журналистика
мамандық аты
Алматы, 2014 ж Оқу әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «050504 – журналистика» мамандығына арналып типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
Оқу әдістемелік кешен баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының отырысында талқыланып, ұсынылған
«27» мамыр 2014 ж., хаттама № 10 Кафедра меңгерушісі ___________________ Г.С.Сұлтанбаева (қолы)
Оқытушы ____________________ Г. С. Өзбекова (қолы)
Алғы сөз
Курстың мазмұны: «Газет ісінің тәжірибесі» пәні болашақ журналистерді дайындау жүйесінде негізгі курстардың бірі болып табылады. Бұл пән студенттерге сөз өнерінің табиғаты мен құдіретін түсінуге, публицистиканың қоғамдық танымды қалыптастырудағы мағынасын ерекше түсінуге көмектеседі. Публицистиканың теориясы мен практикасы бойынша білім жетілдіруге негіз болады. Курстың мазмұны бірнеше ғылым аймағынмен шектеледі. Сөз өнері лингвистиканың, әдебиеттанудың, философияның, логиканың, психологияның саясаттанудың, тарихтың теориялық мәселелерімен бірлікте қарастырылады.
Курстың мақсаты: Курсты оқыту, бірнішіден, аталған пәннен толық теориялық білім алуға мүмкіндік береді. Екіншіден, теория мен практика өзара байланысты болғандықтан, студентке ізденіс пен ғылыми зерттеулер арқылы өзінің шығармашылық мүмкіндігін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Курстың міндеттері: - Газет дайындаудың әртүрлі концепцияларын талдау; - Белгілі БАҚ-тың жанырлық деңгейіне ықпал етуші факторларды қарастыру; - Жанрлық деңгейдің негізгі элеметтерін анықтау; - Қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеру жағдайындағы жанрлық пішіндердің даму тенденциясын табу; Бұл пән «Газет және журнал шығару ісінің тәжірибесі» пәндерімен қатар оқытылады.
Студенттер бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек: «Газет ісінің тәжірибесі» атты курсты игеру барысында студенттер газет ісінің ерекшеліктерін, талдамалы жанрларды т.б. білуі керек.
Игеруі керек: «Газет ісінің тәжірибесі» курсын игеру барысында стеденттер білу керек: - Редакцияға, газет концепциясына негізгі талаптарды ажырата алуы. Негізгі ақпараттық жанрларды білуі керек; Қалыптасатын дағдылары: Теориялық білімді меңгеруді, берілген тақырыптар бойынша мәтін жазуды т.б. дағдылануы керек. Әртүрлі жанрларда мәтін құрастыруды, ақпарат жинау мен өңдеудің тәсілдерін меңгеру керек. Курстың құрылымы:
Әдебиеттер тізімі Негізгі: 1. Амандосов Т.С. Публицистика – дәуір үні. - Алматы: Қазақстан, 1974. 2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: - Алматы, Қарасай, 2007. 3. Бөкейханов Ә. Таңдамалы. – Алматы: ҚЭБ редакциясы, 1995. 4. Қазақстан Ұлттық энциклопедия. 1-том / Бас ред. – Ә.Нысанбаев, 1998. 5. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – Алматы: Рауан, 1991. 6. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы. Білім, 2004. 7. Шумилина Т.В. Методы сбора информации в журналистике. – М., 1997. 8. Омашев Н.О. Жол үстінде – журналист. – Алматы, Атамұра, 1999. 9. Рэндалл Д. Универсльный журналист. – Алматы, 1996. 10. Стрельцов Б.В. Основы публицистики. Жанры. – Минск, 1990. Қосымша: 1. Абай шығармалары. Алматы, 1995. 2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Ғылым, 1994. 3. Әл – Фараби, Философиялық трактаттар, - Алматы, 1973. 4. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы, 1986 5. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы: Мектеп, 1981. 6. Дала уалаятының газеті. Құрастырған: Ү.Сұбханбердина. – Алматы: Ғылым, 1994. 7. Йассауи Қ.А. Ақыл кітабы. – Алматы, 1996. 8. Қамзин К.Қ. Е.П.Михаэлистің журналистік қызметі. – Алматы, 2002. 9. Черепахов М.С. Таинство мастерства публициста. – М., 1984. 10. Чертков В.Л. Авторское право в периодической печати. – М., 1990. 11. ҚазҰу хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997-2011. Мерзімді баспасөз материалдары.
БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ: Бағалау критериі (сабақ түрлері бойынша балменен бағалау)
Бағалау шкаласы (%)
Семестр бойынша студент білімін бағалау кезінде мыналар ескеріледі: - сабаққа қатысу, - лабораториялық сабақтарға белсенді қатысу, - МООDLЕ жүйесіне белсенді қатысу, СӨЖ тапсыру; - негізгі және қосымша әдебиеттерді оқу; - үй тапсырмаларын орындау; - СӨЖ орындау; - барлық тапсырмаларды уақтылы орындау (СӨЖ-дің 50 % уақтылы орындамағанда АW бағасы қойылады) Академиялық тәртіп пен этика саясаты Толерантты болыңыздар, өзгенің пікірін құрметтеңіздер. Келіспеушіліктеріңді нақты пішінде білдіріңдер. Плагиат және әділетсіз жұмыстың қай түріне де жол жоқ. СӨЖ тапсыру, аралық бақылау және қорытынды емтихан кезінде біреуге айту, біреуден көшіру, өзге магистранттың орнына емтихан тапсыруға болмайды. Курстың ақпаратын қандай түрде де бұрмалаған магистрантқа «Ғ» бағасы қойылады. Көмек: Өзіндік жұмыстар (СӨЖ тапсыру туралы кеңес, оларды тапсыру және қорғау, сондай-ақ өтілген материалдарға қосымша ақпарат пен оқылатын курс бойынша СӨЖ болатын уақытта кесте бойынша оқытушыға қайырылу керек. Кафедра мәжілісінде қаралды №10 хаттама "27" мамыр 2014ж. Дәріс оқушы: Өзбекова Г.С. Кафедра меңгерушісі: Сұлтанбаева Г.С «Газет ісінің тәжірибесі» пәні бойынша лабараториялық сабақтарға тапсырмалар: 1Л С. Эпистолярлық публицистиканың қалыптасуы. 2. Л С. Хат – эпистолярлық публицистиканың негізгі жанры. 3. Л С. Қазақ ғалымдары мен жазушылары публицистика туралы. 4. ЛС. Журналистиканың публицистикалық жанрлары. 5. Л С. Публицистика жанрларының тілдік, стильдік ерекшеліктері. 6. Л.С. Қазақ публицистикасындағы тәуелсіздік идеясы. 7. Л.С. Қазақ пуңблицистикасының қалыптасуы мен дамуы. 8. Л.С. Қазақстанның танымал газеттерінің бетіндегі публицистика. 9. Л.С. Әлеуметтік ақпарат туралы түсінік. 10. ЛС. Публицистикалық мәтіндерге негізгі талаптар. 11. ЛС. Белгілі Қазақстан публицистерінің тілі мен стилі (студенттің таңдауы бойынша). 12. ЛС. Журналистиканың көркем-публицистикалық жанрлары. 13. Л С. Қазақ теледидарындағы публицистикалық бағдарламалар. 14. Л С. Публицистика журналистік қызметтің негізгі формасы. 15. Л С. Қазіргі публицистикадағы Қазақстан тәуелсіздігі тақырыбы.
Лабараториялық сабақтарды орындауға әдістемелік ұсыныстар: Студенттердің өздік жұмыстары үй тапсырмаларынан, яғни реферат, суреттеме, эссе, конспект, крассворд, есеп шығару, жаттығу және т.б. тұрады. СӨЖ тиімділігі көбінесе оның әдістемелік қамтамасыз етілуімен, Интернет ресурстары және т.б. байланысты болады. Сондай-ақ жазбаша және ауызша тапсырмалар орындалады. Дисскуссия,талдау жасау, аталған ғылыми проблемаға дөңгелек стол өткізу, жобаны қорғау сияқты формалар қолданылады. Пән: « Газет ісінің тәжірибесі » пәні бойынша СӨЖ тапсырмалары және әдістемелік ұсыныстар. Тапсырмалар: 1. Белгілі бір тақырыпта эссе жазу. 2. Рецензия жазуды үйрену. 3. Еркін тақырыпқа мақала жазу. 4. Хат жанрында материал жазу. 5. Фельетон жанры бойынша баспасөз материалдарын табу. 6. Шолу жанрында баспасөзден мысалдар әкелу. 7. Сараптамалық мақалаларды талдау. 8. Газетті суреттік талдау. 9. Журналистикаға дейінгі адамзаттың байланыс құралдарын анықтау. 10. Көркем публицистикалық жанрлардың ерекшеліктерін ажырату.
СӨЖ-ге әдістемелік ұсыныстар: Студенттердің өздік жұмыстары үй тапсырмаларынан, яғни реферат, суреттеме, эссе, конспект, крассворд, есеп шығару, жаттығу және т.б. тұрады. СӨЖ тиімділігі көбінесе оның әдістемелік қамтамасыз етілуімен, Интернет ресурстары және т.б. байланысты болады СОӨЖ тапсырмалары: 1. Эпистолярлық публицистиканың қалыптасуы мен дамуы. 2. Рецензия жанры бойыншща жазба жұмыс орындау. 3. Белгілі қазақ публицистерінің шығармашылық ерекшеліктері. 4. Еркін тақырыпқа мақала жазу. 5. Белгілі бір тақырыпқа конспект жасау. Пән: « Баспасөз және экономика » пәнінен СОӨЖ тапсырмалары:
СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар Студенттер СОӨЖ тапсырмаларын орындау барысында газет-журналдарды теле-радио хабарларды, ақпарат агенттіктері материалдарын, интернет материалдарын қолдана отырып ауызша, жазбаша түрде хабрлама даярлап, мәлімет жинайды. Реферат жазу барысында түрлі оқулықтар мен оқу құралдарын, баспасөз материалдарын пайдаланады. Студент өз жазу стилін байқату мақсатында белгілі тақырыпқа жазба /эссе/ жазады.
Емтихан сұрақтары:
|