Талаптар.
6. Тауық эмбрионының зертханалық жануарлардан артықшылығы. 7. Тауық эмбрионын зақымдау. 8. Клетка өсіндісі дегеніміз не? Олардың түрлері. 9. Клеткаларды вируспен зақымдау. Сабақтың мазмұны Вирустарды қолдан өсіріп, көбейту дегеніміз оларды жасанды жағдайларда. Жануарлар организмінде, тауық эмбрионында, жəне организмнен бөлек өсетін клеткаларда өсіріп, көбейту деген сөз. Вирустарды зертханалық жағдайларда қолдан өсіру үшін белгілі бір шарттар қажет: вирустарды көбейтуге арналған клеткалар, тауық эмбриондары жəне вирусты көбейтуге арналған организмдер өздерінің жағдайына сəйкес болуы қажет. Сонда ғана вирустардың осы аталған ортаға бейімделуі тезірек болады. Қазіргі кезде вирустарды көбейту үшін; зертханалық; жануарлар, тауық эмбриондары, клетка өсінділері, қолданылады. Зертхана жануарлары дегеніміз тəжірбие жасауға арнайы питомниктерде немесе зертханаларда өсірілетін əр түрлі ұсақ; малдар. Олар жұқпалы ауруларға балау қою, неше түрлі патологиялық жағдайларды, оған қарсы қолданатын дəрілерді, диогностикалық сарысуларды, вакциналарды тексеру үшін жəне клетка өсіндісін алу үшін керек. Зертханалық жануарлардың ішінде вирусологияда жиі қолданылатындары; ақ тышқандар, атжалмандар, егеуқұйрықтар, қояндар, теңіз шошқалары,
|