Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лы Жібек жолы бойындағы қалалар





Х-ХII ғасырларда қалалар дамуының өзіне тән бір ерекшелігі отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай жайыла бастауы. Х-ХIII ғ.ғ; Қазақстанда қала мәдениеті гүлдене түсті. Орта ғасырларда қала билеушілері «кутегин-лабан», «яланшах», «инал-тегін», т.б. лауазымдарды иеленген.

Орта ғасырда қабырғалармен қоршалған қаланың орталық бөлігі хисар деп аталды. Орта ғасырлардағы қаланың негзгі орталық бөлігі цитадельде орналасты. Шахристанда саудагерлер тұрса, рабадта кедейлер мен еңбекші халық тұрған. (Рабад дегеніміз ортағасырлық қаланың сауда орталығы орналасқан бөлігі).

IV - IХ ғ.ғ отырықшылық мәдениет орталығы болған Отырар, Йасы,Сығанақ қалалары Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Ерте орта ғасыр кезінде (VI-VIII ғ.ғ.) Сырдария Яксарт деп аталған. IV - IХ ғ.ғ қалалық мәдениет ерекше дамыған өңір Оңтүстік Қазақстан аймағы болды. Орта ғасырларда Моңғолияға сапарында армян патшасы I Гетум оітүстік өңірде қалалық өмірдің жандана бастағанын жазған болатын.

IV - IХ ғ.ғ қалалық мәдениет дамыған Тараз, Алмалық, Қойлық қалалары Жетісу өңірінде орналасты. 630ж. Жетісу қалаларын алғаш болып будда монахы Сюань-Цзянь сипаттаған. IХ-Х ғасырларда Жетісудың солтүстік шығысында 12 қала болды. В.Рубрук Екіоғыз (Экипус) қаласында Иран көпестерінің сауда орталықтары болғандығын айтқан. Жетісу халқының негізгі халқы түркілер болғандығын қалалардың түрікше аталуы дәлелдейді.

Х-ХII ғасырларда Қазақстан аумағында көлемі жағынан ірі қалалар Испиджаб пен Отырар болды. Орта ғасырларда Қазақстанда көлемі 30 гектардан асатын қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран болса; көлемі 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар Бурух, Хурлуг; ал көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар Алмалық, Лавар, Қапал, Ақтам, Арасан қалалары болған.

Оңтүстік-батыс Жетісуда орналасқан ортағасырлық қала Тараз қаласы. Тараз қаласы деректерде «даңқты әрі ізгі ниетті түрік – чаруктарының қаласы» деп көрсетіліп, мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын орны деп айтылған. Тараз қаласы қараханидтер мен қарлұқтар тұсындағы ең бай қала болған. Тараздан манихейлік құдайдың символы боп табылатын әйел бейнесіндегі жарты ай суреті салынған қола медальон табылды. Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан Құлан қаласын қытайлар «Цзюлень» деп атаған.

Егер Тараз қарахандықтар тұсында «көпестер қаласы» деп аталса, онда Испиджаб «Әлем саудагерлерінің қазба байлықтарының қайнар көзі» деп аталған. Испиджаб қаласында матамен сауда жасауға арналған мекен-жайы бар зәулім керуен сарайлар болған. IХ-ХII ғ.ғ халық саны бойынша ең ірі қала Испиджаб болды. оны қытайлар «Ақ өзен бойындағы қала» деп атаған. Испиджаб қаласының орнынан қызықты археологиялық зат табылды, ол VII-VIII ғ.ғ жататын жер астындағы будда монастры. Испиджаб қаласы алғаш рет М. Қашқаридың еңбегінде «сайрам» деп атала бастады. VIII ғ;. бастап қала Сайрам деп атала бастаған. Ұлы Жібенк юолы бойында орналасқан Тараз, Испиджаб қалалары Қазақстан жеріндегі сауданың басты орталықтары болды.

Ақбешім, Суяб қалаларынан табылған құрылыстар будда ғибадатханалары.

Отырар қаласындағы ХIII-ХIV ғ.ғ. жасалған керсендерде құстар менхайуандардың бейнесі салынған. Отырардан ХI-ХII ғ.ғ; жататын Шығыс моншалары табылды. Ал Түркістандағы Шығыс моншасы ХХ ғасырдың 60жылына дейін жұмыс істеп, қазір мұражайға айналдырылған. Дамыған орта ғасырларға жататын моншалар табылған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз. Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы Алматыда орналасқан.

Х-ХІІ ғасырларда Қазақстандағы қыш құмырашылардың жетістігі шыны (әйнек) жасау болды. Х-ХІ ғасырларда әйнек жасау кәсібі дамыған қалалар Отырар мен Тараз қалалары болды. Отырар мен Тараз қалаларында әйнек жасау ісі Х-ХІ ғ.ғ. басталды. Йасы қаласынан да Х ғасырға жататын шыны ыдыстар табылды. Отырар, Тараз, Түркістаннан табылған шыны ыдыстар Х ғасырға жатады. Моңғол шапқыншылығынан кейін әйнек жасау кәсібі ХIII ғасырдың аяғынан бастап жандана бастады.

Ерте орта ғасырларда Қазақстанда қолөнердің дамуы археологиялық ескерткіштер арқылы белгілі.

Сырдарияда орналасқан ежелгі Кедер қаласының орнынан маска табылса, Құйрықтөбе қаласынан ХI – ХII ғасырларға жататын «қоржын үй» табылды. Жетісудағы Ақтөбе қала жұртының орнынан кірпішке христиандық кресттің таңбасы салынған белгі табылды. Талғар қаласынан сүйектен жасалған түйреуіштер, шахмат тастары табылды. Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларында көптеп табылған қытай заттары фарфор ыдыстар.

ХI ғасырда Испиджаб пен Тараздағы теңге сарайларында күміс дирхемдер шығарылды.

Ортағасырда ақшаның 3 түрі болған:

1. Динар – алтын ақша (халықаралық ақша айналымы). Ақшаның отаны:

Араб елі.

2. Дирхем – күміс ақша (Орталық Азия ақшасы). Отаны: Саманилер елі.

3. Фельс – мыс ақша (жергілікті ақша айналымы). Отаны: Қарахан елі.

Отырарда 1217-1218 ж.ж. Хорезм шахы Мұхаммед Текеш теңге соқтырған болатын. Орта Азия қалаларында 1271 жылы «мыс динар» деп аталған жаңа теңгелер шығарыла бастады. Орта ғасырлық Қазақстанда айналымда жүреген ақшада арыстанның суреті болған.

Х-ХII ғасырларда Ұлытау етегінде орналасқан ортағасырлық қалалар Басқамыр, Аяққамыр.

Х-ХII ғасырларда Сарайлы, Торайлы қалалары Кеңгір өзенінің бойында орналасты.

ХVII ғасырдан бастап теңіз сауда жолының ашылуына байланысты Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 4005. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия