Ø ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
- ХХ ғасырдың басында Қазақстанда негізінен дамыған өндіріс: Кен өндірісі.
- 1893-1895 жылдары салынған, Қазақстан шекарасының біраз жерін басып өткен темір жол: Сібір темір жолы.
- 1893-1897 жылдары салынған, біраз жері Қазақстанның батыс аудандарын басып өткен темір жол: Рязань-Орал темір жолы.
- XX ғасырдың басындағы патша үкіметінің; шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы.
- XX ғасырдың басында Ресей әкімшілігі Орта Азияны экономикалық орталықпен байланыстыру мақсатында салған шойын жол: Орынбор-Ташкент.
- Ұзындығы 1656 шақырым Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді: 1906 жылы қантар.
- 1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент шойын жолында жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мың;.
8. ХХ ғасырдың басында бірнеше шойын жолдарының пайдалануға берілуі Ресейдің шаруашылық жүйесіне Қазақстанның белсене тартылуын тездетті.
- 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция қарсаңындағы 300-400 жұмысшы шоғырланған ірі кәсіпорындар: Успен кеніші, Қарағанды көмір шахтасы, Риддер түсті металлургия өнеркәсібі, Спасск мыс қорыту зауыты.
- 1905-1907 жылдардағы революцияға алғышарт болған мәселелердің бірі: патша үкіметінің аграрлық саясаты.
- ХХ ғасырдың басында қоныстану қоры айналысты: Қазақтардың жерін тартып алумен.
- 1853-1905 жылдар аралығында қазақтардан тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға бөлініп берілген жер көлемі: 4 миллион десятина.
- 1906–1907 жылдар жылдар арасында қазақтардан тартып алынған жер көлемі: 17 млн десятина.
- ХХ ғасырдың басында 15 десятинаға дейін жері барлар жатқызылды: Ауқатты орта шаруаға.
- ХХ ғасырдың басында егістік жері 15 десятинадан асатын егістік жері бар топ: Кулак.
v 1 десятина егістік жері бар – батырақ, 4 десятинаға дейін – өте кедей шаруа, 5-8 десятина – кедей, 10 десятинаға дейін – шамалы орта шаруа.
- ХХ ғасырдың басында Жетісу өңіріндегі орыс шаруаларының арасындағы кулактардың үлесі: 25%.
Ø Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезінде
- XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптастырған оқиға: 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар.
- 1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылған қала: Орынбор.
v М.В.Фрунзенің, В.В.Куйбышевтің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты.
- Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» әсер еткен оқиға: 1905 жылы 9 қаңтарда болған «Қанды жексенбі».
- 1905 жылы Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси ереуілге белсене қатысқан ақын: Міржақып Дулатұлы.
- 1905 жылы 17 қазандағы патша манифесіне қазақтың ұлттық-демократиялық зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы: Әшкереледі.
- 1905 жылы қазан айының 17-де жарияланған патша манифесін әшкереледі: Алаш қозғалысының өкілдері.
- 1905 жылы 18-19 қазанда саяси шеру өткен қала: Орынбор.
v Шеру «Демократиялық республика жасасын!», «Самодержавие жойылсын» деген айқын саяси ұрандарға ұласты.
- Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірген Омбыдағы саяси бой көрсету өтті: 1905 ж. 25 қазан.
- 1905 ж. қазан айында орыс және қазақ жұмысшыларының интернационалдық сипат алған саяси демонстрациясы (бірлескен қарсылығының көрінісі) болған қала: Перовск.
- 1905 жылы Семей облысы губернаторының Қарқаралыдан әскери күш шақыртуына себеп болған (қараша айының 16-18 аралығындағы) оқиға: Пошта-телеграф қызметкерлері ереуілі.
- 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер: Жаркент.
v 1905 жылғы 6-7 қарашада " Верныйдағы Батыс Сібір батольоны.
- 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция кезіндегі қазақ-орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық ірі бой көрсетуі болған жер: Успен (Нілді) кеніші.
v Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі болып саналатын, іс басқарушысы – ағылшын Фелль. Жалақының тапшылығы, жұмыс істеу шарттарының аса ауырлығы, шетел капиталистерінің;, әсіресе ағылшын инженерлері Мессен, Гиббердің қатыгездігі, т.б. жайттар ереуілге себеп болды.
- 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым: «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы».
- 1905 жылы 2 желтоқсанда Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымының атауы: «Орыс-қырғыз одағы».
v Ұйымның қойған басты талаптары: азық-түлікке бағаны төмендету, жалақыны арттыру, жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету, үш сыныптан тұратын орыс-қазақ училищесін ашу, кебір мекеме қызметкерлерін жұмыстан алыстату.
- Оралдағы жұмысшылар қозғалысына қатысып, пролетарлық сыннан өткен,Успен кенішіндегі ереуілді ұйымдастырушалардың бірі: П.Топорнин.
- Успен (Нілді) кенішіндегі ереуілдің нәтижесі: Кеніш иелері жұмысшылардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды.
v Ереуіл 12 күнге созылды, 360 қазақ және орыс жұмысшылары қатысты.
- XX ғасырдың басындағы өлкедегі революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түскен интернационалдық бой көрсету: Успен (Нілді) кенішіндегі оқиға.
- 1905 жылы 13-желтоқсанда жұмысшылар ереуілі өткен жер: Павлодар.
v Батыс-Сібір серіктестігінің Ертіс бөлімінің жұмысшылары митинг өткізді.
- 1906 жылы қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд: Қарқаралы.
v Жетісу облысының Жаркент уезінде, Сырдария облысының Әулиеата мен Шымкент уездерінде.
- Ішкі істер министрі Дурнов қазақ өлкесіндегі қарсылықтарды жаншуға арнайы тапсырма берді: 1906 жылы қаңтар айының 10-ы.
- 1906 жылғы шілде айында болған, Қазақстандағы басты саяси оқиға ретінде саналған ереуіл өткен жер: Семей.
v Алғашында 300, кейіннен ереуілге қатысушылар саны 500-ге жеткен, бұл ереуілдің басты талаптары экономикалық мазмұнда болды. Жергілікті құпия большевиктік топ мүшелері Брудневский, Солодовников ереуілшілердің күшін топтастыруға күш салды.
- Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық қарасында ІІ Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: Ш.Қосшығұлов.
- Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған федералист: М.Тынышпайұлы.
v Оралдан сайланған: кадет А.Бірімжанұлы.
v Семейден сайланған: Х.Д.Нұрекенұлы.
- «Түземдік халық» арасынан Патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар: Ш.Қосшығұлов, А.Бірімжанұлы, М.Тынышпайұлы.
- Семей облысынан Мемлекеттік Думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға («Семипалатинский листок» газетінің редакторы): Н.Я.Коншин.
v Ақмола облысынан " большевик А.Виноградов; Торгай облысынан " Космодемьянский; Жетісу облысынан " М.Гаврилов.
Ø Қазақстан саяси реакция жылдарында
- 1906 жылғы қараша және 1910 жылы Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат бағытталды: Революцияны тұншықтыруға.
v Қоныстанушылар арасынан жер саясатын тереңдету үшін кулак топтары арқылы тірек алуды ойластырды.
- XIX ғасырдың аяғы, XX басында Қазақстан жеріне қоныс аударған шаруалардың басым көпшілігі: Ресейден.
- 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында жергілікті халықтан тартып алған жер көлемі: 45 миллион десятина.
- 1914 жылы Қазақстанда қоныстанған әр тілдес халықтар саны көтерілді: 211 есеге.
- 1914 жылы Қазақстанға қоныстанған әр тілдес халықтардың санының бірден 211 есеге көтерілуінің себебі: Ресейден қоныс аударған шаруалардың есебінен.
- Столыпин аграрлық саясаты нәтижесінде Ақмола облысындағы қазақтардың үлесі: 36,6% (1897 ж. – 61,1%).
v Семейде – 73% (87,9%), Сырдарияда – 62,3% (64,4), Жетісуда – 60,5% (80,4), Торғайда – 58,7 (90,6), Оралда – 56,9% (71,3).
- Қазақстанда ереуілдің кең шарпуына әсер еткен («Туркестанский курьер», «Омский вестник» газеттері хабарлаған) Лена қырғыны.
- І дүние жүзілік соғыс қарсаңында Өскемендегі алтын өндіретін «Николай» және «Основательный» кеніштерінде болған жұмысшылардың ереуілінің қатты болғаны соншалықты, кеніш иелері мәжбүр болды: Талаптарды тақлылау үшін арнайы комиссия құруға.
- «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі өтті: 1911 жылы мамыр.
- Жалпыресейлік саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылатын 1912 жылғы 2-6 қазанда болған ереуіл: Байқоңыр көмір өндірісінде.
- Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл.
- 1915 жылғы мамыр айында кеншілер ереуілі болды: Екібастұз көмір кенішінде.
v Талаптары жағынан саяси ереуіл болды.
- 1916 жылғы тамыз айындағы саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болған ереуіл: Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуіл.
Ø Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- ХХ ғасырдың басында Қазақстанның шикі зат көзі ретіндегі маңызын арттырған: Бірінші дүниежүзілік соғысы.
- 1915 жылы маусым айының 25-інде үкімет бекіткен Ереже: «Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі».
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың бірінші жылында соғыс қажетіне отыз төрт миллион сомның өнімін жіберді: Жетісу облысы.
- 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды: Мақта, ет, жылқы, түйе.
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі.
- 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының көлемі: 600 мың сом.
- 1917 жылға қарай қазақтардан жиналған шаңырақ салығының мөлшері: 1 млн 200 сом.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы: 12-14 сағат.
- ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөспірімдерге (12-14 жастағы балаларға) күніне төленетін еңбек ақысы: 20 тиын.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі: 50%.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әскери тұтқындардың алғашқы топтары әкеліне бастады: 1914 жылдың тамыз айынан бастап.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан жеріне әкелінген тұтқындар: Австрия-Венгрия тұтқындары.
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінген әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болды: Славян тектестер.
- 1914 жылдың тамыз айында тек қана Омбы облысына әкелінген соғыс тұтқындарының саны: 20 000
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскери тұтқындар көптеп жіберілген өңір: Қазақстанның солтүстік-шығыс және оңтүстік аудандары.
v Ақмола облысында 14 мың тұтқын ауыл шаруашылығында пайдаланылды.
- 1915 жылы Автрия-Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер: Риддер кен байыту орны.
- ХХ ғасырдың басында қазақ халқының қоғамдық-саяси, мәдени және әдеби өміріне белсене араласқан өкілдерінің бірі: Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937).
- Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылға дейін: Қарқаралыда мұғалім болды.
- 1909 жылы шілді айында А. Байтұрсынұлыпатша үкіметінің қанау саясатына қарсылық; білдіргені үшін: Семей түрмесіне қамалды.
- Ахмет Байтұрсынұлының Орынборда тұрған уақыты: 1910-1917 жылдары.
74. Ахмет Байтұрсынұлының өлеңі: «Қазақ салты», «Қазақ қалпы».
- 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан ақын: Міржақып Дулатұлы.
- 1913 жылы Орынборда жарық көрген М.Дулатұлының өлеңдер жинағы: «Азамат».
- Міржақып Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген әдеби-публицистикалық туындысы: «Терме».
v 1910 жылы Қазанда «Бақытсыз Жамал».
v 1909 жылы Уфада, 1911 ж. Орынборда «Оян, қазақ!».