Эвтектоидқа дейінгі болаттарды Ас3 нүктесінен 30-500С-ге жоғары температураларда шынықтырады. Шынықтыру кезіндегі суытуды суда немесе майда жүргізеді. А1-А3 аралығындағы температурадан басталған эвтектоидқа дейінгі болаттарды шынықтыруда (толық емес шынықтыру) мартенситпен бірге артық феррит қалады, ол шынықтырылған болаттың қаттылығын төмендетеді және босатудан кейінгі жарықтылық қасиеттерін нашарлатады. Эвтектоидтан кейінгі болаттарды А1 нүктесінен 36-600С-ге жоғары температуларда шынықтырылады. А1-А3 аралығындағы температураларда шынықтыруда эвтектоидтан кейінгі болаттарда мартенситпен бірге аспаптың тозуға төзімділігін жоғарылатытын екінші реттік цементит қалады. Ас3-тен жоғары температураға дейін қыздыру зиянды. Өйткені өңдеу кезінде қатты цементит түйіршіктері ериді және қалдық аустениттің саны жоғарылайды. Осының арқасында шынықтырылған болаттардың қаттылығы төмендейді. Сонымен қатар аустениттің түйірлері іріленеді, көміртексіздену күшейеді және шынықтыру кернеуі өседі. Көміртекті болаттарда шынықтыру кезінде мартенситті түрлену жүреді және жоғары температуралық күйтүрлер – екінші ретті цементит және қалдық аустенит белгіленеді. Шынықтыру кезіндегі қасиеттердің өзгеруі бастапқы қорытпаның құрылымдық ерекшелігі мен құрамына байланысты. Шынықтырылған металл жоғары қаттылығымен және морт сынғыштығымен сипатталады. Тұрақтылықты жоғарлату және қалдық кернеулерді азайту үшін шынықтырылған дайындаманы босатуға түсіреді.
5.3-сурет. Көміртекті болаттарды шынықтыру температурасының үйлесімді аралығы