Орталық Қазақстан
38. Қазақтың даласын шығыстан батысқа қарай бөліп жатқан аласа таулар желісі: Сарыарқа. 39. Сарыарқаның батысын қоршаған ойпат: Торғай, шығысын – Тарбағатай. 40. Геродот шығармаларында Орталық Қазақстанды мекендеген ежелгі тұрғындар: Аргиппей, исседондар. 41. Сарыарқаның орталығын мекендеген: Исседондар. v Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік батысын мекендеген: Аргиппейлер. v Сарыарқаның шығысында тұрған: Аримаспылар. 42. Сарыарқаның ерте темір дәуірі ескерткіштері Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. 43. Тасмола мәдениетінің алғашқы ескерткіштері табылған өңір: Павлодар облысы, Екібастұз ауданы Тасмола өңірі. 44. Тасмола мәдениетіне тән ескерткіштер: «Мұртты обалар».
45. «Мұртты обалар» екі жерлеу орнынан тұрады: v Үлкендеу қорғанына адамды жерлеген, кішілеу қорғанына: Мініс атын. 46. «Мұртты қорғандар» көрсететін бағыт: Оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс. v «Мұртты қорғандар», белгілі бір бұрышпен салынған және төрт бағытты көрсетеді. 47. Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» далада: Бағдаршам рөлін атқарған. 48. «Мұртты» обалардың төрт түрі кездеседі. 49. «Мұртты обалар» көп тараған аймақ: Орталық Қазақстан 50. Орталық Қазақстанның ерте темір дәуіріне тән ескерткіштері: «Мұртты обалар». 51. Тасмола мәдениетін қалдырған тайпа: Исседондар. 52. «Мұртты» қорғандардың шығысқа қарай бағытталуы бұл ескерткіштерді салған жұрттың Күнге табынғандығын білдіреді. 53. Ерте темір дәуірінде ерекше сыйлы, ақсүйек адамдардың басына тұрғызылған ескерткіштер: «Мұртты обалар». 54. Жайық пен Ертіс өзендері арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына ықпал еткен: Тасмола мәдениеті.
|