Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы





С И Л Л А Б У С

 

 

Пәні: Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелері

мамандық: 5В 030100 «Құқықтану»

оқу формасы: күндізгі

курс: 1

семестр: 1

кредит саны: 2

барлық сағат саны: 90

барлық аудиториялық сағат: 90

оның ішінде:

дәріс: 15

семинарлық сабақтар: 15

ОСӨЖ: 30

СӨЖ: 30

Емтихан:1

 

 

Талдықорған 2014 ж.

Оқытушы жөнінде мәлімет:

Досымбек Айгүл Болатқызы- мемлекеттік және азаматтық- құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Телефон: 8 7773846241

Emal: ab.dosimbek@gmail.com

Консультация сағаттары: ӨЖ

Консультация кестесі бойынша кафедрада

Пән: Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелері

Уақыт: Бекітілген бойынша

Кредит: 2

Пән пререквизитері:(Мемлекет және құқық теориясын меңгеруге міндетті пәндер): Қазақстан тарихы, жалпы тарих, философия.

Пән постреквизитері:(мемлекет және құқық теорясы пәнінен алған білімнің басқа пәндерді меңгеруге қажеттігі): Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығы, ҚР-ның Конституциялық құқығы, Шетелдер Констиуциялық құқығы, Саяси және құқық ілімдер тарихы, Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, Халықаралық құқық.

Пәннің қысқаша сипаттамасы:

Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелері – жоғары заң оқу органдарындағы негізгі пәндердің бірі.

Заң ғылымдары жүйесінде мемлекет және құқық теориясы мәселелеріне баса көңіл бөлу дәстүрге айналдырылған. Бұған ХІХ-ХХ ғасырда жарияланған ғылыми –зерттеу жұмыстарының орасан болуы дәлел.

Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында заңи ойлау, пайымдау, жалпы мәдениет пен құқықтық мәдениетті, заңи кәсіпкерліктің деңгейін жоғары көтеру, заңдылық пен әділетке деген сенімдерді нығайту, сезімдерді жаңаша қалыптастыру және оларды тұрақты түрде дамытып отыру істерінің мәні мен маңызы арта түседі.

Сонымен, құқықтық ұғым түсініктер мен санаттардың қалыптасып үлгерген дәстүрлі пайымдауларын жаңаша ұғыну, оларға заман талабынан туындаған мән және мағына беру, түсіндіру қажает болады.

Сондықтан да, қазіргі мемлекет және құқықты зерттеуде оның негізгі қағидаттарына (принциптеріне), заңдардың бір әрпінің де бұлжытпай орындалуына назарды кеңінен аудару қажет, сонымен бірге заң пәрменінің рухани сипат-қасиетттері мен ерекшеліктеріне болашақ заңгерлерді үйрету, тәніне сіңіру, сөйтіп заңдарды дұрыс түсіну, түсіндіру және қолдану шеберліктерін қалыптастыруға аса көп көңіл аудару күн тәртібіне қойылады.

Пән курсын оқыту және оны студенттерге үйрету ісінде құқықтың өзіне, құқық идеяларына, құқықтың мемлекетпен байланыстылығына көңілді баса аудару қажет болады.

Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелерін оқып үйренудің, оны зерделеудің ең басты мақсаты –құқықтық мемлекет идеясын және құқықтықты жаратылыстық құқық деп ұғу. Осы жаратылыстық құқыққа бағынатын билік институттарының ең бастысы құқықтық мемлекет болып табылады. Жоғарыда келтірілген құқықтық идеялар Қазақстан Республикасы Конституциясы нормаларында баянды етілген.

Бағдарлама мемлекет және құқық мәнін түсінудің жанама жолдары мен амалдарын қолданады және ол пән курсын оқып үйренудің барысында қамтылған көлемді мәселерді есепке ала отырып жасалынды.

Осы бағдарлама мемлекеттік тілде жасалған алғашқы еңбек болып саналады және жоғары заң білімін беру оқу орындарына, қалың бұқара көпшілікке ұсынылады. Сондықтан мұны заң білімдерін оқыту ісін қолға алғанда пайдалануға болады.

Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелерін 1 курс студентіне саяси-кұқықтық мінездеме туралы тусініктердің қалыптасуына, мемлекеттік-құкықтык құбылыстарды қоғамдық өмірде адекватты түрде бағалау дағдыларын қалыптастыруда, олардың маңызын көрсете білуде, әлеуметтік қызметін казіргі Қазақстан қоғамындағы әртүрлі салалардағы өмір қызметінің орны мен рөлін сонымен қатар алған білімдерін әртүрлі тәжірибелік жағдайларда ойдағыдай қолданудағы негізгі міндеттіатқарады.

Қоғамның саяси- құқықтық өмірінің барлық қырларын студенттің меңгеруі мемлекет және құкық теориясы бойынша оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, мақалалар және басқа да қайнар көздерді түпкілікті пайдалану арқылы өтеді. Бұл мәселеде студенттердің кәсіби Құкықтық танымдық қалыптастырушы және заңгерлік қалыпта ойлау мүмкіндігін беретін ғылыми шығармашылықка үлкен мән беріледі.

Курстың мақсаты: Студенттерді Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелері туралы фундаментальді біліммен қамтамасыз ету, мемлекет пен құқықтың әлеуметтік мақсаты және тарихи дамудағы ролін ұғыну, осы білімді басқа бағдарламаны игеруде қолдану.

Студенттер көптеген пәндерді оқудан бұрын, ең алдымен «Заң ғылымы дегеніміз не?», «Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие деген не?» ойлануы қажет. Толық жауапты студенттерге мемлекет және құқық теориясы пәні береді.

Курстың міндеттері: Студент Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие бойынша заң терминдерін білуге міндетті, қоғамдағы мемлекет пен құқықтың роліне баға беруге, құқық нормаларын талқылауға, түсіндіре білуге, қоғам қатынастарын мемлекеттік реттеуге баға беруге міндетті.

Болашақ заңгер қоғамды реттеп, басқаруды жақсартып, дағдарыстан шығу жолдарын іздестіріп, қылмысқа қарсы күресті батыл, табанды жүргізуге, құқықтық білімі мен құқықтық мәдениетін үнемі жоғарлатуға міндетті.

Студент нормативтік құқықтық актілердің иерархиясын құрастыруға, өз біліміне сәйкес келетін рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар жазуға және студенттік ғылыми ізденіспен шұғылдануға тиісті.

Осы пәнді игергенннен кейін студенттер заң ғылымының салалық пәндерін оқып, жақсы түсініп, өз бетінше тұжырымдамалар жасайды дейміз.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтінгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

 

Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.

«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.

СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.

Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.

Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.

 

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

 

Негізгі әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж. (7 қазан 1998 ж. өзгерістермен толықтырулармен)

2 ҚазССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация 25 қазан 1990ж.

3 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. – Алматы, 2007.

4 Алексеев С.С. Проблемы теории государства и права.- М., 2002.

5 Ғ. Сапарғалиев Мемлекет және құқық теориясы.- Астана: Фолиант, 2007

6 Қ. Жоламанов «Мемлекет және құқық теориясы». - Алматы, 2004

7 Е. Баянов «Мемлекет және құқық негіздері», Алматы, 2009

8 С.Д. Баққұлов «Құқық негіздері» Алматы, 2004

9 Қ.И. Оспанов «Құқық негіздері» Алматы, 2009

10 Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы. 2003.

11 Жоламан К.Д., Таукелов А.Н., Мұхтарова А.К. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық.Алматы. «ҚАЗМЗУ» баспасы, 1999

12 Бұлгакова Д.А. Құқық негіздері. Оқулық. Алматы. «Білім».2003

13 Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева. «Мемлекет және құқық теориясы».- Астана: Фолиант, 2007.- 336бет.-

14.Сәбікенов С.Н. Салыстырмалы конституциялық құқық. Өркениет. 2000.

15 Табанов С, А, Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. “Жеті жарғы”. 2003.

16 Өзбекұлы Сәкен. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / С. Өзбекұлы, Ө. Қопабаев.- Алматы: Жетi жарғы, 2006.- 264бет.

17 Теория государства и права: Учебник / Под ред. проф. Лазарева В.В.- М.: Право и закон, 2002.- 576с.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Заң терминдерінің сөздігі. 25000-ға жуық термин= 5-ші басылуы, өңделіп, толықт.- Алматы: Жетi жарғы, 2007.- 832б.

2. Сансызбаев А.М. Конституциялық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысандарының түсінігі. // Правовая инициатива. №7, 2002.

3. Аязбекова Г.А. Құқықтық және мемлекеттің тарихы. // Право и государство. №2 2001.

4. Арғынбаев Д. Құқықтық мемлекет: қалыптасуы мен дамуы. // Саясат. №2, 2005.

5. Әуелғазина Т. Қазақстан қоғамын демократияландыру жағдайындағы саяси әлеуметтендіруді жүзеге асыру мәселелері. // Саясат. №10. 2005.

6. Кендербеков А. Мемлекет, үкіметтік емес ұйымдар және бизнестің өзара ынтымақтастық мәселелері. // Заң. №2 2006.

7. Сартаев С.С. Заманын заңмен зерлеген. // Заң. №8 2005.

8. Рогов И. Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдау. /Заң. 2005.

9. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы.

10. ҚР-ның «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заңы. 24.03.98.

11. Баянов Е. Мемлекеттік қызмет: Оқу құралы Алматы, 2010.- 40б.

12. Баянов Е.. Әкімшілік құқық: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Алматы, 2007.- 408 б.

13 Лазарев В. В. Теория государства и права. М., 1992.

14 Лазарев В. В., Липень С. В. Теория государства и права. М., 1998.

15Лившиц Р. 3. Теория права. М., 1994.

16 Малько А. В. Теория государства и права в вопросах и от­ветах. М., 1997.

17 Малько А. В. Экзамен по теории государства и права: 100 ответов на 100 возможных вопросов. М., 1996.

18 Марченко М. Н. Теория государства и права. М., 1996.

19 Общая теория государства и права. Академический курс в 2-х томах /Отв. ред. М. Н. Марченко. М., 1998.

20.Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық / Қ.Д. Жоламан.- Алматы: Нұр-Пресс, 2005.- 296бет

21. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. 1-ші том: Оқулық /.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264б.

22 Электронная библиотека правоведа Студилова www.studylaw.narod.ru/

23 Herbert Lionel Adolphus Har The Concept of Law Clarendon Press, 1961

24 Ellman, IM (Ellman, Ira Mark)1; Braver, SL (Braver, Sanford L.)2; MacCoun, RJ (MacCoun, Robert J.) Abstract Principles and Concrete Cases in Intuitive Lawmaking, LAW AND HUMAN BEHAVIOR Volume: 36 Issue: 2 P. 96-108, 2012, http://apps.webofknowledge.com

25 Balganesh, Shyamkrishna. The Pragmatic Incrementalism of Common Law Intellectual Property, VANDERBILT LAW REVIEW Volume: 63 Issue: 6 P.1543, 2012, http://apps.webofknowledge.com

26 Vermeule, Adrian. Interpretive choice, new york university law review. Volume: 75 Issue: 1 P, 74-149, 2000, http://apps.webofknowledge.com

Vermeule, Adrian. Common law constitutionalism and the limits of reason. Columbia Law Review. Volume: 107 Issue: 6 P. 1482-1532, 2007. http://apps.webofknowledge.com

 

 

Баға қоюдын критерийлері

 

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: Сабаққа қатысуы ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы семинарлық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары, өз бетінше ізденуі, тапсырмаларды орындауы)   Әр аптада
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4     4апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4     7 апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 Тапсырма 4     11 апта
CӨЖ 4    
Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   14 апта    
Аралық бақылау 1: Сабаққа қатысуы ОСӨЖ тапсырмаларын орындауы семинарлық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары, өз бетінше ізденуі, тапсырмаларды орындауы)     8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға 1+баға 2+баға 3)/3   15 апта

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 923. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия