Нитратты нитридке ауыстырмайды,
балау. Бактериологиялық зерттеу үшін тек тірі ауру балықты алады. Ауру қайталап шыққан жағдайда 5 балықтан алып тексереді. Қаннан, бауырдан, талақтан, бүйректен зағадат алып рН – ы = 7,2 – 7,4 ЕПА мен ЕПС – ға себінді жасайды. Əсіресе қаннан жасалған себіндіге көп көңіл бөледі, содан кейін одан беркелкі өскен таза өсіндіні бөліп алады. Жекелеген колонияларды бөліп алу үшін алдымен алғашқы культураны ЕПА – ға себеді, одан соң көмірсу қосылған ортаға, ЕПЖ – ға лакмус қосылған сүтке, ЕПС – ға жəне басқа да дифференциалды орталарға қайталап себеді. Бөлініп алынған культураның зардаптылық жəне уыттылық қасиеттерін анықтау үшін салмағы 100 гр мөлшердегі тұқы балықтарға биосынама қояды. Көктемгі вирус ауруы – балықтың дене қимылын меңгере алмай, көзі бадырайып, іші кеуіп, терісі зақымдануымен сипатталатын жіті өтетін жұқпалы ауру. Қоздырғышы – рабдовирустар құрамында РНҚ – лы бар вирустар тобына жатады. пішіні оқ тəрізді, мөлшері 105 – 125 х 70 – 85 нм. Вирус тұқы балықтан жасалған алғашқы трипсинделген клетка өсіндісінде жəне қайта – себілмелі клетка линиясында көбейеді. Вирустың көбеюі 2 – 4 күн аралығында айқын көрінетін цитопатогендік əсер ету арқылы байқалады. Вирус клетка өсіндісіне 19 – 22 °С – тан 25°С – қа дейін көбейеді, ал 4°С – та ол өзінің көбеюін тоқтатады. Эфир мен хлороформға сезімтал, қышқыл ортаға төзімді. Вирус 60°С – та қыздырғанда 30 минут аралығында өледі, рН = 7,4 – 7,6 ортада 4°С – та бір жылға жуық;, 50% - ті глицериннің фосфатты буферлі ерітіндісімен консервіленген ауру балықтың мүшелерінде 6 айға жуық; сақталады. Балау. Зертханалық зерттеулер нəтижесі вирусты бөліп алу негізінде жүргізіледі. Қажет болғанда биологиялық сынама қойылады. Студенттің өзіндік жұмыстары
|