Ø Қола дәуірі
- Қола дәуірінің хронологиясы: Б.з.б. 2800 – 900 жж.
F Қола дәуірінің кезеңдері:
I. Ерте қола дәуірі: Б.з.б. XVIII – XVI ғғ;.
II. Орта қола дәуірі: Б.з.б. XV – XII ғғ;.
III. Кейінгі қола дәуірі: Б.з.б. XII – VIII ғғ;.
- Қола дәуірі кен өндіру мен металл өңдеу алғаш дамыған кезең;.
- Қола дәуірі: тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең;.
- Қоланың алыну қосындысы: Мыс пен қалайы.
v Қалайы + Мыс = Қола
- Қола дәуірінде негізінен қалайы игерілген өңір: Атасу, Қалба және Нарым жоталары.
- Қола дәуірінде негізінен мыс игерілген өңір: Зыряновск, Жезқазған маңайы.
- Көне заманда Жезқазғаннан 1 млн тонна кен өндіргені туралы мәлімдеген қазақтың белгілі ғалымы: Қ.И.Сәтбаев.
- Қола дәуірінде 1100 тонна қалайы шығарылған кен орны: Шығыс Қазақстандағы Нарым мен Қалба кен орнындары.
R Жұмсақ кен өндірілген: Қайламен омыру арқылы.
R Тығыз (қатты) кен өндірілген: Отпен уату арқылы.
v Еңбек құралдары тас немесе саз балшық қалыптарға құйылып, өңделген.
- Қола дәуірінде кенді қорыту үшін салынған күрделі құрылыстар: Қазандықтар
Ø Андрон мәдениеті
- Қола дәуірінің ең алғашқы ескерткіштері табылған жер: Сібірдегі Ачинск қаласы жанындағы Андроново елдімекенінің маңы.
v Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін тапқан А.Я.Тугаринов 1914 жылы. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С.А.Теплоухов енгізген.
R Қазақстан аумағындағы Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін тапқан: 1927 жылы М.П.Грязнов.
- Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті: Андрон мәдениеті.
- Андрон мәдениетінің тараған аумағы: Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейін, Батыс Сібір орманды алқабынан, Памир тауларына дейін.
- Солтүстік және Батыс Қазақстанда табылып зерттелген Андрон мәдениеті қоныстарының саны: 80-нен астам.
- Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар: Петровка, Боголюбов, Степняк.
v Петровка және Боголюбов қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған.
- Батыс Қазақстандағы қола дәуірінің қонысы: Алексеев.
- Шығыс Қазақстандағы (қола орақ табылған) қола дәуірінің қонысы: Мало-Красноярка.
- Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы: Арқайым
v Нақты орналасқан жері Қостанай облысы мен Челябі облысының; шекарасы.
- Қола дәуіріне тән 30-дан аса қоныс пен 150-ден астам обалар табылған Қазақстан өңірі: Орталық Қазақстан.
R Кейінгі қола дәуірінің ескерткіші Түгіскен орналасқан аймақ: Сырдарияның төменгі ағысы.
v Түгіскен шикі кірпіштен салынған және оған кремация (өлікті өртеу) тән.
- Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері: Тұрақтар, зираттар.
Ø Андрондықтардың шаруашылығы мен кәсібі
- Ерте қола дәуірінде (б.з.б. XVIII – XVI ғғ.) мал өсіру, негізінен отырықшылық, бақташылық түрде болды.
v Андронтықтар тұңғыш рет қыста малды қолда ұстау тәжірибесін енгізді.
- Мал шаруашылығындағы жайлаулық тәсіл дегеніміз: Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
- Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастаған дәуір: Қола.
- Қола дәуірінде тебіндеп жайылуына байланысты саны артқан мал: Қой мен жылқы.
- Тебінді жайылым – бұл малдың қар астынан жем-шөпті аршып жей алуы.
- Түйе қолға үйретілді: Б.з.б. ІІ мыңжылдықта.
v Зерттеу кезінде Орталық, Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері айқын дәлел. Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні, Ақсу-Аюлыдан бота сүйегі, Алексеевка қонысынан түйе сүйектері табылған.
- Андроновтықтардың жер өңдеу құралы: тесе.
- Андроновтықтар айналысқан егіншілік түрі: Теселі егіншілік.
- Теселі егіншілік ең алғаш дамыған кезең: Қола.
- Андроновтықтардың астықты ору үшін қолданған құралдары: Орақ;.
v Қола және мыс орақтар Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік Қазақстандағы Степняк қонысында және Жетісудан жерінен табылған.
- Көкшетау жерінде қола шалғы табылған қоныс: Шағалалы.
- Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең өрістеген түрі: Көзе құмыралар жасау.
- Андрондықтар сүт өнімдері мен етті сақтау үшін: Еденде арнайы шұңқыр қазған.
Ø Андрондықтардың баспанасы
- Қола дәуірінің қоныстары көбінесе орналасты: Өзендердің жағасында, кейде көл жағалауларында.
v Қоныстар, әдетте, 5 – 10, кейде 20 шақты үйден тұрды.
- Қола дәуірінің тұрғын үйлері екі түрге бөлді: Жартылай жертөле үйлер, жер бетіне салынған үйлер.
v Тұрғын үйлердің аумағы 100 м2-ден 300-400 м2-ге дейін жетті.
v Қола дәуірінің ең көлемді баспаналары табылған Орталық Қазақстандағы мекендер: Бұғылы, Ақбауыр, Кент.
- Андрондық жанұяның үйлерінде қасиетті деп санаған орын: Ошақ;.
- Киіз үйдің шығу тегі байланысты: Андрондықтардың жеңіл баспанасымен.
Ø Қоғамдық құрылысы, діни сенімдер
- Қола дәуірі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастаған кезеңі.
- Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі: Тайпа.
- Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындардың қоғамдық құрылысы: Рулық – тайпалық құрылым.
- Қола дәуірінде жеке меншік қалыптасты.
- Рулық ұжымдық меншіктің орнына келген меншік түрі: Жеке меншік.
- Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі: Қола дәуірі.
- Қола дәуірінде қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы: Әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
- Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары: Абыздар.
- Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері: Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың орындалуын қадағалау.
- Қола дәуірінде әр түрлі жыртқыш аңдардың тістерінен жасады: Тұмарша.
- Қола дәуірінде адамдарды жерлегенде басын қаратқан жақ: Батыс немесе Онтүстік-Батыс.
- Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылды: Таңбалы, Жасыбай, Хантау.
- Петроглифтардың көп шоғырланған Жетісудағы ескерткіші: Таңбалы.
Ø Андрондықтардың бет пішіні
- Антропология – адамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым.
- Тарихтың әр кезеңінде белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың түр-түсіндегі ұқсастық, өзгерістерді зерттейтін ғылым: Тарихи антропология.
- Жерімізде ерте заманнан мекендеген адамдардың бет пішіні туралы деректер: Қола дәуірінен басталады.
- «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған» - деп андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттаған академик: Валерий Павлович Алексеев.
- Қола дәуіріне тән бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқылау адам сүйегі табылған Жамбыл облысындағы қорым: Ойжайлау.
- Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін жасаған антрополог: М.М.Герасимов.
- Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген нәсілдер (андрондықтар): Еуропеоид.
Ø Беғазы-Дәндібай мәдениеті
- Қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталды: 1946 жылы.
- Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым: Ә.Х.Марғұлан.
- Орталық Қазақстандағы қола дәуірі үш (3) кезеңге бөлінеді:
v Нұра кезеңі: Б.з.б. XVIII – XVI ғғ.
v Атасу кезеңі: Б.з.б. XV – XII ғғ.
v Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Б.з.б. XII – VIII ғғ.
- Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі: Обалар.
- Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі: Жерлеу орындары құрылыстарының ірілігі.
v Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.
v Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс.
- Андрон мәдениетінің археологиялық символы: Самай сырға және алқа.
v Зергерлік өнері пайда болды: Б.з.б. XVI – XIV ғ.ғ;.