Ø Ағарту ісінің жағдайы
F Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа бағыт алуына да барынша әсер етті.
- ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл: Араб тілі.
- ХІХ ғасырдың басында мектептерде оқытылған діни білімдер: «Әптиек» (Құранның жетіден бір бөлігі), «Шариғат-ұл-иман» («Мұсылман дінінің ережелері»).
- ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын жіберді: Бұхар, Ташкент, Хиуа мен Самарқанға.
- Қазақ жерінде тілмаштар дайындайтын «Азиялық училище» ашылған жыл: 1789 жылы.
- 1789 жылы ашылған Азиялық училищесінде оқытып үйретілген тілдер: монғол, қытай, парсы, маньчжур.
v Басқа да Азия халықтары тілін оқып-үйренген мектеп түлектері – алғашқы сауатты мамандар болып шықты.
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда ашылған әскери училищелерде даярланған мамандар: Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер.
- 1813 жылы Омбыда ашылған әскери училище 1837 жылы: Сібір кадет корпусы болып қайта құрылды.
- 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училище 1844 жылы: Неплюев кадет корпусы болып қайта құрылды.
- 1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала: Орынбор.
- 1831 жылы қыркүйек айының 18-і күні орысша білім беретін училище ашылған қала: Семей.
- 1836 жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала: Өскемен.
- 1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектеп ашылған хандық: Кіші (Ішкі) Орда.
v Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған бұл мектеп қазақ жастарының білімін тереңдетуді ғана емес, хан және Орынбор губерниялық кеңсесі үшін отаршылдық әкімшілікке берілген қызметкерлер даярлауды мақсат еткен.
- 1841 жылы татарша-орысша білім беретін мектепті ұйымдастырушы: Жәңгір хан.
- ХІХ ғасырда теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала: Атырау.
- Орынборда шекаралық комиссияның жанынан қазақтарға орысша білім беретін бірнеше мектептер ашылған мерзім: 1850 жылы.
Ø Қазақстандағы саяси жер аударылғандар
F Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық козғалыс өкілдерінің Ресей империясына қараған шеткі аймақтар өкілімен танысуына себепші болды. Декабристер ісі бойынша жауапқа тартылған 579 адамның 108-і Сібірге, соның ішінде Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды.
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысында «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім», - деп жазған декабрист: М.И.Муравьев-Апостол.
- Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені, Мәскеу университетінің түлегі, этикалық-саяси ғылымдар магистрі: С.Семенов.
v Немістің атақты саяхатшы-ғалымдары Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, қазақ елін, жерін аралады, тұрлықты халықтың өмірімен танысты.
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысқан, «Кіші жүз руларының картасын» жасаған декабрист: В.Вольховский.
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Каспий теңізінің; солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге арналған экспедицияға қатысқан: Г.Карелин.
- 1848-1849 жылдары Арал теңізіне жасалған экспедицияны басқарған: А.И.Бутаков.
- 1867 жылы Мәскеуде жарық көрген «Батыс Сібірді сипаттау» атты еңбектің авторы, қазақ халқы тарихымен айналысқан зерттеуші: И.Завалишин.
- «Іле бекінісіне бару» деген очеркінде қазақ жері, оның шексіз даласы, байлығы туралы тамаша пікірлер айтқан: А.Коровков.
- 1849 жылы М.Петрашевский бойынша ісі тұтқындалып, «Белинскийдің идеясын» таратқаны үшін Сібірге жер аударылған, кейін солдат болып Семейге ауыстырылған: Ф.М.Достоевский.
v Жазушының өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлуінің көрінісі: Археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысуы.
- А.Бутковтың басшылығымен ұйымдастырылған Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін, көшпелі қазақтардың ауыр жағдайын суреттеген, белгілі шығыстанушы: А.Макшеев.
- 1831 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған мұражай арналған: осы өлкенің тұрмысын, тарихын сипаттауға арналған.
- Қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізген: Петрашевшілдер.
Ø Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттей бастуы
- В.И.Дальдің Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттаған шығармасы: «Бөкей мен Мәулен» повесі.
- В.И.Дальдің осы көтеріліс басшыларына жанашырлық білдірді: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына.
v В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенеунік қызметін атқарған.
- Қазақ жерінде болған А.С.Пушкин шығармашылығына арқау болған көтерліс: 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысы.
- А.С.Пушкиннің Орынборда (Қазақстанда) болған жылы: 1833 жыл.
- А.С.Пушкиннің Орынбор қаласында жинаған тарихи материалдары негізінде жазылған еңбегі: «Пугачев бүлігінің тарихы».
- А.С.Пушкиннің Оралда қағазға түсірген поэмасы: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көшпелі қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы: А.Левшин.
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы: А.Левшин.
Ø Қазақ әдебиеті
- Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары: 1804-1846 жылдар.
- 1824-1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор.
v Жәңгір хан Махамбетті өз ұлы Зұлқарнайынның тәрбиешісі ретінде қосып оқуға жіберген.
- Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін Калмыков бекінісінде қамауда отырған жылы: 1829 жыл.
- Халық мүддесіне мейілінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі негізгі тақырып: 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
v Махамбеттің Бөкей Ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі: Баймағамбет сұлтанға арнаған өлеңі.
- Поручик Аитовқа Есет батырдың қолына түскен орыс солдаттарын азат етуіне көмектескен ақын: Махамбет.
- ХІХ ғасырдың бірінші жартысында шығармашылығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын: Шернияз (1807-1867 жж.).
- ХІХ ғасырдыі бірінші жартысында Шернияз Жарылғасұлының; әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.
- 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліске қатысқан, ақындық талабы ерте оянған ақын: Шернияз Жарылғасұлы.
- Жастай екі көзінен айрылып, ақындық өнері күнкөріс болған ақын: Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895 жж).
- Әйгілі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын: Шөже.
- Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов.
- 1822-1895 жылдары өмір сүрген халық ақыны: Сүйінбай Аронұлы.
- Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер: Қаракәстек.