Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шыңғысханның жаулаушылық соғыстары





1207 – 1208 ж.ж. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын бағындырды. Ал Шыңғысхан 1207-1209 ж.ж. Таңғұт мемлекетін, Турфян княздығын, ұйғырларды бағындырды.

1211-1215 ж.ж. моңғол армиясы Қытайға басып кірді. Солтүстік Қытайды басып алған соң моңғол армиясында әскери техникалар пайда болды. (моңғолдардың қару-жарақтары: қисық қылыш, ұзын найза, садақ, қабырға құлатқыш (таран), тас атқыш (катапульта). 1211-1215 ж.ж. Шыңғысхан Қытайға жорығында әскери техникаларды қолға түсірді.

Шыңғысхан алғаш бағындырған түркі тілдес хандықтар найман, керей. 1217ж. Шыңғысхан Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды аттандырды. 1218 ж. моңғолдар Жетісуға басып кіріп наймандарды жаулап алды. Шыңғысхан Жетісудағы түркі халқын өзіне тарту үшін діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды. Шыңғысханның жаулап алуы қарсаңында Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы күшті мемлекет Хорезмшахтар мемлекеті еді. 1218 ж. Шыңғысхан мен Мұхаммед Хорезм шах сауда жөнінде кеісім жасады.

Шыңғысханның 1219 ж. Мәуеренахрға басып кіруін тездеткен оқиға 1218 ж. Отырардағы Шыңғысхан жіберген сауда керуендерінің өлтірілуі болатын. Бұл оқиға тарихта «Отырар апаты» деген атпен қалды. Моңғол әскері Мәуеренахрды жаулап алуы үшін Ертс арқылы Жетісуға келді, олардың әскер саны 150 мың; адам болды. 1219 ж. Шыңғысхан Мәуеренахрға баса көктеп кірді.

Шыңғысхан Отырарды алуды Шағатай мен Үгедейге тапсырды. Отырар туралы жазған (Аллалин - Ата) Мәлік Жувейни былай дейді: «Қамалдың сыртқы бекінісі мен қабырғалары жақсы бекініске айналдырылды». Отырарды моңғолдар 5 (6) ай қоршады. Отырар билеушісі қайыр хан өз жақтастарының сатқындығынан жеңілді, Хорезм мемлекеті көмекке жіберген Қараша Хажиб моңғолдарға қақпаны ашып берді. Моңғолдар ұрпақтарға сабақ болу үшін ержүрек жауынгер, отырарды 80 мың әскерімен қорғаған Қайыр ханның; бетіне күміс құйды. (Моңғолдар Отырарды 150 мың әскерімен қоршаған болатын). Моңғолдар Отырар қаласының халқын түгелдей жойып жіберді.

Сыр бойындағы Сығанақ; қаласы 3 ай бойы моңғолдарға ерекше қарсылық көрсетті. Ал Ашынас 15 күн берілмеді. Үргенішті моңғолдар топан су қылып басып алды. 1219-1220 ж..ж Сыр бойындағы қалалар түгелімен моңғолдардың иелігіне көшті. Жетісуда моңғол шапқыншылығына дейін 200 ден астам қала мен елді – мекен болса, ХІІІ-ХІV ғ.ғ. олардан 20 қала ғана қалды. 1245-1247 ж.ж. итальян саяхатшысы Плано Карпини Қазақстан территориясында «сансыз көп құлаған қалаларды, бұзылған бекіністерді және көптеген бос қалған тұрғылықты жерлерді» көрген болатын. Моңғолдар басып алған қалаларға қорғандар мен қақпалар салуға тиым салды, бұл туралы Марко Поло жазған. ХІV ғ. аяғында қалаларға қорғандар салу туралы тиымды Ақсақ Темір алып тастады. ІХ-ХІІ ғ.ғ. салыстырғанда, ХV ғ. Оңтүстік Қазақстанда қалалар үш есеге азайды. Қалалар мен қала мәдениеті моңғол шапқыншылығынан кейін тек ХІІІ ғ;. ортасында қайтадан жанданды.

1233ж. Калка өзені бойындағы шайқаста Жебе мен Сүбедей бастаған моңғол армиясына орыстар мен қыпшақтардың (половец) біріккен күші қарсы тұрып жеңіліс тапты.

Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына толығымен 1224 ж. кірді. Моңғолдар Орта Азия мен Қазақстанды 1219-1224 жылдары немесе 5 жылда толық жаулап алған.

ХІІІ ғ. басында моңғол билігіне қарсы Орта Азиядағы Бұқара қаласында Махмуд Тараби басқарған ең ірі көтеріліс болып, аяусыз басылды.

Моңғол шапқыншылығының Қазақстан экономикасына тигізген әсері өндіргіш күштер әлсіреді.

1227 ж. Шыңғысхан өлген соң оның империясы бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырады. Шыңғысхан 1227 ж. 72 жасында қайтыс болды. Ол өлер алдында төрт ұлына (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) төрт ұлыс бөліп берген еді (Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлері «інжу» деп аталған). Қазақстан жері оның үш ұлына бөліп берілді. Өйткені, кенже баласы Төлеге Моңғолия жері берілген болатын.

 

 

Шыңғысханның ұлдары:

1) Жошы. Одан тарайтындар: Орда Ежен (ХІІІ ғ. Ақ Орданың негізін қалады); Батый (Бату) 1243 ж. Алтын Орданың негізін салды; Берке; Тоқа-Темір (одан Тоқтамыс хан тараған); Шайбани (Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда Көк Орданы құрған). Жошы ұлысының территориясы: Жетісудың солтүстік – шығыс бөлігі, Ертістен Батысқа қарай, Шығыс-Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдария, одан әрі Шығыс Еуропаға дейінгі жер.

2) Үгедей. Ол 1227 ж. ұлы хан атағын алып, Қарақорымда 1251 ж. дейін биледі. Үгедей ұлысының территориясы: Батыс Моңғолия, Алтай, Тарбағатай, Ертіс маңы (Солтүстік-Шығыс Қазақстан). Үгедей ұлысы1251 ж. жойылды. Үгедейден тарағандар мыналар: Мөңке (1251-1260 ж.ж. Қарақорымда ұлы хан болды). 1260 ж. Мөңке өлген соң Моңғол империясы бірнеше мемлекеттерге бөлініп кетті); Құбылай (Қытайды толық жайлап алып, 1271 ж. Қытайда Юань әулетінің негізін қалаған); Хулагу (Иранды басып алып, сонда Ильхан деген әулеттің негізін салған).

3) Шағатай. Шағатай ұлысының жерлері: Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан (Жетісу), Орта Азия, Шығыс Түркістан. 1269-1346 жылдар аралығында Жетісуда Шағатай ұлысы (мемлекеті) өмір сүрді.

4) Төле. Оған Моңғолия жері берілді.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3800. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия