Ø Орыс демократиялық мәдениеті
- Орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі: ХІХ ғасырдың екінші жартысы.
- Дүние жүзіне белгілі ғалым, «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты еңбектердің авторы: П.П.Семенов-Тяньшанский (1827-1914 жж).
v ХІХ ғасырдың екінші жартысында Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан-жақты зерттеді.
- ХІХ ғасырдың аяғында Іле алқабын, Жетісуды зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик: В.В.Радлов (1837-1918 жж).
- «Орынбор ведомствасындағы қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан-жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: Л.Мейер.
- «Сібір қырғыздарының облысы» атты еңбектің авторы: М.Красовский.
- «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты еңбектің авторы, қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген: А.Добросмыслов.
- ХІХ ғасырда қазақ халқы тақырыбы шығармашылығында белгілі орын алған украин халқының ұлы ақыны: Т.Г.Шевченко.
- Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары: 1847-1857 жылдар.
- Т.Г.Шевченконың қазақ; және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым».
v Т.Г.Шевченконың тұрмыстың шындық жақтарын бейнелеген суреттері: «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар».
- Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл: 1845 жылы.
- Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының тамаша бір көрінісі: Абай мен Е.П.Михаэлистің қарым-қатынасы.
Ø Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары: 1835-1865
- Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхаммед-Қанапия.
- Шоқан Уәлихановтың ата-тегі: Ақсүйек Шыңғыс тұқымы.
- Шоқан Уәлихановтың туған жері: Құсмұрын бекінісі.
- Шоқанның атамекені Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір: Сырымбет.
- Шоқанның сана-сезімінің ерте оянуына ықпал еткен: Әжесі Айғаным.
- Шоқан Уәлихановтың оқыған Омбы қаласындағы оқу орны: Сібір кадет корпусы.
v Декабрист И.Завалишиннің бағасы бойынша, бұл оқу орны – «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы».
- Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусында білім алған жылдары: 1847-1853 жылдар.
- Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусын бітірген кездегі жасы: Он сегіз.
- 1853 жылы Сібір кадет корпусын бітірген Шоқанның әскери шені: корнет.
- Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ: П.П.Семенов-Тяньшанский.
- Шоқан Уәлихановтың Құлжаға барған жылы: 1856 жыл.
v Шоқан Қытаймен екі ел арасындағы сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізді.
- Шоқан Уәлиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма: «Манас».
- 1856 жылы Шоқан Уәлихановтың топографиялық және картографиялық деректерде сипаттаған көлі: Ыстықкөл.
R Шоқан Уәлиханов орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды: 1857 ж. 27 ақпан.
- Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапары: 1858-1859 ж. Қашқар саяхаты.
- Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашғар сапарынан туған еңбегі.
- Шоқанның Петербургте болған жылдары: 1859-1861 жж.
- Шоқанның досы, аса көрнекті орыс жазушысы: Ф.М.Достоевский.
- 1864 жылы Шоқан Уәлихановтың генерал Н.Черняевтің әскери экспедициясы құрамында басып алуға қатысқан бекініс: Әулиеата.
- Әулиеата бекінісіндегі алудағы генерал М.Г.Черняевтың әділетсіздігіне налыған Шоқан Уәлихановтың Верныйға қайтқан жылы: 1864 жыл.
- Ш.Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский инвалид» газетінде ақырғы еңбегі жарияланған жыл: 1865 жыл.
- Шоқан Уәлиханов қайтыс болған жер: Алтын Емел.
Ø Қазақстандағы халық ағарту ісі
- Түркістан статистикалық комитеті құрылған жыл: 1868 жыл.
- Семей облыстық статистикалық комитеті ашылған жыл: 1878 жылы
- 1878 жылы ашылған Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшесінің бірі: Абай Құнанбайұлы.
- 1883 жылы қоғамдық кітапхана ашылған облыс: Семей.
v Алғашында кітап қоры 260 томнан тұрды.
v ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақысыз пайдаланатын қоғымдық кітапханалар ашылған қалалар: Торғай, Орынбор.
- ХІХ ғасырдың аяғында жер аударылғандар бастамасымен кітапханалар ашылды: Орал, Верный, Семей, Омбы.
- 1861 жылы орыс-қазақ мектебі ашылған қала: Троицк.
- 1867-1868 жылғы Уақытша Ережеге сай ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық: Өз еріктерімен қаржы жинауға.
v Мұсылман дін өкілдері ауылдарда мешіт жанында мектептер ашу үшін уездік басқармадан ерекше рұқсат алуы қажет болды.
- Ісламдік мектептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» жарияланған жыл: 1867 жылы.
- 1883 жылы тұңғыш қазақ мұғалімдік мектеп ашылған қала: Орск.
- Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде бекітілді: 1870 жылы 26 наурыз.
v Ережеге сай мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндетті деп табылды.
- 1870 жылы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медресеге қабылданушының жасы: 16-ға дейін.
- 1870 жылғы мұсылман мектептері туралы «Ереже» бойынша медреселердің оқу жылы осы айлар аралығында болды: Мамыр- тамыз.
- Медресені бітіргендер өз білімдерін жалғастырған діни оқу орындары орналасқан қалалар: Бұхара мен Ташкент.
- Түркістан генерал-губернаторы Розебахтың мәліметі бойынша 1888 жылы өлкедегі медресе саны: 206 медресе.
v 3 660 мектеп, 4 000 мұғалім, 49 мыңдай оқушы.
- ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылған: Түркістан генерал-губернаторлығына.
v Орал мен Торғай облыстарындағы оқу орындары бағындырылды: Орынбор оқу округіне.
v Семей мен Ақмола облыстарындағы оқу орындары қарады: Батыс Сібір оқу округіне.
- 1896 жылы Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны: 50-ге жуық;.
- Петербург университетінің заң факультетін бітірген, Семей облысынан шыққан алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері: Жақып Ақбаев.
- 1897 жылғы қазақ халқының арасында сауатты қазақтардың үлесі: 10%.
v Кеңес заманында отарлық кезінде қазақтардың сауаттылығы екі пайыздан (2%) аспады деген жалған қорытынды көрсеткен.
- ХІХ ғасырда Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп: Білімді ұстаздардың жетіспеуі.
- Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландырумен жұмыс істеді: 1910 жылға дейін.
Ø Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы
- Ыбырай Алынсариннің өмір сүрген жылдары: 1841-1889 жылдар.
- Ыбырай Алтынсарыұлы ХІХ ғ. ІІ жартысындағы көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог.
- 1844 жылы әкесінен айрылған Ыбырай Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балқожа бидің;.
- Ы.Алтынсарыұлы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген: 1857 ж.
v Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В.Григорьевпен жақындасты.
- Ыбырай Алтынсарыұлы Орынбор бекінісінде қазақ мектебін ашты: 1864 жылы.
- 1879 жылы Ыбырай Алтынсарыұлы мектеп инспекторлғына тағайындалған облыс: Торғай облысы.
- Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ұйымдастырған қала: Ырғыз.
v Ыбырай – қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы.
- Ыбырай Алтынсаринның орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған оқу құралы: «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық», «Қырғыз хрестоматиясы».
v Ы.Алтынсарыұлының бұл оқу құралдары құрастырылған: Орыс алфавиті негізінде.
- Ы.Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына әсерін тигізген Сібірде, Орта Азияда және Қазақстанда миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы: Н.И.Ильминский.
- Ыбырай Алтынсарыұлы «Қыпшақ Сейтқұл» атты әңгімесі арқылы уағыздаған шаруашылық түрі: Егіншілік.
- Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары: 1845-1904 жылдар.
- Абайдың дүниеге келген жері: Семей облысының Шыңғыстау өңірінде.
- Абайдың шын есімі: Ибраһим.
v Абайдың шыққан руы: тобықты.
- Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны: Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
- Абайдың Семейде оқыған оқу орны: Ахмет Риза медресесі
- Абайдың оқуын аяқтатпай еліне әкесі Құнанбайдың алып кету себебі: Ел билеу ісіне тартқысы келді.
- Абайдың ұлы Әбдрахманның Петербургте бітірген оқу орны: Петербургте Михайлов артиллерия училищесі.
- Абайдың нақыл сөздері берілген шығармасы: «Ғақлиялар».
- А.Құнанбайұлы тоғыз жыл басқарған болыс: Шыңғыс болысы.
- Білімді де талантты Әбдірахманның (1895 жылы), одан кейінгі сүйікті баласы Мағауияның (1904 жылы) құрт ауруынан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақынның өзі қайтыс болды.
Ø Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
- «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы: В.Верещагин.
- Суретші Н.Хлудовтың; шығармалары: «Көш», «Мал айдау», «Отынға бару».
- 1896 жылы жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдардың көрмесі өткен қала: Петропавл, Көкшетау.
- Париждегі дүниежүзілік көрмеге қазақ зергерлерінің заттары, ұлттық киімдер қойылған жыл: 1868
- 1872 жылы қазақ музыка аспаптары қойылған көрме өткен қала: Мәскеу.
F ХІХ ғасырдың екінші жартысы – көрнекті халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.
- ХІХ ғасырда өмір сүрген шертпе күйдің негізін салған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 жж.).
v Алғаш домбыра тартуды үйренген: әкесінің інісі Әлиден.
v Тәттімбеттің шығарған күйлерінің саны: 40-тан астам.
- Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі: «Бестөре».
- 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы.
- ХІХ ғасырдағы аса көрнекті күйші, сазгер, аспаптық музыканың (күйдің) классигі: Құрманғазы Сағырбайұлы.
- Құрманғазы Сағырбайұлының өмір сүрген жылдары: 1818-1889 жж.
- Құрманғазы Сағырбайұлының дүниеге келген жері: Бөкей ордасының Жиделі деген жері.
- Күй атасы Құрманғазының алғашқы ұстазы: Ханбазар.
- Құрманғазының орындаушылық шеберлігінің шыңдалуына ықпал еткен: Байбақты, Байжұма, Баламайсаң;, (Соқыр Есжан, Шеркеш).
- Құрманғазының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі: «Кішкентай».
- Құрманғазы Сағырбайұлының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі: «Сарыарқа».
- Құрманғазының би күйі: «Балбырауын», «Қызыл қайын».
- Құрманғазының бізге дейін жеткен күйлерінің саны: 60
- Құрманғазы Сағырбайұлының шәкірттері: Дина, Сүгірәлі, Шора, Көкбала (Ерғали Есжанұлы, Меңдіғали Сүлейменұлы).
- Күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы: Дәулеткерей Шығайұлы.
- Дәулеткерей Шығайұлының өмір сүрген жылдары: 1820-1887
v Дәулеткерей ақсүйектер тобынан шықты.
- Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен азаттық күрес: 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс.
- Дәулеткерейдің орыс музыкасындағы әскери марштар әсерімен шығарған күйлері: «Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр».
v Дәулеткерейдің қырыққа жуық; күйі сақталған.
- 1834-1897 жылдары өмір сүрген атақты сазгер, әнші, ақын: Біржан Қожағұлұлы.
- Біржанның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің; дами түсуіне әсер еткен: 1865 жылғы Абаймен кездесуі.
- Біржанның алғашқы әндерінің бірі: «Біржан сал».
- Біржанның ыза-кекке толы, өз заманының азулы өкілдерін сынауға арналған өлеңі «Жанбота».
v Біржанның бізге жеткен әндерінің саны: 40-қа жуық;.
v Біржанның Сарамен айтысы – Біржанның суырыпсалма ақындық талантын елге танытты.
- Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер, ақын-публицист: Жаяу Мұса (1835-1929 жж).
v Өзі шығарған 70-ке жуық; әннің барлығының сөздерін өзі жазған.
- Жаяу Мұса Байжанұлының әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына әсер етті: Декабристер мен петрашевшілдер тарихы.
- 1860 жылы Жаяу Мұса Шорман балаларының жаласымен: Тобылға жер аударылды.
v Екі жылдан кейін өз еркімен әскерге алынды. Генерал М.Г.Черняев отрядының құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысты. Генералдың қазақ-өзбектерге жасаған озбырлығына шыдамай, еліне қашады.
- 1843-1913 жылдары өмір сүрген ақын, сазгер, дарынды күйші: Ақан сері Қорамсаұлы.
- Ақан серінің әндері: «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша».
- 1843-1916 жылдары өмір сүрген күйші, сазгер, қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаудың асқан шебері: Ықылас Дүкенұлы.
- Ықылас Дүкенұлының тәкаппар патша шенеуніктерін мен менменсіген байларды сынап шығарған күйі: «Жарым патша».
v Ықыластың баласы Жүсіпбек оның «Қорқыт» сияқты туындыларын кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді.
R ХІХ ғасырдағы аса үздік сазгер-сыбызғышы: Сармалай.
Ø Ресей азаттық қозғалысының өкілдері Қазақстанда
- 1863-1864 жылдардағы Польшадағы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқандар жер аударылған аймақ: Сібір.
- ХІХ ғасырдың екінші жартысында поляктардың көп бөлігі жер аударылған өлке: Орынбор.
- ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақ жеріне айдалған поляктардың құрамындағы 50% құрайтын әлеуметтік топ: Дворяндар.
v Мещандар – 20%, шаруалар – 21%.
- ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды Ресейге танытудағы кең тараған Г.Зелинскийдің; поэмасы: «Қырғыз» («Қазақ»).
- ХІХ ғасырдың 60 жылдарында поляк күресі өкілдерінің ішіндегі ерекше көзге түскені: С.С.Гросс.
v Польша азаттық күресінің Семей жерінде болған белгілі өкілі: С.С.Гросс.
v С.Гросс Семей облыстық статистикалық комитеті арқылы «Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар» деген тақырыпта құнды зерттеу дайындады.
- ХІХ ғасырдың 40 жылдары Абайдың әкесі Құнанбаймен жүзбе-жүз кездескен поляк: Адольф Янушкевич.
- Абай Құнанбайұлымен және оның туыстарымен жақын таныс болған поляктар: С.С.Гросс, А.Янушкевич.
- Польша азаттық күресінің өкілі Адам Бяловский Семей облысында айналысты: Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен.
- ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанға жер аударылған революционерлер: Э.Сташинский, Б.Шварц, Ц.И.Тэраевич, (М.Д.Муравский, Л.Мурашкин, А.В.Пржегодский).
v Азаттықты аңсаған Ресейдің және шетелдердегі оқу орындарында білім алған, саяси көзқарастары жағынан патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күрескен әскери немесе басқа да қоғамдық ұйымдардың белді мүшелері болатын.
- Қазақстанның Далалық губернаторларына саяси жер аударуды тарату туралы арнайы шешім шықты: 1881 жыл 29 тамыз.
- «Халықшыларды» Қазақстанға жер аудару жаппай етек алған кез: ХІХ ғасырдың 80-жылдарында.
v Халықшыларды Қазақстанға жер аудару «ұйқыда жатқан» өлкенің қоғамдық өмірін бірқатар жандандырды.
- ХІХ ғасырдың аяғында саяси жер аударудың; басты орталығы болған қалалар: Семей және Ақмола.
- ХІХ ғасырдың соңында Ресейден саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі: Шығыс және Орталық Қазақстан.
- Қазақстанда өлкені зерттеуде ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер құрылды: ХІХ ғасырдың 80-жылдарында.
- 1884 жылы саяси жер аударылғандардың; ұсынысы бойынша Семей облыстық статистикалық комитетіне мүше болып сайланған: Абай Құнанбайұлы.
- Абайдың 1900 жылы статистикалық комитеттің басылымында жарияланған «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар» еңбегінде көтерген мәселе: Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтау.
- Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтау мәселелсін тұңғыш көтерген: Абай Құнанбайұлы.
- ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда тұңғыш өлкелік баспасөздің қалыптасуына қол ұшын бергендер: Саяси жер аударылғандар.
- ХІХ ғасырдың аяғында жергілікті баспа ісін алға бастыруда талмай еңбек еткен азаттық қозғалыс қайраткері: Н.Я.Коншин.
- Қазақстанды зерттеу үшін құрылған экспедицияны басқарған статист әрі азаттық қозғалыстың өкілі: Федор Андреевич Щербин.
- 1898 жылы алғашқы томы жарық көрген «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» атты еңбектің негізін құрастыруда қажетті деректерді жинап, мәтінін жазуға белсене қатысқан белгілі қазақ ғалымы: Ә.Бөкейханов.
- Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген (Ертіс пен Алтай зерттеушісі): Е.П.Михаэлис.
- Батыс Сібір генерал-губернаторының тапсырмасына сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зертеп, карта дайындаған оқымысты: Е.П.Михаэлис.
Ø ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті
- ХХ ғасырдың басында (1905-1910 жж.) қазақ ауылдарының саяси сауаттылығының дамуында маңызды рөл атқарды: Баспа жұмысының басталуы.
- ХХ ғасырдың басында қазақ кітаптары негізінен басылып шыққан қала: Қазан.
- ХХ ғасырдың басында кітап басып шығару қолға алынған қалалар: Орал, Омбы, Орынбор, (Семей).
- ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда үлкен орын алған журнал: «Айқап».
- ХХ ғасырдың басында ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған газет (баспа): «Степной край».
v «Қазақ» газеті, «Кирнизская степная газета», сонымен қатар Қазақстанмен іргелес қалаларда басылып шыққан «Сибирская жизнь» газеті.
- Абай Құнанбайұлының; шығармалар жинағының ресми баспадан шықты: 1909 жылы.
- «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Адасқан өмір» өлеңдерінің авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров.
- С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған тамаша туындысы: «Қамар сұлу».
v «Шұғаның белгісі» – Бейімбет Майлин,
v «Қалың мал» – Спандияр Көбеев.
- Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығармашылық мұрасы ерекше орын алатын тұлға: А.Байтұрсынұлы.
- 1911 жылы Орынборда басылған Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы: «Маса».
- «Қазақ» газеті шығып тұрған мерзім: 1913-1917 жылдардың аралығында.
- 1913-1917 жылдар аралығында «Қазақ» апталық газетінің редакторы болған: А.Байтұрсынұлы.
- «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының ресми басылымына айналған уақыт: 1917 жыл шілде.
- КСРО дәуірінде кертартпа ұлтшыл буржуазияшыл басылым ретінде сипатталып келген басылым: «Қазақ» газеті.
- XX ғасырдың басында демократияшыл, ағартушылық, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде танылған: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж).
v Орыс географиялық қоғамының; Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып сайланған.
- Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған, аса дарынды шәкірті: Шәкәрім.
- Ш.Құдайбердіұлының ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан кітабы: «Мұсылмандық шарты».
- ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының; шығармасы: «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі».
- Ш.Құдайбердіұлының ғашықтық жыры: «Еңлік – Кебек».
- Ш.Құдайбердіұлының шығармаларының қатарына жатпайтын еңбек: «Қазақ салты».
- Ауыз әдебиетінің алыбы, суырып салма ақын: Жамбыл Жабаев.
- Халық дастандарын ел арасында уағыздауға, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ халқының ұлы ақыны: Нұрпейіс Байғанин.
- ХХ ғасырдың басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала: Музыка мәдениеті.
- ХХ ғасырдың басында «қазақтың бұлбұлы» атанған әнші: Майра Шамсутдинова.
- ХХ ғасырдың басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы: Естай.
- ХХ ғасырдың басындағы «Гәкку» әнінің авторы: Үкілі Ыбырай.
- «Көңілашар» күйінің авторы: Дина Нұрпейісова.
- 1906 жылы патша үкіметі қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелерінің Қазақстанға әсері: Орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады.