Тапсырма. Студенттер аэромоноз қоздырғышының морфологиялық жəне
Студенттер аэромоноз қоздырғышының морфологиялық жəне биологиялық қасиеттерін, қоректік ортада өсуін анықтайды. ЕПА – да өсірілген аэромонодалар өсіндісінен жағынды жасап, Грам əдісі бойынша бояйды, микроскоптайды. Микроскоптық бейненің; суретін дəптерге салады. Тапсырма Студенттер Pseudomonas capsulta, Pseudomonas cyprinisepticum – түрлерінен препарат даярлап, микроскоппен көреді. Суретн Салады. Тапсырма Студенттер вирусологиялық зерттеу үшін балықтың; зақымдалған мүшелерінің кесіндісін алып, ішінде 2 – 3 мл стерильді физиологиялық ерітіндісі бар фарфор түйгішке салады. Қайшымен кескілейді, одан соң түйгішке стерильді құм қосып ұнтақтайды, оған 1: 10 есебімен Хенкс ерітіндісін немесе физиологиялық ерітінді қосады, минутына 2000 – 3000 айналым жасайтын центрифигамен 10 – 15 минут айналдырады. Тұнба үстіндегі мөлдір езіндіден вирус іздейді. Қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар ЕПА, ЕПС – да өскен аэромонадалар мен псевдомоноз қоздырғышының өсінділері, балықтың зақымдалған терісі мен ішкі мүшелері, фарфор түйгіштер, қайшылар. Құм, физиологиялық; ерітінді, центрафуга, пробиркалар, бактериологиялық ілмешектер, Спиртовкалар, бояулар, микроскоптар. Л И Т Е Р А Т У Р А 1. Толысбаев жəне басқалар. Мал дəрігерлік микробиология.
|