Алмастырады.
в) аудағы оттегін химиялық тəсілмен, мəселен арнаулы пробиркадағы пирогаллолдың сілтілі ерітіндісі (10% - ті сілті ерітіндісі мен пирогаллолдың қосылысы) арқылы сіңіріп алу. г) аудағы оттегін биологиялық тəсілмен алу үшін жабық; герметикалық түтікшеде аэробтар мен анаэробтар қосып себеді. Алдымен аэробтар өседі. Олардың əсерінен аяқшадағы оттегі таусылғаннан соң анаэробтар өсе бастайды. Анаэробтарды өсіруге арналған кеңінен таралған бірден – бір қоректік орта Китт – Тароцци ортасы болып саналады. Бұл орта ет – пептонды сорпадан 0,5% глюкозадан жəне ауаны сорып алу үшін бауыр кесекшелерінен немесе ет фаршынан тұрады. Оның бетіне ауа өткізбеу үшін вазелин майын құяды. Анаэробтарды себу үшін алдымен ортаны регенирациялайды, яғни оттегін айдап шығу үшін қайнатады. Студенттердің өзіндік жұмыстары 100° С температурада қыздырылған топырақ езіндісін шайқап оны тұндырады, ірі кесекшелері тұнған кезде, пастер түтікшесі арқылы лайланған сұйықтықтан алып, залалсыздандыру ережесін сақтай отырып, Китт – Тароцци ортасы бар пробирканың түбіне жібереді. Пробирканың сыртына жазып, оны термостатқа қояды. Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар Топырақ езіндісі, Китт – Тароцци ортасы, пастер түтікшелері, спиртовкалар, пробиркада тіктеп қатырылған балқытылған ЕПА,
|