Тапсырма. Студенттер ботулизм қоздырғышының морфологиялық жəне
Студенттер ботулизм қоздырғышының морфологиялық жəне биохимиялық қасиеттерін, қоректік ортада өсуін анықтайды. Китт – Тароцци ортасында өсірілген ботулизм қоздырғышының; өсіндісінен жағынды жасап, бояйды, микроскоптайды. Споралар түріне, теннис ракеткасына ұқсас пішіндердің болуына назар аударады, суретін дəптерге салады. Тапсырма Студенттерді S. Dublin, S. cholera – suis, S. Typhimurium S. Gallinarum өте кең тараған түлерінен препарат даярлап, микроскоптайды. S. Dublin, S. cholera – suis, S. Typhimurium S. Gallinarum – сальмонеллалар колониясын микроскоптың кішкентай үлкейткішімен қарап, негізгі ерекшеліктерінің көрінісін дəптерге Салады. Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар ЕПА, ЕПС жəне Энжо ортасында өскен сальмонеллалар өсінділері, монорецепторлы қан сарысулары, Китт – Тароцци ортасында өскен ботулизм қоздырғышының өсіндісі, бояулар, шыны əйнектер, бактериологиялық ілмешектер, спиртовкалар, Микроскоптар. Тақырып. Балық ауруларының қоздырғышытары Сабақтың мақсаты: Аэромоноз, сепсистік псевдомоноз, көктемгі вирус аурулары қоздырғыштарының; морфологиялық жəне культуралық қасиеттерін Зерттеу. Бақылау сұрақтары 1. Аэромонадалардың морфологиялық жəне культуралдық; қасиеттері.
|