Осы пробиркадан 1 см
3 – ін алып екіншіге құяды да жақсылап араластырады, сонда 1:100 сұйылтынды алынады. 4. Екінші пробиркадан 1 см 3 – ін алып екіншіге құяды да жақсылап араластырады, сонда 1:200 сұйылтынды алынады. 5. Үшінші пробиркадан 1 см 3 – ін алып екіншіге құяды да жақсылап араластырады, сонда 1:400 сұйылтынды алынады. 6. Төртінші пробиркадан алынған 1 см 3 – ін төгіп тастайды. 7. Барлық пробиркаларға 0,05 см антиген құяды. 8. Осындай сұйылту дəрежесінде алдын ала белгілі оң жəне теріс қан сарысуларымен бақылау қойылады, антигенді физиологиялық ерітіндіге құйып жəне физиологиялық ерітіндімен қояды. 9. Пробиркалар орналастырылған штативтерді 16 – 20 сағатқа 37 - 38°С температурадағы термостатқа қояды. Одан соң; бөлме температурасында 1 сағат ұстайды. Студенттердің өзіндік жұмыстары АР анықтау жəне оның нəтижесін жазып қою. Анықтау алдында бақылауды тексереді. Реакцияны қараңғы фонда немесе сəулені қайта шағылыстыру үшін пробирка түбін айнаға таяп қояды. Пробирка түбінде түйме сияқты антиген түнбасы түзілсе, онда қан сарысуының оң болғаны. Сілкілегенде бірқалыпты эмульсия түзіледі. Өте оң реакцияны - + + + + Оң реакцияны - + + + Күдікті реакцияны - + + Өте күдікті реакцияны – «+» Теріс реакцияны – «+» деп белгілейді. Қажет материалдар мен құрал – жабдықтар АР қоюға арналған компаненттер 0,5 – ті карболды физиологиялық ерітінді, тексерілетін жануарлар қан сарысуы, антиген, бақылау қоюға арналған оң жəне теріс қан сарысулары, пробиркалар, түтікшелер, штативтер. Тақырып. Преципитация реакциясы (ПР) Сабақтың мақсаты: Преципитация реакциясын қою
|