат етіледі.

Темір жол қызметкерлерінің әрбірі уақыт және орынның ішкі тәртіп ережелерін естен шығармауы қажет. Тұрақты қырағылықты көрсету жолдарында сақтық және алды-артын қарап жүру, әсіресе тәуліктің түнгі уақытында, ауа райының ашық болмауы, ғимараттан, вагоннан басқа объектілерден жолдарға шығу кезінде аса сақ болуы қажет.

Технологиялық тәртіпті жақсарту басқару жүйесін жетілдіру, инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды жаңғыртуға инвестиция тарту, қауіпсіздік шараларына арналған мақсатты инвестиция тарту арқылы 2007-2010 жылдары ақаулықтардың жалпы саны 3,7 есеге, ал ерекше ақаулықтардың саны 2,1 есеге азайды.

2011 жылдың алғашқы жартысындағы қозғалыс қауіпсіздігіне жұмсалған қаржы 49 млрд. теңгені құрады. Осы аралықта қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғалары 20%, ақаулықтар 23%, ерекше ақаулықтар елу пайызға азайды.

Қазақстан темір жолының қауіпсіздік көрсеткішін, сапаны, экономикалық көрсеткішті, басқару жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз етуі, тұтынушылар мен әріптестермен қатынасты жақсартуы, акционерлермен және үйлестіруші органдармен жұмысты табысты жүргізуі – өз кезегінде компанияның халықаралық және ұлттық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруында ішкі және сыртқы ресурстарын жұмылдыруға қызмет етеді.

Бұл курстық жобада «Аралық стансаның жобасын» дайындадым.

Курстық жоба 7 тараудан тұрады. Олар:

  1. Стансаның техника – пайдалану сипаттамасы.
  2. Аралық станса.
  3. Негізгі стансалық құрылғылар есебі.
  4. Аралық стансаның масшабсыз схемасының жобалануы.
  5. Жолдардың жобалануы.
  6. Аралық станса жұмысының технологиясы.
  7. Пойыздар қауіпсіздігі және еңбекті қорғау.

Осы қурстық жобада жолдардың пайдалы және толық ұзындықтарын, пойыздар санын, жолдардың құрамын, станса аланыңдағы пайдалы ұзындықты анықтау, стансадағы жұмыстарға кететін уақыт санын, қабылдау – жөнелту жолдарының санын, сұрытанптау және созу жолдарынын санын есептуді үйрендік. Стансаның техника-пайдалану сипатамасы бөлімінде поездарды құру жоспарына сәйкес қазіргі жаңа техника, автоматика мен телемеханика құрылғыларымен стансаның жұмыс жайлы мәліметтер қарастырып осы курстық жобама қостым. Стансаның схемасын таңдау барысында станса аланының ұзындығы бойынша, станса аландарының пайдалы ұзындығы мен жанындағы стансалық аландарының ең төменгі ұзындығының сандарын есептеп, формулаға салып шығардым







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1668. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия