Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сальмонеллез, батулизм





қоздырғыштарының морфологиялық жəне

культуралдық қасиеттерін зерттеу.

Бақылау сұрақтары

1. Сальмонеллалар қоздырғыштарын атаңыз.

2. Сальмонеллалардың морфологиялық, культуралық жəне

биохимиялық қасиеттері.

3. Сальмонеллезді балау əдістер.

4. Батулизм қоздырғышының морфологиялық жəне культуралық;

ерекшеліктері.

5. Батулизмді балау.

Сабақтың мазмұны

Сальмонеллез – жіті өткенде қызбамен жəне іш өтумен, ал

созылмалы өткенде өкпенің қабынымен ерекшеленетін төл ауру.

Қоздырғышы. Сальмонеллалар Salmonella туысы,

Enterobacteriaceae варианттарға жатады. олар 2200 – ден астам

серологиялық варианттарға бөлінеді. Сальмонеллалардың;

əрқайсысы белгілі бір жануарларға бейімделген бұзауға – S. Dublin,

шошқа - S. cholera – suis жəне S. Typhi – suis, тауыққа - S.

Gallinarum – pullorum, үйрекке - S. Enteridis, жылқыда - S. Abortus

– eqvi, қойға - S. Abortus – ovis, тышқанға, басқа да кемірушілер

мен су құстарына - S. Typhimurium.

Морфологиясы. Сальмонеллалардың барлығы да қысқаша

таяқша, ұштары жұмыр, грамтеріс, спора жəне капсула түзбейді,

кейбір варианттарынан басқаларында жіпшелері бар қозғала алады.

Бір – бірінен ажырату үшін төсеніш шыныда монорецепторлық О –

жəне Н – қан сарысуларымен агглютинация реакциясын қояды.

Себінді себу. Сальмонеллалар – аэробтар немесе факультативті

анаэробтар. Əдетте қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Ең;

керекті өсу температурасы 37°С орта рН – ы = 7,2 – 7,6. Жылтыр S

– пішінділері сорпада беркелкі лайланып тұрады, тығыз орталарда

– дөңгелек, жылтыр, шығыңқы, ылғалды, шет жағы айқын білінген,

көгілдірлеу колониялар түзеді. Кедір – бұдыр R – пішінділері

сұйық мөлдір ортада шөгінді түзеді. Колониялары дұрыс пішінді

емес, шеті толқын тəрізді, ортасы тығыздалған, реңсіз жəне құрғақ;.

Сальмонеллалардың кейбіреулері ЕПА – да ұсақ тығыз колониялар

түзеді.

Биохимиялық қасиеттері. Сальмонелллардың барша түрлері

дерлік глюкозаны, мальтозаны жəне манитті ферменттеп, лактоза

мен сахарозаны, ферменттемейді. Басқа углеводтарға

сальмонеллардың дарығыштығы өзгеріп тұрады. Мысалы, S.

Typhimurium рамнозаны ыдыратпайды. Көптеген штамдары газ

түзеді. Сальмонеллалар мочевинаны ыдыратпайды, метилротпен оң;

реакция, Фогес – проскауэр бойынша – теріс реакция береді. Индол

түзбейді.

Төзімділігі. Сыртқы ортада өте төзімді. Топырақта, көңде, суда

9 – 10 ай сақталады, 70 - 75°С – та 30 минут қыздырғанда өледі, ал

100°С – та сол сəтте қырылады. Тұздалған жəне қақталған

тағамдарда бірнеше айға дейін сақтала береді. Сондай – ақ піскен

етте де ұзақ уақыт сақталады.

Балау. Сальмонеллезге күдік туған жағдайда бактериологиялық;

зерттеулер жүргізіледі. Ол үшін зертханаға сойылмаған өлексе

немесе ішкі мүшелер, іш тастаған кезде тастанды төл, малдың тірі

кезінде нəжіс, қан, іш тастаған малдың жатырынан аққан бөлінді

жіберіледі.

Потологиялық зағататтан жағынды дайындап, Грам əдсі

бойынша бояп, микроскоптайды. Сондай – ақ ЕПА – ға, ЕПС – ға

элективті орталарға себінді себеді. Керек жағдайларда зертханалық;

жануарларға биологиялық сынама қойылады. Бактерия алып

жүретін жануарларды анықтау үшін агглютинацияреакциясы

қойылады. Бөлініп алынған сальмонеллаларды айқындау үшін

иммунофлуоресценция əдісі жəне монорецепторлық қан

сарысуларымен пластикалық агглютинация реакциясы қойылады.

Ботулизм – жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр

зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың жəне бұлшық;

еттердің салдануымен сипатталатын ауру.

Қоздырғышы – Clostridium botulinum.

Морфологиясы. Ботулизм қоздырғышы – грамоң, токсин жəне

спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тəріздес. Өзіне

қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда, рН 6 – дан жоғары,

жағымсыз температура жағдайында, қоректк ортада, суда,

топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі,

сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша теннис

ракеткасына ұқсас келеді.

Қоздырғыш 7 типке бөлінеді. А. В. С. Д. Е. F жəне G. Олар

өздерінің антигендік құрылымымен жəне бөліп шығаратын

токсиндерімен ерекшеленеді.

Себінді себу жəне биохимиялық қасиеттері. Қатал анаэроб, өсу

температурасы 18 - 37°С, рН = 7,3 – 7,6. Қанды агарда колониялары

дұрыс пішінді емес, жіп тəрізді бұтақтары бар. Колония

айналасында гемолиз құбылысы байқалады. Қоздырғышты өсіру

үшін арнайы қоректік орталар. Цейсслер агары, глюкоза қосылған

бауыр агары, Китт – Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы

қолданылады. Китт – Тароцци ортасы алдымен лайланады, одан

соң шөгінді пайда болып мөлдірленеді, өсінділер шіріген май

тəріздес иіс шығарады. Протеин ыдырататын ферменті бар, сүтті

паптондайды. Глюкозаны, левулозаны, мальтозаны, глицеринді

ферменттейді.

Токсині өте күшті экзотоксин. Токсин себінділерде, тағам

өнімдерінде жəне организмде түзіледі.

Төзімділігі. Ботулизм клостридиясының споралары жоғары

температураға өте төзімді. 100°С кезінде тек 5 сағат өткенде, 105°С

– 2 сағаттан кейін 120°с – 10 минутта өледі. Химиялық заттар

спораның өнуін тоқтатады. Ботулизм токсині сұйық ортада

қайнатқан кезде 15 – 20 минутта, ал тығыз ортада 2 сағат өткенде

күшін жояды, сонымен бірге ауаның, азоттың, көмір қышқыл

газының əсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада иондағыш сəуле мен

тура түскен күн сəулесінің əсерінен белсенділігін жояды.

Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды.

Балау. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп,

аурудың қоздырғышын бөліп алады жəне батулизмнің токсинін

анықтайды. Ондай зертеу үшін зертханаға қарынды 100 – 200 мл

ішіндегісімен, ішкі мүшелер бөліктерін жəне 100 г кем емес күдікті

мал азығын жібереді. Материалды консервілемей мұз салынған

термоспен, ал азықты жарық өткізбейтін ыдысқа салып, кептіріп

алмай жібереді.

Студенттердің өзіндік жұмыстары







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1831. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия