Ø Қазақстан аумағындағы соғыс қимылдары
- Азамат соғысы – ол: Мемлекет ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы.
- Азамат соғысы болған жылдар: 1918-1920 жылдар.
- Азамат соғысының басталуына себеп болған: Большевиктердің демократияға қарсы саясаты.
- 1918-1920 жылдары азамат соғысында большевиктерге қарсы шыққан топ: Ақтар.
- Азамат соғысы жылдарында ақгвардияшылармен бір топта болған: Алашорда.
- Ақгвардиялық «Сібір үкіметін» ресми түрде таныған: Алашорда үкіметі.
- Азамат соғысының басталуында үлкен рөл атқарған бүлік: Чехославак корпусының бүлігі.
- Азамат соғысы басталған кезде ақгвардияшыларға көмек ретінде Иран мен Каспий өңіріне енген әскер: Ағылшын әскерлері.
- Петропавлды ақ легионерлер басып алды: 1918 жылы мамырда.
- 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов басып алған қала: Орынбор.
- 1918 жылы маусымда Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстыратын теміржолды кесіп тастаған әскери қолбасшы: А.Дутов.
- Ақ легионерлер Көкшетауды, Ақмоланы, Омбыны, Павлодарды, Семейді, Қостанайды басып алды: 1918 жылы маусымда.
- 1918 жылы қараша айында «Сібір армиясының» Екінші Жеке Дала корпусы Жетісу майданына атаман Аннековтың дивизиясын жіберудегі мақсаты: Ташкентті басып алу.
- Кеңестердің Түркістан мен Қазақстанда құрған әскери бөлімдердің атауы: «Мұсылман бөлімдері».
R 1918 жылы алғашқы кеңестік үлгілі қазақ кавалеристік полкі құрылды: Бөкей Ордасында.
v Қазақстан жерінде ротадан ірі емес әскери бөлімдер құру туралы шешім қабылданды.
- Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау көрініс берді: 1920 жылы.
- 1920 жылдың соңына қарай Қазақ Әскери Комиссариаты Бөкей ордасында, Орал және Торғайда құрған әскери бөлімшелер саны: 37.
17. 1920 жылы (Азамат соғысы жылдарында) Дала өлкесінің төтенше комиссары: Ә.Жангелдин.
- Азамат соғысы жылдарында Торғай уезінің әскери комиссары: Амангелді Иманов.
v Қазақ атты әскер бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі: Біржан Қаратаев.
R Лениннің тапсыруымен Ақтөбе майданына қару жеткізу экспедициясын басқарған: Әлибі Жангелдин.
- Қызыл армия Орынбор мен Оралды басып алды: 1919 жылғы қантар айында.
- Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан тұлға: Өтеп Ыбыраев.
v Ой болысында партизан жұмысын басқарған: Кәкімжан Саркин.
- Қостанай уезінде астыртын жұмысты ұйымдастырған үш революцияға қатысушы, Қостанай төтенше комиссиясының төрағасы: И.Эльбе.
v Мәскеудегі Қазан қарулы төңкерісіне қатысушы М.Г.Летунов, Қара теңіз әскери флотының бұрынғы матросы Г.И.Муляр, Торғай депутаттар Кеңесінің мүшесі К.М.Иноземцев, әскерден қайтқан А.Жиляев.
- Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарған: Черкасск қорғанысы (1918 жылғы маусым–1919 жылғы қазан).
v 1919 жылғы тамызда Черкасск қаласын қорғауға көмектесу кезінде қаза тапқан әскери қолбасшы: Емелев.
- Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді: Қазақстандағы Колчак әскерлерін талқандау.
- Колчак әскерлерін талқандау міндеті жүктелген Шығыс майданының Оңтүстік тобының; қолбасшысы: М.В.Фрунзе.
- 1919 жылғы маусымда Уфаны азат еткен: М.В.Фрунзе басқарған әскери топ.
- 1919 жылғы шілдеде Оралды азат етуге 25-Чапаев дивизиясымен бірге қатысқан: Қазақ атты әскер бригадасы.
- 1920 жылғы 5 қантарда Түркістан майданының әскерлері азат еткен қала: Атырау.
- Орал майданы жойылды: 1920 жылғы 5 қантарда.
- Азамат соғысы жылдарында атаман Аннековтың бұйрығымен «Монғол» кемесінде тірідей өртелген Өскемен уездік Кеңесінің тұңғыш төрағасы: Яков Ушанов.
- 1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданның 5-армиясының қолбасшысы: М.Н.Тухачевский.
- 1920 жылғы наурызда Семей облысының солтүстігінің ақгвардияшылардан азат етілуі нәтижесінде жойылған майдан: Жетісу майданы.
- Азамат соғысының кескілескен қырғынында қаза тапқан адамдар саны: 8 млн.
Ø Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
F «Әскери коммунизм» саясаты жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосып, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді.
- Азамат соғысы кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын Орталық Ресеймен байланыстырған темір жол: Александров-Гай – Ембі темір желісі (1919 жылғы желтоқсан).
- Азамат соғысы барысында азық-түлік салғырты енгізілді: 1919 жылғы қантар.
- «Әскери коммунизм» кезеңінің бір іс-шарасы: Еңбек армияларын құру.
- 1920-1921 жылдары қазақ өлкесіндегі еңбек армиясының қатарында болған адамдар саны: 6 мыңға жуық;.
- Азамат соғысы кезінде Қазақстанда мұнай өндіру 1913 жылмен салыстырғанда қысқарды: 4 есе.
v Қарағандыда көмір өндіру қысқарды: 5 есе.
- Азамат соғысы жылдарында бір өзі ғана мемлекетке 6 млн. пұтқа жуық астық тапсырды: Қостанай уезі, Ақмола, Семей облыстары.
- 1921 жылдың ақпан айында 25 мың адамнан тұратын отряд Кеңес өкіметіне наразылық білдірді: Петропавлда.
v 1921 жылдың наурыз айында Сапожков отрядының қаруланған 10 мыңнан астам бүлікшілері әрекет етті: Орал губерниясында.
- Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді: Кеңестер алаш қатарындағы буржуазиялық мамандарды өзіне тарқысы келді.
- Азамат соғысының барысында алаш зиялыларының Кеңес өкіметі тарапына өтуіне ықпал еткен: Контрреволюция мен интервенция тарапынан қатыгездік пен зорлықтың күшейтілуі.
- БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы: «Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысына қатысқан қырғыздар (қазақтар), сондай-ақ қырғыздардың бұрынғы ұлттық «Алашорда» үкіметінің мүшелері өздерінің бұрынғы контрреволюциялық қызметі үшін ешқандай қуғынға салынып, жазаға тартылмауға тиіс».
- БОАК 1919 жылғы 14 сәуірдегі қаулысы бойынша «Алашорда» үкіметінің мүшелеріне амнистия жарияланды.
- 1919 жылы «Төңкеріс және қазақтар» деген мақала жазған қазақ зиялысы: А.Байтұрсынов.