Комовский насосы.
Тақырып. Топырақ микрофлорасы Сабақтың мақсаты. Топырақтағы бактериялардың, саңырауқұ- лақтардың жəне актиномицеттердің сандық; құрамын тексеруді үйрену. Бақылау сұрақтары 1. Топырақта қандай микроорганизмдердің түрлері кездеседі? 2. Топырақта кездесетін аэробтар мен анаэробтарды анықтау үшін қандай қоректік орталар қолданылады? 3. Топырақтағы микроорганизмдердің жалпы санын қалай анықтайды? Сабақтың мазмұны Топырақ микроорганизмдердің дамуы үшін қолайлы табиғи орта болып есептеледі. Онда органикалық жəне минералдық заттар мөлшері жеткілікті, қажетті реакция мен ылғалдылық бар, оттегімен қамтамасыз етілген жəне тіклей əсер ететін күн сəулесінен қорғалған. Топырақ микробтарға бай келеді жəне олардың таралуының біоден – бір көзі болып табылады. Топырақтағы микроорганизмдердің аэробты минералды органикалық заттардың мөлшері 1 г зерттелетін топырақтағы оның; өнімділігін анықтауға көмектеседі. Топырақта кездесетін аэробты микробтарды зерттеу үшін көбінесе əмбебап қатты қоректік орта ет – пептонды агар қолданылады. Бұл қоректік орта Петри аяқшасының түбіне қатқан кезде тығыз пластинка түзеді, бұл аэробтарды санау үшін қолайлы. Бұл əдісті қолдану үшін микроорганизмдерді санау барысында 1 г зерттелетін топырақты алып заласыздандырылған сумен 10000 – 100000 жəне т. б. Дəрежеде яғни түзілген колонияларды санау қолайлы болу үшін сүйылтады. Бактерияларды себу үшін топырақты сұйылту дəрежесі ондағы органикалық; заттардың санына жəне оның іріп – шіру жағдайына, температурасына жəне т. б. байланысты болады. Студенттердің өзіндік жұмысы Бір грамм топырақ үлгісін ішінде 99 мл залалсыздандырылған суы бар колбаға салады. Осы колбадан 1 мл сұйылтындыны алып ішінде 9 мл залалс,ыздандырылған суы бар пробиркаға құяды. Сонда сұйылту дəрежесі 1: 1000 болады. сұйылтуды осылай жүргізе береді. Сұйылтындыны дарялау үлгісі - 1 г топырақ + 99 мл залалсыздандырылған су – 1. 100 - 1 мл сұйылтынды 1: 100 + 9 мл залалсыздандырылған су 1: 1000 - 1 мл сұйылтынды 1: 1000 + 9 мл залалсыздандырылған су - 1: 10000 - 1 мл сұйылтынды 1: 10000 + 9 мл залалсыздандырылған су - 1: 100000 Соңғы сұйылтындыдан 1 мл алып Петри аяқшасына құяды оның үстіне 45°С дейін балқытып салқындатылған 10 – 15 мл ЕПА – ды құйып шайқай отырып, жақсылап араластырады да тегіс жерге қояды. Қоректік орта қатқан соң, аяқшаны төңкеріп термостатқа қояды, 3 – 4 күн өткеннен соң, шыққан микробтар колониясын санап, алынған санды сұйылту дəрежесіне көбейтеді. 100°С температурады қыздырылған топырақ езіндісін шайқап оны тұндырады, ірі кесекшелері тұнған кезде, пастер түтікшесі арқылы лайланған сұйықтықтан алып, залалсыздандыру ережесін сақтай отырып, Китт – Тароцци ортасы бар пробирканы түбіне жібереді. Пробирканың сыртына жазып, оны термостатқа қояды. Одан соң өсіп шыққан микроорганизмдер колониясын санайды. Сабаққа қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар Топырақ езіндісі, 45°С балқытылған салқандатылған ЕПА, Китт – Тароцци ортасы, топырақ үлгісі, пастер түтікшесі, градуирленген түтікшелер, Петри аяқшалары, спиртовкалар,
|