Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

IV. Қозғалыстың қорытындылары





Ø 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері және басталуы

  1. 1907-1912 жылдары Қазақстанға елдің еуропалық бөлігінен қоныстандырылған адамдардың саны: 2 млн 400 мың;.
  2. 1917 жылға қарай Қазақстанда қазақтардан тартып алынған жердің көлемі: 45 миллионнан астам десятина.
  3. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды», – деп жазды: Т.Рысқұлов.
  4. 1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,– деп жазған: А.Байтұрсынов.

? Столыпин реформасының бас кезінде «Санкт-Петербургские ведомости» газеті: «Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...» – деп жазған болатын.

  1. Бәсекелес әскери-саяси блоктар - Үштік одақ; пен Антанта тартысы әкеліп соқтырды: Бірінші дүниежүзілік соғысқа.

v Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттер саны: 38

  1. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: Әлихан Бөкейханов.

v Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін – сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?» - деп жазды.

  1. 1914-1918 жылдардағы Ресей үшін Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі ролі осы оқиғаға байланысты күшейді: Бірінші дүниежүзілік соғыс.

v Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатылып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді (негізінен, азықты) темір жол станциясына тасуға мәжбүр болды.

  1. 1916 жылғы оқиғалар қарсаңында Қазақстанда енгізілген жаңа салық түрі: Әр үйден алынатын соғыс салығы.
  2. 1916 жылғы көтерілістің негізгі себебі: Ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейге жетуі.
  3. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа желеу болған себеп: 19- дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы.
  4. 1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша қара жұмысқа алынатын адамдардың жасы: 19-43.
  5. 1916 жылғы 25- маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиіс адамдар саны: 500 мыңнан астам.
  6. 1916 жылғы патша жарлығына байланысты «...жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылды» - деп айтқан: Мыржақып Дұлатұлы.
  7. 1916 жылғы қозғалыстың қамтыған аумағы: бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір, Кавказдың бір бөлігі.
  8. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың басты қозғаушы күші: Халық бұқарасы.
  9. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты: Отаршылдыққа қарсы.
  10. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың идеясы: Ұлттық тәуелсіздік.
  11. 1916 жылғы 23-тамыздағы үстем тап өкілдерін қара жұмысқа алудан босату туралы құпия жарлық шығарған генерал-губернатор: А.Куропаткин.
  12. Жергілікті әкімшілік, байлар мен мұсылман дінбасыларының балалары босатылды: Патша үкіметіне тыл жұмыстарына адамдар алуға көмектескені үшін.
  13. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан халықтың ең бірінші жасаған іс-әрекеті: Отарлауға дейінгі дәстүрлі басқару жүйесін қалпына келтірді.
  14. Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны: 9.
  15. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Шерубай-Нұра болысында хан болып сайланған: Нұрлан Қияшев.
  16. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Қарашақ болысында хан болып жарияланған: Оспан Шоңов.
  17. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Верный уездінің Жайымтал болысының; ханы болып сайланған: Бекболат Әшекеев.
  18. Болыстық басқару жүйесі қалпына келтірілді, ел бегі – әкім.

v Жасақшы – сот алқасы.

v Қазынашы – қазына билеуші.

v Сардарбек – қолбасшы.

  1. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына байлар мен ауыл старшындарының ұстанған бағыты: Жарлықты жақтап шықты.
  2. 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», – деп жазғандар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов.
  3. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына қазақтың либерал–демократиялық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов) көзқарасы: парасатты ымыраластық тәсілін жүргізді.

F Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бірінші орында ұстады: халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын.

Олар: «қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады» деп қауіптенді.

 

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде ымыраластық тактикасын ұстану арқылы халықты қан төгістен аман сақтауға тырысқан зиялылар өкілі: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов.
  2. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығына революцияшыл–демократияшыл зиялылардың (Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов) ұстанған бағыты: ұлт-азаттық қозғалысқа қатысты.

Ø Қозғалыстың Жетісудағы орталығы

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы: Жетісу.
  2. 1916 жылғы 20 шілдеде А.Куропаткин генерал–губернаторы болып тағайындалған өлке: Түркістан.

v Ол: «Қандай амал болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға» нұсқау берді.

  1. Жергілікті казактардан жазалау отрядын ұйымдастыру үшін казак станицаларын асығыс түрде қару жарақпен қамтамасыз еткен Жетісудың генерал-губернаторы: М.А.Фольбаум.
  2. 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Жетісу көтерілісшілері күш біріктірді: Қырғыз, ұйғыр шаруаларымен.
  3. 1916 жылғы Верный уезіндегі көтерілістің басшыларының бірі: Бекболат Әшекеев.

v 1916 жылғы Мерке ауданындағы Құрақты болысындағы көтерілісті басқарған: Ақкөз Қосанов.

  1. 1916 жылы 10 мыңнан астам қазақ-қырғыз көтерілісшілері қоршаған елдімекен: Тоқмақ;.
  2. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара.
  3. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі Қарқара ошағының басшыларының бірі, болыс, батыр: Ұзақ Саурықов.
  4. Қарқарадаєы көтерілістің жетекшілерінің бірі: Жәменке Мәмбетов.
  5. 1916 жылы Жетісуда орыс шаруаларының ішінен көтерілістің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі: Е.Е.Курев.
  6. Патша үкіметі көтерілістің 12 басшысын азаптап өлтірді, ал Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған көтеріліс басшы: Б.Әшекеев.
  7. Қарқара түрмесінде азапталып өлтірілген, 1916 жылғы көтеріліс жетекшілерінің бірі: Жәменке Мәмбетов.
  8. Патша жазалаушылар қолынан қаза тапқан 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс басшылары: Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов.
  9. 1916 жылғы көтеріліс барысында Жетісуда көтеріліс жасаған ауылдардың Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған халық саны: Екі жүз отыз сегіз мың;
  10. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандарды жазалау кезінде 347 адам атылды, 168 адам жер аударылды: Түркістан өлкесінде.

Ø Торғайдағы көтеріліс орталығы

  1. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліс ерекшеленді: Бір орталыққа бағындырылған басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесімен.

v Әскери іс мәселеріне назар аударып отырған: Әскери Кеңес.

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғай уезіндегі қыпшақ руының көтеріліске шыққан қазақтары хан етіп сайлады: Әбділғафар Жанбосыновты.
  2. Торғайдағы көтерілістің сардарбегі: Амангелді Иманов.
  3. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген: Кейкі батыр.
  4. Торғайдағы көтерілісшілер саны: 20 мың;.
  5. Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшы: А.Иманов
  6. Қазан айының соңында Торғайды15 мың; көтерлісшісімен қоршаған сардарбек: А.Иманов.

v Торғайды ала алмайтын болғандықтан, көтерілісшілер қоршауды тоқтатып: партизандық күрес әдісіне көшті.

  1. 1916 жылғы Торғайдағы көтерілісті талқандау үшін жіберілген экпедициялық корпусқа басшылық еткен: Лаврентьев.
  2. А. Иманов (40) сарбаздары үшін қайғылы аяқталған ұрыс: Доғал-Үрпекте.
  3. Торғайда көтерілісшілерді соғыс ісі шеберлігіне үйретіп, жазалаушыларға қарсы шайқаста қаза тапқан: Никита Кротов.

Ø Қозғалыстың қорытындылары

  • Қоныстандыру саясаты қарқын алған орыс-украин қоныстары мен казак станицалары пайда болған аймақтардағы көтеріліс: орыстарға қарсы сипат алды.
  1. IV Мемлекеттік Думаның мінберінен жазалаушыларды әшкерелеп, патша үкіметін сынға алған: А.Керенский.
  2. «Қарабалықтағы оқиғалар туралы сөз» деген үнқағазын шығарған, Қостанай социал-демократиялық ұйымдардың құрушылардың бірі: С.Ужгин.
  3. Көтерілісшілер жағында шайқасқан кәсіпкер қызы: Софья Вербицкая.
  4. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде және жазалау нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қазақтардың саны кеміді: Жарты миллионға жуық;.
  5. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланыста «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді... Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, әйелі күндіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды» деп жазды: ӘлиханБөкейханов
  6. ХХ ғасырдағы Ресей патша өкіметіне қарсы шыққан қазақ халқының ең соңғы көтерілісі: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 20312. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия