Студопедия — Техникасы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Техникасы.






Микроскоп – көзге оңай көрінбейтін объектілерді зерттеуге

арналған оптикалық аспап. Микробиологияда микроскоп көмегімен

тірі жəне алдын ала жансыздандырылған микроорганизмдер

клеткаларын боялған жəне боялмаған күйінде тексереді.

МБР – 1 немесе Биолам Р – 1 микроскопының құрылысы.

МБР – 1 микроскопының механикалық бөлігі заттық үстелі бар

штатив орналасқан екі бұранда винттің көмегімен горизонтал

жазықта жылжи алады. Препараттағы кез келген нүктені көру

аймағының ортасына ығысып əкелуіне көмектеседі. Үстел бетіне

объектіні қысып ұстап тұратын екі қысқышы (клеммасы) бар.

Заттық əйнек астында штативке конденсорлық кронштейн,

штативтің жоғары жағына тубусты ұстап тұрғыш бекітілген, ол

штатив бекітілген механизм көмегімен тубусты 50 мм тік көтеріп,

одан соң төмен түсіріп тұруға жəрдем етеді. Бұл механизм

макрометр жəне микрометр винттердің айналуынан қозғалысқа

түседі. Сөйтіп, зерттейтін объектілерді анық көрсетуге мүмкіндік

туады. Сағат тілінің айналысына осы винттерді бұрағанда тубус

ұстағыш төмен түседі, ал оған керсінше айналдырғанда жоғары

көтеріледі. Тубус ұстағыштың жоғары жағында өз осінен айналып

тұратын револьер бар. Оның тесігінде объективтер мен тубус

бекітіледі.

Микроскоптың оптикалық бөлігі окуляр, объектив жəне

жарық бергіш қондырғыдан тұрады. Жарық бергіш қондырғыға

айна жəне заттық əйнектің астына орналасқан диафрагма мен

конденсор жатады. айна екі жақты жəне қозғалып тұрады, бір жағы

дөңес, екінші жағы ойыс болады. күн сəулесі түскенде дөңес бетін,

ал жасанды жарық ойыс бетін қолданады.

Конденсор екі линзадан тұрады. Ол арқылы айнадан

шағылыстырып келген сəуле конденсацияланып препараттың тегіс

бетіне бағытталады.

Күн сəулесімен препаратты қарағанда конденсор заттық

əйнекке дейін көтеріліп қойылады. Ал жасанды жарық болғанда ол

препарат орналасқан жерде жарық көрінетіндей деңгейде

төмендетіледі. Жарық күштілігі конденсордың астында орналасқан

диафрагмамен реттеледі. Ол рычаг күшімен адам көзі сияқты

ашылып – жабылып тұратындай етіп жасалған. Объектіні көру

үшін тубус екі жүйемен қозғалтылады. Алғашқы көру үшін

макровинтті қолданады. Соңғы нəзік болады. сондықтан онымен

жұмыс істегенде аса сақтық керек.

Объективтер микроскоптың ең маңызды бөлігі, ол оның

оптикалық қуаттылығын көрсетеді. Объектив металл қорапқа

орналасқан линзаның екі жүйесінен тұрады. Ең бастысы сыртқы

линза. Оның фокустық қашықтығына объективтіңүлкейткіштігі

байланысты. Объективтің үлкейткіштік шамасы оның сыртқы

қорабына жазылған. МБР – 1 микроскопының 8,40 (құрғақ) жəне 90

(иммерциялы) рет үлкейтетін объективтіктер болады.

Микроорганизмдерді зерттегенде үнемі иммерсиялы немесе

майға батып тұратын объективтерді қолданады. Бұл үшін объектив

пен заттық əйнек арасына самырсын (кедр) майы тамызылады.

Сонда препарат шынысы – самырсын майы – объектив шынысы

болып біртұтас көру жүйесін түзеді. Осының арқасында барлық

сəуле сынбай жəне бағытын бөгде жаққа өзгертпей объективке

бірден бағытталады. Да ұсақ объектілердің көрінуін анақұрылым

жақсартады.

Объективтер тубустың төменгі бөлігі, яғни, револьверге

бұралады. Микроскоптың жалпы үлкейткіштігін білу үшін

объективтің жəне окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке

үлкейткіштеріне көбейтеді.

Окуляр екі көздік (жоғары жағы) жəне жинаушы (төменгі

жағы) линзалардан тұрады. Окулярдың негізгі міндеті объектив

жіберген кесіндіні үлкейту. 5, 7, 10, 12, 15 жəне 20 есе үлкейтетін

окулярлар болады. Мысалы, алынған объектив көрсеткіші 90х,

окулярдікі 7х болса, онда үлкейту – 630 есе деген сөз.

Микроскоптау ерекшеліктері мен иммерсиялық жүйеде

жұмыс істеу техникасы:

- Микроскопты алдымен жұмысқа дайындайды. Ол үшін 8 есе

үлкейтетін кіші объективті қояды. Конденсорды жоғары

тірелгенше көтереді. Айнаны қойып, окулярға қарай отырып,

айнаны айналдырып ең күшті жарықты табады. жарықтың

күшін конденсордың көмегімен бəсеңдетеді.

- Алдын ала дайындалған препараттың үстіне самырсын майын

тамызып, заттық үстелге қояды.

- Иммерсиялық объективті (90х) қойып, көзбен бақылау жасай

отырып, оны самырсын майының тамшысына ептеп түсіріп

заттық əйнектен жанастырады.

- Одан соң окулярға қарай отырып макровинттің көмегімен

боялған фон көрінгенше тубусты ептеп көтереді.

- Макрометрлік винтпен зерттелетін объектіні жақсы көрінгенге

дейін реттеп келтіреді. Заттық үстелді қозғай отырып бірнеше

көру алаңын қарап шығады.

Микроскоптау біткеннен соң тубусты көтереді, револьверді

айналдырады. Иммерсиялық объектив линзасындағы майды

сүзгіш қағазбен тазалайды да, оны арнайы фланель матамен

жақсылап сүртеді. Микроскопты қалпақ астына немесе

матадан тігілген қаптамамен жауып қояды.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Биологиялық микроскоптар, самырсын майы, əр түрлі

бактериялардан даярланып боялған препараттар.

Тақырып. Бактериялар морфологиясы

Сабақтың мақсаты:1. Бактериялардың негізгі пішіндерімен

танысу.

2. Морфологиялық белгілеріне қарай

бактерияларды

ажырату

Бақылау сұрақтары

1. Бактерия дегеніміз не?

2. Бактерия клеткасының тұрақты жəне тұрақсыз мүшелерін

атаңыз.

3. Сыртқы пішініне байланысты бактериялар неше топқа

бөлінеді?

4. Боялған препараттан бактериялардың негізгі пішіндерін

зерттеу.

Сабақтың мазмұны

Бакетриялар пішінінен қарай кок, таяқша жəне ирек тəрізділер

болып бөлінеді.

Коккалар (гр. Kokkos - дəн) - дөңгелек пішінді. Олар

бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде

топқа бөлінеді. Микрококтар - Micrococcus – коктар бір

жазықтықта бөлінеді жəне бөлінгеннен соң клеткалар шашырап

орналасады. Диплококтар – Diplococcus (гр. Diplos - екі жақты) –

бір жазықтықта бөлінетін коктар жəне бөлінген соң олардың

клеткасы жұптап орналасады. Стрептококтар - Streptococcus (гр.

Streptos - тізбек) – бір жазықтықта бөлінген соң, клетка арасында

байланыс қалады жəне тізбек тəрізді орналасады. Тетракоктар -

Tetracoccus (гр. Tetra -төрт) – перпендикулярлы екі жазықтықта

бөлінген соң тетрада түзеді, яғни төрттен орналасады. Сарцина –

Sarcina (лат. Sarcio -біріктіремін) – 3 перпендикулярлы жазықтықта

бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады.

Стафилококтар - Staphylococcus (гр. Staphyle - жүзім шоғыры) –

реттсіз бағыттарда бөлінгеннен кейін клеткалар жүзім шоғыры

тəрізді орналасады.

Таяқшалар. Бактерияның цилиндрлі түрі (гр. Bacteria -

бактерия, лат. Bacillum - таяқша) көпшілік бактерияларға тəн.

Таяқша тəрізді бактериялар эндоспора түзетін (Bacillus, Clostridium)

жəне түзбейтін (Pseudomonas, Xanthomonas, Chromobacterium)

болып бөлінеді. Таяқша тəрізді бактериялар ұзындығы, көлденең

диаметрі бойынша жəне орналасу қасиетіне байланысты бөлінеді.

Ұзын таяқшалар (3 мм артық), мыс, Bacillus megaterium - шірік

бактериясы, Clostridium botulinum - ботулизм қоздырғышы, C.tetani

қоздырғышы, қысқалары - 1 мкм (ішек бактерияларының тобы)

жəне өте қысқалар (1 мкм-ден қысқа), ұзындығы клетка диаметрін

сəл жоғарлатады, сондықтан коккобактериялар деп аталады

(Yersinia pestis - оба қоздырғышы, Brucella abortus - бруцеллез

қоздырғышы, Francisella tularensis - туляремия оқздырғышы).

Көлденең диаметрі бойынша олар жіңішке (Mycobacterium

tuberculosis - туберкулез қоздырғышы, M.lepra қоздырғышы жəне

қалың (Bacterium subtilis - таяқша, Escherichia coli - ішек таяқшасы,

Clostridium perfringens - газды гангрена қоздырғышы) болады.

Таяқшаның ұшы домалақ, дизентерия, оба), шеті кесілген (сібір

жарасының қоздырғышы), ұшты (Cytophaga), қалың (дифтерия

қоздырғышы) болып бөлінеді. Таяқшалар бір-біріне ұқсас болып

келеді (Serratia marcescens - тамаша таяқша), 2 клеткадан

(диплобактерия немесе диплобациллдар, мысалы, Pseudomonas),

тізбекті (стрептобактериялар немесе стрептобациллдар, мысалы,

Bacillus mycoides - типтік топырақ бактериясы, B.anthracis - сібір

жарасының қоздырушысы). Кейбір таяқшалар бір-біріне бұрыш

астында орналасады, Χ;, ұқсас денелер түзеді, мыс,

артробактериялар, коринебактерилар, нокардибактериялар,

микобактериялар.

Бактерияның спиральді түрі клетканың мөлшері жəне ирек

сандары, ұзындығы, қалыңдығы бойынша ерекшеленеді.

Вибриондар (лат. Vibrar e - тербелу, дірілдеу) иілген таяқша немесе

үтір тəрізді, мысалы, Vibrio cholerae - холера қоздырғышы.

Спириллалар (лат. Spiro - иіліс) спиральді иілген клеткалар,

көлденең диаметрі үлкен жəне ұзын иірілімдерінің саны аз,

мысалы, Spirillum volutans - сапрофитті бактериялар, S.minus -

патогенді спирилла.

Спирохеталар (лат. Spira - иіліс, гр. Chaite - жал) жіңішке,

спиральді иілген клеткалар. Олар сыртқы қабықтан,

протоплазматикалық цилиндрден жəне аксиальді жіптен тұрады.

Аксиальді жіптер протоплазматикалық цилиндрді орап, клетка

ішілік құрылымды құрайды (периплазматикалық кеңістікте

орналасқан). Спирохетаның аксиальді жіптері бактерия

талшықтарының аналогы болып табылады. Спирохетаға мысал

болатын Spirochaeta plicatilis – тұщы, теңіз суларының қарапайым

мекендеушісі. Treponema pallidum – сифилис (мерез) қоздырғышы,

T.macrodentium - тіс спирохетасы (тіс жегісі кезіндегі ауыз қуысын

мекендеуші).

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Таяқша, кок жəне ирек тəрізді бактериялардан жасалынған

дайын препараттарды микроскоп арқылы қарап, олардың

морфологиясымен танысып, жұмыс дəптерлеріне суретін салу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Микроскоптар, шар тəрізді, таяқша тəрізді жəне ирек тəрізді

бак териялар препараттары, самырсын майы.

Сабақтың тақырыбы:Саңырауқұлақтар морфологиясы. Зең

саңырауқұлақтары жəне дрожжылар

Сабақтың мақсаты:Кейбір зең саңырауқұлақтардың (мукор,

аспергилла, пеницилла) жəне

дрожжылардың

морфологиясымен танысып, суретін салу

Бақылау сұрақтары

1. Зең саңырауқұлақтарының морфологиясының жəне көбею

ерекшеліктері

2. Дрожжылардың морфологиясының жəне көбею ерекшеліктері

3. Зең саңырауқұлақтары мен дрожжылардың өндірістік маңызы

4. Зең саңырауқұлақтары мен дрожжылардың зиянды жақтары

Сабақтың мазмұны

Саңырауқұлақтар дегеніміз əртүрлі субстарттардың бетінде

өсетін хлорофилсіз микроорганизмдер. Саңырауқұлақтар

клеткасының жеке ядросы бар, сондықтан оларды эукариоттарға

жатқызады. Зең саңырауқұлақтары қоректік ортаға талғампаз емес,

бірақ олардың көбісінің өсуіне оттегі қажет. Төменгі температураға

төзімді, тоңазытқыш камераларында да өсе береді.

Саңырауқұлақтар арасында сапрофиттермен қатар паразиттер де

кездеседі. Олардың көбісінің өндірістік маңызы зор, яғни

органикалық қышқылдар, ферменттер, антибиотиктер, витаминдер

жəне ірімшіктің кейбір түрлерін өндіруде қолданады. Ал

кейбіреулері тағамдық өнімдердің жəне өндірістік тауарлардың

ақауларына əкеліп соқтырса, енді біреулері өсімдіктердің,

жануарлардың, адамдардың ауруларын тудырады.

Көптеген саңырауқұлақтардың денелері өзара шиеленіскен

жіңішке бұтақталған жіпшелерден тұрады. Жіпшелер гифтер, ал

олардың шиеленісуінен пайда болған саңырауқұлақ денесін

мицелий деп атайды.

Саңырауқұлақтар бір клеткалы жəне көп клеткалы болып

бөлінеді. Бір клеткалы саңырауқұлақтардың бұтақталған мицелийлі

бір ғана клеткадан тұрады, ал көп клеткалы саңырауқұлақтардың

гифінде аралық перделер болады. Олар бірнеше жолмен көбейеді.

Көпшілігінде көбеюге қажетті арнаулы мүшелер бар. Негізінен

саңырауқұлақтар споралар арқылы көбейеді. Саңырауқұлақтарда

спора түзілу жынысты жəне жыныссыз жолдармен жүреді.

Жыныссыз жолмен көбейгенде спора ерекше гифтердің ұшында,

яғни конидий тасымалдаушылар мен спорангий

тасымалдаушыларда пайда болады.

Көбею қабілетіне байланысты саңырауқұлақтар жетілген жəне

жетілмеген болып бөлінеді. Жетілген саңырауқұлақтар жынысты

да, жыныссыз да жолмен көбейе алады. Жетілмеген

саңырауқұлақтар жынысты жолмен көбеюге қабілетсіз болады.

Дрожжылар бір клеткалы, қозғалмайтын организмдер.

Клеткаларды дөңгелек, сопақша жəне элипс формалы. Cырты

қабықпен қапталған. Олар протоплазмадан тұрады жəне

микроскоппен анық көрінетін ядросы бар. Клеткалары əр түрлі

қосындылардан тұрады. Май тамшылыры, волютин жарықты күшті

сындырады. Сонымен бірге гликоген, белокты заттар, ұсақ жылтыр

дəн түйршіктері түрінде жəне клетка шырынына толы вакуольдер

кездеседі. Дрожжылар табиғатта кең тараған: топырақта, піскен

жемісте жəне өсімдіктердің жапырақтарында. Көптеген

дрожжылардың шаруашылықта жəне өндірістерде маңызы зор. Ал

бір жағынан олар тағамдардың бұзылуына əкеліп соқтырады.

Дрожжылардың техникалық маңызы олардың қантты этил спирті

мен көмір қышқыл газына ыдырату қабілетіне байланысты.

Дрожжылардың маңыздылығы олардың құрамында белок

жəне кейбір витаминдердің мол болуында.

Дрожжылар көбіне жыныссыз жолмен көбейеді. Бұл процестің

нəтижесінде сыртқы бетінің кейбір жері ісінеді де, бүршіктердің

пайда болуына əсер етеді. Бүршіктің өсу деңгейіне байланысты

аналық клеткамен қосылған жерінде қалқа түзіледі де, бірте бірте

жуандап, жас клетка аналык клеткадан бөлініп шығады.

Дрожжылардың бүршіктену процесі, көбінде анаэробты жағдайда

жəне жеткілікті мөлшерде қоректік заттар қоры болған кезде

жүреді. Қоректік заттар мөлшері азайғанда жəне О2 жеткілікті

кезінде дрожжылардың жынысты көбейуі басталады. Жыныстық

көбею кезінде екі клетка қосылып кетеді. Жаңадан түзілген

зиготадан клетка дамиды да, олардан көбінде спора пайда

болады. Дрожжылардың арасында спора түзбейтін түрлері де

кездеседі. Сондықтан дрожжылар спора түзетін жəне спора

түзбейтін болып екіге бөлінеді. Дрожжылар моносахаридтерді

(глюкозаны, фруктозаны) жəне дисахаридтерді (сахарозаны,

мальтозаны) ашытады, азоттың көзі ретінде пептондар,

аминқышқылдар жəне аммонийлі тұздарды пайдаланады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Дрожжы жəне зең саңырауқұлақтар өсінділерінің жаншылған

тамшысынан даярланған боялмаған препараттарды микроскоптың

аздап күңгірттенген аясында микроскоптау. Дрожжы клеткасының

жəне зең саңырауқұлақтары құрылысының суретін салу.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Микроскоптар, дрожжылар мен саңырауқұлақтар

өсінділерінен даярланған препараттар (жапқыш əйнекпен

жаншылған), саңырауқұлақ жəне дрожжылар культуралары.

Тақырып. Актиномициттердің морфологиясы

Сабақтың мақсаты:Актиномициттер морфологиясын

микроскоптау

арқылы зерттеп, жұмыс дəптерлеріне суретін

салу

Бақылау сұрақтары

1. Актиномицеттердің құрылысы, көбеюі жəне ерекшелігі.

2. Актиномицеттердің өндірістік маңызы

3. Актиномицеттердің зиянды жақтары

Сабақтың мазмұны

Актиномицеттердің аталуы латын сөздерінің (Actis – сəуле,

myces – саңырауқұлақ) негізінде шыққан.

Актиномицеттердің __________негізгі тіршілік ортасы – топырақ. Олар

гетеротрофтар, яғни дайын органикалық қосылыстармен

қоректенеді, соның нəтижесінде олар табиғаттағы зат алмасу

процесіне қатынасады. Актиномицеттердің басым көпшілігі

сапрофиттер, бірақ адамдар мен жануарлар организмінде

актиномикоз ауруын туғызатын өкілдері кездеседі. Олар тағамдық

өнімдерде де кездесіп олардың бұзылуына əкеліп соқтырады.

Актиномицеттердің денесі саңырауқұлақтарға ұқсас,

тармақталған жіпшелерден – мицелийлерден тұрады. Кейбір

актиномицеттердің мицелийлері бөлінген кезде таяқша тəрізді жəне

сферикалық бактерияларға ұқсас клеткаларға бөлінеді.

Актиномицеттер грам оң, клеткалары қозғалмайды, көбі

түсіне байланысты əр түрлі пигменттер түзеді жəне спорамен

немесе жай бөліну арқылы көбейеді. Кейбір актиномицеттердің

мицелийлерінің ұшында бірнеше спорасы бар спороносецтер пайда

болады.

Топырақта тіршілік ететін актиномицеттердің көпшілігі

клеткаларының пішіні мен түстеріне, спороносецтерінің

құрылысына жəне антибиотиктерді түзуіне байланысты бірнеше

топқа бөлінде.

Жоғарғы сатылы актиномицеттердің көбісінің антибиотик

продуценті ретінде маңызы зор.

Студенттердің өзіндік жұмыстары

Актиномициттер культурасынан жасалған, боялған

«жаншылған тамшы» даяр препаратты микроскоппен қарау. Ол

үшін препаратты 90х объективпен аз ғана күңгірттенген фонда

қарайды. Препараттың суретін салады.

Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар

Микроскоптар, заттық шыны, жапқыш əйнек, Пастер түтігі,

актиномицеттің сұйық культурасы

Тақырып. Бактериялар өсінділерінен препарат даярлау, жай бояу

əдісі.

Сабақтың мақсаты: Қатты сұйық ортада өсірілген бактериялар

өсінділерінен препарат даярлауды үйрену.

Бақылау сұрақтары

1. Қатты жəне сұйық орталарда өсірілген бактериялар

өсінділерінен препараттарды қалай даярлайды?

2. Тірі бактериялардан препарат қалай даярланады жəне

қандай мақсатта бактерияларды тірі күйінде зерттейді?

3. Бактерияларды жай əдіспен бояу дегеніміз не жəне қандай

мақсатта бактерияларды жай əдіспен бояйды?

Сабақтың мақсаты

Микроорганизмдерді микроскопиялық зерттеу үшін олардан

тірі жəне өлтірілген күйінде, боялған жəне боялмаған əр түрлі







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2944. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия