Сумен шаяды.
7. Қосымша 5% - ті 3 минуттай уақыт бояйды. 8. Сумен шайып кептіреді. Микроскоптық бейне: спора – қызыл түске, вегетативтік клеткалар – көк түске боялады. Студенттердің өзіндік жұмыстары 1. Грамоң жəне грамтеріс бактериялар өсінділерінің қоспасынан жағынды даярлау. 2. Жағындыны грам əдісі бойынша бояу. 3. Жануарлардың ішкі мүшелерінен даярлаған препаратты Михин əдісі бойынша бояу. 4. Препарат даярлау жəне спора түзетін бактерияларды меллер əдісі бойынша бояу. Қажетті материалдар мен құрал –жабдықтар Генценвиолет, иодталған спирт, Пфейрфер фуксині, Леффлер көгі, хорм қышқылының сулы ерітіндісі, күкірт қышқылының ерітіндісі, Циль фуксині, бактериялар өсіндісі, СТИ вакцинасымен зақымдалып өлген ақ тышқандардың ішкі мүшелерінен дайындалған препараттар, спора түзуші бактериялар өсінділері, стафилакоктар мен ішек таяқшаларының пробиркадағы қоспасы. Тақырып: Аэробты микробтарды өсіру əдістері Сабақтың мақсаты: Бактерияларды қатты жəне сұйық орталарда өсіру əдістерін меңгеру Жаттығу сұрақтар 1. Қоректік орталарды атаңыз? 2. Жасанды қоректік орталарды не үшін қолданады? 3. Қоректік орталарды даярлауға қойылатын талаптар. 4. Аэробтар дегеніміз не? 5. Қатты жəне сұйық орталарға себінді себу тəртібі. Сабақтың мазмұны Бактерияларды өсіру үшін қоректік орталар даярланады. Қоректік орталардың құрамында бактериялардың өсуіне қажет заттар: азот, көміртек, сутек, оттегі, фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темірден тұратын неорганикалық қосылыстар, микроэлементтер болуы керек. Бұл элементтердің барлығы микроорганизм оңай сіңіретін түрінде болуға тиіс. Микроб оттегі мен сутегін негізінен клеткаға келіп түсетін судан алады. Микроб қоректік заттарды қоректік ортаның белгілі бір рН-да ғана сіңіреді. Өйткені микроб клеткасының қабырғасының; өткізгіштігі ортаның рН-на байланысты болады. Микроб клеткасында қоректік заттар эндоферменттердің əсерінен өзгеріске ұшырайды. Энергияның басты көзі катаболиттік реакция болып
|