Бактерия фагы.
2. Ұсақ бляшкалар пайда болады. əлсіз бактериофагтар. Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар Петри аяқшалары, пастер түтікшелері, бактериологиялық; ілмешектер, 1% ЕПА, бактерия өсінділері, фаг, шыныға жазатын қарындаш. кестелер. Тақырып. Топалаң қоздырғышы Сабақтың мақсаты: Топалаң қоздырғышының морфологиялық; жəне культуралық қасиеттерін зерттеу. Бақылау сұрақтары 1. Топалаңның əр түлік малдағы қазақша атауларын атаңыз. 2. Топалаң қоздырғышының морфологиялық, культуралдық; жəне биохимиялық қасиеттері. 3. Патологиялық материалды алу тəртібі жəне топалаңды бактериялогиялық балау. Сабақтың мазмұны Топалаң – жіті өтетін, өлі тиіп, күйдіргі тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы ауру. Топалаңның малдың əр түрлігіндегі қазақша атаулары: қойда – топалаң. Ірі қарада – қараталақ;, жылқыда – жамандат, ешкіде – шек – шек, түйеде – ақшелек, қарабез деп аталады. Адамда дерттің түріне қарай түйнеме, күйдіргі деп атайды. Жалпы атауы – топалаң;. Қоздырғышы – Bacillus anthracis. Морфологиясы: бацилла тұрқы 1 – 2,5 x 5 – 10 мкм, ірі түзу, қозғалмайды, грамоң. Қоздырғыш оттегі бар жерде, 12 - 43°С температурада спора, ал организмде капсула түзеді. Қоректік орталарда бациллалар тізбектер түзсе, ал организмде жұптасқан немесе жеке клеткалар ретінде кездеседі. Себінді себу. Топалаң бацилласы – факультативті аэроб. Өсуіне қолайлы температура 37° - 38°С. Микроб жай əмбебап қоректік орталарда жақсы өседі. Ет – пептонды агарда ірі, кедір – бұдыр, күңгірт түсті, шеті иректелген, медузаның басына ұқсас колониялар түзеді. Кейде S – пішінді колониялар байқалады. Қан агарында гемолоиз жоқ. Пенициллин қосылған агарда өскенде домаланып, шарға ұқсайды. Ет – пептонды желатинаға шаншып сепкенде аударылған шырша тəріздес өседі. Ет – пептонды сорпада мақта ұлпасын тəрізді тұнба түзіліп, спорасы мөлдір болады. Биохимиялық қасиеттері. Топалаң бацилласында липаза,
|