Студопедия — Бойынша бояу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бойынша бояу






3. Бруцеллез, туберкулез қоздырғыштарының;

морфологиялық қасиеттерін зерттеу

Бақылау сұрақтары

1. Бруцеллез қоздырғышының морфологиясы мен биологиясы.

2. Бруцеллаларды Козловский əдісі бойынша бояу.

3. Бруцеллезді балау əдістері.

4. Туберкулез қоздырғышының морфолгиясы, қоректік

орталарда өсуі.

5. Микобактерияларды Циль – Нильсен əдісі бойынша бояу.

6. Туберкулезді балау əдістері.

Сабақтың мазмұны

Бруцеллез – созылмалы түрде өтетін, іш тастау, шуы түспеу,

эндометрит, орхит жəне жануарлардың жыныстық қабілетінің;

бұзылуымен сипатталатын ауру.

Қоздырғышы: бруцеллезді ір түрлі түлікте Brucella туыстығына

жататын 6 түрге бөлінетін микробтар қоздырады.

1. B. melitensis – қой мен ешкі бруцеллезінің қоздырғышы

жəне адам үшін зардапты.

2. B. abortus – ірі қара бруцеллезінің қоздырғышы.

3. B. suis – шошқа, солтүстік бұғы бруцеллезінің;

қоздырғышы.

4. B. neotomae – шөлейттегі егеуқұйрықта кездеседі.

5. B. ovis – қой үшін зардапты, қошқардың жұқпалы

эпидидимитінің қоздырғышы.

6. B. canis – ит үшін зардапты.

Морфологиясы. Бруцеллалар өте ұсақ полиморфты, сыртқы

пішіні коктар тəрізді, сопақшалау, таяқшаға ұқсас болып келеді.

Спора жəне капсула түзбейді, қозғалмайды, грамтеріс. Козловский

əдісімен ажырату үшін бояғанда бруцелла сафранинмен боялған

қызыл түсін сақтайды. Ал сол сəтте басқа бактериялар

бриллиантгрюнмен жасыл түске боялады.

Себінділік қасиеттері. Бруцеллалар қарапайым қоректік

орталарда жақсы өседі, əсіресе, соның ішінде Хоттингер ортасында,

ЕПА, ЕПС, бауырдан жасалған глицерин мен глюкоза қосылған

ортларда алғашқы ұрықтары бачу өседі, осыған байланысты

олардың өсінділерін 1 айға дейін 37°С температурадағы

термостатта ұстайды. Агарда бруцелла колониялары түссіз, сəл

ғана жалтыраған, пішіні дөңгелек, дөңес, сыртқы келбеті дұрыс,

гемогенді немесе диаметрі 0,1 – 0,5 мм – ден 3 – 4 мм – ге дейін

нəзік түйіршіктері бар. Сорпа сепкенде біркелкі лайлану

байқалады, үлпілдек қабықша түзілмейді, тек қана ескі себінділерде

ғана шынының шетінде сүйықтық деңгейінен азғана көтеріңкі

шығырық тəрізді өсін байқалады. Диссоциация құбылысы кезінде S

жəне R – пішінділердің пайда болуы мүмкін, оны бруцеллалардың;

түрін анықтағанда есептеу шарт.

Биохимиялық қасиеттері. Бруцеллалар сүтті ұйытпайды,

желатинаны сүйылтпайды, углеводтарға əр түрлі қатынасын

көрсетеді. Тек қана глюкозаны ашытады, B. Abortus глюкозаны,

мальтозаны, маннозаны жəне трегалозаны ыдыратады. Белоктарды

ыдыратқанда аммиакжəне күкіртті сутегін бөліп шығарады.

Əсіресе, күкіртті сутекті B. Suis жақсы түзеді. B. Abortus азырақ;

түзеді, ал B. Melitensis күкіртті сутегін түзбейді. Бруцеллалар индол

түзбейді.

Төзімділігі__________. Бруцеллалар сыртқы орта факторларына төзімді.

Олар төменгі температурада 7 айға дейін, ұрғашы малдың жыныс

жолдарынан бөлінген сұйықтықта 120 күнге дейін,

залалсыздандырылған сүтте 40 күнге дейін, топырақта 9 – 150 күн,

қой етінде 30 күнге дейін, жануарлардың жүнінде 3 айға дейін,

сүтте 6 – 8 күн, суда 20 – 100 күндей сақталады. Қайнаған суда сол

сəтте – ақ қырылып қалады.

Балау. Зертханаға бактериологиялық тексеру үшін тастанды

төлді ұрық қабығымен бірге немесе төлдің қарнын екі жағын буып

ішіндегісімен бауыр, көк бауырдың кесінділерін, енін

қосалқысымен бірге, жатырдың өзгеріске ұшыраған тұстарынан

кесінді жəне сөл тұйіндерін жібереді. Бактериологиялық диагноз

қою үшін жағындыны микроскоппен қарап, ауру қоздырғышының;

таза өсіндісін бөліп алады, ауру қоздырғышының өсіндісінен езінді

жасап теңіз шошқасына биологиялық сынама қояды.

Серологиялық реакциялар бруцеллезге жаппай тексеру үшін

қолданылады. Бұлардың ішінде ең танымал əдістері. Агглютинация

реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясыкомплементті

ұзақ байланыстыру реакциясы сонымен қатар Розбенгал сынамасы.

Аллергиялық тексеру үшін бруциллин аллергені қолданылады.

Оны тері ішіне немесе тері астына жібереді.

Туберкулез – созылмалы түрде өтетін, əр түрлі мүшелер мен

ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар пайда болуымен

ерекшеленетін ауру.

Қоздырғышы. Туберкулездің қоздырғышы Mycobacterium

туыстығына жатады. бұл туыстықта ауру қоздыратын микробтың;

негізгі үш түрі бар. M. Tuberculosis, M. bovis, M. Avium. Сирек

кздесетін төртінші түрі - M. Pescium балықты ауруға

шалдықтырады.

Морфологиясы. Микобактериялар жіңішке, аздап иілген

таяқшалар, кейде бұтақтанған, жіпше созылған немесе коктар

тəрізді дөңгеленген бөлшектері болады. грам əдісімен нашар боялса

да, грамоң болып есептеледі. Қозғалмайды, спора мен капсула

түзбейді. Айрықша қасиеті – қышқылға төзімділігі, ол микробтың;

құрамында микол қышқылының болуының нəтижесі. Циль –

нильсен əдісімен бояудың доагностикалық мəні бар. Бұл əдіс

бойынша микробактериялар ашық қызыл. Ал басқа микробтар көк

түске боялады.

Туберкулез қоздырғышының түрлерінің пішіндері əр түрлі

болады. ірі қара микобактериялары қысқа жəне жуан болып келеді.

Адамдардікімен салыстырғанда Циль – Нильсел əдісімен біріңғай

боялмайды, адам микобактериялары өте жіңішке, нəзік, сəл ғана

иілген таяқшалар, Циль – Нильсел əдісімен біріңғай боялады. Құс

микобактериялары бəрінен де кіші жəне көп пішінді болып келеді.

Бірақ бұлардың жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері тұрақты деп

айтуға болмайды.

Себінділік қасиеттері. Туберкулез қоздырғышы өзінің;

қоректенуіне керекті заттарды көптеген ортадан алып өсе береді.

Бірақ олардың клеткалрының толық дамуына құрамында глицерин,

картоп, аспарагин бар қоректік орталарды көбірек қажет етеді.

Оларды өсіру үшін глицеринді ЕПА мен ЕПС, Петраньянидің;,

левенштейн – иенсеннің, Гельбергтің қоректік орталары

қолданылады. Микобактериялар өте баяу өседі. Адамға тəн түрі 11

– 15 күннен соң өсін береді.

Биохимиялық қасиеттері. Туберкулез қоздырғышы өзіне

керекті витаминдердің барлығын қоректік орта құрамынан түзуге

қабілетті. Синтетикалық орталардан В тобындағы витаминдерді

өндіреді. Микобактериялар қоректенетін азот көзі аммиак, амин

қышқылдары жəне амидтер. Азоттық қоректік көзі – ыдыраған қан

белогы, казеин жəне т. б. құрамында белок бар қорлар болып

табылады. Углеводтар көзі. Глюкоза, глицерин. Қоздырғышы рН =

6,5 - 6,8 болғанда жақсы өседі.

Микобактериялар құрамында липидтар бар, олардың бөліктері

фосфотидтерден, майлардан, балауыздардан тұрады. Микол

қышқылдары мен күрделі полисахаридтарде балауыз бар.

Төзімділігі: микобактериялардың төзімділігі өте жоғары.

Кепкен қақырықта бірнеше жыл бойы, пісірілген сүтте екі аптаға

дейін, сары майда 250 күнге дейін, қыста 5 ай, кей жағдайда одан да

ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі - M. Avium. Кептіруге, шіруге,

төменгі температураға өте төзімді. Күн сəулесі жəне жоғары

температура тез жойып жібереді.

Балау. Туберкулезге тексеру үшін зертханаға қақырықты,

кеңірдек тармақтарының кілегейін, сүтті, қынап жалқаяғын,

шəуетті, зəрді, өлген жануардан – зақымдалған мүшелерді жібереді.

Олардан жағынды даярлап, Циль – нильсен əдісімен бояйды.

Себінді жасап, зертханалық жануарларды зақымдайды.

Жануарларға тірі кезінде диагноз қоюдың негізгі əдісі –

аллергиялық зерттеу. Ол үшін туберкулездің қоздырғышының;

өсінінен алынған дəрмек – туберкулин қолданылады.

Туберкулиннің үш түрі болады. альтуберкулин, сүт қоректілерге

арналған құрғақ тазартылған туберкулин, құсқа арналған құрғақ;

тазартылған туберкулин. Туберкулинді тері ішіне жəне көз

коньюнктивасына жібереді.

Серологиялық əдіс өте сирек қолданылады. Мұнда комплемент

байланыстыру реакциясы, конглютиндеуші кешенді ұзақ;

байланыстыру реакциясы тиімді болып саналады.

Студенттердің өзіндік жұмыстары







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1748. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия