Алуды игеру.
Бақылау сұрақтары 1. Микробтар «өсіндісі» дегеніміз не? 2. «Таза өсінді» дегенімізне? 3. Таза өсіндіні бөліп алудағы мақсат. 4. Таза өсіндіні бөлін алудың қандай əдістері бар? Сабақтың мазмұны Таза өсінді дегеніміз микробтың жеке колониясынан бөлініп алынған микроорагинзмдердің бір түрі. Колония деп микробтың; бір түрінің көбеюінің нəтижесінде алынған микроорганизмдер жиынтығы. Таза өсінді бөлу кез келген бактериологиялық зерттеудің; міндетті түрдегі этапына жатады. Таза өсінді зерттелетін микробтың морфологиялық, культуральдық, биохимиялық;, биохимиялық жəне антигендік қасиеттерін анықтау үшін қажет. Аралас микрофлорадан таза өсінді бөліп алудың тəсілдері өте көп. Соның ішінде көп тарлағаны зерттелетін материалдан қоректік ортаның бетінде оқшауланған колониялар алу мақсатында микроорганизмдерді механикалық əдіспен бөлу əдісі. Сонымен қатар бөліп алатын микроорганизмдердің өсуін стимулдайтын элективті қоректік орталар қолданылады. Микробтардың кейбір түрлері сыртқы ортаның белгілі бір факторлардың əсеріне жоғары сезімталдық танытады. Микробтардың осы қасиеттерін таза өсінді бөліп алу кезінде аралас микрофлораның кейбір өкілдерін жою үшін қолданады. Бұл əдіспен көбінесе жоғарғы температураға төзімді спора түзуші бактерияларды бөліп алады. Патогенді микробтардың таза өсіндісін басқа микробтармен ластанған патололгиялық зағадаттан бөліп алу үшін кейде сол микробқа бейім зертханалық жануарларды зақымдайды. Кохтың ең танымал əдісінің бірі, бұл таза өсінді мен жекелеген колонияларды бөліп алумен сипатталады. Таза өсіндіні бөліп алу үшін, ауаны микробиологиялық зерттеу кезінде алынған микроорганизмдердің жекелеген колонияларын қолданады. 1. Қоректік ортада микробтарды механиалық жолмен айыру принциптеріне негізделген. Бұған мыналар жатады. 1.1. Сериялап (пластинкалы) сұйылту əдісі 1.2. Үш пластинкалы сұйылту əдісі 1.3. Дригальский (Петри аяқшасына фракциялап себу) əдісі 1.4. Линднер əдісі – бір тамшы бір клетка болатындай
|