Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Алтын Орда. Территориясы : Астрахань облысы, Кавказ жерлері





(ХІІІ ғ. ортасы – ХV ортасы)

Территориясы: Астрахань облысы, Кавказ жерлері. Астанасы: Сарай-Бату қаласы. Негізін қалаушы Батый (Бату).

1227 ж. Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый (Бату) отырды. 1235 ж. Қарақорымда құрылтай өткізіліп, батысқа жорық жасау мәселесі талқыланды, әскер қолбасшылығына Батый сайланды.

Батый 1236-1242 ж.ж. моңғолдардың Шығыс Еуропаға 7 жылға созылған жорығын басқарды. Батыйдың 1236-1242 ж.ж. жорықтары нәтижесінде оның қол астына Еділден Дунайға дейінгі жерлер қарады. 1242-1480 жылдары орыс халқы Алтын Орданың езгісінде болды. Орыс княздары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан «князь» атағын алып отырған.

Бату Алтын Орданы 1227-1255 ж.ж. билеген. 1243 ж. Алтын Орда мемлекеті құрылды. Батый құрған Алтын Орда Шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп аталса, ал тарихы әдебиеттерде Алтын Орда қыпшақ ұлысы деп аталған. ХІV ғ. моңғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы қыпшақтар деп аталды.

Парсы тарихшысы М.Жувейни Батый ханның әділдігі туралы: «саудагерлер барлық жақтан келіп жатты, олар түрлі тауар әкелді, хан ол тауарларды артығымен төлеп сатып алып отырған» деп жазды.

Батыйдан кейін Алтын Орданы Берке биледі. (1255-1266ж.ж.). Оның тұсында Алтын Орда Қарақорымдағы моңғол империясынан толық тәуелсіздік алды. Берке моңғол империясына тәуелділігін мойындамай, бүкіл моңғолдық құрылтайға қатысудан бас тартты. Ол 1262 ж. Египеттегі Бейбарыс сұлтанмен достық қарым-қатынас орнатты. Берке исламды қаьылдап, Әзірбайжанда мешіт салдырды. Өтемісқажының «Шыңғыснама» еңбегінде Берке туралы: «Дешті уәлайатындағы халықты исламға кіргізді» деп жазылған. 1266 жылы Берке хан Кавказ жеріне жорықта қаза табады.

Мөңке хан Алтын Ордада өз атынан ақша шығара бастаған. Меңгу-Темір (1266-1280ж.ж.) 1271 жылы өзінің Египетпен байланысына кедергі жасауға тырысып отырған екі елдің арасындағы Византияға қарсы жорыққа шығады. Алтын Ордада 1290-1312 жылдары Тохты хан билік құрды. Өзбек пен Жәнібек хандардың тұсында Алтын орда қатты гүлденді. 1312 ж. Өзбек хан Алтын Ордада исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Алтын Орда ХІV ғ;. мұсылман мемлектіне айнала бастады. Өзбек хан Египет сұлтанына жазған хатында өз елінде дінсіздердің азайғанын хабарлаған. Өзбек хан қалалық өмірдің дамуына да қатты көңіл бөлді. Өзбек хан билік еткен тұста қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.

1359-1379 ж.ж. Алтын Орда тарихында «Ұлы дүрбелең» деген атпен қалды. Себебі, осы 20 жылдың ішінде 25 хан тақта ауысты.

1380ж. Алтын Орда ханы Мамай Куликова шайқасында Мәскеу князі Димитрий Ивановичтен («Донской») жеңілді. Мамай майдан даласында қаза тапты. 1380 ж. Алтын Ордадағы «Ұлы дүрбелең» билікке Тоқтамыстың; келуімен аяқталды. Тоқтамыс 1382 ж. Мәскеуді өртеп кетті. Орта Азиядағы ӘмірТемірдің Солтүстік және Батысқа жорықтарына Алтын Орда кедергі келтіргендіктен екі ел арасында соғыс басталды. Тоқтамыс пен Темірдің арасындағы Құндызша түбіндегі шайқас 1391ж. болды. Терек өзенінің маңында Тоқтамыс пен Темірдің арасында ең соңғы шайқас 1395ж. өтті. Темір мен Тоқтамыс арасындағы шайқастарды Сыпыра жырау жырлаған.

Орыс халқы 1480ж. Урга өзенінің; бойында Алтын Ордамен ең соңғы шешуші ұрысқа қатысты. Алтын Орданың әскерін басқарған ең соңғы хан Шейх Ахмет қаза тапқан соң Алтын Орда біржола жеңілді. (Алтын Орданың құлауы нәтижесінде пайда болған хандықтар: Ақ Орда, Ноғай Ордасы.)

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2231. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия