Студопедия — Ең алғашқы адамдардың пайда болуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ең алғашқы адамдардың пайда болуы






АЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ

 

Қазақстан тарихы пәні 4 кезеңге бөлінеді:

1) Ежелгі Қазақстан тарихы (хронологиясы б.з.б. 2,5 илн.жыл – б.з. VIғ.)

2) Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы (хронологиясы б.з. VIғ. – 1731 ж. дейін)

А) түрік кезеңі (VIғ. - XIII ғ. дейін); б) моңғол кезеңі (XIIIғ. – XVғ. ортасына дейін); в) қазақ хандығы кезеңі (XVғ.ортасынан – XVIIIғ.дейін)

3) Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (хронологиясы XVIII ғ. немесе 1731 ж. бастап – XX ғ. басына дейін немесе 1914ж.дейін)

4) Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (хронологиялық шеңбері XX ғ. басынан (1914 ж.) бастап – 1991ж. дейін).

Ежелгі Қазақстан тарихы 3 кезеңге бөлінеді:

Тас;

Ола;

Темір.

Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді:

Палеолит (ерте тас ғасыры); хронологиясы б.з.б. 2,5 млн.жылдан – б.з.б. 12 мыңж. Дейін Палеолит дәуірі 3 кезеңге бөлінеді; 1) ерте палеолит (б.з.б. 2,5 млн. Жылдан (б.з.б. 800 мыңж.) – б.з.б. 140 мыңжылға дейін); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40 мыңж. – 12 мыңж. аралығы).

Мезолит (орта тас ғасыры); хронологиясы б.з.б. 12000 – б.з.б. 5000 ж.ж.

Неолит (жаңа тас ғасыры); хронологиясы б.з.б. 5000 – б.з.б. 3000 ж.ж.

 

Энеолит (мысты тас ғасыры);хронологиясы б.з.б. 3000 – 2800 ж.ж.

 

Қола дәуірі (б.з.б. 2800 – б.з.б. 900 ж.ж.) 3 кезеңге бөлінеді:

1) Ерте қола дәуірі (Феодоров кезеңі); хронологиясы б.з.б. XVIII – XVғ.ғ.

2) Орта қола дәуірі (Алакөл кезеңі); хронологиясы б.з.б. XV – XIII ғ.ғ.

3) Кейінгі қола дәуірі (Замараев кезеңі); хронологиясы б.з.б. XIII – VIIIғ.ғ.

 

Темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді:

1) Ерте темір дәуірі (б.з.б. VIII ғ. – б.з.б. III ғ.);

2) Кейінгі темір дәуірі (б.з.б. III ғ. – б.з. VI ғ.);

 

 

Жыл санау жүйесі (мыңжылдық бойынша)

 

 

Біздің заманымыздан Иса пайғамбар Біздің

Бұрынғы (б.з.б.) туылған жыл заманымыз (б.з.)

 


7000ж. 5000ж. 3000ж. 1000ж. 1ж. Іж. 500ж. 1000ж. 1500ж. 2012ж.

 

Мысалдар:

1) Б.з.б. 2800 жылы қола дәуірі басталды. Демек, қола дәуірінің басталғанына 4812 жыл болды. (б.з. 2012ж. + б.з.б.2800ж. = 4812ж.)

2) Б.з.б. 5000 жыл бұрын неолит дәуірі басталды. Яғни, неолит дәуірінің басталғанына қазір 7012 жыл болды. (б.з. 2012ж.+ б.з.б. 5000ж.= 7012ж.)

 

 

Жыл санау жүйесі (ғасырлар бойынша)

 

 

Біздің заманымызға Иса пайғамбар Біздің заманымыз

дейінгі (б.з.д.)(б.з.б.) туылған жыл немесе (б.з.)

 


VIIғ. → IIIғ. IІғ. Iғ. Iғ. IІғ. → VІғ. → XXғ. XXIғ.

(699-600)(299-200) (199-100)(99-1) (1-99)(100-199) (500-599)(1900-1999)(2000-2099)

 

Мысалдар:

 

1) Б.з.б. 330-327 ж.ж. А.Македонский сақтарға қарсы жорық жасады. (яғни, А. Македонскийдің жорығы б.з.б. IV ғ. болған).

2) Қазақстан жерінде темір дәуірі б.з.б. VIII ғ. басталды. (б.з.б. VIII ғ. дегеніміз б.з.б. 799-700 ж.ж. аралығы).

3) Сақтарда аңдық стиль б.з.б. VII ғасырда пайда болды. (Сақтарда аңдық стильдің пайда болғанына 28 ғасыр болды. Себебі, б.з. 21ғ. + б.з.б. 7 ғ. = 28 ғасыр болады).

 

 

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (б.з.б. 2,5 млн. – б.з. VI ғ.)

 

Палеолит (ерте тас ғасыры)

(б.з.б. 2,5 млн. – б.з.б. 12 мыңжылдық аралығы)

Ең алғашқы адамдардың пайда болуы

Алғашқы адамдардың өткен өмірі туралы заттай дерек беретін ғылым Археология деп аталады (мысалы еңбек құралдары, тұрақтары, сүйек қалдықтары т.б.). ерте кездегі адамдардың шаруашылығының деңгейін археологтар еңбек құралдарына қарап анықтайды.

Тарихтың әр кезеңіндегі бір аймақта өмір сүрген халықтардың түр – түсіндегі өзгерістерді зерттейтін ғылым тарихи антропология деп аталады. Алғашқы адамдардың сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым антропология болса, адамдардың, тайпалардың шаруашылығын, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын т.б. зерттейтін ғылым Этнография деп аталады.

3млн. жыл бұрын Африкада адамға ұқсас тіршілік иелері өмір сүрген,олар гоминидтер деп аталады.

Ғалымдар тарихтағы ең алғашқы адамды «Епті адам» де атаған.Оның сүйек қалдығы алғаш рет 1959-1960ж.ж Кениядағы Олдувай тауының шатқалынан табылды.Епті адамның жасы 1млн. 750 мың жыл. Миының көлемі 652 см3 .Оны ғылыми түрде австролопитек немесе зинджантроп деп те атайды(лат.homo habilis).

Алғашқы адамның келесі түрі«Тік жүретін адам»(лат.homo erectus) деп аталады. «Тік жүретін адамның»тарихта екі өкілі бар,олар мыналар: 1)Питекантроп; жасы 1млн.жыл. Алғаш рет сүйек қалдығы 1891 ж. Ява аралынан табылды.Қазақстан аумағында ең алғашқы адамдар шамамен 1млн. жыл бұрын пайда болған.Олар питекантроптардың; замандасы. 2)Синантроп;500-200 мыңж. бұрын өмір сүрген,сүйек қалдығы алғаш рет 1927ж. Пекиндегі Чжоу-Коу-Дянь үңгілерінен табылды.Ми көлемі 950 см3.

Көне адамның үшінші бір түрі Неандерталь адамы.Ол 100-35мыңж.бұрын өмір сүрген.Алғаш рет сүйек қалдығы 1856ж. Германиядан табылды.Ми көлемі 1300-1400 см3.1938ж. Өзбекстандағы Тесіктас үнгірінен антрополог Герасимов 8-9 жастағы неандерталь баласының сүйек қалдығының тауып,бет-пішінін қалпына келтірді.Неандертальдықтардың сойлеу қабілеті толық қалыптаспаған.

Бұдан 40-35 мың жыл бұрын яғни,кейінгі палеолитте жер бетін «саналы адамдар» немесе кро-маньондық; адамдар мекендеді,Сүйек қалдығы алғаш рет 1868ж. Франциядағы Кро-Маньон үнгірінен табылған,Ми көлемі 1500-1800см3. «Епті адамның» «Саналы адамға» айналуында еңбек шешуші рөлді атқарды. «Саналы адам» өзінің арғы тегіне қарағанда ірі жетістіктерге жетті, ол тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді.

Алғашқы адамдардың жануарлармен басты ұқсастығы терімшілікпен айналысуында.

Ең алғашқы адамдардың жануарлардан басты айырмашылығы еңбек құралдарын жасай білуінде. Адамзат баласы еңбек құралдарын жасап, игере отырып, жануарлар әлемінен бөлініп шыққан.

Бұдан 100 мың жыл бұрын жер беті күрт суып, мұз дәуірі басталды. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болып, қалыңдығы 2км-ге жеткен. Қазақстандық ғалымдардың пікірінше Сібірге алғашқы адамдар Еуропа мен Азиядан келіп қоныстанған. Бұдан 13 мың жыл бұрын мұз дәуірі аяқталды. Палеолит дәуірінде кең тараған мамонттар мен бизондардың;көп бөлігі мұз дәуірінде жойылып кетті. Тұтастай мамонт денесі 1910 ж. Саха – Якутиядан табылып, Петербургке әкелінді. Терісінің көлемі 30 см 2. азу тісін қоспағанда мамонт сүйегінің салмағы 1500 кг, ал жалпы салмағы 5 тонна. Ең соңғы мамонттар осыдан 11 – 12 мың жыл бұрын өмір сүрген, яғни мезолитте жойылып біткен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2822. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия